IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Тұтынушының басқа тұтынушының кодын қолдану қағидалары

(бұдан әрі — «қағидалар»)

1. 21 жасқа толған және одан асқан темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімдерді тұтынушы болып табылатын (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын), «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында (бұдан әрі – тиісінше «Дерекқор» және «ФМҚ») бұрын тіркелген IQOS құрылғылары жоқ / болмаған, ФМҚ ішкі сауда объектісінде (бұдан әрі - «IQOS дүкендері») немесе kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт») бұрын дерекқорда тіркелген басқа тұтынушының Кодын (алғашқы екі әрпі «IM-» деп басталатын) немесе Телефон нөмірін қолдана отырып, төменде көрсетілген әрекеттердің бірін жасаушы кез келген тұтынушы-жеке тұлғаға (бұдан әрі – «Тұтынушы») Тұтынушының таңдауы бойынша Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA PRIME индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «TEREA» қыздырылатын темекісі бар 3 (үш) бұйым қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «1-жинақ») немесе Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «TEREA» қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың 3 (үш) қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «2-жинақ») немесе Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA ONE индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «TEREA» қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың 3 (үш) қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «3-жинақ») немесе Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA PRIME индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «DELIA» қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың 3 (үш) қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «4-жинақ») немесе Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «DELIA» қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың 3 (үш) қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «5-жинақ») немесе Тұтынушы алғаш рет сатып алатын IQOS ILUMA ONE индукциялық темекі қыздыру жүйесі мен кез келген дәмдегі «DELIA» қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың 3 (үш) қорабын қамтитын жинақты (бұдан әрі - «6-жинақ») бір рет сатып алу мүмкіндігі қамтамасыз етілсін:

А. IQOS дүкендерінде 1-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 9 510 (тоғыз мың бес жүз он) теңгені (бұдан әрі – «1-сома») құрайды, 2-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 7 510 (жеті мың бес жүз он) теңгені (бұдан әрі – «2-сома») құрайды, 3-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 5 510 (бес мың бес жүз он) теңгені (бұдан әрі – «3-сома») құрайды, 4-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 9 360 (тоғыз мың үш жүз алпыс) теңгені (бұдан әрі – «4-сома») құрайды, 5-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 7 360 (жеті мың үш жүз алпыс) теңгені (бұдан әрі – «5-сома») құрайды, 6-жинақты сатып алу кезіндегі жеңілдік 5 360 (бес мың үш жүз алпыс) теңгені (бұдан әрі – «6-сома») құрайды.

Б. тұтынушы осы Б) тармақша шеңберінде мүмкіндікті жүзеге асырған күні қолданыста болатын электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты шеңберінде Сайтта ресімделгеннен кейін Тапсырысты төлеу кезінде, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді — Кепілді жарна сомасын азайтуға пайдалана отырып (егер қолданылса), Тауарды телефон арқылы сатып алу кезінде, сондай-ақ тиісті Жария шарт шеңберінде төленуге жататын Тауар мен оны жеткізудің құны 1-сома немесе 2-сома немесе 3-сома немесе 4-сома немесе 5-сома немесе 6-сома (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға тең.

2. Тұтынушы осы Қағидалар шеңберінде тиісінше 1-сома, 2-сома, 3-сома, 4-сома, 5-сома және 6-соманы ескере отырып, осы Қағидаларда көзделген бағалар бойынша жинақтардың 1 (біреуінен) артық емес бір рет сатып ала алады және тиісті Жинаққа кіретін IQOS ILUMA ONE, IQOS ILUMA немесе IQOS ILUMA Prime құрылғысы ФМҚ тұтынушылардың дерекқорында Тұтынушыға тіркелетін (байланыстырылатын) болады.»

3. Осы Қағидалардың 1-тармағының А және Ә тармақшаларында көзделген іс-қимылдардың бірін жасаған кезде тұтынушы IQOS дүкендерінде, Сайтта немесе қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, тауарларды телефон тапсырысы арқылы бөлшек сатып алу-сату Жария шарты шеңберінде телефон тапсырысы арқылы тауарларды сатып алу кезінде тауарлар ассортиментінен 1000 (бір мың) теңгеден бастап сомаға тауарларды кейіннен сатып алу үшін 1000 (бір мың) теңге мөлшерінде жеңілдікпен (жеңілдік коды) ваучер алады. Тауарлар ассортименті деп Тұтынушы осы қағидаларда көзделген өз құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS дүкенінде немесе Сайтта орналастырылған сатылатын ФМҚ тауарларының барлық ассортименті түсініледі (TEREA қыздырылатын темекіге арналған бұйымдар үшін сатып алу немесе тапсырыс беру кезінде тауарлар саны сауда жабдықтарында орналастырылған 10 (он) бумадан кем болмауы керек (HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда, осы Қағидаларда көзделген жеңілдік қолданылатын тауарлар ассортиментіне кірмейді). Осы тармақта көзделген ваучердің қолданылу мерзімі тұтынушыға жіберілген күннен бастап 12 (он екі) айды құрайды. Ваучердің қолданылу мерзімі өткеннен кейін ваучерді пайдаланбаған Тұтынушы ФМҚ-дан Тұтынушы IQOS дүкендерінде, Сайтта тауарларды сатып алған кезде немесе Тауарларды телефон тапсырысы арқылы, қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, Тауарларды бөлшек сатып алу-сату жария шарты шеңберінде телефон тапсырысы арқылы сатып алған кезде осы ваучерді қолдануды талап етуге құқылы емес.

4. Осы Қағидалар шеңберіндегі Жинақтар бағасы ФМҚ-ның өзге бағдарламалары мен белсенділіктері шеңберінде басқа жеңілдіктермен және арнайы ұсыныстармен жинақталмайды.

5. Электрондық коммерцияның интернет-ресурсында немесе телефон тапсырысы арқылы Тауарға тапсырыс беру кезіндегі жеткізу мерзімі мен құны стандартты ережелермен реттеледі, олармен Сайттың тиісті «Жеткізу шарттары» бөлімінде толығырақ танысуға болады. Жеткізу мерзімі мен құны тауардың құнын ескере отырып, чектің жалпы сомасына негізделіп анықталады.

6. ФМҚ Бағдарламаны өткізуді кез келген уақытта қандай да бір хабарландырусыз және ескертусіз өз қарауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Тауардың қандай да бір үлгісі тұрақты болмаған жағдайда, мүндай үлгі осы Бағдарламаның шарттарынан алынып тасталады.

7. Бағдарлама және осы қағидалар, егер ФМҚ тарапынан жаңа мерзімге ұзартылмаса немесе бұрын жойылмаса, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

8. Осы қағидаларда келтірілген жеке түсініктер Сайтта немесе IQOS дүкендерінде жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында берілген олардың мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.

9. IQOS дүкендерінде және Сайтта орналастырылған осы қағидалар осы қағидалардың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық Тұтынушыларға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы қағидаларда көзделген барлық әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы осы қағидалармен танысқанын, келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды (шарттардың акцепті ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).

Тұтынушылардың «Стартер» мәртебесінде кодтарды пайдалануы жөніндегі қағидалар

(бұдан әрі — «қағидалар»)


1. Жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) өнімдерді тұтынушы болып табылатын, ФМҚ-ның тұтынушылар дерекқорында (бұдан әрі – «Тұтынушы») тіркелген, 2024 жылғы 19 мамырға дейін алынған «Стартер» мәртебесінің иегері болып табылатын және ФМҚ-ның ішкі сауда объектісінде (бұдан әрі – «IQOS Дүкені»), kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт»), кез келген сомаға, көрсетілген Тұтынушының таңдауы бойынша, бір рет, оның Кодының әр Активациясын ескере отырып, төменде берілген әрекеттердің бірін орындайтын кез келген тұтынушыға - жеке тұлғаға мүмкіндік қамтамасыз ету:

А. IQOS Дүкенінде тауарлар ассортиментінен тауарларды сатып алу кезінде: - 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға немесе

Б. Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген күні қолданылатын, kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Сайттағы тауарлар ассортиментінен Сайт арқылы (соның ішінде, Телеграм-бот интерфейсі арқылы) Тұтынушы рәсімдейтін Тапсырысқа төлеген кезде,IQOSKZ_Support_bot сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, Тауарларды телефонмен тапсырыс беру арқылы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Тауарды телефонмен тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде: - көрсетілген Жария шарты аясында төленуі тиіс Кепілдік жарна сомасын, сондай-ақ тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 5000 (бес мың) теңге (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға. Бұл Қағидалар, осы Б тармақшасында, Сайтта көрсетілгендей, телефонмен тапсырыс беру арқылы Тауарларды сатып алу-сату аясында ФМҚ тиісті техникалық жөндеулерді орындағаннан кейін күшіне енеді, бұл Тұтынушылардың назарына коммуникациялардың рұқсат етілген арналары арқылы жеткізілуі мүмкін.


2. Бұл қағидаларда берілген жеке ұғымдар Сайтта орналастырылған ФМҚ-ның басқа да жария оферталарында келтірілген мәндеріне сәйкес ескерілуі керек. Тауарлар ассортименті дегеніміз – Тұтынушы осы қағидаларда көзделген өзінің құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS Дүкенінде сауда жабдығында немесе Сайтта орналастырылған, ФМҚ сататын тауарлардың бүкіл ассортименті (қыздырылатын темекісі бар өнімдер үшін сатып алу немесе Тапсырысты рәсімдеу кезінде тауарлардың саны кем дегенде 5 (бес) TEREA блогы (осы қағидалармен көзделген жеңілдік қолданылатын тауарлар ассортиментіне кірмейтін HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда) болуы тиіс). Осы қағидалардың 1-тармағында көзделген жеңілдіктің әрекет ету мерзімі Тұтынушыға тағайындалған күннен бастап 12 (он екі) ай құрайды. Жеңілдіктің әрекет ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін, жеңілдікті қолданбаған Тұтынушы IQOS Дүкендерінен, Сайттан Тауарларды сатып алу немесе қолма-қол ақшасыз төлемді қолданып, телефонмен тапсырыс беру арқылы Тауарларды сатып алу кезінде ФМҚ-дан осы жеңілдіктің қолданылуын талап етуге құқығы жоқ.


3. 2024 жылдың 20 мамырынан 2024 жылдың 8 шілдесіне дейінгі мерзімде алынған «Стартер» Мәртебесіне ие және IQOS Дүкенінде, Сайтта, кез келген сомаға, Тұтынушының көрсетілген таңдауы бойынша, бір рет, оның Кодының әр Активациясын ескере отырып, төменде берілген әрекеттердің бірін орындайтын кез келген Тұтынушыға мүмкіндік қамтамасыз ету:

А. IQOS Дүкенінде тауарлар ассортиментінен тауарларды сатып алу кезінде: - сатып алынатын тауарлардың жалпы құнынан 15% (он бес пайыз) мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға немесе

Б. Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген күні қолданылатын, kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Сайттағы тауарлар ассортиментінен Сайт арқылы (соның ішінде, Телеграм-бот интерфейсі арқылы) Тұтынушы рәсімдейтін Тапсырысқа төлеген кезде,IQOSKZ_Support_bot сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, Тауарларды телефонмен тапсырыс беру арқылы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Тауарды телефонмен тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде: - көрсетілген Жария шарты аясында төленуі тиіс Кепілдік жарна сомасын, сондай-ақ тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 15% (он бес пайыз) (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.


4. Бұл қағидаларда берілген жеке ұғымдар сайтта орналастырылған ФМҚ-ның басқа да жария оферталарында келтірілген мәндеріне сәйкес ескерілуі керек. Тауарлар ассортименті дегеніміз – Тұтынушы осы қағидаларда көзделген өзінің құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS Дүкенінде сауда жабдығында немесе Сайтта орналастырылған, сатылатын тауарлардың бүкіл ассортименті (кез келген қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда, соның ішінде TEREA, HEETS, FIIT, DELIA). Осы қағидалардың 3-тармағында көзделген жеңілдіктің әрекет ету мерзімі Тұтынушыға тағайындалған күннен бастап 12 (он екі) ай құрайды. Жеңілдіктің әрекет ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін, жеңілдікті қолданбаған Тұтынушы IQOS Дүкендерінен, Сайттан Тауарларды сатып алу немесе қолма-қол ақшасыз төлемді қолданып, телефонмен тапсырыс беру арқылы Тауарларды сатып алу кезінде ФМҚ-дан осы жеңілдіктің қолданылуын талап етуге құқығы жоқ.


5. 2024 жылғы 9 шілдеден бастап алынған және IQOS дүкенінде, Сайтта төменде көрсетілген әрекеттердің бірін орындайтын «Стартер» мәртебесінің иесі болып табылатын кез келген Тұтынушыға оның кодын немесе телефон нөмірін әрбір белсендіруді ескере отырып, көрсетілген таңдауына кез келген сомаға бір реттік мүмкіндік беру:

А. IQOS Дүкенінде тауарлар ассортиментінен тауарларды сатып алу кезінде: - сатып алынатын тауарлардың жалпы құнынан 10% (он пайыз) мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға немесе

Б. Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген күні қолданылатын, kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Сайттағы тауарлар ассортиментінен Сайт арқылы (соның ішінде, «IQOS_Support_bot» Телеграм-бот интерфейсі арқылы) Тұтынушы рәсімдейтін Тапсырысқа төлеген кезде, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, Тауарларды телефонмен тапсырыс беру арқылы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Тауарды телефонмен тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде: - көрсетілген Жария шарты аясында төленуі тиіс Кепілдік жарна сомасын, сондай-ақ тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 10% (он пайыз) (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.


6. Тауарлар ассортименті дегеніміз – Тұтынушы осы қағидаларда көзделген өзінің құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS Дүкенінде сауда жабдығында немесе Сайтта орналастырылған, TEREA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоса алғанда (HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда), сатылатын тауарлардың бүкіл ассортименті. Осы қағидалардың 5-тармағында көзделген жеңілдіктің әрекет ету мерзімі Тұтынушыға тағайындалған күннен бастап 12 (он екі) ай құрайды. Жеңілдіктің әрекет ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін, жеңілдікті қолданбаған Тұтынушы IQOS Дүкендерінен, Сайттан Тауарларды сатып алу немесе қолма-қол ақшасыз төлемді қолданып, телефонмен тапсырыс беру арқылы Тауарларды сатып алу кезінде ФМҚ-дан осы жеңілдіктің қолданылуын талап етуге құқығы жоқ.


7. Осы қағидалар аясындағы жеңілдіктер ФМҚ-ның басқа бағдарламалары мен белсенділіктері шеңберінде өзге жеңілдіктермен және арнайы ұсыныстармен қосылмайды.


8. ФМҚ кез келген уақытта өз қалауы бойынша қандай да бір хабарламалар мен ескертулерсіз бағдарламаны өткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.


9. Егер ФМҚ жаңа мерзімге ұзартпаса немесе ертерек күшін жоймаса, бағдарлама және осы қағидалар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.


10. Бұл қағидаларда берілген жеке ұғымдар Сайтта немесе IQOS Дүкендерінде орналастырылған ФМҚ-ның басқа да жария оферталарында келтірілген мәндеріне сәйкес ескерілуі керек.


11. IQOS Дүкендерінде және Сайтта орналастырылған осы қағидалар бұл қағидалардың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық Тұтынушыларға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы қағидаларда көзделген барлық әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Тұтынушы осы қағидалармен танысқанын, келісетінін және қабылдайтынын растайды (шарттар акцептісі ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).



2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 330 бұйрықтың

№1 қосымшасы



Тұтынушылардың «Стартер» мәртебесінде VC кодтарын пайдалануы жөніндегі қағидалар

(бұдан әрі — «қағидалар»)


1. Жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) өнімдерді тұтынушы болып табылатын, ФМҚ-ның тұтынушылар дерекқорында (бұдан әрі – «Тұтынушы») тіркелген, ФМҚ-дан бұрын берілген VC (VC*******, VC2*******) ваучері (-лері) бар, «Стартер» мәртебесінің иегері болып табылатын және ФМҚ-дан бұрын берілген VC (VC1*******, VC3*******) ваучері (-лері) бар, «Активатор» мәртебесінің иегері болып табылатын (бұдан әрі – тиісінше «Ваучер» немесе «Ваучерлер»), ФМҚ-ның ішкі сауда объектісінде (бұдан әрі – «IQOS Дүкені»), kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт»), көрсетілген Тұтынушының таңдауы бойынша бір рет оның Ваучерлерінің әр Активациясын ескере отырып, төменде берілген әрекеттердің бірін орындайтын кез келген тұтынушыға - жеке тұлғаға мүмкіндік қамтамасыз ету:

А. - VC немесе VC2 Ваучерін қолданып, 3000 (үш мың) теңгеден басталатын сомаға IQOS Дүкенінде тауарлар ассортиментінен тауарларды сатып алған кезде: - 3000 (үш мың) теңге мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға;

- V1 немесе VC3 Ваучерін қоллданып, 4000 (төрт мың) теңгеден басталатын сомаға IQOS Дүкенінде тауарлар ассортиментінен тауарларды сатып алған кезде: - 4000 (төрт мың) теңге мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға; немесе

Б. Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген күні қолданылатын, kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Сайттағы тауарлар ассортиментінен Сайт арқылы (соның ішінде, Телеграм-бот интерфейсі арқылы) Тұтынушы рәсімдейтін Тапсырысқа төлеген кездеIQOSKZ_Support_bot, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, VC немесе VC2 Ваучері қолданылғанда 3000 (үш мың) теңгеден басталатын сомаға Тауарларды телефонмен тапсырыс беру арқылы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Тауарды телефонмен тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде: - көрсетілген Жария шарты аясында төленуі тиіс Кепілдік жарна сомасын, сондай-ақ тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 3000 (үш мың) теңге (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға;

- Тұтынушы Тапсырысты рәсімдеген күні қолданылатын, kz.iqos.com электрондық коммерцияның интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Сайттағы тауарлар ассортиментінен Сайт арқылы (соның ішінде, Телеграм-бот интерфейсі арқылыIQOSKZ_Support_bot Тұтынушы рәсімдейтін Тапсырысқа төлеген кезде, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, VC1 немесе VC3 Ваучері қолданылғанда 4000 (төрт мың) теңгеден басталатын сомаға Тауарларды телефонмен тапсырыс беру арқылы бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында Тауарды телефонмен тапсырыс беру арқылы сатып алу кезінде: - көрсетілген Жария шарты аясында төленуі тиіс Кепілдік жарна сомасын, сондай-ақ тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 4000 (төрт мың) теңге (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.

2. Тауарлар ассортименті дегеніміз – Тұтынушы VC және VC2 ваучерлерін, сондай-ақ кем дегенде 4 (төрт) TEREA блогын қолданып (осы қағидалармен көзделген жеңілдік қолданылатын тауарлар ассортиментіне кірмейтін HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда) осы қағидаларда көзделген өзінің құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS Дүкенінде сауда жабдығында немесе Сайтта орналастырылған, Тұтынушы VC1 и VC3 ваучерлерін қолданып осы қағидаларда көзделген өзінің құқығын іске асырған (жүзеге асырған) сәтте IQOS Дүкенінде сауда жабдығында немесе Сайтта орналастырылған сатылатын тауарлардың бүкіл ассортименті (қыздырылатын темекісі бар өнімдер үшін сатып алу немесе Тапсырысты рәсімдеу кезінде тауарлардың саны кем дегенде 3 (үш) TEREA блогы (осы қағидалармен көзделген жеңілдік қолданылатын тауарлар ассортиментіне кірмейтін HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда) болуы тиіс).

3. Осы қағидалардың 1-тармағында көзделген Ваучерлердің әрекет ету мерзімі осы Қағидалар күшіне енген күннен бастап 12 (он екі) ай құрайды. Ваучерлердің әрекет ету мерзімі өтіп кеткеннен кейін, Ваучерлердің қолданбаған Тұтынушы IQOS Дүкендерінен, Сайттан Тауарларды сатып алу немесе қолма-қол ақшасыз төлемді қолданып, телефонмен тапсырыс беру арқылы Тауарларды сатып алу кезінде ФМҚ-дан осы Ваучерлердің қолданылуын талап етуге құқығы жоқ.

4. Осы қағидалар аясындағы жеңілдіктер ФМҚ-ның басқа бағдарламалары мен белсенділіктері шеңберінде өзге жеңілдіктермен және арнайы ұсыныстармен қосылмайды.

5. ФМҚ кез келген уақытта өз қалауы бойынша қандай да бір хабарламалар мен ескертулерсіз бағдарламаны өткізуді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы.

6. Егер ФМҚ жаңа мерзімге ұзартпаса немесе ертерек күшін жоймаса, бағдарлама және осы қағидалар 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

7. Бұл қағидаларда берілген жеке ұғымдар Сайтта немесе IQOS Дүкендерінде орналастырылған ФМҚ-ның басқа да жария оферталарында келтірілген мәндеріне сәйкес ескерілуі керек.

8. IQOS Дүкендерінде және Сайтта орналастырылған осы қағидалар бұл қағидалардың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық Тұтынушыларға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы қағидаларда көзделген барлық әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Тұтынушы осы қағидалармен танысқанын, келісетінін және қабылдайтынын растайды (шарттар акцептісі ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.