ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«IQOS CLUB» бағдарламасының ережелері

(бұдан әрі – тиісінше «Ережелер» және «Бағдарлама»)

1. Бағдарламаға темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімдерді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушы болып табылатын, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – тиісінше «Дерекқор» және «ФМҚ») тұтынушылар дерекқорында тіркелген, бағдарламаның қолданылу кезеңінде IQOS, IQOS ILUMA және (немесе) lil темекіні қыздыру жүйелерінің бір немесе одан да көп данасы ФМҚ дерекқорында өз атына тіркелген жиырма бір жасқа толған және одан асқан адамдар (бұдан әрі – «Қатысушылар») қатыса алады.

2. Бағдарламаға қатысу үшін Қатысушыға қажет:

2.1. www.kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт») және «IQOSKZ_Support_bot» Telegram-ботында (бұдан әрі – «Telegram бот») қолжетімді Бағдарламаның осы Қағидаларымен және шарттарымен, сондай-ақ Бағдарлама туралы ақпаратпен танысу;

2.2. Сайтта қолжетімді IQOS дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісу, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісудің өзекті нысанына қол қою;

2.3. Бағдарламаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін Telegram ботқа жазылу керек.

3. Осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келмейтін адамдар, сондай-ақ ФМҚ қызметкерлері мен өкілдері, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалар, ФМҚ-мен шарттық қатынастары бар және бағдарламаны дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері Бағдарламаға қатысуға жіберілмейді.

4. Бағдарлама механикасы.

4.1. Бағдарлама шеңберінде Қатысушылар осы Қағидаларда көзделген тәртіппен және шарттарда, сондай-ақ ФМҚ ақпараттық хабарламаларында және (немесе) Сайтта және (немесе) Telegram ботта орналастырылған белсенділіктерге қатысуы қажет. Белсенділік – бұл қатысушы Бағдарлама шеңберінде жасай алатын әрекет (бірқатар әрекеттер). Бағдарлама Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

4.2. Әр күнтізбелік айда Қатысушыға Сайтта жарияланатын және ФМҚ-ның қалауы бойынша кез келген тәсілмен, оның ішінде Telegram бот арқылы қатысушылардың назарына жеткізілуі мүмкін Белсенділіктердің жаңа тізбесі қолжетімді болады. Бұл ретте ФМҚ өз қалауы бойынша күнтізбелік айға арналған тізбедегі Белсенділіктер саны мен мазмұнын айқындайды және оны Бағдарламаны өткізудің кез келген уақытында өзгертуге құқылы.

4.3. Қатысушы осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарында көзделген барлық өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ бір күнтізбелік ай ішінде 5 (бес) немесе одан да көп Белсенділіктер орындалған жағдайда Қатысушы ай сайынғы сыйақы алуға үміткерлер тізіміне енгізілетін болады.

4.4. Бағдарламаға қатысушылар өздерінің прогресі мен Белсенділіктердің орындалу мәртебесін Сайттың арнайы бөлімінде қадағалай алады. Орындалған немесе қолжетімді Белсенділіктердің мәртебесі туралы ақпараты бар Сайтқа барлық өзекті сілтемелер Telegram бот арқылы жіберіледі.

4.5. Осы Қағидалардың 4.3-тармағында көзделген сыйақы алушыларды үміткерлер қатарынан айқындау Белсенділіктер жүргізілетін айдан кейінгі күнтізбелік айдың 15-ші күніне дейін кездейсоқ сандар генераторы сервисінің көмегімен кездейсоқ іріктеу әдісімен «randomus жүзеге асырылады. Сыйақылар алушыларды анықтау нотариустың және ФМҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі және таңдау үрдісі жүзеге асырылатын мобильді құрылғы экранын жазу арқылы белгіленетін болады. Егер негізгі тізімнен алушы 5-бөлімде көрсетілген қағидаларды сақтамаған жағдайда, сыйақы алушының мәртебесі резервтік тізімнен алушыға кезектілік тәртібімен ауыса алады. Негізгі және резервтік сыйақы алушыларды анықтау жазбасы Telegram ботында жарияланады. Тиісті күнтізбелік ай үшін сыйақы алушылардың жалпы саны 40 (қырық) адамды құрайды.

4.6. Сыйақылардың түрі, құны, саны және оларды алу тәртібі ФМҚ қалауы бойынша айқындалады. Сыйақылар үшінші тұлғаларға берілуге, қайтаруға және айырбастауға жатпайды, сондай-ақ олардың құны ақшалай баламада төленбейді.

4.7. ФМҚ мезгіл-мезгіл Қағидалардың 4.3-тармақтарында көрсетілген әрекеттерді жасағаны үшін көзделген сыйақыларға қосымша және (немесе) олардың орнына жекелеген сыйақылар ала отырып, арнайы белсенділік жүргізуге құқылы. Сыйақылардың түрі, құны, саны және алу тәртібі ФМҚ қалауы бойынша айқындалады. Сыйақылар үшінші тұлғаларға берілуге, қайтаруға және айырбастауға жатпайды, сондай-ақ олардың құны ақшалай баламада төленбейді.

5. Сыйақыларды бөлу тәртібі:

5.1. ФМҚ осы Қағидалардың 4.6-тармағында көзделген тәртіппен таңдалған жеңімпазды сыйақы алушылар анықталған күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде ФМҚ Дерекқорында көрсетілген оның телефон нөміріне бір рет (бір рет) қоңырау шалу арқылы сыйақы туралы хабардар етеді. Егер бірінші қоңырау шалу әрекеті сәтсіз болса, сол күні жеңімпазға 1 (бір) сағаттық үзіліспен тағы 2 рет қоңырау шалу әрекеті жасалады. Егер Қатысушы үш қоңыраудың ешқайсысына жауап бермесе, ол алушы мәртебесінен айырылады. Байланыс, қондырғы, технологиялар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының, сим картаның болмауы және/немесе ақаулы болуы және/немесе тұтынушының қоңырауды немесе СМС-ті уақытылы алмауына әсер еткен өзге де жағдайлар ФМҚ-ның бақылау аймағына жатпайды, сәйкесінше ФМҚ көрсетілген жағдайлардан туындаған, соның ішінде тұтынушының алушы мәртебесінен және сыйақыдан алу мүмкіндігінен айырылуына қатысты жағымсыз салдардың қауіп-қатеріне ие болмайды.

5.2. Сыйақылар беру мерзімі жеңімпаз хабардар етілген күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды. Егер ФМҚ сыйақыны курьерлік қызмет арқылы беру тәртібін айқындаған жағдайда, сыйақыларды беру мерзімі сыйақыны жеткізудің нақты мекенжайы туралы жеңімпаздан ақпарат алған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.

6. ФМҚ жауапты емес:

6.1. Бағдарламаға Қатысушының осы Қағидаларда көзделген шарттарды орындамауы (уақытылы орындамауы) немесе Бағдарламаға Қатысушының Бағдарлама туралы ақпаратпен таныса алмауы үшін;

6.2. Бағдарламаға Қатысушы тіркеу деректері қатарында көрсеткен деректердің, байланыс және өзге де ақпараттың дұрыстығы, дәлдігі және сенімділігі, ал осыған байланысты Бағдарламаға Қатысушымен өзі көрсеткен байланыс телефондары арқылы байланыса алмағаны, сондай-ақ Қатысушыдан алынған ақпаратты Бағдарламаның мақсаттарына, оның ішінде сыйақы беру мақсаттарына пайдалана алмағаны үшін, ФМҚ-ға тәуелсіз өзге де себептерді қоса алғанда;

6.3. Бағдарламаға Қатысушы оны талап етпеуі немесе одан бас тарту жағдайында, сондай-ақ ФМҚ-ға тәуелсіз өзге де себептер бойынша сыйақы алмауы үшін;

6.4. Қатысушылардың өздерінің немесе байланыс, курьерлік және пошта қызметтерінің кінәсі бойынша немесе ФМҚ-ға тәуелсіз басқа себептерге байланысты Бағдарлама бойынша сыйақыларды алу үшін қажетті пошта жіберілімдерін, мәліметтерді/құжаттарды алмауы/уақытылы алмауы;

6.5. ФМҚ, сондай-ақ Бағдарламаны ұйымдастыру мен өткізуге ФМҚ уәкілеттік берген тұлғалар келесідей форс-мажор жағдайлары шарттарында өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапты болмайды: дүлей апаттар, жаппай эпидемиялар мен карантиндік шаралар, өрт, су тасқыны, кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, блокада, ереуілдер, заңнамадағы маңызды өзгерістер, осындай міндеттемелерді орындауға тосқауыл болатын болса, ФМҚ тарапынан бақыланбайтын өзге де жағдайлар.

7. Қатысушылар осы Қағидалардың 1 және 2-тармақтарында көзделген барлық өлшемшарттарға сәйкес келген жағдайда, Қатысушылар ФМҚ мен Қатысушылар арасындағы тиісті құқықтық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданған жекелеген қағидаларда және (немесе) ФМҚ құжаттарында көзделген ФМҚ-ның өзге бағдарламаларына/белсенділіктеріне қатыса алады.

8. Бағдарламаға қатысу Қатысушының осы Қағидалармен танысуын, олардың мазмұнымен келісуін, оларды толық түсінуін, Қатысушының оларды өз бетінше сақтауға және осы Қағидаларды сақтауға толық жауапты болуға келісуін білдіреді.

9. Егер қандай да бір себептермен осы Қағидалардың бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

10. ФМҚ кез келген уақытта осы Ережелерге, сыйақы жеңімпаздарын анықтауды жүргізу рәсіміне ФМҚ коммуникация арналарында жаңа редакцияны орналастыру арқылы тұтынушыға бұл туралы алдын ала жазбаша хабарландыру бермей өзгерістер енгізуге құқылы.

11. Сайтта жарияланған осы Қағидалар осы Қағидалардың 1-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін барлық Тұтынушыларға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы Қағидаларда көзделген тәртіппен осы Қағидаларда көзделген әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы осы Қағидалармен танысуын, келісуін және қабылдауын растайды (шарттардың акцепті ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).

12. Осы Қағидаларда келтірілген жекелеген ұғымдар Telegram-ботта, Сайтта немесе ФМҚ бөлшек сауда объектілерінде (IQOS дүкендері) орналастырылған ФМҚ-ның басқа да жария оферттерінде келтірілген олардың мәндерін ескере отырып қарастырылуы тиіс.

13. Бағдарлама және осы Қағидалар, егер ФМҚ тарапынан жаңа мерзімге ұзартылмаса немесе одан бұрын күші жойылмаса, 2026 жылдың 31 желтоқсанға дейін, соңғы күнді қоса қолданылады.


Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.