IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның
Қаупі төмендетілген өнімдер жөніндегі директорының
19.07.2020 ж. №193
Бұйрығымен бекітілді

IQOS ЭЛЕКТРЛІК ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫН «ФИЛИП МОРРИС ҚАЗАҚСТАН» ЖШС IQOS.COM САЙТЫНА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА ӨЗ КҮШІМЕН ТІРКЕГЕНІ ҮШІН МАРАПАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2020 жылғы 19 шілдеден бастап жарамды.

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (әрі қарай – «ФМҚ») IQOS ФМҚ жүйесінің 21 жастан асқан пайдаланушыларының Дерекқорында (әрі қарай – «Дерекқор») тіркелген IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін (әрі қарай – «IQOS құрылғысы» немесе «IQOS жүйесі») пайдаланушының (әрі қарай – «Пайдаланушы») осы Ережелерімен көзделген тәртіпте IQOS құрылғысын өз күшімен тіркегені үшін IQOS ресми дүкендерінде (әрі қарай – «дүкендер») немесе iqos.com электрондық сауда веб-сайтында (әрі қарай – «Сайт») 2000 (екі мың) теңге шегеріммен (әрі қарай – «ваучер») сатып алуға берілетін ваучерімен марапаттайды.

 

  1. Пайдаланушының ваучерді алу шарттары
    • 2.1. Пайдаланушы өз бетімен IQOS құрылғысын ФМҚ Сайтында немесе өзге интернет-ресурстарында IQOS құрылғысы жиынтығының қорабында орналасқан арнайы сілтемемен немесе QR кодпен өтіп тіркейді.
    • IQOS құрылғысын тіркеу үшін Пайдаланушы:

- дұрыс жеке деректерді, соның ішінде ұялы телефон нөмірін көрсете отырып, Дерекқорда тіркелуі тиіс;

- Дерекқорда тіркелген кезде көрсетілген ұялы телефон нөмірінің көмегімен авторизация жасауы тиіс;

– ФМҚ Сайтында немесе өзге интернет-ресурстарында IQOS құрылғысын өз бетімен тіркеу бойынша барлық нұсқауларды орындау, соның ішінде IQOS тұтқышының сериялық нөмірін енгізу және сәтті тіркелу туралы хабарламаны күту керек.

2.3. IQOS келесі құрылғылары: IQOS 2.4Р және IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесінің жиынтықтары, IQOS 2.4Р және IQOS 3 DUO тұтқыштары, сол үшін ваучер ала алатын Пайдаланушы келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • - Қазақстан нарығы үшін дайындалған және Пайдаланушымен Қазақстанда сатып алынған IQOS құрылғылары;
  • - IQOS құрылғылары басқа пайдаланушыларға тіркелмеген.

2.4. Пайдаланушы осы Ережелерде қарастырылған тәртіпте өз атына тіркей алатын, сол үшін Пайдаланушы ваучер ала алатын IQOS құрылғыларының саны шексіз.

2.5. Жоғарыдағы 2.1– 2.3. тармақтарында аталған барлық ережелерді орындаған жағдайда, Пайдаланушы Деректер қорында тіркелген кезде көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS хабарламада 2000 (екі мың) теңге шегерім беретін бірегей бір реттік ваучер алады (ваучердің үлгісі: RE-**********), IQOS құрылғысы тіркелгеннен кейін 2 жұмыс күн ішінде (2.1. – 2.3 тармақтарға сәйкес).2.5. Жоғарыдағы 2.1 – 2.3. тармақтарда аталған барлық ережелерді орындаған жағдайда, Пайдаланушы Дерекқорда тіркелген кезде IQOS құрылғысы тіркелгеннен кейін 2 жұмыс күн ішінде (2.1-2.3 тармақтарға сәйкес) көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS хабарламада бірегей 2000 (екі мың) теңге шегерім беретін бір реттік ваучер алады (ваучердің үлгісі: RE-**********).

2.6. Егер Пайдаланушы қандай да бір себептермен автоматты түрде ваучер алмаған жағдайда, Пайдаланушы сайттағы онлайн-чат немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram мессенджері арқылы 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтіні жазылған SMS жіберу арқылы Қолдау қызметіне хабарласқаны жөн.

2.7. Пайдаланушы жоғарыдағы 2.6-тармақта сипатталған әдістермен өзінің ваучерін біле алады.

  1. Ваучерді пайдалану

3.1. Ваучерді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

3.2. Пайдаланушы ваучерді Сайтта сатып алу үшін «Сізде код бар ма?» деген жолда немесе дүкендерде сатушы-консультантқа ваучерді хабарлап қолдана алады.

3.3. Ваучер сайттағы немесе дүкендердегі барлық қол жетімді тауарларға біржолғы 2000 (екі мың) теңге шегерім береді, бұл ретте ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучер қолма-қол ақшалай/қолма-қол ақшасыз қаражатқа айырбасталмайды, үшінші тұлғаларға сатылмайды немесе берілмейді. Ваучер сайтта немесе дүкендерде төлем құралы ретінде қолданылмайды.

3.4. Егер Сайттағы ваучерді қолданумен жасалған тапсырыстың Пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша күші жойылған болса, онда осындай қолданылған ваучер жарамсыз болып есептеледі, себебі бір реттік болып табылады. Мұндай жағдайда Пайдаланушы жаңа ваучерді алу тәртібін анықтау үшін 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша Қолдау қызметіне хабарласа алады немесе ваучерді қолдану әрекетінің орайы болмаған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде қолданылған ваучердің орнына жаңа ваучерді алу үшін Қолдау қызметінің қоңырауын күте алады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша шегерім Сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі басқа шегерімдермен қосылмайды, сонымен қатар ұсынымдар коды бойынша шегерімдерге немесе «Жеңілдіктер сыйлаңыз» Ұсынымдар бағдарламасы аясында алынған ваучерлерге қосылмайды.