ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Логинмен жалғастыру
НЕМЕСЕ

IQOS ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУДЫҢ ЭЛЕКТР  ЖҮЙЕСІНІҢ ПАЙДАЛАНУШЫЛАРЫНА «ФИЛИП МОРРИС ҚАЗАҚСТАН» ЖШС IQOS.COM САЙТЫНДА ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) БАСҚА ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСТАРЫНА ӨЗ КҮШІМЕН ТІРКЕЛГЕНІ ҮШІН МАРАПАТТАУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

2020 жылғы 12 наурыздан бастап жарамды.

  1. Жалпы ережелер

1.1. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») IQOS ФМҚ жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының Деректер қорында (бұдан әрі – «Деректер қоры») тіркелген кәмелетке толған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін (бұдан әрі – «IQOS құрылғысы» немесе «IQOS жүйесі») пайдаланушының (бұдан әрі – «Пайдаланушы») осы Ережелерімен көзделген тәртіпте IQOS құрылғысын өз күшімен тіркегені үшін IQOS ресми дүкендерінде (бұдан әрі – «дүкендер») немесе iqos.com электрондық сауда веб-сайтында (бұдан әрі – «сайт») 2000 (екі мың) теңге шегеріммен (бұдан әрі – «ваучер») сатып алуға берілетін ваучерімен марапаттайды.

 

  1. Пайдаланушының ваучерді алу шарттары
    • Пайдаланушы өз бетімен IQOS құрылғысын ФМҚ Сайтында немесе өзге интернет-ресурстарында IQOS құрылғысы жиынтығының қорабында орналасқан арнайы сілтемемен немесе QR кодпен өтіп тіркеу жасайды.
    • IQOS құрылғысын тіркеу үшін Пайдаланушы:

- дұрыс жеке мәліметтермен, соның ішінде ұялы телефон нөмірімен Деректер қорында тіркелген болуы тиіс;

- Деректер қорында тіркелген кезде көрсетілген ұялы телефон нөмірінің көмегімен авторизация жасауы тиіс;

– ФМҚ Сайтында немесе өзге интернет-ресурстарында IQOS құрылғысын өз бетімен тіркеу бойынша барлық нұсқауларды орындау, соның ішінде IQOS тұтқышының сериялық нөмірін енгізу және сәтті тіркелу туралы хабарламаны күту керек.

2.3. Келесі IQOS құрылғылары: IQOS 2.4Р және IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесінің жиынтықтары, IQOS 2.4Р және IQOS 3 DUO тұтқыштары, сол үшін ваучер ала алатын Пайдаланушы келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:

  • Қазақстан нарығы үшін дайындалған және Пайдаланушымен Қазақстанда сатып алынған IQOS құрылғылары;

- IQOS құрылғылары басқа пайдаланушыларға тіркелмеген.

  • Пайдаланушы осы Ережелерде қарастырылған тәртіпте өз атына тіркей алатын, сол үшін Пайдаланушы ваучер ала алатын IQOS құрылғыларының саны шексіз.

2.5. Жоғарыдағы 2.1– 2.3. тармақтарында аталған барлық ережелерді орындаған жағдайда, Пайдаланушы Деректер қорында тіркелген кезде көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS хабарламада 2000 (екі мың) теңге шегерім беретін бірегей бір реттік ваучер алады (ваучердің үлгісі: RE-**********), IQOS құрылғысы тіркелгеннен кейін 2 жұмыс күн ішінде (2.1. – 2.3 тармақтарға сәйкес).

2.6. Егер Пайдаланушы қандай да бір себептермен автоматты түрде ваучер алмаған жағдайда, Пайдаланушы сайттағы онлайн-чат немесе @IQOSKZ_Support Telegram мессенджері арқылы 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтіні жазылған SMS жіберу арқылы Қолдау қызметіне хабарласқаны жөн.

2.7. Пайдаланушы жоғарыдағы 2.6-тармақта сипатталған әдістермен өзінің ваучерін біле алады.

 

  1. Ваучерді пайдалану

3.1.  Ваучерді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

3.2. Пайдаланушы ваучерді Сайтта сатып алу үшін «Сізде код бар ма?» деген жолда немесе дүкендерде сатушы-кеңесшіге ваучерді хабарлап қолдана алады.

3.3. Ваучер Сайттағы немесе дүкендердегі барлық қол жетімді тауарларға біржолғы 2000 (екі мың) теңге шегерім береді, бұл ретте ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучер қолма-қол ақшалай/қолма-қол ақшасыз қаражатқа айырбасталмайды, үшінші тұлғаларға сатылмайды немесе берілмейді. Ваучер Сайтта немесе дүкендерде төлем құралы ретінде қолданылмайды.

3.4. Егер Сайттағы ваучерді қолданумен жасалған тапсырыстың Пайдаланушыға байланысты емес себептер бойынша күші жойылған болса, онда осындай қолданылған ваучер жарамсыз болып есептеледі, себебі бір реттік болып табылады. Мұндай жағдайда Пайдаланушы жаңа ваучерді алу тәртібін анықтау үшін 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша Қолдау қызметіне хабарласа алады немесе ваучерді қолдану әрекетінің орайы болмаған сәттен бастап 2 жұмыс күні ішінде қолданылған ваучердің орнына жаңа ваучерді алу үшін Қолдау қызметінің қоңырауын күте алады.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша шегерім Сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі басқа шегерімдермен қосылмайды, сонымен қатар ұсынымдардың коды бойынша шегерімдер немесе «Шегерімдер сыйлаңыз» ұсынымдар бағдарламасы аясында алынған ваучерлерге қосылмайды.

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт шылым шегуді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынуды жалғастырғысы келетін кәмелетке толғандарға арналған түтінсіз өнімдер туралы ақпараттан тұрады. ФМИ түтінсіз өнімдері шылым шегуден бас тартудың баламасы болып табылмайды және шылым шегуден бас тартуға көмектесуге арналмаған.
Жасыңыздың 18-ден асқанын және шылым шегетініңізді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынатыныңызды, сондай-ақ Қазақстанда тұратыныңызды растауыңызды сұраймыз.

Туған күніңізді енгізіңіз:
Растау
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.