IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

27.07.2023 жылғы № 163

Бұйрығымен бекітілген

БЕЛСЕНДІЛІКТІ ЖҮРГІЗУ ҚАҒИДАЛАРЫ

«Эко-апгрейд», «Lil SOLID темекіні қыздырудың электрлік жүйесіне арнайы ұсыныс» және

«Рестарт»БАҒДАРЛАМАЛАРЫНА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ БОЙЫНША

1. Терминдер мен анықтамалар:

А) Тұтынушы - жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушы болып табылатын, ФМК тұтынушыларының дерекқорында (бұдан әрі - «Дерекқор») белсенділік басталған күнге дейін тіркелген, «Эко-апгрейд», «Lil SOLID темекіні қыздырудың электрлік жүйесіне арнайы ұсыныс» және «Рестарт» бағдарламаларына қатысушы болып табылатын тиісті Кодтарды қолдана отырып, IQOS Originals DUO немесе lil SOLID 2.0/lil SOLID Ez құрылғысын сатып алған жеке тұлға;

Б) ФМК - «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, БСН: 040440000348, Ілияс Жансүгіров к-сі, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы облысы, Қазақстан Республикасы мекенжайы бойынша орналасқан, B40A6M8, тел.: (727) 2588888;

В) Сыйлық - осы Ережелердің шарттарында ұсынылатын, жалпы саны бір Белсенділік үшін 6 (алты) бірлікті құрайтын Белсенділік жеңімпазына көтермелеу. Сыйлықтардың нақты тізімін ФМҚ анықтайды және ФМҚ-ның қалауы бойынша әр түрлі байланыс арналарында Тұтынушыларға жеткізіледі.

Г) Белсенділік – осы Ережеге сәйкес Тұтынушылар арасында оны өткізу үшін үшінші тұлғаларды тарту құқығымен ФМҚ ұйымдастыратын Сыйлықтарды ұтып алған жеңімпаздарды анықтау;

Д) Код -қандай да бір материалдық құндылық болып табылмайтын, төлем құралы болып табылмайтын және Белсенділік шеңберінде оның дербес деректерінің құпиялылығын сақтай отырып, Тұтынушыны сәйкестендіру мақсаттары үшін ғана қызмет ететін Белсенділік шеңберінде Қатысушыға ФМҚ жіберетін код;

Е) Телеграм арнасы - IQOSKZ_Support_bot ресми телеграм-бот;

Ж) Хабарлама – ФМҚ Тұтынушыға Дерекқорда тіркеу кезінде көрсеткен оның мобильді телефон нөміріне (бұдан әрі - «Телефон Нөмірі») жіберілетін және/немесе Телеграм арнасы арқылы Тұтынушының Телефон Нөмірін пайдалана отырып, ФМҚ Тұтынушыға жіберетін электрондық хабарлама;

З) Сайт - kz.iqos.com

Осы Ережелерде келтірілген жекелеген түсініктер Сайтта жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында келтірілген олардың мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.

2. Жалпы Ережелер

2.1. ФМҚ 2023 жылғы 3 тамыздан бастап 2023 жылғы 8 қыркүйекке дейін екі аптада бір рет ФМҚ өз қалауы бойынша анықтайтын күн мен уақытта бір Белсенділік жүргізуге құқылы. ФМҚ өз қалауы бойынша Сайтта және кез келген басқа коммуникация арналарында ФМҚ-ның қалауы бойынша Белсенділік өткізу шарттарын, тақырыбын, өткізу күнін, Сыйлықтардың атаулары мен бейнелерін және басқа да ақпаратты орналастыруға құқылы. Бұл ретте Сыйлықтардың бейнесі олардың нақты түрінен, оның ішінде өлшемі бойынша, түстік үйлесімі және басқа элементтері бойынша ерекшеленуі мүмкін. Өндіруші/сатушы белгілеген жарамдылық мерзімі ішінде өзі алған Сыйлықтың тиісінше сапасына қатысты Тұтынушының наразылығы болған жағдайда, Тұтынушы осы жағдайды шешу үшін ФМҚ-ға жүгінуге құқылы.

2.2. ФМҚ Тұтынушыларға белсенділікті жүргізу үшін оны пайдалану мақсатында ФМҚ Тұтынушысына тағайындалған Кодпен Тұтынушының Белсенділікке қатысуы туралы хабарлама жібереді. Тұтынушыны Белсенділіктің жеңімпазы деп анықтаған жағдайда, Тұтынушы кейінгі Белсенділіктерге қатысу құқығынан айырылады және оның Коды одан әрі пайдалануға жатпайды.

2.3. Кодты Тұтынушы үшінші тұлғаларға бере алмайды.

2.4. Белсенділік 2.2-тармақтың ережелерін ескере отырып, барлық Кодтар мен Телефон Нөмірлерін пайдалана отырып, ФМҚ тағайындаған күн мен уақытта жүргізіледі . Жеңімпаздар Сыйлықтың әрбір түрі бойынша ФМҚ (рандомайзер) таңдаған тиісті бағдарламалық жасақтама көмегімен кездейсоқ іріктеу әдісімен жеке анықталады. ФМҚ қалауы бойынша жеңімпаздарды анықтау процесі барлық қатысушыларға арналған Телеграм арнасында жазылуы және жариялануы мүмкін. Әр Белсенділік шеңберінде жеңімпаздардың жалпы саны 6 (алтыны) құрайды.

2.5. ФМҚ жеңімпазды ұтып алған Сыйлық туралы оның Телефон Нөміріне бір рет қоңырау шалу арқылы Белсенділік өткізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабардар етеді. Егер бірінші қоңырау шалу әрекеті сәтсіз болса, сол күні жеңімпазға 1 (бір) сағатта үзіліспен тағы да 2-рет қоңырау шалу әрекеті жасалады. Егер Тұтынушы үш қоңыраудың ешқайсысына жауап бермесе, ол жеңімпаз мәртебесін жоғалтады, ал Сыйлық Сыйлық Қорына кезекті Белсенділік бойынша қосылады. Бірақ, егер Тұтынушы 2121 нөміріне соңғы қоңырау шалу әрекетінен бастап 12 (он екі) сағат ішінде қоңырау шалса, Тұтынушы жеңімпаз мәртебесін және Сыйлық алу құқығын қайтарады. Байланыс жүйелерінің, жабдықтардың, технологиялардың, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының, сим картаның болмауы және/немесе Тұтынушының қоңырауды уақтылы алмауына әсер еткен өзге де мән-жайлар ФМҚ бақылау аймағынан тыс жерде болады, тиісінше ФМҚ көрсетілген мән-жайлардан, оның ішінде Тұтынушының жеңімпаз мәртебесін жоғалтуы менСыйлық алу мүмкіндігінен айырылуына қатысты туындаған қолайсыз салдарлар тәуекелдеріне жауап бермейді.

2.6. Белсенділік жеңімпазы жеңіп алған Сыйлықты басқасына ауыстыруға болмайды, оның құны ақшалай баламада төленбейді.

2.7. Сыйлықты тапсыру курьер оны жеңіп алған Тұтынушыға Қазақстан Республикасының аумағында онымен қоңырау шалған кезде Тұтынушымен келісілген мекенжай бойынша немесе осы Ереженің №1 қосымшасында келтірілген Тараптар қол қойған шарт-актінің негізінде қоңырау шалу сәтінде жеңімпазға хабарланатын өзге де тәсілмен сыйлықты табыстау арқылы жүргізіледі, жеткізу құны ФМҚ есебінен төленеді. Егер Тұтынушы ФМҚ-дан Сыйлық беру сәтінде сол қала шегінде жеткізу мекенжайын ауыстыру туралы хабарлаған жағдайда, онда жеткізу ФМҚ есебінен жүзеге асырылады. Егер ол басқа қала туралы хабарлаған жағдайда, жеткізу Тұтынушының есебінен жүзеге асырылады.

2.8. Бұл Белсенділік Тұтынушылардан ФМҚ, оның қызметкерлері мен серіктестерінің пайдасына қандай да бір төлем алуға тыйым салуды қамтиды.

2.9. Тұтынушы 2121 нөмірі бойынша сұрақтармен жүгінуге құқылы.

2.10. Тұтынушының Дерекқорда оның дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін кері қайтарып алуы оның осы Белсенділікке қатысу мүмкіндігіне жол бермейді және Тұтынушының аталған Белсенділікке қатысудан бас тартуын және аталған кері қайтарып алу күні жеңімпаз деп танылған жағдайда сыйлықтан бас тартуын білдіреді.

3. Қорытынды ережелер

3.1. ФМҚ жаңартылған Ережелерді Сайтта жариялау арқылы бір жақты тәртіпте Ережелерді өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады. Жаңартылған Ережелер осындай жариялау сәтінен бастап күшіне енеді. Жаңартылған Ережелер күшіне енгеннен кейін, онда қарастырылған іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Тұтынушы жаңартылған Ережелермен келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды.

3.2. ФМҚ қандай да бір алдын ала хабарландырусыз немесе келісусіз біржақты тәртіппен Ережелердің күшін жоюға, оның ішінде Кодтарды жоюға, өзгертуге, өшіруге құқылы.

3.3. Бұл Ережелерді ФМҚ әзірлегендіктен, ФМҚ осы Ережелерді түсіндіруге (талдап түсінік беруге) қатысты ерекше құқыққа ие.

ЕРЕЖЕГЕ №1 ҚОСЫМША

БАҒДАРЛАМАҒА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫ КӨТЕРМЕЛЕУ БОЙЫНША БЕЛСЕНДІЛІК ЖҮРГІЗУ

«Эко-апгрейд», «Lil SOLID темекі қыздыру электрлік жүйесіне

арнайы ұсыныс» және «Рестарт», «ФИЛИП МОРРИС ҚАЗАҚСТАН» ЖШС 27.07.2023 ж. № 163

бұйрығымен БЕКІТІЛГЕН

Шарт

[қала/елді мекен]
[Ішкі сауда нысанының атауы] (тапсыру орны)

Осы Келісімшарт мына тараптар арасында бекітілді:

Бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын

ТАӘ  
ЖСН  
Туған күні  
Телефоны  

екінші тараптан, келесі туралы:

ФМҚ береді, ал Тұтынушы алуға келіседі және сыйға алынғанын растайды:

Атауы Саны
   

қаптамамен, тауар таңбаламасымен және қажетті нұсқаулықтармен (бұдан әрі- «Материал») бірге жаңа, жарамды күйде.

Тұтынушы ФМҚ-ның фото-және бейне түсірілімге, оның атын, әлеуметтік желілердегі бейін атауын көпшілік алдында пайдалануға, фото, бейнетүсірілім мен мән-жайлардың бейнесін және/немесе әлеуметтік желілерде немесе ФМҚ-ның https://kz.iqos.com / ресми сайтында және Ұйымдастырушының басқа байланыс арналарында ұсыныстың әрекет ету мерзімінде қайтарымсыз (ФМҚ атынан және есебінен қандай да бір төлем талаптарынсыз) жариялау, жаңғырту және тарату құқығымен материалды алғаны туралы мәліметтерді беруге келісімін. Бұл келісім Тұтынушының ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде берген дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімін алмастырмайды, бірақ оны толықтырады.

Тараптардың қолдары:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС Тұтынушы:
Материалды Жіберді: Материалды алды:
ТАӘ______________________ ТАӘ______________________
Қолы_____________________ Қолы_____________________

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру