IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

2024 жылғы 16 қыркүйектегі № 185 бұйрыққа №1 қосымша


IQOS ILUMA PRIME топтарын дербестендіру қызметінің қағидалары


1. Жалпы ережелер:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі - «ФМҚ») Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сай осы Қағидалардың шарттарына сәйкес Hot stamping әдісімен IQOS ILUMA PRIME топтарын дербестендіру бойынша қызмет (бұдан әрі мәтін бойынша – «Қызмет») көрсетеді.


Қызметті ФМҚ деректер базасында тіркелген, 21 жасқа толған және одан жоғары жастағы электрлік темекі қыздыру жүйелерінің тұтынушылары пайдалана алады.


Қызмет IQOS Iluma Prime арналған жаңадан сатып алынған немесе Пайдаланушыда бар топқа (бұдан әрі - «Топ») бірегей суретті немесе Топта тереңдетілген бейнені қалыптастыратын мәтінді (бұдан әрі мәтін бойынша – «Дайын өнім») түсіруді білдіреді.


Қызметті пайдалану үшін:

1. Осы Қағидалармен танысу;

2. Компанияның Алматы қаласындағы Назарбаев, 111 мекенжайындағы ресми дүкеніне Топты алып келу немесе жаңасын сатып алу қажет;

3. Планшеттің көмегімен сатушы-консультант осы Қағидалардың талаптарына сәйкес тұтынушымен бірге құрылғының түсін, топтың түсін, қаріптің түрін таңдап, аты-жөнін немесе өзге сөзді немесе әріптер жиынтығын енгізе отырып, дербестендірілген топтың превьюін көрсетеді (2-бөлім «Қызмет көрсету талаптары»).

4. Сатушы-консультант Қызмет көрсетеді.


ФМҚ Қызмет көрсету кезеңінде осы Қағидаларға өзгерістер енгізуге және Қызметті көрсету шарттарын өзгертуге құқылы. Бұл ретте осы Қағидалардың кез келген өзгерістері туралы ақпарат IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында (бұдан әрі - «Telegram бот») және Сайтта орналастырылады.


2. Қызмет көрсету талаптары:

2.1. Топқа принт басу қызметі IQOS Iluma Prime жаңа тобына немесе Пайдаланушыда бар топқа жүргізіледі;

2.2. Пайдаланушы Топқа жазылатын сөзді өзі анықтайды;

2.3. Топқа принт басу тек латын әріптерімен ғана жүзеге асырылуы мүмкін;

2.4. Принт басу кезінде әдепсіз және/немесе нормативтік емес лексиканы, кез келген тілдегі анайы, тұрпайы сөздер, сөз орамдары мен сөз тіркестері, зорлық-зомбылыққа шақыратын сөздер, темекіні және құрамында никотин бар өзге де өнімдерді тұтынуды үндейтін сөздерді немесе темекіні, оны тұтынуды және кез келген брендті алға жылжытатын, темекіге немесе оны тұтынуға байланысты кез келген сөздер қамтылған ақпаратты пайдалануға тыйым салынады;

2.5. Пайдаланушы Топқа басылған принт пен сөздің мағынасына өзі жауап береді, алайда ФМҚ өз қалауы бойынша пайдаланылатын сөздерді рецензиялау және белгілі бір сөздерді пайдалана отырып қызмет көрсетуден бас тарту құқығын өзіне қалдырады;

2.6. Қызмет тек Компанияның Алматы қаласындағы Назарбаев, 111 мекенжайындағы ресми дүкенінде көрсетіледі;

2.7. Қызмет тегін көрсетіледі.


3. Дайын өнімді алу шарттары

3.1. Принт басқаннан кейін Дайын өнім қайтаруға және айырбастауға жатпайды;

3.2. Дайын өнім Назарбаев 111 мекенжайындағы дүкенде Пайдаланушының өз қолына беріледі.


4. Жауапкершілік

ФМҚ келесілер үшін жауапкершілік көтермейді:

4.1. Қызметті Пайдаланушылардың осы Қағидаларда көзделген міндеттерді орындамауы (уақтылы орындамауы) немесе Қызметті Пайдаланушылардың Қызмет туралы ақпаратпен Сайтта таныса алмауы;

4.2. Топқа басылған сөздің немесе әріптік белгілеулердің мағынасы, үшінші тұлғалардың Дайын өнімге қатысты кез келген талаптары;

4.3. Қызметті Пайдаланушылар тіркеу деректерінің қатарында көрсеткен деректердің, байланыс және өзге де ақпараттың дұрыстығы, дәлдігі және шынайылығы;

4.4. ФМҚ, сондай-ақ ФМҚ Қызмет көрсетуге уәкілеттік берген тұлғалар дүлей зілзалалар, жаппай індет және карантиндік шаралар, өрт, су тасқыны, кез келген сипаттағы әскери іс-қимылдар, блокада, ереуілдер, заңнамадағы елеулі өзгерістер, ФМҚ тарапынан бақылауға келмейтін басқа да жағдайлар сияқты форс-мажор жағдайлары орын алғанда, егер бұл мән-жайлар осындай міндеттемелерді орындауға кедергі келтіретін болса, өз міндеттемелерін орындамағаны үшін жауапкершілік атқармайды.


5. Қызметтің өзге шарттары:

5.1. Қызмет туралы толық ақпаратпен Пайдаланушылар Telegram ботта және ресми Сайтта таныса алады.

5.2. ФМҚ Қызмет көрсету кезеңінде осы Қағидаларға өзгерістер енгізу және Қызмет шарттарын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Бұл ретте осы Қағидалардың кез келген өзгерістері туралы ақпарат Telegram ботта, ресми Сайтта және Instagram iqos_kaz парақшасында орналастырылады.

5.3. Осы Қағидаларда көрсетілген іс-әрекеттерді жасау арқылы Қызметті Пайдаланушылар осы Қағидаларды толығымен қабылдайды және келіседі, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының түсіндірмесі бойынша осы Қағидалардың шарттарын акцептеу және осы Қағидалардың шарттарында мәміле жасасу болып табылады.

5.4. Осы Қағидаларда көрсетілген іс-әрекеттерді жасау арқылы Пайдаланушы осы Қағидалармен және сайтта көрсетілген, атап айтқанда, төмендегілермен шектелмей, деректерді өңдеу тәртібімен толық танысқанын және келіскенін растайды, өзінің:

5.4.1. Сайтта көрсетілген дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге келісімнің нысанына сай дербес деректерді өңдеуге, сондай-ақ тұратын жерінің (Дайын өнімді жеткізу) мекенжайы және өзге де деректер сияқты қосымша дербес деректерді жинауға және өңдеуге;

5.4.2. ФМҚ-дан немесе уәкілетті үшінші тұлғалардан осы Қызметті көрсетуге байланысты басқа байланыс құралдары мен арналары арқылы ақпараттық СМС-жіберілімдерді, қоңырауларды, хабарламаларды алуға келісімін растайды;

5.4.3. Қызмет пен Дайын өнімге байланысты сұрақтар туындаған жағдайда, Пайдаланушы 2121 телефоны арқылы Қолдау қызметіне немесе IQOSKZ_Support_bot Telegram ботқа хабарласа алады.



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру