IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«БЕКІТІЛГЕН»

____________________________ М.О.

Тәуекелі төмендетілген өнім маркетингі
және цифрлық технологиялар жөніндегі
директордың міндетін атқарушы
«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС
«__»_____ 2022 жыл

«IQOS-пен ӘЛЕМДІ АЙНАЛУ!»

Акциясын өткізу ережелері және оған қатысу шарттары

1. Жалпы ережелер:

«IQOS-ПЕН ӘЛЕМДІ АЙНАЛУ» акциясы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес осы Ережелердің талаптарына сай өткізіледі (әрі қарай мәтін бойынша – «Акция»).

Акцияның механикасы: Төменде көрсетілген талаптарға сәйкес келетін «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС клиенттері мен тұтынушылары Акцияны өткізу кезеңінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында HEETS және/немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларына қатысты сауалнамадан өтуі керек, осыдан кейін олар Жүлделердің ұтыс ойынына қатысушылар қатарына қосылады. Акцияға 21 жастан асқан, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген, HEETS және/немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларын тұтынатын және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында Қатысушы атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысы бар Қазақстан Республикасы резиденттері қатыса алады. Мұны растау үшін, жоғарыда сипатталған талаптарға сай келетін және Акцияны өткізу кезеңінде сатып алынған HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының кез келген дәмінің қорабындағы цифрлық таңбаламаны (әрі қарай «Цифрлық таңбалама») @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына жіберген тұлғалардың сауалнамаға қатысуына рұқсат берілетін болады. Тұтынушы @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына цифрлық таңбаламаны жібергеннен кейін, сондай-ақ жоғарыдағы сауалнамадан өткен жағдайда ұтыс ойынына қатыса алады. Ұтыс ойынына «Достарыңызды шақырғаныңыз үшін қосымша код алыңыз!» Акциясын өткізу ережелері мен оған қатысу шарттарына сәйкес алынған жарнамалық кодтар (әрі қарай «Жарнамалық код») да қатысатын болады. Бір қатысушы Акцияны өткізудің барлық кезеңі ішінде HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының қорабындағы ең көбі бес бірегей цифрлық таңбаламаны жіберуге құқылы. Акцияға 2022 жылғы 3 мамырдан 2022 жылғы 9 тамызға дейінгі аралықта Қораптағы кодтарды тіркеу кезеңінде сатып алынған цифрлық таңбаламалар, сондай-ақ «Достарыңызды шақырғаныңыз үшін қосымша код алыңыз!» Акциясын өткізу ережелері мен оған қатысу шарттарына сәйкес алынған қосымша Жарнамалық кодтар қатысады. Жүлделер ұтыс ойыны, ұсынылған барлық цифрлық таңбаламалар тізімінен жеңімпазды https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторы көмегімен таңдау арқылы https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналда ұтыс ойындары барысында, https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналда келесі кестеге сай өткізілетін болады:

Бірінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «19» мамырда.

Екінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «2» маусымда.

Үшінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «16» маусымда.

Төртінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «30» маусымда.

Бесінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «14» шілдеде.

Алтыншы ұтыс ойыны — 2022 жылғы «28» шілдеде.

Жетінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «11» тамызда.

https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналда жоғарыдағы кестеге сай өткізілетін бір тікелей эфир барысында екі Жүлде ойнатылып, сәйкесінше екі Жеңімпаз таңдалады.

Жүлдені алу үшін, қыздырылған HEETS немесе Fiit темекі таяқшаларының түпнұсқалық қорабын 2022 жылдың 11 тамызындағы соңғы ұтыс ойынына дейін сақтау керек және ұтысқа ие болу жағдайында, жеңімпаз сандық белгісі бар қыздырылған HEETS немесе Fiit темекі таяқшаларының түпнұсқалық қорабын ұсынуы керек. Ұйымдастырушы цифрлық таңбаламасы ұтқан қыздырылатын темекі таяқшалары қорабын алып кетуге құқылы.

Жүлделер: Акцияның Ұйымдастырушысы мен Операторы тарапынан анықталған туристік агенттік теңгеріміне аударылған, атаулы құны 1,500,000 тг (бір миллион бес жүз мың теңге) құрайтын туристік жолдаманы сатып алуға арналған 14 туристік ваучер (әрі қарай мәтін бойынша «Жүлделер»).

Бағытты, билет түрлерін және тұратын жерді таңдау, сақтандыру полистері және басқа да қызметтер туристік агенттікпен бірге жеке тәртіпте келісіледі. Туристік ваучердің белгіленген шегінен асатын барлық шығындарды Акция жеңімпазы өзі өтейді. Акцияның Тапсырыс берушісі мен Ұйымдастырушысы туристік агенттікпен алдағы уағдаластықтар, үй-жайда тұру және ұшақпен ұшып өту жағдайлары, форс-мажорлар, жазатайым оқиғалар және сақтандыру жағдайлары, қосымша шығындар және тағы басқалар үшін жауапты емес.

Жүлделер кездейсоқ сандарды генерациялау арқылы рет-ретімен ойнатылады.

Жүлдені алу үшін, қыздырылған HEETS немесе Fiit темекі таяқшаларының түпнұсқалық қорабын 2022 жылдың 11 тамызындағы соңғы ұтыс ойынына дейін сақтау керек және ұтысқа ие болу жағдайында, жеңімпаз сандық белгісі бар қыздырылған HEETS немесе Fiit темекі таяқшаларының түпнұсқалық қорабын ұсынуы керек. Ұйымдастырушы цифрлық таңбаламасы ұтқан қыздырылатын темекі таяқшалары қорабын алып кетуге құқылы.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр а., 040700, Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша орналасқан «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, әрі қарай мәтін бойынша «Ұйымдастырушы».

Акция Операторы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050004, Абылай хан даңғ., 58А мекенжайы бойынша орналасқан «Smart Events» (Смарт Ивентс) ЖШС, әрі қарай мәтін бойынша «Оператор». Оператор Жүлделердің жеңімпаздарымен қарым-қатынас жасауға және жеңімпаздарға Жүлделер беруге жауапты.

Акцияға қатысатын Тауарлардың сипаттамасы: Акцияға қатысатын Тауарлар «HEETS» немесе «Fiit» тауар белгісінің қыздырылатын темекі таяқшалары болып табылады.

Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылғы «3» мамырдан бастап «9» тамызды қоса алғанда.

Қораптағы кодтарды тіркеу кезеңі: 2022 жылғы «3» мамыр сағ. 10:00-ден бастап «9» тамыз сағ. 10:00 қоса алғанда.

Жүлделерді беру мерзімі: Акцияның жеңімпазы анықталған күннен бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күннен аспайды.

Жүлделер ұтыс ойыны өтетін күндер:

Бірінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «19» мамырда.

Екінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «2» маусымда.

Үшінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «16» маусымда.

Төртінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «30» маусымда.

Бесінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «14» шілдеде.

Алтыншы ұтыс ойыны — 2022 жылғы «28» шілдеде

Жетінші ұтыс ойыны — 2022 жылғы «11» тамызда

Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.

2. Акцияға қатысушылар:

2.1. Акцияға 21 жастан асқан, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген, HEETS және/немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларын тұтынатын және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында өз атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысы бар, әрі қарай мәтін бойынша «Қатысушылар» деп аталатын Қазақстан Республикасы резиденттері қатыса алады.

2.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сай келмейтін тұлғалардың, сондай-ақ Ұйымдастырушының, Оператордың қызметкерлері мен өкілдерінің, олардың отбасы мүшелерінің, Акцияны дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар Ұйымдастырушымен шарттық қатынастарда болатын үлестес тұлғалардың, қызметкерлер мен үшінші тұлғалардың өкілдерінің Акцияға қатысуына рұқсат етілмейді.

3. Акцияның Ұйымдастырушысы, Операторы және Қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері:

3.1. Қатысушы мыналарға құқылы:

3.1.1. www.iqos.com ресми сайтында және @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында қоғамдық ресурстар мен байланыс арналарында Акцияны өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты алуға;

3.1.2. Акцияның Ұйымдастырушысы мен Операторы туралы мәліметтерді алуға;

3.1.3. осы Ережелерге сәйкес Акцияның жеңімпазы деп танылған жағдайда Акцияның Жүлделерін беруді талап етуге.

3.2. Қатысушының міндеттемелері:

3.2.1. осы Ережелерді, соның ішінде Акцияға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді осы Ережелерде белгіленген мерзімде орындау;

3.2.2. Акцияға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмейтін) Интернет, телефон, көлік шығындарын және т.б. жеке өзі көтеру.

3.2.3. осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған өзге де міндеттерді атқару.

3.3. Ұйымдастырушы мыналарға құқылы:

3.3.1. Акцияны өткізу кезеңінде осы Ережелерге өзгерістер енгізу. Бұл ретте осы Ережелердегі кез келген өзгерістер туралы ақпарат @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында және www.iqos.com ресми сайтында жарияланады;

3.3.2. осы Ережелерде қарастырылған жағдайларды қоспағанда, Акцияға Қатысушылармен жазбаша келіссөздер немесе кез келген басқа байланыстар жасамау;

3.3.3. Қатысушылардан Қатысушының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қамтитын басқа да құжаттарды, ұтқан HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабы түпнұсқасын, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрату;

3.3.4. Акцияның негізгі жеңімпазы қандай да бір себептермен Жүлдені алудан бас тартқан немесе талап етпеген жағдайда, Жүлдені төмендегі 7-бөлімде көрсетілгендей таңдалған жеңімпаздардың резервтік құрамына беруге құқылы.

3.3.5. Акцияға Қатысушының (жеңімпаздың) осы Ережелерді сақтамау фактісі анықталған жағдайда Жүлделерді беруден бас тарту.

3.4. Ұйымдастырушының міндеттемелері:

3.4.1. осы Ережелерді, соның ішінде Акцияны өткізуге байланысты барлық әрекеттерді осы Ережелерде белгіленген мерзімде орындау;

3.4.2. Акцияның осы Ережелерге сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;

3.4.3. Акцияның жеңімпаздарына осы Ережелердің 9-тармағында көзделген Жүлделерді беру;

3.4.4. www.iqos.com ресми сайтында жариялау және таңдалған байланыс арналары арқылы Акцияға Қатысушылардың оны өткізу Ережелері туралы хабардар етілуін қамтамасыз ету;

3.4.5. Жүлделерді беру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Акцияға Қатысушылардың Акцияны өткізу кезінде алған Жүлделеріне салық төлеуін қамтамасыз ету.

4. Акцияға қатысу шарттары:

4.1. Жүлделер ұтыс ойыны нотариустың көзінше және Акцияның Ұйымдастырушысы өкілдерінен құралған таралым комиссиясы мүшелерінің қатысуымен өткізіледі. Ұтыс ойынына Акцияны өткізу кезеңінде Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында Қатысушылар жіберген және Ұйымдастырушы Қатысушылардың және цифрлық таңбаламалардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін тіркеген барлық цифрлық таңбаламалар, сондай-ақ «Достарыңызды шақырғаныңыз үшін қосымша код алыңыз!» Акциясын өткізу ережелері мен оған қатысу шарттарына сәйкес алынған Жарнамалық кодтар да қатысады.

4.2. Ұтыс ойыны https://randomus.ru/ веб-сайтында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен қатысушылар тізімінен он төрт Жүлде Жеңімпазын таңдау арқылы өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтағаннан кейін Акцияны Ұйымдастырушы өкілі Акция Жеңімпаздарын анықтау туралы хаттамаға қол қояды, оны нотариус куәландырады.

4.3. Акцияға қатысу үшін Қатысушы мыналарды орындауы қажет:

4.3.1. HEETS және Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларына қатысты сауалнамадан өту;

4.3.2. Қатысушы атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысының болуы;

4.3.3. Акцияны өткізу кезеңінде HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларын сатып алып, оның қорабындағы цифрлық таңбаламаны Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына жіберу. Цифрлық таңбаламалары жүктелетін HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының түпнұсқалары, 2022 жылы 11 тамыздағы соңғы Жеңімпаздарды таңдау күніне дейін сақталуы керек.

4.3.3.1. HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы цифрлық таңбаламаларды жіберу үшін Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында тіркелу қажет. @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына тіркелу үшін телефон нөмірін немесе ЖСН беру арқылы «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелгенін растау қажет.

4.3.4. HEETS немес Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы цифрлық таңбаламалардың ең көп санын жүктеген, сауалнамалардан өткен және Акцияны өткізу кезеңінде «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында IQOS және/немесе lil Solid 2.0 электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық тіркелген құрылғысы бар болғанымен, Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot (IQOS Kazakhstan) Telegram ботында авторизацияланған пайдаланушылар болып табылмайтын (әрі қарай «Авторизацияланбаған тұтынушы») HEETS және/немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының тұтынушыларына Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot (IQOS Kazakhstan) Telegram ботында Қатысушының жеке Сілтемесін қолдана отырып тіркеуден өтуді ұсынған Акция қатысушыларының қосымша Жарнамалық кодтары қатысуға рұқсат етілетін болады. Авторизацияланбаған тұтынушылар @IQOSKZ_Support_bot (IQOS Kazakhstan) Telegram ботында Қатысушының сілтемесін қолдана отырып авторизациядан өткен кезде, Қатысушыға «IQOS-пен бірге әлемді айналу!» Акциясына қатысуға арналған қосымша Жарнамалық код жіберілетін болады. Шақырылған Авторизацияланбаған тұтынушылардың саны шектелмеген, қосымша Жарнамалық код @IQOSKZ_Support_bot (IQOS Kazakhstan) Telegram ботында тіркеуден өткен әрбір Авторизацияланбаған тұтынушы үшін жіберіледі. «Достарыңызды шақырғаныңыз үшін қосымша код алыңыз!» Акциясына тек «IQOS-пен әлемді айналу!» Акциясында 5 (бес) цифрлық таңбаламаны тіркеген қатысушылар, сондай-ақ «Достарыңызды шақырғаныңыз үшін қосымша код алыңыз!» Акциясын өткізу ережелері мен оған қатысу шарттарына сәйкес алынған Жарнамалық кодтар қатыса алады.

4.4. Қатысушы кез келген уақытта 2121 телефон нөмірі бойынша Акцияның жедел телефонына хабарласып, өзінің дербес деректерін жоюға өтініш бере алады. Ұйымдастырушы мұндай өтінішті алған күннен бастап 30 (отыз) күн ішінде Қатысушы ұсынған дербес деректерді жояды. Мұндай өтінімді беру Қатысушының Акцияға одан әрі қатысудан бас тартуы деп танылады және оны Жүлделерді алу мүмкіндігінен айырады.

5. Цифрлық таңбаламаларды тіркеу кезіндегі шектеулер:

5.1. Әрбір Қатысушы Цифрлық таңбаламаларды жүктеу кезеңінде HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының кез келген қорабындағы ең көбі бес бірегей цифрлық таңбаламаны жібере алады.

5.2. Акцияға қатысуға, басқасын қоспағанда, мыналарға рұқсат етілмейді:

- HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы алты және одан да көп бірегей цифрлық таңбаламаны жіберу;

- Акцияны өткізудің барлық кезеңі ішінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында бір бірегей цифрлық таңбаламаны бірнеше рет тіркеу;

- Қатысушының атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйелері жоқ қатысушылар;

- HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларынан басқа өнімдерден алынған кез келген өзге цифрлық таңбаламалар.

5.3. Бір Қатысушы жалған (шынайылығына Ұйымдастырушы күмәнданатын) цифрлық таңбаламаны жіберген жағдайда, Ұйымдастырушы Қатысушыдан HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасын, сондай-ақ Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру үшін сұратуға құқылы. Тексеру кезеңінде сұрастырған деректерді бергенге дейін және Ұйымдастырушы тексергенге дейін Қатысушы одан әрі Акцияға қатысудан шығарылуы мүмкін.

5.4. Егер Акцияны өткізудің бүкіл Кезеңі бойы Қатысушы жалған цифрлық таңбаламаларды бірінен соң бірін екі рет тіркесе, Ұйымдастырушы Қатысушыны Акцияға қатысудан шығарып тастауға (шеттетуге) құқылы.

5.5. Цифрлық таңбаламаларды жіберу кезінде цифрлық таңбаламаларды автоматты түрде жасайтын бағдарламалық қамтамасыз етуді, механикалық, электрондық аспаптарды және (немесе) құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ Ережелердің 4 бөлімінде көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы жеке қатысудан басқа Акцияға санкцияланбаған өзге қатысу әдістерін пайдалануға тыйым салынады.

5.6. Акцияның Ұйымдастырушысы Акцияға Қатысушының тыйым салынған құралдарды пайдалануын және (немесе) оның осы Ережелерде қарастырылған шарттарға сәйкес емес әрекеттерді іске асыруын анықтаған жағдайда Ұйымдастырушы аталған бұзылыстар анықталғаннан бастап кез келген сәтте осы тұлғаның осыған дейін осылай тіркеген цифрлық таңбаламаларын (цифрлық таңбаламалардың қалай пайда болуын қарастырмай) жоюға құқығы бар, сондай-ақ мұндай тұлғаны одан әрі Акцияға қатысудан шығару мүмкіндігімен Қатысушылар немесе жеңімпаздар құрамынан шығаруға құқығы бар.

5.7. Акцияның Ұйымдастырушысы біржақты тәртіпте және түсіндірместен кез келген сәтте Қатысушылардың немесе Жеңімпаздардың қатарынан төменде келтірілген әрекеттің кез келгенін іске асырған тұлғаларды шығарып тастауға құқығы бар:

• Осы Ережелердің шарттарына сәйкес сауалнамадан өтпеген;

• Қатысушының атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйелері жоқ;

• HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасы жоқ;

• «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС деректер қорында тіркелуі расталмаған тұлғалар;

• Ұтыс ойынның өткізілуі кезінде Қазақстан Республикасының резиденттері болмаған, және 21 жасқа толмаған тұлғалар;

• Жүлде алу үшін осы Ережелерде белгіленген құжаттарды, ақпаратты, мәліметті, сондай-ақ HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасын ұсынбаған.

• Жүлдені негізсіз алуды мақсат еткен, Акцияға қатысу үшін жалған цифрлық таңбаламаларды тіркеуіне күдік туғызған және басқа алаяқтық әрекеттерді жасауына күмән тудырған тұлғалар.

6. Жүлделерді бөлу тәртібі:

6.1. Акцияның жеңімпаздарды анықтау және Жүлделерді бөлу тәртібі:

6.1.1. Акцияның Қатысушысы болу және осы Ережелерде көрсетілген Жүлделердің бірін алу мүмкіндігіне үміт артуы үшін, Қатысушы www.iqos.com ресми сайтында және басқа таңдалған коммуникация арналарында және Ережелерде орналастырылған нұсқауларға сай цифрлық таңбаламаларды жүктеу кезеңінде HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшаларының кез келген дәмінің қорабындағы цифрлық таңбаламаны жіберуі тиіс. Жоғарыдағы 4.3.4-тармаққа сай алынған Акция қатысушыларының Жарнамалық кодтарына да қатысуға жол беріледі.

6.1.2. Жеңімпаздар, Акцияны өткізу кезеңінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына жүктелген цифрлық таңбаламалар мен Жарнамалық кодтарды кездейсоқ сандар генераторы — https://randomus.ru/ арнайы қызметінің көмегімен кездейсоқ жолмен анықтау арқылы анықталады. https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналдағы әрбір тікелей эфирде екі Жүлде ойнатылатын болады. Жеңімпаздарды анықтау кезінде, Акцияның Ұйымдастырушысы мен Операторы ұтыс ойындары барысында Жүлделердің әрқайсысы үшін бір негізгі және бір резервтік жеңімпазды таңдайды.

6.1.3. Жеңімпаздарды кездейсоқ анықтағаннан және осы Ережелердің талаптарына және шарттарына сәйкестікті тексеруді табысты өткізгеннен кейін Ұйымдастырушы және (немесе) Ұйымдастырушының өкілетті тұлғасы Жүлделерді тапсыру үшін Жүлделердің жеңімпаздарымен хабарласады.

6.1.4. Жүлделерді тапсыру үшін Ұйымдастырушы оған қажетті Ережелердің 4.3.3 т. көрсетілген деректерді сұрастырады, Акцияға Қатысушы Акцияға қатысу кезеңінде 1 (бір) Жүлдеден артық ұта алмайды. Бір тікелей эфирде Қатысушы екі немесе одан да көп Жүлдені ұтып алған жағдайда, екінші және одан да көп Жүлдеге резервтік жеңімпаздар таңдалатын болады.

6.1.5. Бір қатысушы тек бір Жүлдені ала алады. Қатысушы ұтқан жағдайда, Қатысушы тарапынан бұдан әрі жүктелген цифрлық таңбаламалар мен Жарнамалық кодтардың барлығы Қатысушылар дерекқорынан жойылады.

6.1.6. Қазақстан Республикасы аумағында сатып алынған, сондай-ақ Акцияны өткізу кезеңіне және @IQOSKZ_Support_bot Telegram боты арқылы цифрлық таңбаламаларды жүктеу кезеңіне сай келетін HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қораптарындағы цифрлық таңбаламалар қатысуға қабылданады.

6.1.7. HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы цифрлық таңбаламада бос орынсыз 12 таңба болуы тиіс.

7. Жүлделер және Жүлде Қоры:

7.1. Жүлделер ұтыс ойынына Акцияны өткізу кезеңінде сауалнамадан өткен, Акцияның осы Ережелерінің талаптарына сай келетін HEETS немесе Fiit қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы цифрлық таңбаламаларды тіркеген пайдаланушылардың барлық цифрлық таңбаламалары, сондай-ақ Ережелердің 4.3.4-тармағына сәйкес алынған Акция қатысушыларының Жарнамалық кодтары қатысады.

7.2. Ұтыс ойыны нотариус және Акцияның Ұйымдастырушысы өкілдерінің қатысуымен кездейсоқ сандар генераторы — https://randomus.ru/ қызметі арқылы Ұтыс ойынын өткізу күндеріне сәйкес Ұйымдастырушының https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналда тікелей эфир кезінде өткізіледі.

7.3. Жеңімпаздар, Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушылар тарапынан жіберілген Жарнамалық кодтар мен цифрлық таңбаламаларды кездейсоқ сандар генераторы — https://randomus.ru/ қызметі арқылы анықталады.

7.4. Жүлделердің жеңімпаздарын анықтау кезінде Акцияның Ұйымдастырушысы мен Операторы Жүлделердің әрқайсысы үшін негізгі және резервтік жеңімпазды таңдайды.

7.5 Жеңіс жағдайында Ұйымдастырушы, Ұйымдастырушының өкілетті тұлғасы https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтеме бойынша Telegram каналда тікелей эфир кезінде Жеңімпазбен телефон арқылы қоңырау соғып, хабарласады. Егер негізгі жеңімпаз телефон қоңырауына 1 (бір) реттен жауап бермесе, 3 (үш) күн ішінде тағы 2 (екі) рет қоңырау соғылады.

7.6. Егер негізгі жеңімпаз телефон қоңырауына 2 (екінші) және 3 (үшінші) рет жауап бермесе, ол Жүлдені алу құқығынан айырылады және резервтік жеңімпаз автоматты түрде жеңімпаз болып саналады.

7.7. Егер резервтік жеңімпаз да, Ережелердің 7.5-7.6 т. қарастырылғандай, 3 (үш) күн ішінде 3 (үш) рет телефон қоңырауына жауап бермесе, Акцияның Ұйымдастырушысы нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандар генераторы — https://randomus.ru/ қызметінің көмегімен басқа негізгі және резервтік жеңімпаздарды анықтайды.

7.8. Ұйымдастырушы осы Ережелердің шарттарына өзгерістер енгізу арқылы өз қалауынша Жүлделер санын өзгертуге, сондай-ақ Жүлделердің атауларын өзгертуге құқығы бар.

7.9.1 Жүлделер тек мәлімделген пішімде — ваучер түрінде беріледі. Жүлделерді үшінші тұлғаларға тапсыруға және ақшалай тұлғаланымда беруге/ауыстыруға болмайды.

7.9.2. Жеңімпаз бірлесіп саяхаттау үшін бір және одан да көп Қонақты таңдауға құқылы. Келуші бірлесіп саяхаттау үшін таңдаған қонақ (Қонақ) кәмелетке толмаған болса, баланы заңды түрде шетелге апарумен байланысты заңи мәселелерді шешу бойынша барлық жауапкершілік, онымен бірге жүретін Жеңімпазға жүктеледі.

7.9.3. Жүлде, оның кез келген бөлігін қолданбағаны үшін өтемақыны төлемей, мәлімделген көлемде беріледі. Жүлде тек заттай нысанда беріледі, оның ақшалай баламасын беру мүмкін емес.

7.9.4. Ұйымдастырушы, мейманханалар / турлар / көлік компаниялары және тағы басқаны болдырмау немесе ауыстыру үшін жауапты емес.

7.9.5. Бағытты, билет түрлерін және тұратын жерді таңдау, сақтандыру полистері және басқа да қызметтер туристік агенттікпен бірге жеке тәртіпте келісіледі. Тревел ваучердің белгіленген шегінен асатын барлық шығындарды Акция жеңімпазы өзі өтейді. Акцияның Тапсырыс берушісі мен Ұйымдастырушысы туристік агенттікпен алдағы уағдаластықтар, үй-жайда тұру және ұшақпен ұшып өту жағдайлары, форс-мажорлар, жазатайым оқиғалар, қосымша шығындар және тағы басқалар үшін жауапты емес.

8. Акцияның Жүлделерін алу шарттары:

8.1. Жүлделерді алу шарттары, тәртібі және мерзімдері:

8.1.1. Акцияның Жүлделерін табыстау жеткізу қызметімен іске асырылады. Жеткізу мерзімі Жүлдені табыстау үшін жеткізу қызметіне берілген сәттен бастап 20 (жиырма) жұмыс күніне дейін мерзімді құрайды — бұл Қатысушының тұратын жеріне байланысты.

9. Ұйымдастырушы төмендегілер үшін жауапты болмайды:

9.1. Қатысушылардың өздерінің немесе байланыс, курьерлік және пошта қызметтерінің кінәсі бойынша немесе Ұйымдастырушыға тәуелсіз басқа себептерге байланысты Акцияның Жүлделері мен Бас жүлдесін алу үшін қажетті пошта жіберілімдерін, мәліметтерді/құжаттарды алмау/уақытылы алмау;

9.2. Акцияға Қатысушылардың осы Ережелерде қарастырылған міндеттерін орындамауы (уақытылы орындамауы), немесе Акцияға Қатысушылардың Акция туралы Сайттағы ақпаратпен таныса алмауы;

9.3. Акцияға Қатысушылардың тіркеу деректерінде және цифрлық таңбаламалар туралы деректерінде көрсеткен байланыс және ақпараттың, деректердің дұрыстығы, дәлдігі және сенімділігі, осыған байланысты көрсетілген байланыс телефондары бойынша Акцияға Қатысушылармен байланыса алмау үшін, сондай-ақ Акцияның мақсаттары үшін Қатысушылардан алынған ақпаратты пайдалана алмау үшін, оның ішінде Жүлделерді беру мақсаты үшін, Ұйымдастырушыға тәуелсіз басқа себептерді қоса алғанда.

9.4. Қатысушылар талап етпеген немесе бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Акция Ұйымдастырушысына тәуелсіз басқа себептер бойынша Акцияға Қатысушылардың Жүлделер мен Бас жүлдені алмауы;

9.5. Акцияны өткізуге байланысты оның әрекеттерді орындамауы, егер бұл Қатысушының дербес деректерін өңдеуге келісімін қайтарып алуы нәтижесінде дербес деректердің жойылуы салдарынан орын алса;

9.6. Акцияға қатысуына және алдағыда Акцияның Жүлделерін қолдануына байланысты Қатысушылардың өмірі, денсаулығы, рухани және (немесе) психикалық жарақаттары;

9.7. Жеңімпаздың Жүлделер мен Бас жүлдеге қатысты күтулері.

10. Акцияның өзге шарттары:

10.1. Акция туралы толық ақпаратпен Қатысушылар Акцияны өткізу кезеңінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында және www.iqos.com ресми сайтында таныса алады.

10.2. Ұйымдастырушы Акцияны өткізу кезеңі барысында осы Ережелерге өзгерістер енгізуге құқығы бар. Бұл ретте осы Ережелердегі кез келген өзгерістер туралы ақпарат @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында және www.iqos.com ресми сайтында жарияланады.

10.3. Ережелерде көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы Акцияға Қатысушылар осы Ережелерді толығымен қабылдайды және келіседі, бұл — Қазақстан Республикасының әрекет етуші заңамасы тұрғысында осы Ережелердің шарттарын құптау және осы Ережелердің шарттарында мәміле жасасу.

10.4. Ережелерде көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы Қатысушы осы Ережелермен және сайтта көрсетілген деректерді өңдеу тәртібімен толығымен танысқандығын және келісетіндігін растайды, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, төмендегілерге өзінің келісімін растайды:

10.4.1. www.iqos.com ресми сайтында көрсетілген Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге арналған келісім нысанына сәйкес дербес деректерді өңдеуге, сондай-ақ тұрғылықты мекен-жайы (Жүлдені жеткізу үшін) сияқты қосымша дербес дербес деректерді, өзге де деректерді жинауға және өңдеуге;

10.4.2. Ұйымдастырушыдан немесе өкілетті үшінші тұлғалардан осы Акцияны өткізуге байланысты ақпараттық СМС-хабарлама, қоңырау соғу, басқа байланыс құралдары мен арналары арқылы хабарламалар алуға;

10.4.3. Жүлделердің жеңімпаздарын фото- және бейне түсірімге, сондай-ақ Жеңімпаздардың есімдері, фото-, бейне-кескіндерін сурет, бейне және мәтін пішінінде Ұйымдастырушының коммуникация арналарында жария түрде қолдануға және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен, соның ішінде коммерциялық мақсатта қосымша ақы төлеместен одан әрі өңдеуге, пайдалануға және таратуға.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру