IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«АЛ СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?»

Науқанын өткізу қағидалары мен қатысу шарттары

1. Жалпы ережелер:

«АЛ СІЗ БІЛДІҢІЗ БЕ?» Науқаны (бұдан әрі мәтін бойынша – «Науқан») тұтынушылық сұранысты зертеу және Филип Моррис Қазақстан ЖШС (бұдан әрі - ФМҚ, қосымша материалдарда Ұтыс ойыны деп аталады) өнімінің сапасын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес осы Қағидалардың шарттарына сай өткізіледі, зерттеуге сәйкес, HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын тұтынушылар күніне орта есеппен 11 таяқшаны (айына шамамен 15 қорап) тұтынады және өнімнің тұтынушылық қасиеттерімен және өзге де сипаттамаларымен жеткілікті түрде танысады.

Науқан механикасы: Науқанға 21 жасқа толған және одан асқан ФМҚ дерекқорында тіркелген, HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын тұтынушы және ФМҚ дерекқорында Қатысушы атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысын иеленуші болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденттері қатыса алады.

Науқанға қатысу үшін Қатысушыға мыналар:

1. «Ал сіз білдіңіз бе?» Науқанының осы Қағидалары мен шарттарымен танысу

2. @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында, kz.iqos.com электрондық сауда веб-сайтында «Ал сіз білдіңіз бе?» тақырыбы бойынша жарияланған ақпаратпен танысу

3. @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында 2022 жылғы 22 қазаннан бастап 27 қарашаға дейінгі аралықта Тестілеуден өту

4. @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында жарияланған Тестілеуден (бұдан әрі – «Тестілеу») өту үшін 2022 жылғы 22 қазаннан бастап 2022 жылғы 27 қарашаға дейін Қораптағы кодтарды тіркеу кезеңінде сатып алынған HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларының кез келген дәмінің қораптарынан сандық таңбаламаларды (бұдан әрі – «Сандық таңбалама») беру қажет. Тестілеудің бірінші сұрағы қатысушыға үшінші Сандық таңбалама кодын жүктелгеннен кейін қолжетімді болады; тестілеудің екінші сұрағы – алтыншы Сандық таңбалама кодын жүктелгеннен кейін; үшінші сұрақтан бастап сегізінші сұраққа дейін – тоғызыншы Сандық таңбалама кодын жүктелгеннен кейін қолжетімді болады.

5. Қораптардың түпнұсқаларын 2022 жылғы 2 желтоқсанда ұтыс ойынын өткізгенге дейін сақтау және жеңген жағдайда Қораптағы кодтарды тіркеу кезеңінде сатып алынған және олардан жоғарыдағы талаптарға сәйкес келетін Сандық таңбаламалар енгізілген HEETS таяқшалары қораптарының түпнұсқаларын беру керек. Ұйымдастырушы ұтысты сандық таңбаламалары бар қораптар түпнұсқаларын қолданыстан шығарады.

6. Тестілеу аяқталғаннан кейін 2022 жылғы 16 қарашадан бастап 2022 жылғы 27 қарашаға дейінгі аралықта @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботының чатында HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын пайдалану тәжірибесі туралы өз оқиғасын бөлісуі керек.

Аралық жүлделер: Smart Яндекс лайт Станциясы – 20 дана.

Бас жүлде: 2022 жылдың 1 желтоқсанынан 2023 жылғы 30 қаңтардың соңына дейінгі аралықта ұзақтығы 4-5 күндік Италияға (Болонья қаласныдағы HEETS қыздырылған темекі таяқшалары зауытына саяхат) сапарға жолдама. Нақты күндер жеңімпаздармен келісілетін болады. Жүлделердің / жеңімпаздардың жалпы саны – 3 жолдама / жеңімпаз.

Аралық жүлделердің ұтыс ойыны мына кестеге сәйкес өткізілетін болады:

Бірінші аралық ұтыс ойыны – 2022 жылғы 4 қараша.

Екінші аралық ұтыс ойыны – 2022 жылғы «ү қараша.

2022 жылғы 4 қарашадағы бірінші аралық ұтыс ойынында @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында Тестілеуді сәтті тапсырған, яғни 4 (төрт) сұраққа дұрыс жауап берген, қатысушылардың ішінен таңдау арқылы https://randomus.ru/ сайтында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтемесі бойынша Telegram арнасында 10 (он) жеңімпаз таңдалатын болады.

2022 жылғы 18 қарашада екінші аралық ұтыс ойынында @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботында Тестілеуді сәтті тапсырған, яғни 8 (сегіз) сұраққа дұрыс жауап берген қатысушылардың ішінен таңдау арқылы https://randomus.ru/ сайтында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтемесі бойынша Telegram арнасында 10 (он) жеңімпаз таңдалатын болады.

Бас жүлделер ұтыс ойыны 2022 жылғы 2 желтоқсанда Тестілеуді сәтті тапсырған, яғни Науқанды жалпы өткізу кезеңінде барлық сұрақтарға дұрыс жауап берген, HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын пайдалану тәжірибесі туралы өз оқиғасын бөліскен, @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында 9 Сандық таңбаламаны тіркеген қатысушылардың ішінен кезек тәртібімен https://randomus.ru/ сайтында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтемесі бойынша Telegram арнасында өткізілетін болады.

Маңызды: Жүлдені алу үшін 2022 жылғы 2 желтоқсан күні ұтыс ойынын өткізгенге дейін қораптардың түпнұсқаларын сақтау қажет және жеңген жағдайда Науқанды өткізу кезеңінде сатып алынған және олардан жоғарыдағы талаптарға сәйкес келетін сандық таңбаламалар енгізілген HEETS таяқшалары қораптарының түпнұсқаларын беру қажет. Ұйымдастырушы ұтысты сандық таңбаламалары бар қораптар түпнұсқаларын қолданыстан шығарады.

Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген Батыр а., 040700, Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша орналасқан «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бұдан әрі мәтін бойынша «Ұйымдастырушы».

Науқан Операторы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050004, Абылай хан даңғылы, 58А мекенжайы бойынша орналасқан «Smart Events» (Смарт Ивентс) ЖШС, бұдан әрі мәтін бойынша «Оператор». Оператор Жүлделер жеңімпаздарымен байланыс жасауға және жеңімпаздарға Жүлделерді табыстауға жауапты болып табылады.

Науқанға қатысатын Тауарлардың сипаттамасы: Науқанға қатысатын Тауарлар «HEETS» тауар белгісінің қыздырылатын темекі таяқшалары («Таяқшалар») болып табылады.

Науқанды өткізу кезеңі: 2022 жылғы 22 қазаннан 2 желтоқсанға дейін.

Қораптағы кодтарды тіркеу кезеңі: 2022 жылғы 22 қазан сағат 10:00-ден бастап 2022 жылғы 27 қараша сағат 23:59-ға дейін қоса алғанда.

Жүлделер ұтыс ойынын өткізу күні: аралық жүлделердің ұтыс ойыны – 2022 жылғы 4 қараша, 2022 жылғы 18 қараша; Бас жүлделердің Ұтыс ойыны – 2022 жылғы 2 желтоқсан.

Науқанды өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.

2. Науқанға қатысушылар:

2.1. Науқанға 21 жасқа толған және одан асқан «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген, HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын тұтынушы және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында өз атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысын иеленуші болып табылатын, бұдан әрі мәтін бойынша «Қатысушылар» деп аталатын Қазақстан Республикасының резиденттері қатыса алады.

2.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтін адамдар, сондай-ақ Ұйымдастырушының, Оператордың қызметкерлері мен өкілдері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалар, Ұйымдастырушымен Науқанды дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шарттық қатынастары бар үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері Науқанға қатысуға жіберілмейді.

3. Науқан Ұйымдастырушысының, Операторының және Қатысушыларының құқықтары мен міндеттемелері:

3.1. Қатысушы мыналарға:

3.1.1. kz.iqos.com ресми сайтында және @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында жария ресурстар мен байланыс арналарында Науқанды өткізу мерзімдері, шарттары мен мәні туралы ақпаратты алуға;

3.1.2. Науқанның Ұйымдастырушысы мен Операторы туралы мәліметтерді алуға;

3.1.3. осы Қағидаларға сәйкес Науқанның жеңімпазы деп танылған жағдайда Науқанның Жүлделерін беруді талап етуге құқылы.

3.2. Қатысушы мыналарға:

3.2.1. осы Қағидаларды сақтауға, оның ішінде Науқанға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде орындауға;

3.2.2. Науқанға қатысуға байланысты барлық шығындарды, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) Интернет, телефон, көлік және басқа да шығындарды өз бетінше көтеруге;

3.2.3. осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттерді атқаруға міндеттенеді.

3.3. Ұйымдастырушы мыналарға:

3.3.1. Науқанды өткізу кезеңінде осы Қағидаларға өзгерістер енгізуге. Бұл ретте осы Қағидалардағы кез келген өзгерістер туралы ақпарат @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында және kz.iqos.com ресми сайтында жарияланады;

3.3.2. осы Қағидаларда көзделген жағдайларды қоспағанда, Науқанға Қатысушылармен жазбаша келіссөздер немесе кез келген басқа байланыстар жасамауға;

3.3.3. Қатысушылардан Қатысушының белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру және қажетті іс-әрекеттерді орындау үшін керекті ақпарат пен құжаттарды, соның ішінде жеке басын куәландыратын құжаттарды және жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) қамтитын басқа да құжаттарды, ұтысты HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасын, сондай-ақ қажет болған жағдайда мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұратуға;

3.3.4. Науқанның негізгі жеңімпазы қандай да бір себептермен Жүлдені алудан бас тартқан немесе оны талап етпеген жағдайда, Жүлдені төменде 7-бөлімде көрсетілгендей таңдалған жеңімпаздардың резервтік құрамына беруге құқығы бар.

3.3.5. Науқанға Қатысушының (жеңімпаздың) осы Қағидаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда Жүлделерді беруден бас тартуға құқылы.

3.4. Ұйымдастырушы мыналарға:

3.4.1. осы Қағидаларды сақтауға, Науқанды өткізуге байланысты барлық әрекеттерді осы Қағидаларда белгіленген мерзімдерде орындауға;

3.4.2. Науқанның осы Қағидаларға сәйкес өткізілуін қамтамасыз етуге;

3.4.3. Науқан жеңімпаздарына осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген Жүлделерді беруге;

3.4.4. kz.iqos.com ресми сайтында орналастыру және Ұйымдастырушы таңдаған байланыс арналары арқылы Науқанға Қатысушылардың оны өткізу Қағидалары туралы хабардар етілуін қамтамасыз етуге;

3.4.5. Жүлделерді беру кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Науқанды өткізу барысында Науқанға Қатысушылар алатын Жүлделерге салықтардың төленуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.

4. Науқанға қатысу шарттары:

4.1. Жүлделердің ұтыс ойыны нотариустың және Ұйымдастырушы өкілінің қатысуымен өткізіледі. Ұтыс ойынына Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушылар жіберген және Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында Қатысушылардың және сандық таңбаламалардың белгіленген талаптарға сәйкестігін тексергеннен кейін Ұйымдастырушы тіркеген барлық сандық таңбаламалар қатысады;

4.1.1. Бірінші аралық ұтыс https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында 2022 жылдың 22 қазан мен 2022 жылдың 3 қараша аралығында Тесттілеудің 4 (төрт) сұрағына дұрыс жауап берген 10 (он) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі.

4.1.2. Екінші аралық ұтыс https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында 2022 жылдың 22 қазан мен 2022 жылдың 17 қараша аралығында Тесттілеудің 8 (сегіз) сұрағына дұрыс жауап берген 10 (он) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі.

4.1.3. Бас жүлделер ұтысы https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында Тесттілеудің барлық сұрағына дұрыс жауап берген, сондай ақ HEETS қыздырылған темекі таяқшалары туралы өз оқиғасымен жүктегендер және @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына 15 (он бес) Сандық таңбалама жүктегендер арасында 3 (үш) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтаған соң Ұйымдастырушы өкілі Науқан Жеңімпаздарын анықтау туралы хаттамаға қол қояды, оны нотариус куәландырады.

4.2. Науқанға қатысу үшін Қатысушы мыналарды орындауы қажет:

4.2.1. Қатысушы атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйесінің бір данадан артық құрылғысының болуы;

4.2.2. Науқанды өткізу кезеңінде Сандық таңбаламаларды сатып алып, Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына жіберу. Жүктелетін сандық таңбаламалары бар HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қораптарының түпнұсқаларын ұтыс ойынын 2022 жылғы «2» желтоқсанда өткізгенге дейін сақтау.

4.2.3. HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қорабындағы Сандық таңбаламаларды жіберу үшін Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында тіркелу талап етіледі. @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына тіркелу үшін телефон нөмірін немесе ЖСН беру арқылы «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелгенін растау қажет.

4.2.4. Ұйымдастырушының @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында Тестілеуден өту;

4.2.5. HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларының қораптарындағы Сандық таңбаламалар Науқанды өткізу кезеңі ішінде 9 код, бірақ күніне 3 кодтан аспайтын мөлшерде қатысуға жіберіледі.

4.2.6. Тестілеу аяқталған соң @IQOSKZ_Support_bot чат-ботында өзінің HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын пайдалану тәжірибесу туралы оқиғасын бөлісу.

4.2.7. Оқиғаға қойылатын талаптар: HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларын пайдаланудың тұтынушылық тәжірибесімен байланысты оқиға, 1000 таңбадан 4096 таңбаға дейін. Ұйымдастырушы барлық өтінімдерді қарастырады және ішкі таңдау негізінде HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларына байланысты ең қызықты және ерекше оқиғалар жеңімпаздарды іріктеудің қорытынды сатысына қатысатын болады.

4.2.8. Қатысушы Науқанға қатысудан бас тартуға және оны Қатысушылар тізімінен алып тастауға өтінімді кез келген уақытта 2121 нөмірі бойынша Науқанның жедел желісіне хабарласу арқылы бере алады. Ұйымдастырушы осындай өтінімді алған сәттен бастап 30 (отыз) күннің ішінде өтінімді өңдейді. Мұндай өтінімді беру Қатысушының Науқанға одан әрі қатысудан бас тартуы деп танылады және оны Жүлделерді алу мүмкіндігінен айырады.

5. Сандық таңбаламаларды тіркеу кезіндегі шектеулер:

5.1. Науқанға қатысуға басқа жағдайлармен қатар мыналар жіберілмейді:

- Науқанды өткізудің барлық кезеңі ішінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында бір бірегей сандық таңбаламаны бірнеше рет тіркеу;

- Қатысушының атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйелері жоқ қатысушылар;

- HEETS қыздырылатын темекі таяқшаларынан алынбаған кез келген өзге сандық таңбаламалар.

5.2. Бір Қатысушы жалған (Ұйымдастырушы шынайылығына күмәнданатын) таңбаламаны жіберген жағдайда, Ұйымдастырушы Қатысушыдан HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасын, сондай-ақ Қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттарды тексеру үшін сұратуға құқылы. Деректерді тексеру кезеңінде Қатысушы сұратылған деректерді ұсынған және Ұйымдастырушы оларды тексерген сәтке дейін Науқанға одан әрі қатысудан шеттетілуі мүмкін.

5.3. Егер Науқанды өткізудің бүкіл кезеңі бойы Қатысушы жалған сандық таңбаламаларды бірінен соң бірін екі рет тіркесе, Ұйымдастырушы Қатысушының Науқанға қатысуына тосқауыл қоюға (шеттетуге) құқылы.

5.4. Сандық таңбаламаларды жіберу кезінде сандық таңбаламаларды автоматты түрде жасауға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтаманы, механикалық, электрондық аспаптарды және (немесе) құрылғыларды пайдалануға тыйым салынады, сондай-ақ Қағидалардың 4-бөлімінде көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы жеке қатысудан басқа Науқанға рұқсат етілмеген өзге қатысу әдістерін пайдалануға тыйым салынады.

5.5. Науқан Ұйымдастырушысы Науқанға Қатысушының тыйым салынған құралдарды пайдалануын және (немесе) оның осы Қағидаларда көзделген шарттарға сәйкес келмейтін әрекеттерді іске асыруын анықтаған жағдайда, Ұйымдастырушы аталған бұзушылықтар анықталғаннан бастап кез келген сәтте осы тұлғаның бұған дейін тіркеген сандық таңбаламаларын (сандық таңбаламалардың қалай жасалғанын қарастырусыз) жоюға, сондай-ақ мұндай тұлғаны одан әрі Науқанға қатысудан шеттету мүмкіндігімен Қатысушылар немесе жеңімпаздар құрамынан шығаруға құқылы.

5.6. Науқан Ұйымдастырушысы біржақты тәртіпте және себебін түсіндірместен төменде көрсетілген әрекеттердің кез келгенін жүзеге асырған тұлғаларды кез келген сәтте қатысушылар немесе жеңімпаздар қатарынан шығаруға құқылы:

• Қатысушының атына тіркелген IQOS және/немесе lil Solid электрлік темекі қыздыру жүйелері жоқ;

• «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелуі расталмаған тұлғаларды;

• @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына Сандық таңбаламаны жүктемеген;

• Осы Қағидалардың шарттарына сәйкес Тестілеуден өтпеген;

• @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботына өз оқиғасын жүктемеген;

• HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасы жоқ;

• Ұтыс ойыны өткізілетін кезде Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын және 21 жасқа толмаған тұлғаларды;

• Жүлде алу үшін осы Қағидаларда белгіленген құжаттарды, ақпаратты, мәліметті, сондай-ақ HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары қорабының түпнұсқасын ұсынбаған;

• Науқанға қатысу үшін жалған сандық таңбаламаны тіркеуге күдіктілер және мақсаты Жүлдені негізсіз алу болып табылатын өзге де алаяқтық әрекеттер жасағаны туралы күдік бар тұлғаларды.

• Ұйымдастырушының, оператордың қызметкерлері мен өкілдері болып табылатын тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ олармен үлестес тұлғалар, ұйымдастырушымен акцияны дайындауға, ұйымдастыруға және өткізуге байланысты шарттық қатынастары бар үшінші тұлғалардың қызметкерлері мен өкілдері

6. Жүлде Қоры және Жүлделерді бөлу тәртібі:

6.1. Бірінші аралық ұтыс https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында 2022 жылдың 22 қазан мен 2022 жылдың 3 қараша аралығында Тесттілеудің 4 (төрт) сұрағына дұрыс жауап берген 10 (он) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі.

6.1.1. Екінші аралық ұтыс https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында 2022 жылдың 22 қазан мен 2022 жылдың 17 қараша аралығында Тесттілеудің 8 (сегіз) сұрағына дұрыс жауап берген 10 (он) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі.

6.2. Бас жүлделер ұтысы https://t.me/+qqfjklidri5jmzdi сілтеме бойынша Telegram арнасында https://randomus.ru/ сайтындағы кездейсоқ сандар генераторын қолдану арқылы @IQOS_Support_bot Telegram-ботында Тесттілеудің барлық сұрағына дұрыс жауап берген, сондай ақ HEETS қыздырылған темекі таяқшалары туралы өз оқиғасымен жүктегендер және @IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботына 9 (тоғыз) Сандық таңбалама жүктегендер арасында 3 (үш) жеңімпазды таңдау арқылы өткізіледі. Жеңімпаздарды анықтаған соң Ұйымдастырушы өкілі Науқан Жеңімпаздарын анықтау туралы хаттамаға қол қояды, оны нотариус куәландырады.

6.2.1. Ұтыс ойыны 2022 жылғы 2 желтқсанда https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтемесі бойынша Telegram арнасындағы тікелей эфир кезінде нотариустің және Ұйымдастырушының өкілі мен Науқан Операторының қатысуымен өткізіледі.

6.2.2. Жеңімпаздар Науқанды өткізу кезеңінде Қатысушылар тарапынан жіберілген Сандық таңбаламаларды кездейсоқ сандар генераторы — https://randomus.ru/ сервисі көмегімен таңдау арқылы анықталады.

6.2.3. Жүлделердің жеңімпаздарын анықтау кезінде Науқан Ұйымдастырушысы мен Операторы Жүлделердің әрқайсысы үшін негізгі және резервтік жеңімпазды таңдайды.

6.2.4. Жеңіс жағдайында Науқан Ұйымдастырушысы, Операторы және (немесе) Ұйымдастырушының өкілетті тұлғасы https://t.me/+qQfJklidRI5jMzdi сілтемесі бойынша Telegram арнасындағы тікелей эфир кезінде Жеңімпазға қоңырау шалу арқылы хабарласады. Егер негізгі жеңімпаз 1-ші (бірінші) телефон қоңырауына жауап бермесе, оған 3 (үш) күн ішінде тағы 2 (екі) рет қоңырау шалынады.

6.2.5. Егер негізгі жеңімпаз 2-ші (екінші) де, 3-ші (үшінші) рет те немесе Ұйымдастырушыға тәуелді болмайтын техникалық сипаттағы кез келген себептер бойынша жауап бермеген болса, онда ол Жүлдені алу құқығынан айырылады және автоматты түрде жеңімпаз Науқанның резервтік жеңімпазы болады, бұл ретте Жеңімпаз Науқан Ұйымдастырушысының шешіміне қарсы болу мүмкіндігінсіз жеңіске деген өз мүмкіндігін жоғалтады.

6.2.6. Егер резервтік жеңімпаз да 3 (үш) күн ішінде 3 (үш) рет телефон қоңырауына жауап бермесе, Науқан Ұйымдастырушысы нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандар генераторы https://randomus.ru/ сервисінің көмегімен басқа негізгі және резервтік жеңімпаздарды анықтайды.

6.3. Ұйымдастырушы Науқанның Жүлделік қорын өзгерту, сондай-ақ жүлделердің санын, түрі мен өзге сипаттамаларын өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда жүлделер құны бойынша ауыстырылғандармен шамалас болуы керек.

6.3.1. Жүлделерді үшінші тұлғаларға тапсыруға және ақшалай баламасын беруге/ауыстыруға болмайды.

6.4. Сапарға шығу күні мен сапар күндерінің саны Жеңімпазға бөлек хабарланатын болады. Сапармен байланысты шығындарды Ұйымдастырушы өз мойнына алады. Атап айтқанда, Ұйымдастырушы келесі шығындарды өтейді: визалық рәсімдеу, ұшақ билеті, әуежай немесе вокзалдан қонақ үйге дейін және жету пунктінен кері бағытта такси, таңғы ас, түскі ас және кешкі ас шығындарын қоса алғанда қонақ үйде тұру. Қонақ үй нөмірінің қосымша қызметтерін, spa және кір жуу қызметтерін, жету пунктінде мекендеудің қосымша күндерін, сапар бағдарламасына енгізілмеген орындарға баруды және т.б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, кез келген қосымша шығыстар төленбейді. Клиенттерді қолдау қызметінің қызметкерлері жеңімпазға оның ФМҚ дерекқорында тіркелген байланыс деректері (телефон нөмірі және электрондық мекенжайы) бойынша Ұйымдастырушының қандай шығыстарды өтейтіні және сапар бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратты береді.

6.4.1. Сапарға қатысу үшін Жеңімпаздың сапардың жоспарлы аяқталу күнінен бастап кем дегенде 6 ай жарамдылық мерзімі бар шетелдік төлқұжаты болуы міндетті.

6.4.2 Бас жүлде Жеңімпазы жеңіс туралы хабарландыруды алған сәттен бастап 7 (Жеті) күнтізбелік күннің ішінде Ұйымдастырушыға Италияға кіру үшін визаны рәсімдеуге келесі ақпаратты беруі тиіс (Қазақстандағы Италия елшілігінің талаптарына сәйкес):

- 35 Х 45 мм өлшемді қажетті пішіндегі 2 түрлі-түсті фотосурет;

- қаржылық жағдайды растау: бір адамға күніне 100 EUR есебінен қолма-қол ақшаның болуы туралы банктен анықтама + соңғы 3 айдағы шот бойынша қозғалыс;

- лауазымы мен еңбекақысы көрсетілген жұмыс орнынан анықтама;

- неке қию туралы куәлік (көшірмесі), болған жағдайда;

- Шенген аймағынан шығудың көзделген күнінен кейін кемінде 3 ай жарамды және визаларға арналған кемінде 2 бос беттен тұратын шетелдік жеке басты куәландыратын құжат (төлқұжат).

- Ұйымдастырушының сұратуы бойынша өзге ақпарат.

6.4.3 Егер Жеңімпаз өз кінәсі бойынша Италияға жолдаманы пайдалана алмаған жағдайда (рейске кешігу, Жеңімпаздың бастамасы бойынша сапардың күшін жою, елден шығуға тыйым салу, виза беруден бас тарту, Қатысушының мас күйде болуына немесе Қатысушының өзге де орынсыз мінез-құлқына байланысты ұшақ бортына кіргізуден бас тарту және т.б.) жүлде өз күшін жоғалтады және 3-ші тұлғаға беруге жатпайды. Белгіленген жолдаманың орнына ақшалай өтемақыны беру жүргізілмейді.

7. Ұйымдастырушының жауапкершілігі:

7.1 Ұйымдастырушы төмендегілер үшін жауапты болмайды:

7.1.1. Қатысушылардың өздерінің немесе байланыс, курьерлік және пошта қызметтерінің кінәсі бойынша немесе Ұйымдастырушыға тәуелсіз басқа себептерге байланысты Науқанның Жүлделері мен Бас жүлдесін алу үшін қажетті пошта жіберілімдерін, мәліметтерді/құжаттарды алмауы/уақытылы алмауы;

7.1.2. Науқанға Қатысушылардың осы Қағидаларда көзделген міндеттерін орындамауы (уақытылы орындамауы) немесе Науқанға Қатысушылардың Науқан туралы Сайттағы ақпаратпен таныса алмауы;

7.1.3. Ұйымдастырушыға тәуелсіз басқа да себептерді қоса алғанда, Науқанға Қатысушылар тіркеу деректері мен сандық таңбаламалар туралы деректер қатарында көрсеткен деректердің, байланыс және өзге де ақпараттың дұрыстығы, дәлдігі мен сенімділігі, осыған байланысты көрсетілген байланыс телефондары бойынша Науқанға Қатысушыларға байланыса алмауы, сондай-ақ Науқанның мақсаттары, оның ішінде Жүлделерді беру мақсатында Қатысушылардан алынған ақпаратты пайдалана алмауы;

7.1.4. Қатысушылар талап етпеген немесе бас тартқан жағдайда, сондай-ақ Науқан Ұйымдастырушысына тәуелсіз басқа себептер бойынша Науқанға Қатысушылардың Жүлделерді және Бас жүлдені алмауы;

7.1.5. Қатысушының Науқанды өткізуге байланысты әрекеттерді орындамауы, егер бұл оның дербес деректерін өңдеуге келісімін қайтарып алуы нәтижесінде дербес деректердің жойылуы салдарынан орын алса;

7.1.6. Науқанға қатысуына және Науқанның Жүлделерін әрі қарай қолдануына байланысты Қатысушылардың өмірі, денсаулығы, моральдік және/немесе психикалық жарақаттары;

7.1.7 Жеңімпаздың Бас жүлдеге қатысты күтулері.

7.1.8 Ұйымдастырушы, сондай-ақ Науқанды ұйымдастыру мен өткізуге Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалар келесідей форс-мажор жағдайлары шарттарында өз міндеттерін орындамағаны үшін жауапты болмайды: дүлей апаттар, жаппай эпидемиялар мен карантиндік шаралар, өрт, су тасқыны, кез келген сипаттағы әскери әрекеттер, блокада, ереуілдер, заңнамадағы маңызды өзгерістер, осындай міндеттерді орындауға тосқауыл болатын болса, Ұйымдастырушы тарапынан бақыланбайтын өзге де жағдайлар.

8. Науқанның өзге шарттары:

8.1. Қатысушылар Науқан туралы толық ақпаратпен Науқанды өткізу кезеңінде @IQOSKZ_Support_bot Telegram ботында және kz.iqos.com ресми сайтында таныса алады.

8.2. Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы Науқанға Қатысушылар осы Қағидаларды толығымен қабылдайды және келіседі, бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы тұрғысында осы Қағидалардың шарттарын құптау және осы Қағидалардың шарттарында мәміле жасасу болып табылады.

8.3. Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді орындау арқылы Қатысушы осы Қағидалармен және сайтта көрсетілген деректерді өңдеу тәртібімен толығымен танысқандығын және келісетіндігін растайды, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, төмендегілерге:

8.3.1 kz.iqos.com ресми сайтында көрсетілген Дербес деректерді жинауға, өңдеуге және беруге арналған келісім нысанына сәйкес дербес деректерді өңдеуге, сондай-ақ тұрғылықты мекенжайы (Жүлдені жеткізу үшін) сияқты қосымша дербес деректерді, өзге де деректерді жинауға және өңдеуге;

8.3.2 Ұйымдастырушыдан немесе уәкілетті үшінші тұлғалардан осы Науқанды өткізуге байланысты ақпараттық СМС-жіберілімдерді, қоңырауларды, басқа байланыс құралдары мен арналары арқылы хабарламаларды алуға;

8.3.3 Жүлделер жеңімпаздарын фото- және бейне түсірімге, сондай-ақ Жеңімпаздардың есімдері, фото-, бейне-кескіндерін сурет, бейне және мәтін пішінінде Ұйымдастырушының коммуникация арналарында жария түрде қолдануға және Қазақстан Республикасы заңнамасында тыйым салынбаған кез келген тәсілмен, соның ішінде коммерциялық мақсатта белгісіз мерзімге қосымша ақы төлеместен одан әрі өңдеуге, пайдалануға және таратуға өзінің келісімін растайды.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру