Ғылым және IQOS.

Осы беттегі IQOS туралы деректерді зерттеп, тесттен өтіп, сыйлықтарға ие болыңыз!

Тест жақын арада сайтта, сондай-ақ біздің әлеуметтік желілерде қол жетімді болады.
Жаңалықтарды қарап жүріңіз!

Темекі түтінінсіз болашақ құру.

Біз ғылымға сенеміз. Біз алдымызға 21 жасқа толған және одан асқан және темекі тұтынуды жалғастырғысы келетін темекі шегушілерге балама ұсыну міндетін қойдық. Швейцария мен Сингапурдағы ФМИ халықаралық ғылыми-зерттеу орталықтарының жүздеген ғалымдары мен инженерлері темекіні жағудың орнына қыздыратын инновациялық электрондық құрылғы IQOS-ты әзірлеп, бағалады. IQOS темекі дәмі мен никотин бар темекі буын өндіреді.

Ең жоғары стандарттарға сәйкес сыналған.

Бүгінгі күні мыңдаған сыналушылардың қатысуымен 18 клиникалық емес және 10 клиникалық зерттеулерді қоса алғанда, IQOS мұқият ғылыми бағалаудан өтті. Қолда бар деректердің жиынтығы IQOS-ты пайдалану тәуекелдерді жоққа шығармаса да, IQOS-қа толық көшу сигарет шегуді жалғастырудан гөрі сіздің денсаулығыңыз үшін аздау тәуекел тудыратынын көрсетеді.

Маңызды ақпарат: IQOS зиянсыз болып табылмайды. Оның құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар.

Неге біз осындай қорытындыға келгенімізді білгіңіз келе ме? IQOS туралы кейбір негізгі ғылыми деректер туралы көбірек біліңіз.

Неліктен қыздыру жанудан жақсы?

Әлем технологияның айналасында айналады. Ұзақ жылдар бойы олар біздің өмірімізді түбегейлі жақсы жаққа өзгертті. Біздің жұмыс істейтін, қарым-қатынас жасайтын және саяхат жасайтын жолымызды өзгертті. Ғылым мен технологияны біріктіре отырып, біз темекі шегуді жалғастырудың ең жақсы баламасын әзірледік.

IQOS темекіні жақпай қыздырады, оның қарапайым себебі: темекіні жаққан кезде тұншықтырғыш газ сияқты зиянды заттардың көп мөлшері бөлінеді. IQOS HeatControl™ технологиясы темекінің жануын болдырмайды. Бұл сигарет түтінімен салыстырғанда, шығарылатын зиянды химиялық заттардың мөлшері мен деңгейі айтарлықтай төмендегенін білдіреді.

Қыздыру технологиясы.

Сигарет жанған кезде темекі шамамен 600°C температурада жанады. Жану кезінде түтін мен күл пайда болады; темекі шегуші өзіне тарту жасағанда, сигареттің соңындағы температура 800°C-тан жоғары көтеріледі. Сигарет түтіні 6000-нан астам химиялық заттардың күрделі қоспасы болып табылады. Олардың 100-ге жуығын дәрігерлер темекі шегуден туындайтын аурулармен байланысты.

IQOS HeatControl™ технологиясы жануды алдын ала отырып, темекіні неғұрлым төмен температураға дейін (350°C төмен) қыздырады. IQOS түтін шығармайды, өйткені жану болмайды. Ол темекінің дәмін сақтайтын және темекіге қарағанда, орташа есеппен 95%-ға аз* зиянды заттар шығаратын бу шығарады.

Маңызды ақпарат: бұл міндетті түрде қауіпті 95% төмендетуді білдірмейді. IQOS зиянсыз болып табылмайды. Өнімде тәуелділікті тудыратын никотин бар.

* «95% аз» бұл стандартты шылым түтінімен (3R4F) салыстырғанда, зиянды заттар спектрі деңгейінің (никотинді қоспағанда) орташа төмендеуі. IQOS.com сайтындағы «Маңызды ақпарат» бөлімін қараңыз

Сигареттер шайырлар бөледі, ал IQOS — жоқ.

«Шайыр» – бұл сигарет жанғаннан кейінгі түтіннің қалдығы. IQOS-та шайыр пайда болмайды, өйткені ол темекіні жандырмайды, тек қыздырады. IQOS «шайырдан» айтарлықтай ерекшеленетін және зиянды заттардың аз деңгейінен тұратын аэрозольді қалдықты құрайды. IQOS-қа толық көшудің шылым шегуді жалғастырудан гөрі, зияны аз**.

Маңызды ақпарат: шайырдың болмауы IQOS зиянсыз болып табылатынын білдірмейді. IQOS құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар.

*Темекі түтінімен салыстырғанда, зиянды заттар спектрі деңгейінің (никотинді қоспағанда) орташа төмендеуі.

**Дереккөз: темекі шегуді жалғастырумен салыстыру бойынша IQOS-қа қатысты қолда бар деректер жиынтығының негізінде.

Бұл шайырларды шығарады. Ал бұл — жоқ.

Темекі буын сигарет түтінімен салыстыру.

IQOS-тың темекі буының сигарет түтініне қарағанда, зияны аз. Мұны көрсету үшін біз аэрозольдердің химиялық құрамын 10 клиникалық зерттеуді (сонымен қатар 18 клиникалық емес зерттеулердің мәліметтерін) қамтитын және АҚШ, Жапония, Ұлыбритания және Польшадағы мыңдаған қатысушыларды қамтитын кешенді бағалау бағдарламасын жүргіздік. Зерттеулер көрсеткендей, IQOS-қа толық көшу шылым шегуді жалғастырумен салыстырғанда, денсаулыққа зиян келтіру қаупін толығымен болмаса да, азайтады.

IQOS сигаретке қарағанда, зиянды заттарды азырақ бөледі.

Шылымдағы темекінің жануы көп мөлшерде көміртегі монототығын шығарады. IQOS-та темекі жанбайды, көміртегінің монототығын (CO) орта есеппен 98%-ға кем және шылымдармен салыстырғанда басқа зиянды заттардың деңгейі айтарлықтай төмен шығарады*.

Маңызды ақпарат: бұл тәуекелді 98%-ға төмендетуді білдірмейді. IQOS зиянсыз болып табылмайды. Оның құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар.

* Дереккөз: біз белгілі қоғамдық денсаулық сақтау ұйымдары есеп беру үшін басымдық берген белгілі бір зиянды заттардың деңгейін өлшедік. Олар шылым түтінімен салыстырғанда орташа есеппен 95%-ға төмендеді (никотинді қоспағанда).

Бұл көміртегі монототығының көп мөлшерін шығарады. Бұл – жоқ.

Үй-жайдағы ауа сапасы.

Үй-жайдағы ауа сапасы (IAQ) ғимарат ішіндегі ауа сапасын білдіреді. Әдетте, тұрғындар мен келушілердің денсаулығы мен жайлылығын қамтамасыз ету принципіне негізделген. Температура, ылғалдылық және ластаушы заттар – бұл үй-жайдағы ауа сапасына әсер ететін кейбір ғана факторлар. Бірақ адамның болуы және тамақ дайындау, тазалау немесе темекі шегу сияқты әрекеттер ауа сапасына айтарлықтай әсер ететіні дәлелденді. Біздің білімімізді кеңейту және IQOS-тың үй-жайдағы ауа сапасына әсерін түсіну үшін біз бақыланатын ортасы бар үй-жайдағы «нақты» жағдайларды модельдейтін зерттеулер жүргіздік. Біздің тестілеу әдістеріміз ISO-мен мақұлданған және аккредиттелген.

Біздің зерттеуіміз IQOS темекіні жандырмайтындықтан және түтін шығармайтындықтан, сондай-ақ тұншықтырғыш газ сияқты зиянды заттардың деңгейін айтарлықтай төмендететіндіктен, ол үй-жайдағы ауа сапасына теріс әсер етпейтінін көрсетеді. Бұл дегеніміз, біз тапқан бірнеше қосылыстар өте төмен концентрацияда болды және ауа сапасына қатысты ұсыныстарда анықталған максималды әсер ету деңгейінен әлдеқайда төмен.

Ғылыми машина.

Ал сіз сигаретте темекіні жағу кезінде пайда болатын түтін мен IQOS-та темекіні қыздыру кезінде пайда болатын темекі буының арасындағы елеулі айырмашылықтарды көрсететін машина жасағанымызды білдіңіз бе? Көбірек білу үшін ғылыми машина туралы бейнені қараңыз.

Көбірек білу

IQOS артықшылықтарына жеке көз жеткізгіңіз келе ме?

IQOS пен сигареттің арасындағы айырмашылықты көру үшін арнайы картаны пайдалана отырып, тәжірибе жасаңыз.

Толығырақ білу

IQOS-қа көшу.

Біздің зерттеулеріміз IQOS-қа толығымен көшкендердің қанағаттанушылығын темекі шегуді жалғастырғандардың қанағаттанушылығымен салыстыруға болатындығын көрсетеді*. Біздің ғылыми бағалау жолымыз туралы көбірек біліңіз.

Көбірек білу

IQOS зиянсыз болып табылмайды және құрамында тәуелділікті тудыратын никотин бар. Кез келген темекі шегуші қабылдауы мүмкін ең жақсы шешім — темекі мен никотиннен толығымен бас тарту.

* Жапонияда 160 ересек темекі шегушілермен нақты жағдайға жақын шарттарда 3 айлық зерттеу.

Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар.
Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа
толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ

Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.
Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.

АККАУНТЫҢЫЗ БАР МА?

ВОЙТИ С ПАРОЛЕМ
ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?
-немесе-

ЖАҢА ПАЙДАЛАНУШЫ БОЛАСЫЗ БА?

Country

It looks like you are in United States
This website is intended for Kazakhstan