IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Жария оферта

(барлық елеулі талаптарды қамтитын

бөлшек сатып алу-сату шартын жасасуға ұсыныс)

22.10.2020 ж.

Филип Моррис Қазақстан ЖШС шылым шегуші болып табылатын және Тауарды сатып алуға мүддесі бар жиырма бір жастан асқан кез келген жеке тұлғаға төмендегі жария шартты жасасуды ұсынады:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС-нің ішкі сауда объектілеріндегі бөлшектеп сатып алу-сатудың

ЖАРИЯ ШАРТЫ

Преамбула

Осы бөлшектеп сатып алу-сатудың жария шарты (бұдан әрі – «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Жарғы негізінде әрекет ететін ҚТӨ директоры Баибурский В.К. атынан Филип Моррис Қазақстан ЖШС бір тараптан және жиырма бір жастан асқан және Сатушының шарттарымен Шарт жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) өзгеріссіз құптаған «Сатып алушы» (жеке тұлға) арасындағы қатынастарды реттейді,

Тараптар осы Шарт Тауарды бөлшектеп сатып алу-сату мәселелері бойынша Сатып алушы мен Сатушының өзара әрекеттестігінің жалпы және негізгі шарттарын регламенттейтінін мойындайды. Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алыну әдісіне байланысты жеке бұйрықтарда, баға прейскуранттарында немесе Сатып алушы қосымша таныса алатын Сатушының басқа құжаттарында болуы мүмкін қосымша нақтылау шарттары болуы мүмкін.

1. Анықтамалар

1.1. Сатып алушы – Филип Моррис Қазақстан ЖШС ішкі сауда объектілерінде тауарды сатып алуды жүзеге асыратын, 21 жасқа толған және одан асқан жеке тұлға.

1.2. Сатушы – Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров к-сі, 90, 040700 немесе В40А6М8, БСН 040440000348 мекенжайы бойынша тіркелген және орналасқан Филип Моррис Қазақстан ЖШС.

1.3. Тауар – IQOS электрлік темекі қыздыру электр жүйесі, қыздырылатын темекісі бар өнім, атап айтқанда HEETS қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Сатушының прейскурантына сәйкес Сатушы Сатып алушыға Тауарларды қою, олардың үлгілерін көрсету немесе Сатушыда бар сатылатын Тауарлар туралы мәліметтерді ұсыну арқылы белгілі бір бағаға сатуға ұсынған техникалық регламенттердің және стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес келетін кез келген Тауарлар. Сатушы сатуға ұсынатын Тауарлардың тізбесін ол біржақты тәртіппен анықтайды.

1.4. Тараптар – Сатып алушы және Сатушы бірлесіп.

1.5. Акцепт – Сатып алушының осы офертаны толық және қарсылықсыз қабылдауы және Тауарға төлем (оның ішінде ішінара алдын ала төлем) арқылы Шартқа қосылуы туралы жауабы.

1.6. Сатушының ішкі сауда объектісі – Тауарларды бөлшек сату жүзеге асырылатын сауда нүктесі.

1.7. Қолдау қызметі – Сатып алушыларға Тауарға, Сатушыға және iqos.com Веб-сайтына қатысты ақпарат беруге жауапты Сатушының бөлімшесі 8-8000-80-12-21 телефон нөмірі бойынша (қоңырау шалушы үшін тегін).

1.8. Үлгі– Сатушының қалауы бойынша таңдалатын, Сатушыға тиесілі және Сатып алушының IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жұмыс істеу қағидасымен және ерекшеліктерімен танысуына арналған, Сатушы Сатып алушыға қайтарымды негізде осы Шарттың 6.5-тарм. сәйкес ұсынатын, белгілі бір үлгідегі бұрын тұтынылған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі.

2. Шарттың мәні

2.1. Сатушы Тауарды Сатып алушының меншігіне оны кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін беруге міндеттенеді, ал Сатып алушы Тауарды Шарт жасалған сәтте қолданыста болған Сатушының баға прейскурантына және осы Шарттың, оның ішінде Сатушының бұйрығымен белгіленген басқа да талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды.

2.2. IQOS түтінсіз өнімдері Тауар болып табылатындығына байланысты Сатушы төмендегілерді басшылыққа алады:

i) IQOS жүйесі 21 жасқа толған және одан асқан, темекі өнімдерін тұтынуды жалғастыруды қалайтын темекі шегушілерге арналған;

ii) Сатушы ешқашан темекі шекпеген немесе темекі шегуді тастаған адамдарға IQOS-ты ұсынбайды;

iii) Сатушының мақсаты кез келген жағдайда темекі шегуді жалғастыратын 21 жасқа толған және одан асқан әрбір темекі шегушіні IQOS сияқты түтінсіз Өнімдерге ауыстыру. Сатушы оқыту, кеңес беру және жеке таныстырылымдар өткізу арқылы IQOS-қа көшу кезінде 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілерді қолдауға дайын;

iv) IQOS темекі шегуді тоқтатуды алмастырмайды. Темекі шегуден денсаулығына төнетін қауіп үшін уайымдайтын Тұтынушылар/Сатып алушылар темекіні тұтынуды толығымен тоқтатуы немесе темекі шегуді тастауы керек;

v) IQOS-тың барлық артықшылықтарын толық сезіну үшін 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегуші темекіден бас тартып, тек IQOS-ты ғана пайдалануы тиіс;

vi) IQOS-ты пайдалану денсаулық үшін қатерді жоққа шығармайды немесе темекіге зиянсыз балама болып табылмайды, бірақ темекі шегумен салыстырғанда анағұрлым жақсы таңдау болып табылады.

2.3. Сатып алушыға, оның ішінде Тауарды сатқаннан кейінгі кезеңде сапалы қызмет көрсету мақсатында Сатушы Сатып алушыларға (21 жасқа толған және одан асқан темекі шегушілерге) Қолдау қызметі арқылы Тауарға қатысты ақпарат немесе кеңестер береді.

3. Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі

3.1. Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария Шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасы мен Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Шарт жасасу сәтінде басқалардың алдында бір Сатып алушыға Шарт жасасуға қатысты артықшылық көрсетпей, барлық Сатып алушылар үшін бірдей етіп белгілейді.

3.2. Сатушы Тараптар Шартты жасасқанға дейін Жария Офертаның және оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тараптар Шарт жасасқаннан кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіпте жол беріледі.

3.3. Шарт жасасу алдында Сатып алушы Сатушы қызметкерінің талап етуі бойынша Сатып алушының нақты жасын анықтау мақсатында оған жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуге міндетті. Бұл талап орындалмаған жағдайда Сатушының қызметкері Сатып алушыға Тауарларды сатудан бас тартады.

3.4. Сатып алушы Акцепт берген сәттен бастап Сатып алушының оған қосылуы арқылы Шарт тиісті нысанда жасалған болып саналады.

4. Жалпы ережелер

4.1. Сатушы осы арқылы Сатып алушыны Сатушы сатуға ұсынатын Тауардың техникалық регламенттер мен стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар талаптарына сәйкес келетініне сендіреді.

4.2. Тараптар Сатушының Ішкі сауда объектілерінде орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейнероликтер, баспа өнімдері және т.б.) жалпы, анықтамалық сипатқа ие екенін және түсін, өлшемдері мен нысандарын қоса алғанда, Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Сатып алушыны қызықтыратын Тауардың заттаңбасында болады. Сатып алушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Сатып алушы Тауарды Сатып алудан бұрын Сатушының сатушы-кеңесшілеріне Тауар туралы өздерін қызықтыратын ақпаратты, соның ішінде жеке презентацияны алу үшін жүгінуге құқылы.

4.3. Осы Шартты құптау арқылы Сатып алушы Тауар, оның төлемі туралы өзін қызықтыратын барлық ақпараттың алынғанын, қандай да бір қосымша сұрақтардың жоқ екенін (осы Шарттың 6.5-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда), осы Шарттың талаптары оған қосылу арқылы түсінікті екенін және қабылданғанын растайды.

4.4. Сатушы Сатушының нақты Ішкі сауда объектісінің қоймасында сату сәтінде бар тиісті сападағы Тауарларды ғана сатуға ұсынады. Витриналарда ұсынылған және тиісті түрде таңбаланған Тауардың көрмелік үлгілері сатылуға тиесілі емес.

4.5. Тараптар Сатушының қоймасында Сатушының бағалар прейскурантында көрсетілген Тауардың белгілі бір түрінің қысқа мерзімді болмау мүмкіндігін мойындайды. Мұндай жағдайда Сатушы қоймада осындай Тауардың болуын тез арада жаңғыртуға немесе Тауардың түржинағын қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Сатушының бағалар прейскурантына тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.

4.6. Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауарға төлеу және оны Сатып алушыға беру сәтінде Сатушыдан Сатып алушыға өтеді.

4.7. Тауарға кепілдік беріледі, оның шарттары Тауардың түріне байланысты Тауарға қоса берілетін арнайы құжатта жазылуы мүмкін. Кепілдік мерзімі мен талаптары осындай арнайы құжатта, ал ол болмаған кезде – Шарттың талаптарына сәйкес анықталады. Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Сатып алушы осындай Тауарды (сатып алу орны) сатып алған Сатушының Ішкі сауда объектісіне наразылықпен жүгінеді, егер Сатушы ол туралы Сатып алушы Қолдау қызметіне жүгіну арқылы біле алатын қосымша өзгеше тәртіп белгілемесе.

4.8. Тауардың түріне байланысты оны Сатушының Ішкі сауда объектісінде сатпас бұрын, азық-түлікке жатпайтын Тауардың жұмысқа қабілеттілігі тексерілуі мүмкін. Ол үшін Тауарды ашу және тексеру, өнімнің жиынтықтылығын, сапасын тексеру жүргізіледі. Барлық толымдаушылардың өнімділігі тексеріледі. Қажет болған жағдайда азық-түлікке жатпайтын Тауар қалай пайдаланылатыны көрсетіледі.

5. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

5 .1. Сатушы келесі әрекеттерді орындауға міндеттенеді :

5.1.1. Сатып алушыға тиісті сападағы Тауарды Шарт тәртібі мен талаптары бойынша беру.

5.1.2. Сатып алушыға тиісті түрде сақталған және тасымалданған жағдайда Тауардың сақталуын қамтамасыз ететін осындай Тауар үшін қолайлы тәсілмен қапталған болуы тиіс Тауарды беру.

5.1.3. Тауардың түріне байланысты Тауармен бір мезгілде Сатып алушыға Тауардың керек-жарақтарын, сондай-ақ оған қатысты құжаттарды беру.

5.1.4. Сатып алушыға Тауар туралы қажетті және сенімді ақпаратты уақтылы беру. Сатып алушыда Тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Шарт жасаспас бұрын Сатып алушы Сатушыға кеңес алу үшін жүгінуі тиіс.

5.1.5. Белгілі бір түрдегі азық-түлікке жатпайтын Тауарларға қатысты Сатып алушыға Сатушының Ішкі сауда объектісінде көрсетуге арналған ұқсас үлгіде, Сатушы және/немесе қолданыстағы заңнамада осындай тексеру көзделген Тауар түрлеріне қатысты Тауардың тұтынушылық қасиеттерін сынауға мүмкіндік беру.

5.1.6. Осы Шарттың талаптарына, Қазақстанның қолданыстағы заңнамасына сәйкес Сатып алушының наразылықтарын, өтініштерін қарауға және Сатып алушының негізделген және заңды талаптарын қанағаттандыруға шаралар қабылдауға.

5.2. Сатушы келесі әрекеттерді орындауға құқылы:

5.2.1. Тауардың қаптамасы болмаған кезде немесе оның тауарлық түрі жоғалған, Тауардың сыртқы зақымданулары анықталған, белгілі бір түрдегі Тауарда және осы тауарға ілеспе немесе кепілдік құжаттарында көрсетілген тіркеу нөмірі сәйкес келмеген, егер Тауар пайдалануда болған және онда пайдалану іздері болған жағдайда, Сатып алушыда тауарды Сатушыдан сатып алу дәлелдемелері болмаған кезде, Сатып алушының тиісті сападағы Тауарды қайтару, айырбастау жөніндегі талабын (наразылығын) қанағаттандырудан бас тарту. Сатып алушы тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған кезде Сатушы Сатып алушыдан тиісті сападағы Тауарды айырбастауды немесе қайтаруды ұйымдастыру үшін Сатушы шеккен шығындарды өтеуді талап етуге құқылы.

5.2.2. Өз қалауы бойынша Тауарға ақы төлеуді талап етуге, не болмаса, егер Сатып алушы Шартты бұза отырып, Тауарды қабылдаудан және/немесе оған ақы төлеуден бас тартса, Шартты орындаудан бас тарту.

5.2.3. Сатып алушы Шартты құптаған сәтке дейін Тауарлардың бағасын біржақты тәртіппен өзгерту.

5.3 Сатып алушы міндетті :

5.3.1. Тауар құнын прейскурантта көрсетілген бағаларға сәйкес төлеу.

5.3.2. Сатып алу кезінде талап етілетін Тауардың нақты атауын, талап етілетін Тауарды дәл анықтау үшін қажетті барлық деректерді (түсі, жасалу нұсқасы және т.б.) хабарлау.

5.3.3. Сату кезінде өзі туралы сенімді және жеткілікті ақпаратты беру.

5.4 Сатып алушы келесі әрекеттерді орындауға құқылы:

5.4.1. Тауар туралы ақпарат алу.

5.4.2. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін Тауарды алу .

5.4.3. Тиісті сападағы Тауарды сатып алу.

5.4.4. Тиісті және тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару. Тиісті емес сападағы Тауарды алмастыру немесе қайтару Шарт талаптарымен реттеледі.

5.4.5. Сатушыдан Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжатты алу.

5.4.6. Сатушымен және/немесе ҚР қолданыстағы заңнамасымен осындай тексеру көзделген Тауар түрлеріне қатысты Сатушының Ішкі сауда объектілерінен азық-түлікке жатпайтын Тауарларды сатып алу кезінде олардың жұмыс қабілеттілігін тексеру.

6. Бағасы және төлеу тәртібі

6.1. Тауардың бағасы теңгемен прейскурантта, сондай-ақ төлем құжаттарында көрсетіледі. Тауардың бағасы қосылған құн салығымен көрсетіледі.

6.2. Сатылмаған Тауардың бағасын бағалар прейскурантына өзгерістер енгізу жолымен Сатушы біржақты тәртіпте өзгертуі мүмкін.

6.3. Тауар үшін төлеу төменде аталған тәсілдермен жүргізілуі мүмкін:

- қолма-қол есеп айырысумен;

- банктік төлем картасының көмегімен.

6.4. Сатушы Сатушының бұйрығымен белгіленетін жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Сатушының Ішкі сауда объектісінде Сатып алушыға қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесіне және/немесе қыздырылатын темекісі бар өнімдерге қатысты жеңілдіктерді немесе арнайы ұсыныстарды қолданудың негізгі шарттары:

(а) Сатып алушыны 21 жасқа толған және одан асқан IQOS жүйесін пайдаланушылардың деректер базасында тіркеу, ол №4 қосымшада белгіленген дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім нысаны негізінде жүзеге асырылады, (б) Сатушының www.iqos.kz веб-сайтында Сатып алушының есептік жазбасының болуы, сондай-ақ (в) Сатып алушыға Тауар (IQOS жүйесі) туралы дербес көрсетілім (оның ішінде үлгі көрсетуді) өткізу болып табылады.

6.5. IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі туралы ақпарат ұсыну, Сатып алушының оның жұмыс істеу қағидасымен егжей-тегжейлі танысуы, Сатып алушының IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі және оның ерекшеліктері туралы жеке пікір қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің Сатып алушының мұқтаждықтарына сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдау мақсатында Сатушы Сатып алушыға IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесімен танысу/сатып алу құқығын Үлгімен уақытша танысу мүмкіндігімен Шарттың осы тармағында және Үлгіні Қабылдау-беру актісінде көзделген шарттарда (IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің таңдалынған моделіне байланысты осы Шартқа № 5 қосымша немесе № 6 қосымша, бұдан әрі мәтін бойынша «Үлгіні қабылдау-беру актісі») ұсынады.

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін осы тармақта жоғарыда сипатталған шарттарда сатуды Сатушы Сатып алушыға Үлгіні уақытша танысу үшін берген жағдайда жүргізеді. Бұл ретте Үлгіні танысу үшін беру нақты бір Ішкі сауда объектісінде Сатып алушыға Үлгіні берудің техникалық мүмкіндігі болған кезде және нақты бір Ішкі сауда объектісінде беру үшін қолжетімді Үлгілер болған жағдайда, сондай-ақ Сатып алушының 21 жасқа толған және одан асқан, дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімнің белгіленген нысаны негізінде жүзеге асырылатын IQOS жүйесін пайдаланушылардың дерекқорында тіркеуі болғанда жүзеге асырылады.

Үлгі Сатып алушыға Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде белгіленген мөлшерде IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін Сатып алушы алдын ала төлем енгізгеннен кейін растау (төменде көрсетілген шарттарда) немесе Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы қайтарымды негізде беріледі.

Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растау Сатып алушы көрсеткен телефон нөміріне жіберілген SMS-хабарлама арқылы жүзеге асырылады. SMS-хабарламаны Сатушы Үлгіні Сатып алушыға берген сәтте бастайды. SMS-хабарламада Сатып алушы Сатушыға, егер Сатып алушы: а) Үлгімен танысудың осы шарттарымен келіссе; ә) электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін ішінара алдын ала төлем енгізсе; б) Үлгіні алған жағдайда хабарлайтын тиісті код болады.

Егер SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

Сатып алушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Үлгіні қайтаруы тиіс. Сатып алушы Үлгіні Сатушыға қайтарған кезде Үлгіні қайтару фактісін растайтын Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісі расталады немесе оған қол қойылады. Үлгіні қайтару фактісін растау үшін Сатушы Сатып алушыға тиісті коды бар SMS-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды. Сатып алушы Сатушыға кодты хабарлайды және сол арқылы Үлгіні қайтаруды, осы Жария Шарттың талаптарына сәйкес электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін алдын ала төлем сомасын қайтаруды немесе есепке алуды растайды. Егер SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Қабылдау-тапсыру актісіне қол қояды.

Үлгі қайтарылғаннан кейін Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісінде бар IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдап алуға құқылы. Сатып алушы өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін осы Шартта көзделген шарттарда төлейді. Сатып алушы таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің құны мен Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде көзделген алдын ала ішінара төлем арасындағы айырма құнының қалған бөлігі болып табылады.

Егер Сатып алушыға танысу үшін берілген Үлгіні қайтару сәтінде Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісінде бар IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдамаса және IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлемесе, онда Сатып алушы алдын ала ішінара төлем ретінде енгізген соманы Сатушы Сатып алушыға толық мөлшерде қайтарады. Бұл ретте Сатып алушының мұндай әрекеттері Сатып алушының Шартты орындаудан бас тартуы деп танылады.

Сатушы Сатып алушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған және соның салдарынан Сатып алушы Сатушыға берілген Үлгіні қайтаруға қабілетсіз болған жағдайда, сондай-ақ егер Сатып алушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткен соң танысу үшін берілген Үлгіні қайтаруды жүзеге асырмаса, Сатушының Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, Сатушының сот органдарына өтініш жасауын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сатушының, Сатып алушының нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдау және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеу ниетіне қарамастан, Үлгіні уақтылы қайтармаудан туындаған залалды өтеу ретінде немесе жоғалған/жойылған Үлгі үшін залал ретінде Сатып алушы енгізген алдын ала төлем сомасын ұстап қалу құқығына ие болады. Бұл ретте Шарт бұзылған болып есептеледі.

7. Тараптардың Жауапкершілігі

7.1. Сатушы Тауарларды тиісінше пайдаланбау салдарынан Сатып алушыға келтірілген залал үшін жауапты болмайды. Тараптар Сатушының осы Шарт бойынша жауапкершілігі нақты залалмен шектеледі деген келісімге келді.

7.2. Тараптар өзара міндеттемелерді орындамаудан немесе тиісінше орындамаудан не болмаса зиян келтіруден туындаған алынбаған табыстарды бір-біріне өтеу түрінде бір-бірінің алдындағы жауапкершіліктен босатылады.

7.3. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелердің орындалуына «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» ҚР Заңына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Сауда қызметін реттеу туралы» ҚР Заңына және ҚР басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес жауапкершілікке ие болады.

7.4. Егер орындамау соғыс немесе әскери іс-қимылдар, жер сілкінісі, су тасқыны, өрт және басқа да дүлей зілзалалар, мемлекеттік билік органдарының актілері немесе әрекеттері, кеден ережелерінің өзгеруі, осы Шарт жасалғаннан кейін Тараптардың еркіне қарамастан туындаған импортты және (немесе) экспортты шектеу сияқты еңсерілмейтін жағдаяттардың салдары болып табылса, Тараптар өз міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады. Өз міндеттемелерін орындай алмайтын Тарап бұл туралы екінші Тарапты дереу хабардар етеді және оған уәкілетті органдар немесе ұйымдар берген осындай жағдаяттардың болуын растайтын құжаттарды ұсынады.

8. Кепілдік жағдайы туындаған кезде Тауарды ауыстыру

8.1. Сатып алушыға пайдалану барысында Сатып алушы Тауар сатылған сәттен бастап бір жылға дейінгі кезеңде (кепілдік мерзімі) дайындаушының кінәсінен туындаған Тауардың кемшіліктерін анықтаған, Сатып алушыға азық-түлікке жатпайтын Тауар сатылған жағдайда, егер Тауарға кепілдік құжаттарында басқа мерзім белгіленбесе және мұндай кемшіліктер кепілдік берілген жағдайлар болып табылса, Сатып алушының кепілдікпен жабылатын осындай азық-түлікке жатпайтын Тауарды ауыстыруға/жөндеуге құқығы бар.

8.2. Азық-түлікке жатпайтын Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлардың тізбесі осы Шартқа №1 қосымшада белгіленеді.

8.3. Кепілдік беру жағдайы орын алғанда, Тауарды ауыстыру Сатып алушының белгіленген нысандағы өтініші (осы Шартқа №2 қосымша) бойынша жүзеге асырылады. Сатушыда Тауарды ауыстыру үшін қажетті сол модель, артикул болмаған жағдайда, Сатушы Тауарды ауыстыру үшін басқа модель, артикул ұсынуға құқылы.

8.4. Осы Шарттың 8.1-тармағында белгіленген кепілдіктен тыс, азық-түлікке жатпайтын Тауардың жекелеген түрлері үшін Сатушы бұйрықпен Тауарды ауыстырудың қосымша арнайы шарттарын белгілеуге құқылы.

8.5. Шарттың осы 8-бабының негізінде Тауар ауыстырылған кезде берілген (ауыстыру ретінде) Тауарға кепілдік мерзімі қайта есептелмейді.

9. Азық-түлікке жатпайтын Тауарларды қайтару және айырбастау

9.1. Егер Тауар пайдаланылмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, затбелгілері сақталған болса, сондай-ақ Сатып алушыда осындай Тауардың құнын Сатушыға төлеу фактісін растайтын төлем құжаты бар болса, Сатушыға қайтару немесе Сатушының тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын Тауарды басқа түстегі ұқсас Тауарға айырбастауы және т.б. Сатып алушы осындай Тауарды Сатушыдан сатып алған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде Тауарды қайтаруға, айырбастауға жүгінген жағдайда мүмкін болады. Егер Сатып алушының төлем құжаты жоғалған болса, Тауарды сатып алу және оны Сатушыға төлеу фактісін растау құрылғының сериялық нөмірі бойынша Сатушының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша жүзеге асырылады.

9.1.1. Тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын Тауарды қайтару кезінде тауарлық түрі, азық-түлікке жатпайтын Тауардың жиынтықтылығы, Тауарда пайдалану іздерінің болмауы көзбен шолып, сондай-ақ бұрын пайдалануда болған Тауарға тән ерекше иіс бойынша тексеріледі.

9.1.2. Шарттың 9.1-тармағының мақсаттары үшін тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын Тауардың тауарлық түрі келесі шарттарда сақталған болып саналады:

- Тауар бетінде зақымданулардың болмауы;

- жұмыс істейтін зарядтау құрылғысының, ұстағыштың, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;

- зарядтау құрылғысының, ұстағыштың, кабельдің, қуат беру блогының және тазалау құрылғысының бетінде сызаттардың немесе өзге де зақымданулардың болмауы. Қаптаманың зақымданбауы (қораптың пластикалық үлдірден басқа);

- ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектерінің және темекі иісінің болмауы, ұстағыш жүзінің (қыздыру элементінің) бүтіндігі;

- тазалау құрылғысында темекі бөлшектерінің және темекі иісінің болмауы, сондай-ақ жиынтықтылығы – ілгектің болуы, қылшалардың бүтіндігі;

- қораптың қаптамасы ішінара бұзылуы мүмкін, атап айтқанда қораптың қаптамасындағы үлдір болмауы мүмкін;

- зарядтау құрылғысына жапсырма, қуат беру блогында қорғаныс үлдірі және USB кабелінде бекітетін сақина болуы тиіс;

- егер Тауардың сериялық нөмірі сақталса;

- зарядтау құрылғысы мен ұстағышқа арналған пластик тұғырық, пайдаланушы нұсқаулығы және үш тілдегі кепілдік болуы керек.

9.1.3. Сатып алушыға тиісті сападағы азық-түлікке жатпайтын Тауарды қайтару, айырбастау Сатып алушының тиісті сападағы Тауарды қайтаруға, айырбастауға белгіленген нысандағы (осы Шартқа №2 қосымша) өтініші бойынша жүзеге асырылады.

9.2. Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару немесе айырбастау Сатып алушының Тауарды қайтаруға, айырбастауға белгіленген нысандағы (осы Шартқа №2 қосымша) өтініші бойынша Тауар сатып алынған күннен бастап 30 күннен кешіктірілмейтін мерзімде келесі шарттарда жүзеге асырылады:

9.2.1. Тиісті емес сападағы тауар – жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, өнімдер бойынша техникалық регламенттерде, нормативтік құжаттарда белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін, оны пайдалануға қарамастан сатылған Тауар.

9.2.2. Тиісті емес сападағы Тауарға қатысты Сатып алушы өз қалауы бойынша осындай Тауарды айырбастау немесе қайтару туралы мәлімдеуге құқылы.

9.2.3. Сатып алушы тиісті емес сападағы Тауарды қайтаруды, айырбастауды оның тауарлық түрінің сақталуына қарамастан, бірақ азық-түлікке жатпайтын Тауардың жиынтықтылығы сақталған және оның сериялық нөмірі Сатушының деректерімен сәйкес келген жағдайда жүргізеді.

9.2.4. Тиісті емес сападағы Тауарды алмастыру Сатып алушының қалауы бойынша Сатушыда бар ұқсас немесе өзге де жаңа Тауарға ұқсас бағада жүзеге асырылады.

9.2.5. Тиісті емес сападағы Тауарды ауыстыру мақсатында Сатып алушы Сатушыға тиісті емес сападағы Тауарды, сондай-ақ осындай Тауарға ақы төлеу және оны сатып алу фактісін растайтын құжатты беруі тиіс.

9.3. Шарттың 9.1 және 9.2-тармақтарының негізінде Тауарды ауыстыру/айырбастау жағдайында, Сатып алушы, егер Сатушы Сатып алушы қолдау қызметіне жүгіну арқылы біле алатын қосымша өзгеше тәртіпті белгілемесе, Сатып алушы осындай Тауарды сатып алған (сатып алу орны) Сатушының Ішкі сауда объектісіне ауыстыру туралы өтінішпен жүгінеді.

9.4. Бұрын Сатушының Ішкі сауда объектілерінде сатып алынған Тауарды қайтару кезінде төленген ақша қаражатын қайтару, егер Тауарды қайтару сатып алынған күні жүзеге асырылса, Сатушының Ішкі сауда объектісінде (сатып алу орны) қолма-қол ақша қаражатын беру арқылы немесе егер Тауарды қайтару сатып алу күнінен кейін жүзеге асырылса, өтінішті алған күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Сатып алушының өтініште көрсетілген банктік шотына ақша қаражатын аудару арқылы жүзеге асырылады.

9.5. Тауарды айырбастауды, ауыстыруды немесе қайтаруды жүзеге асыру қажет болған жағдайда, бұл ретте Сатып алушының мұндай әрекеттерді Сатушының Ішкі сауда объектісіне бару арқылы жүзеге асыру мүмкіндігі болмаған кезде, Сатып алушы Тауарды айырбастау, ауыстыру немесе қайтару себептерін анықтау, Тауардың жай-күйін диагностикалау және курьерлік қызметтің көмегімен Тауарды айырбастауды, ауыстыруды немесе қайтаруды жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау үшін 8 8000 80 12 21 (Қазақстан бойынша тегін) нөмірі бойынша Сатушының қолдау қызметіне жүгінуі қажет. Тауарларды айырбастаудың, ауыстырудың немесе қайтарудың бұл әдісі Сатушының Ішкі сауда объектілеріне (сатып алу орны) жүгіну ұсынылатын Астана мен Алматы қалаларында қолданылмайды.

10. Қорытынды ережелер

10.1. Сатып алушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады. Сатушы Сатып алушыға хабарламай бір жақты тәртіппен Шартты өзгертуі мүмкін. Шарттың жаңа редакциясы оны бекіткен және Сатушының Ішкі сауда объектілерінде Сатып алушының танысуы үшін берілген күнінен бастап күшіне енеді.

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сату-сатып алу

Жария Шартына

№1 қосымша

Азық-түлікке жатпайтын Тауарлар –

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар

Диагностикалық картасы

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағышты зақымдау

С001

Қақпақша зақымданған

С002

Қыздыру элементі зақымданған

С004

ұстағыш зарядының түйіспелері зақымданған

С020

ұстағыш кептеледі немесе зарядтау құрылғысында кептелді

С021

Ұстағыш зарядтау құрылғысына кері (дұрыс емес жағымен) орнатылған

С022

ұстағыш корпусының артқы ортаңғы бөлігі зақымданған

С025

механикалық әсер ету салдарынан ұстағыш бояуы қопарылған

С027

ұстағыш түймелері зақымданған

С028

қызып кету салдарынан ұстағыштың зақымдануы (температураның сыртқы әсері)

C004

Ұстағыштың зарядтау Түйіспелерінің зақымдануы

Қалта зарядтау құрылғысының зақымдануы

С007

дисплей зақымданған

С010

USB кабельге арналған тесік зақымданған

С025

зарядтау құрылғысының бояуы қопарылған

С026

зарядтау құрылғысының қақпағы зақымданған

С027

зарядтау құрылғысының түймелері зақымданған

С028

қызып кету салдарынан зарядтау құрылғысының зақымдануы (температураның сыртқы әсері)

C005

Ысырма мен қақпақ серіппесінің зақымдануы

C006

Қақпақты ашу түймесінің зақымдануы

Аксессуарлардың зақымдануы

С011

қуат беру блогының зақымдануы

С012

USB кабельдің зақымдануы

С024

тазартқыш құралдың зақымдануы

С028

қызып кету салдарынан аксессуарлардың зақымдануы (температураның сыртқы әсері)

Басқасы

C999

Егер зақымдану пайдаланушының нұсқаулығына, сатушының және/немесе дайындаушының ұсынымдарына сәйкес келмейтін түрде туындаса, Қателер ағашында көрсетілмеген қате коды.

2) Кепілдік жағдайлары:

A004

Темекі таяқшасын пайдалану сеансының ұзақтығы 6 минуттан кем

A006

Ұстағыш индикаторы қосылмайды

A008

Ұстағыш пен Зарядтау Құрылғысының индикаторы қосылмайды

A010

Ұстағыш индикаторы қызыл түспен жанады

A011

Ұстағыш индикаторы қызғылт сары түспен жанады

A012

Тазалау индикаторы қызыл түспен жанады

A015

Ұстағыш индикаторы қызыл түспен жанады

A033

Тазалау және Ұстағыш индикаторлары қызыл түспен жанып тұрады

A034

Зарядтау Құрылғысы зарядталмайды

A035

Зарядтау Құрылғысының индикаторы жасыл түспен 1 сек жанады

B000

Таяқша пайдалану кезінде немесе соңында жанды

B004

Темекі таяқшасын пайдалану сеансының ұзақтығы 6 минуттан кем

B006

Зарядтау Құрылғысындағы Ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B008

Ұстағыш пен Зарядтау Құрылғысының индикаторы қосылмайды

B010

Ұстағыш индикаторы қызыл түспен жанады/жыпылықтайды

B011

Зарядтау Құрылғысындағы Ұстағышты зарядтау индикаторы қызғылт сары түспен жанады/жыпылықтайды

B012

Ұстағышты тазалау индикаторы үнемі қызыл түспен жанып тұрады

B015

Ұстағыштың жарық индикаторы қызыл түспен жанады

B018

Ұстағыштың жарық индикаторы қызғылт сары, содан кейін қызыл түспен жанады

B019

Ұстағыштың жарық индикаторы қызғылт сары түспен жанады, бірақ қалыпты жұмыс істейді

B023

Алюминий элемент қате анодталған

B028

Қақпақ корпустың сыртына шығады

B029

Қақпақты жабу механизмі корпустың сыртына шығады

B031

Зарядтау Құрылғысындағы Ұстағышты зарядтау индикаторы қызғылт сары түспен жанады/жыпылықтайды

B032

Зарядтау Құрылғысы Ұстағышты 20 реттен аз зарядтайды

B033

Ұстағышты тазалау және зарядтау индикаторлары қызыл түспен жанады

B034

Зарядтау Құрылғысы зарядталмайды

B035

Зарядтау Құрылғысының индикаторлары жасыл түспен 1 секунд жыпылықтайды

B999

Қай элементтің зақымданғанын анықтау мүмкін емес: Ұстағыш немесе Зарядтау Құрылғысы

_______________________________________________

Филип Моррис Қазақстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сатып алу-сату

Жария Шартына

№2 қосымша

Тауарды айырбастау/ауыстыру актісі

___________ қ. «__» __________ 20__ ж.

Осы Акт келесілер арасында жасалды: бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын __________________________________________________________________________________(ТАӘ)

Жеке куәлік / төлқұжат № _______________, берілген күні мен берген орган _____________________,

Тіркелген мекенжайы ______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________,

бір тараптан және

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС екінші тараптан төмендегі туралы:

1. Сатып алушы Сатушыға қайтарып берді, ал Сатушы Сатып алушыдан келесі тауарды қабылдады:

Тауардың атауы, артикулы

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

Тауар сатып алынған орын: __________________________________________________________________

Тауар сатып алынған күн: «__» ______________ 20__ жыл.

2. Сатушы қабылданған тауардың орнына Сатып алушыға келесі тауарды берді, ал Сатып алушы Сатушыдан оны қабылдады:

Тауардың атауы, артикулы

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

Тауар берілген орын: _______________________________________________________________________

Тауар берілген күн: «__» ______________ 20__ жыл.

Тауарды айырбастау/ауыстыру негізі

Тауарды айырбастау/ауыстыру себебін сипаттаңыз

14 күнтізбелік күн ішінде тиісті сападағы тауарды айырбастау

Тиісті емес тауарды 30 күнтізбелік күн ішінде айырбастау

Кепілдік жағдайы басталған кезде ауыстыру

Бұйрық бойынша қосымша арнайы шартқа сәйкес ауыстыру

Басқасы

Қолдары:

Сатып алушы: Филип Моррис Қазақстан ЖШС

___________ ____________________ Сатушы: ___________ ____________________

Қолы Қолдың толық жазылуы Қолы Қолдың толық жазылуы

Кассир: _______________________________

Қолы Қолдың толық жазылуы

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сатып алу-сату

Жария Шартына

№3 қосымша

Тауарды қайтару актісі

Алматы қ. «__» __________ 20__ ж.

Осы Акт келесілер арасында жасалды: бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын __________________________________________________________________________________(ТАӘ)

Жеке куәлік / төлқұжат № _______________, берілген күні мен берген орган _____________________,

Тіркелген мекенжайы ______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________,

бір тараптан және

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС екінші тараптан,

Сатып алушының Сатушыға қайтарып бергені, ал Сатушының Сатып алушыдан келесі тауарды қабылдағаны туралы:

Тауардың атауы, артикулы

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

Тауар сатып алынған орын: __________________________________________________________________

Тауар сатып алынған күн: «__» ______________ 20__ жыл.

Сатып алушы: Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ТАӘ __________________________________ ТАӘ _____________________________________

Қолы: ______________________________ Қолы: _________________________________

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сатып алу-сату

Жария Шартына

№4 қосымша

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен Филип Моррис Қазақстан ЖШС-не (бұдан әрі – «Компания») және Компания тартатын тұлғаларға тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жеке басты куәландыратын құжаттың деректерін, тұрғылықты мекенжайды, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын және өзге де деректерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, келесі мақсаттар үшін дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді беремін:

маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компанияның белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнамасы туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну;

маған Компанияның тауарларын сату;

мені сауалнамалар мен зерттеулерге қатысуға шақыру;

маған вебсайттарға, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе Компанияның мобильді қосымшаларына қолжетімділікті ұсыну.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін маған поштаны, телефонды, электрондық поштаны, SMS, MMS, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, вебсайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, хабарламалар жіберу арқылы хабарласуға рұқсат етемін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің дербес деректерімді сақтауға, менің дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге беруге және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғаларына, Компанияның контрагенттеріне әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып, мен туралы қосымша ақпарат іздеуге және жинауға құқылы.

Мен осы келісімді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына хабарлама жіберу арқылы немесе Қазақстан, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жіберу арқылы кез келген уақытта кері қайтарып, сондай-ақ дербес деректерді толықтыра немесе өзгерте аламын. Келісім кері қайтарылған жағдайда, барлық дербес деректер Компанияның деректер базасынан жойылуы тиіс.

Мен ұсынған дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға берген дербес деректерімнің менің жеке, отбасылық құпиям емес екенін растаймын.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және Компанияның дерекқорында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарға қолданылады.

ТАӘ, ЖСН, қолы ________________________________________________________________________

Толтырылған күні______________________________

Бланк нөмірі ________________________________

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир



Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сатып алу-сату

Жария Шартына

№5 қосымша

ҮЛГІНІҢ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қалаелді мекен]

[Ішкі сауда объектісінің атауы] (берілген орны)

Осы Акт келесілер арасында жасалды:

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС бір тараптан және

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН

Туған күні

Телефоны

бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, екінші тараптан, мазмұны келесідей

1. Сатушы Сатушының келесі мүлкін берді, ал Сатып алушы алды:

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

2. Сатушы Сатып алушыға IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесімен танысуы мақсатында тек Сатып алушының жеке пайдалануы үшін (үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) оған Үлгіні ұсынады.

3. Үлгі Сатып алушыға осы Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн мерзіміне беріледі. Сатып алушының алынған Үлгіні мерзімінен бұрын қайтаруына жол беріледі. Сатып алушының Үлгіні Сатушыға қайтаруы Беру орнында жүзеге асырылады.

4. Сатып алушы пайдаланушы нұсқаулығын (басшылығын) және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты сақтауға және алынған Үлгіні Сатушыға барлық керек-жарақтарымен бірге қайтаруға міндеттенеді. Сатып алушы Сатушыны телефон арқылы сынған / істен шыққан (Үлгіні қауіпсіз пайдалану мүмкін болмаған кезде) не болмаса Тұтынушы алған Үлгіні немесе оның бөліктерін жоғалтқан барлық жағдайлар туралы дереу хабардар етуге міндеттенеді. Тұтынушыларды Қолдау қызметінің телефоны: 8-800-080-12-21.

МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушы нұсқаулығы (басшылығы) мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар келесі сілтеме бойынша танысу үшін қолжетімді: http://iqos.com.kz/test-drive

5. Сатып алушы Үлгімен уақытша танысқаннан кейін өз қалауы бойынша таңдай алатын IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін төлем жасау шотына, Сатып алушы Сатушыға 5 000 (бес мың) теңге мөлшерінде алдын ала ішінара төлем береді.

6. Үлгіні уақтылы және толық қайтарған жағдайда және Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдаудан және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеуден бас тартқан жағдайда, алдын ала төлем толық мөлшерде Тұтынушыға қайтарылады.

7. Сатушы Сатып алушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған және соның салдарынан Сатып алушы Сатушыға берілген Үлгіні қайтаруға қабілетсіз болған жағдайда, сондай-ақ егер Сатып алушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткен соң танысу үшін берілген Үлгіні қайтаруды жүзеге асырмаса, Сатушының Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, Сатушының сот органдарына өтініш жасауын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сатушының, Сатып алушының нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдау және құнның қалған бөлігін төлеу ниетіне қарамастан, Үлгіні уақтылы қайтармаудан туындаған залалды өтеу ретінде немесе жоғалған/жойылған Үлгі үшін залал ретінде Сатып алушы енгізген алдын ала төлем сомасын ұстап қалу құқығына ие болады.

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Сатып алушы

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

1. Сатып алушы Сатушының келесі мүлкін қайтарды, ал Сатушы оны қабылдады:

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

2. Сатып алушы (егер қажет болса, белгілеу қажет): Сатушыдан Сатып алушы бұрын ішінара алдын ала төлем ретінде енгізген 5 000 (бес мың) теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын алғанын растайды

(Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздырудың кез келген электр жүйесін таңдаудан және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеуден бас тартқан жағдайда)

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Сатып алушы

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

ішкі сауда объектілерінде

бөлшек сатып алу-сату

Жария Шартына

№6 қосымша

ҮЛГІНІҢ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қалаелді мекен]

[Ішкі сауда объектісінің атауы] (берілген орны)

Осы Акт келесілер арасында жасалды:

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС бір тараптан және

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН

Туған күні

Телефоны

бұдан әрі «Сатып алушы» деп аталатын, екінші тараптан, мазмұны келесідей

1. Сатушы Сатушының келесі мүлкін берді, ал Сатып алушы алды:

IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

2. Сатушы Сатып алушыға IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесімен танысуы мақсатында тек Сатып алушының жеке пайдалануы үшін (үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) оған Үлгіні ұсынады.

3. Үлгі Сатып алушыға осы Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн мерзіміне беріледі. Сатып алушының алынған Үлгіні мерзімінен бұрын қайтаруына жол беріледі. Сатып алушының Үлгіні Сатушыға қайтаруы Беру орнында жүзеге асырылады.

4. Сатып алушы пайдаланушы нұсқаулығын (басшылығын) және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты сақтауға және алынған Үлгіні Сатушыға барлық керек-жарақтарымен бірге қайтаруға міндеттенеді. Сатып алушы Сатушыны телефон арқылы сынған / істен шыққан (Үлгіні қауіпсіз пайдалану мүмкін болмаған кезде) не болмаса Тұтынушы алған Үлгіні немесе оның бөліктерін жоғалтқан барлық жағдайлар туралы дереу хабардар етуге міндеттенеді. Тұтынушыларды Қолдау қызметінің телефоны: 8-800-080-12-21.

МАҢЫЗДЫ! Пайдаланушы нұсқаулығы (басшылығы) мен қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулықтар келесі сілтеме бойынша танысу үшін қолжетімді: http://iqos.com.kz/test-drive

5. Сатып алушы Үлгімен уақытша танысқаннан кейін өз қалауы бойынша таңдай алатын IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін төлем жасау шотына, Сатып алушы Сатушыға 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде алдын ала ішінара төлем береді.

6. Үлгіні уақтылы және толық қайтарған жағдайда және Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдаудан және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеуден бас тартқан жағдайда, алдын ала төлем толық мөлшерде Тұтынушыға қайтарылады.

7. Сатушы Сатып алушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған және соның салдарынан Сатып алушы Сатушыға берілген Үлгіні қайтаруға қабілетсіз болған жағдайда, сондай-ақ егер Сатып алушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн өткен соң танысу үшін берілген Үлгіні қайтаруды жүзеге асырмаса, Сатушының Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, Сатушының сот органдарына өтініш жасауын қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей, Сатушының, Сатып алушының нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдау және құнның қалған бөлігін төлеу ниетіне қарамастан, Үлгіні уақтылы қайтармаудан туындаған залалды өтеу ретінде немесе жоғалған/жойылған Үлгі үшін залал ретінде Сатып алушы енгізген алдын ала төлем сомасын ұстап қалу құқығына ие болады.

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Сатып алушы

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

1. Сатып алушы Сатушының келесі мүлкін қайтарды, ал Сатушы оны қабылдады:

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

2. Сатып алушы (егер қажет болса, белгілеу қажет): Сатушыдан Сатып алушы бұрын ішінара алдын ала төлем ретінде енгізген 10 000 (он мың) теңге мөлшеріндегі ақша қаражатын алғанын растайды

(Сатып алушы нақты бір Ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздырудың кез келген электр жүйесін таңдаудан және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеуден бас тартқан жағдайда)

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Сатып алушы

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

Аты-жөні___________________________

қолы_________________________

_______________________________________________

Филип Моррис Казахстан ЖШС ҚТӨ директоры

Баибурский Владимир

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру