ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директорының және Өткізу жөніндегі директорының

22.01.2021 жылғы

№ 9 бұйрығымен бекітілген

IQOS ЭЛЕКТРЛІК ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЛГІСІНЕ

ТЕСТ-ДРАЙВ ЖҮРГІЗУ ШАРТТАРЫ

1. Анықтамалар

1.1. Тұтынушы – ФМҚ деректер базасында тіркелген, ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңнамасында көзделген өз құқықтарын іске асыру үшін Үлгіге Тест-драйв өткізуге ниет білдірген, 21 жасқа толған және одан жоғары жастағы жеке тұлға.

1.2. ФМҚ – БСН 040440000348, В40А6М8, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров к-сі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген және орналасқан, ҚР аумағында IQOS темекісін қыздыруға арналған электр жүйесінің импорттаушысы және сатушысы болып табылатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС.

1.3. Серіктес – осы Шарттарға, сондай-ақ ФМҚ-мен тиісті шарттың талаптарына сәйкес Тест-драйв үшін Үлгілердің берілуін жүзеге асыратын ФМҚ жұмылдырған тұлға.

1.4. Үлгі – ФМҚ-ға тиесілі және осы Шарттарға сәйкес қайтарымды негізде Тест-драйв мақсаттары үшін Тұтынушыға ұсынылатын, ФМҚ қалауы бойынша таңдалатын, белгілі бір үлгідегі бұрын пайдалануда болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі.

1.5. Тест-драйв – ФМҚ-ның Тұтынушыға осы Шарттарға сәйкес қайтарымды негізде Үлгі ұсыну жолымен Тұтынушының IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жұмыс істеу қағидасымен және ерекшеліктерімен танысуын білдіретін, жеңіл қабылдауға қызмет ететін шартты белгі.

1.6. Коуч – ФМҚ тәуекелі төмен өнімдерді мобильді сату бөлімінің жеке кеңесші сатушылары.

2. Жалпы ақпарат

2.1. ФМҚ келесілерді басшылыққа алады:

i) IQOS жүйесі 21 жасқа толған және одан асқан, темекі өнімдерін тұтынуды жалғастыруды қалайтын темекі шегушілерге арналған;

ii) ФМҚ ешқашан темекі шекпеген немесе темекіні тастаған адамдарға IQOS-ты ұсынбайды;

iii) ФМҚ мақсаты кез келген жағдайда темекі шегуді жалғастыратын 21 жасқа толған және одан асқан әрбір темекі шегушіні IQOS сияқты түтінсіз өнімдерге ауыстыру. ФМҚ оқыту, кеңес беру және жеке таныстырылымдар өткізу арқылы IQOS-қа көшу кезінде 21 жасқа толған және одан жоғары жастағы темекі шегушілерді қолдауға дайын;

iv) IQOS темекі шегуді тоқтатуды алмастырмайды. Темекі шегуден денсаулығына төнетін қауіп үшін уайымдайтын тұтынушылар темекіні тұтынуды толығымен тоқтатуы немесе темекіні тастауы керек;

v) IQOS-тың барлық артықшылықтарын толық сезіну үшін 21 жасқа толған және одан асқан темекі шегуші темекіден бас тартып, тек IQOS-ты ғана пайдалануы тиіс;

vi) IQOS-ты пайдалану денсаулық үшін қатерді жоққа шығармайды немесе темекіге зиянсыз балама болып табылмайды, бірақ темекі шегумен салыстырғанда анағұрлым жақсы таңдау болып табылады.

2.2. ФМҚ Тұтынушыларға IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесіне қатысты Қолдау қызметі арқылы 8-8000-80-12-21 (қоңырау шалушы үшін тегін) телефон нөмірі бойынша ақпарат немесе кеңес береді.

2.3. ФМҚ Коучтар мен Серіктестердің арналары арқылы Тұтынушыға IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі туралы ақпаратты ұсыну, Тұтынушыны оның жұмыс істеу қағидасымен егжей-тегжейлі таныстыру, IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі және оның ерекшеліктері туралы Тұтынушының жеке пікірін қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету, сондай-ақ IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтынушылық қасиеттерінің Тұтынушының мұқтаждықтарына сәйкестігі туралы кейіннен шешім қабылдау мақсатында Тест-драйв өткізеді.

2.4. ФМҚ Тұтынушыларға алдын ала ескертусіз Тест-драйв өткізу тәртібін, осы Шарттарды біржақты соттан тыс тәртіпте өзгертуге немесе жоюға құқылы. Тұтынушылардың алынған Үлгілерді қайтаруы Тұтынушының Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісіне растау және/немесе қол қою сәтінде қолданылған шарттарда жүзеге асырылады.

3. ТЕСТ-ДРАЙВ ӨТКІЗУ ТӘРТІБІ

3.1. Тұтынушыға танысу үшін Үлгіні Серіктес немесе Коуч Тұтынушыға Үлгіні беруге техникалық мүмкіндігі болған жағдайда және Серіктесте немесе Коучта беруге болатын Үлгілер бар болған жағдайда, сондай-ақ 21 жасқа толған және одан асқан Тұтынушының ФМҚ деректер базасында жеке деректерін жинауға және өңдеуге белгіленген келісім нысаны негізінде жүзеге асырылатын тіркеуі болған кезде береді.

3.2. Тест-драйв өткізуді жүзеге асыратын Серіктес объектілерінің орналасқан жерін ФМҚ және Серіктес олардың бірлескен қалауы бойынша анықтайды. Тест-драйв мақсаттары үшін Үлгі Коуч арнасында Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген жерде беріледі.

3.3. Үлгі Тұтынушыға растау (төменде көрсетілген шарттарда) немесе Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісіне (осы Шарттарға № 1 қосымша) қол қою арқылы қайтарымды негізде ұсынылады.

3.4. Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісін растау Тұтынушы көрсеткен телефон нөміріне жіберілген SMS-хабарлама арқылы жүзеге асырылады. SMS-хабарламаны Серіктес немесе Коуч Үлгіні Тұтынушыға берген сәтте бастайды. SMS-хабарламада Тұтынушы Серіктеске немесе Коучқа: А) осы Шарттармен келіскен; б) Үлгіні алған жағдайда хабарлайтын тиісті код болады.

Егер SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Қабылдау актісіне қол қояды.

Үлгіні алумен және Қабылдау-тапсыру актісін растаумен/қол қоюмен Тұтынушы осы Шарттармен және Қабылдау-тапсыру актісінің ережелерімен келісетінін мәлімдейді.

3.5. Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Үлгіні қайтаруға міндетті. Қайтару Үлгі алынған арнаға жүзеге асырылады: егер Серіктес арнасы арқылы болса – Үлгі берілген жерде; егер Коуч арнасы арқылы болса – Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген жерде. Тұтынушы Үлгіні Коучқа немесе Серіктеске қайтарған кезде Үлгіні қайтару фактісін растайтын Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісі расталады немесе оған қол қойылады. Үлгіні қайтару фактісін растау үшін Коуч немесе Серіктес Тұтынушыға тиісті коды бар SMS хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды. Тұтынушы Серіктеске немесе Коучқа кодты хабарлайды және сол арқылы Үлгіні қайтарғанын растайды. Егер SMS-хабарламаны жіберу/алу қандай да бір себептермен мүмкін емес болған жағдайда, Тараптар қағаз тасымалдағыштағы Қабылдау актісіне қол қояды.

3.6. ФМҚ Тұтынушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні Қабылдау-тапсыру актісінде қайтару үшін белгіленген күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сот органдарына жүгінуге құқылы.


Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директорының және

Өткізу жөніндегі директорының

22.01.2021 жылғы № 9 Бұйрығымен бекітілген IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің үлгісіне тест-драйв жүргізу Шарттарына № 1 қосымша

ҮЛГІНІҢ ҚАБЫЛДАУ-ТАПСЫРУ АКТІСІ

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қалаелді мекен]

[Берілген жердің атауы ]

Осы Акт келесілер арасында жасалды:

Бұдан әрі «ФМҚ» деп аталатын Филип Моррис Қазақстан ЖШС, бір тараптан, және

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН

Туған күні

Телефоны

бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, екінші тараптан, мазмұны келесідей

1. ФМҚ келесі мүлкін берді, ал Тұтынушы ФМҚ-ның мүлкін алды:

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

2. ФМҚ Тұтынушының IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесімен танысуы мақсатында тек Тұтынушының жеке пайдалануы үшін (үшінші тұлғаларға беру құқығынсыз) оған Үлгіні ұсынады.

3. Үлгі Тұтынушыға осы Актіге қол қойылған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн мерзіміне беріледі. Тұтынушының алынған Үлгіні мерзімінен бұрын қайтаруына жол беріледі. Тұтынушының ФМҚ-ға Үлгіні қайтаруы Үлгі алынған арнада жүзеге асырылады: беру орнында – Серіктес арнасында немесе Тұтынушы мен Коуч арасында келісілген жерде.

4. Тұтынушы пайдаланушы нұсқаулығын (басшылығын) және қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулықты сақтауға және алынған Үлгіні ФМҚ-ға барлық керек-жарақтарымен бірге қайтаруға міндеттенеді. Тұтынушы ФМҚ-ды телефон арқылы сынған / істен шыққан (Үлгіні қауіпсіз пайдалану мүмкін болмаған кезде) не болмаса Тұтынушы алған Үлгіні немесе оның бөліктерін жоғалтқан барлық жағдайлар туралы дереу хабардар етуге міндеттенеді. Тұтынушыларды Қолдау қызметінің телефоны: 8-800-080-12-21.

ФМҚ Тұтынушыға танысу үшін берген Үлгі жоғалған, бүлінген немесе жойылған жағдайда және соның салдарынан Тұтынушы ФМҚ-ға берілген Үлгіні қайтара алмаса, сондай-ақ егер Тұтынушы Үлгіні осы Актінің 3-тарм. көрсетілген Үлгіні қайтару мерзімі аяқталған күннен бастап 14 (он төрт) күнтізбелік күн өткен соң қайтармаса, ФМҚ Қазақстан Республикасының заңнамасында рұқсат етілген, ФМҚ-ның құқықтарын қорғау үшін қажетті кез келген әрекеттерге, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, сот органдарына жүгінуге құқылы.

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Тұтынушы

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Тұтынушы ФМҚ-ның келесі мүлкін қайтарды, ал ФМҚ ол мүлікті қабылдады:

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің жинағы (бұдан әрі – «Үлгі»): зарядтау құрылғысынан, ұстағыштан, қуат беру блогынан (адаптерден), USB-кабельден, тазалау құрылғысынан тұрады.

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Ұстағыштың сериялық нөмірі

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Филип Моррис Қазақстан ЖШС

Тұтынушы

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Аты-жөні____________________________

қолы_________________________

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.