IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Қыр 17, 2021

Темекіні қыздыру және электрондық шылымдар: айырмашылығы неде?

Темекіні қыздыруға арналған құрылғылар туралы бірінші рет естігенде, сіз: «бұл электрондық шылымдар сияқты» деп ойлаған боларсыз? Сол және басқа да құрылғылар ересек тұтынушылар үшін темекі шегудің электрондық түтінсіз баламаларын білдіреді, алайда IQOS темекі қыздыру құрылғыларына немесе электрондық шылымдарға көшу туралы шешім қабылдау процесінде олардың негізгі айырмашылықтарын ескеру қажет.

 

Электрондық шылымдар дегеніміз не?

Электрондық шылымдар — темекі шегудің баламаларының бірі. Бұл пайдаланушының қажеттіліктеріне бейімделу мүмкіндігі бар әртүрлі өлшемді қолмен жұмыс істейтін құрылғылар. Электрондық шылымдар бір реттік және қайта пайдалануға болатын болып бөлінеді. Олардың жұмысының жалпы қағидасы - аэрозолдің немесе будың пайда болуына әкелетін арнайы сұйықтықтарды қыздыру. Электрондық шылымдардың ересек тұтынушылары әртүрлі дәмдік қоспалары бар сұйықтықтарды пайдаланады, олардың құрамында никотин де болуы мүмкін.

Электрондық шылымдар сұйықтықтарды 100-ден 250 градус Цельсиге дейін температуралардың кең диапазонында қыздыруды және булануды қамтамасыз етеді. Сұйықтық электрондық шылым ыдысынан келіп түседі және аккумулятордан қуат алатын қыздыру элементімен байланысады. Сұйықтықты жылыту оның булануына және мүштік арқылы дем алуға болатын будың пайда болуына әкеледі. 

 

IQOS темекі қыздыру құрылғысы дегеніміз не?

IQOS — Philip Morris International компаниясы әзірлеген HeatControl ™ темекіні қыздырудың инновациялық технологиясымен жабдықталған темекі қыздыруға арналған құрылғы. Бұл темекі қыздыру технологиясы сондай-ақ «жанусыз қыздыру» деп те аталады, өйткені шылымдармен болатын жағдайдағы сияқты темекінің жануының орнына оның қыздырылуын қамтамасыз етеді.

Темекіні жандырудың орнына оны қыздыру — IQOS-ты темекі шегуді жалғастырудың шынайы баламасы ететін айқындаушы фактор. IQOS-тың жұмыс қағидасы мынадай: табиғи өңделген темекіден жасалған HEETS темекі таяқшасы IQOS тұтқышына орналастырылады және оны 350 градус Цельсиден аспайтын температураға дейін қыздыратын қыздырғыш жүзге орнатылады. Темекі таяқшасының ішіндегі темекі қыздырылады, пайдаланушы жанусыз, түтінсіз және күлсіз темекі дәмін сезеді.

 

Темекіні қыздыру және электрондық шылымдар

Егер сіз темекі шегетін ересек адам болсаңыз және шылым шегудің немесе құрамында никотин бар басқа да өнімдерді пайдаланудың баламасын іздесеңіз, IQOS темекі қыздыру құрылғысы мен электрондық шылымдар арасында қалай таңдау жасауға болады? Бұл құрылғылардың екеуі де темекі шегудің электрондық баламасы болып табылады, алайда олардың арасындағы басты айырмашылық мынада: IQOS темекі қыздыру жүйесінде өңделген темекі қыздырылады, ал электрондық шылымдарда сұйықтық буланады. Осының арқасында IQOS темекі қыздыруға арналған құрылғысы ересектерге үйреншікті шылымдарды шегуге ұқсас дәм мен сезімдерді* қамтамасыз етеді.



*Эталонды шылымдардың түтінімен (3R4F) салыстырғанда зиянды химиялық заттар (никотинді есепке алмағанда) деңгейінің орташа төмендеуі. Бұл қауіптердің 95%-ға төмендеуін білдірмейді.

**Дереккөз: АҚШ пен Жапонияда 160 ересек темекі шегушілердің қатысуымен нақты (амбулаториялық) жағдайларда жүргізілген 3 айлық клиникалық зерттеулер.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру