IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«LIL SOLID ЭЛЕКТРЛІК ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ҰСЫНЫС»

БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Бұл редакция Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап жарамды 29.06.2023 ж.

1. Осы құжатта қолданылатын Терминдер мен Анықтамалар:

А) ҚР – Қазақстан Республикасы;

Ә) ФМҚ – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

Б) Тұтынушы – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдерін және (немесе) (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған дәрі-дәрмек болып табылмайтын) құрамында никотині бар өнімдерді тұтынатын, ФМҚ тұтынушылар деректер қорында тіркелген, тұтқыш пен зарядтау құрылғысынан құралған IQOS тіркелген құрылғысының кемінде бір данасы бар (шектеулі нұсқаларды қоса алғанда, 2.4 және 2.4Р үлгілері, 3 және 3 Multi үлгісі) жеке тұлға;

В) Деректер қоры – ФМҚ Тұтынушыларының деректер қоры;

Г) Бағдарлама — осы «LIL SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесіне арналған арнайы ұсыныс» бағдарламасы;

Ғ) Ережелер – осы Бағдарламаға қатысу Ережелері;

Д) Сайт – www.iqos.com веб-сайты;

E) Жеке кабинет – Тұтынушының Сайттағы жеке кабинеті, ол соның ішінде Тұтынушы Деректер қорына тіркелген кезде көрсеткен мәліметтерді қамтиды, Тұтынушының ФМҚ компаниясымен онлайн өзара қарым-қатынасын қамтамасыз етуге бағытталған;

Ж) IQOS дүкені – ФМҚ компаниясының осы Бағдарлама жүзеге асырылатын ішкі сауда нысаны;

З) Серіктес – өзінің ішкі сауда нысандарында осы Бағдарламаның жүзеге асырылуын атқаратын ФМҚ серіктесі (бұдан әрі сәйкесінше – «Cеріктес Дүкені»);

И) Құрылғы – LIL SOLID 2.0., lil SOLID Ez электрлік темекі қыздыру жүйесі;

К) Код (Бірегей сәйкестендіру коды) – ФМҚ әрбір Тұтынушыға осы Ережелерде белгіленген тәртіппен беретін және соның ішінде осы Бағдарламаның орындалу деңгейін бақылап отыру үшін ФМҚ компаниясының ішкі мақсаттарына арналған дербес деректердің құпиялылығын сақтай отырып, Тұтынушыны сәйкестендіру мақсатында қызмет ететін бірегей символдар жиынтығы;

Қ) Хабарлама – ФМҚ тарапынан Тұтынушыға, Деректер қорында тіркелу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөміріне жіберілетін электрондық хабарлама;

Л) Қолдау қызметі – ФМҚ ұйымдастырған байланыс орталығы, телефон нөмірлері: 2121, +77780030576, +77780030576, +77780030577.

Осы Ережелерде келтірілген жекелеген түсініктер Сайтта жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында берілген олардың мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.

2. Жалпы ережелер

2.1. Бағдарлама ФМҚ тарапынан ҚР барлық аумағында IQOS дүкендерінде, Сайт, Қолдау қызметі арқылы және Серіктестің дүкендерінде іске асырылады. IQOS дүкендерінде, Сайт, Қолдау қызметі арқылы Бағдарламаның әрекет ету мерзімі 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін; Серіктес дүкендерінде Бағдарламаның әрекет ету мерзімі 2022 жылғы 28 сәуірден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанда (бұдан әрі — «Бағдарламаның әрекет ету мерзімі»). Бағдарламаның Серіктес Дүкендеріне таралуы Серіктеспен жеткізілген тиісті уағдаластықтарға байланысты. Бағдарлама іске асырылатын Серіктес Дүкендері тізімі Сайтта көрсетіледі. Бағдарламаның әрекет ету мерзімі ФМҚ тарапынан Ережелердің 3.1.-т. көрсетілген тәртіпте ұзартылуы мүмкін. ФМҚ, Тұтынушыларға ҚР заңнамасына сәйкес Бағдарламаның шарттары бойынша ақпарат беру үшін ФМҚ қалауынша қолжетімді байланыс орнату тәсілдерін қолданады.

2.2. Бағдарламаға қатысуға мүдделі клиент IQOS Store, Consistant Store немесе Аффилиирленген дүкенге хабарласа алады. Өтiнiш берiлген кезде Клиентке төмендегi 2.3-тармақта көрсетiлген мақсаттар үшiн Клиент өтiнiш бере алатын Код берiледi.

2.3. ФМҚ, Коды бар және IQOS дүкенінде, Қолдау қызметі арқылы немесе Серіктес Дүкенінде Кодты қолдану арқылы төменде көрсетілген іс-әрекеттердің бірін орындайтын әрбір Тұтынушыға Тұтынушының таңдауы бойынша төмендегі мүмкіндіктердің бірін бір рет ұсынады:

А. IQOS дүкенінде Құрылғыны сатып алған кезде: - 4,000 (төрт мың) теңге мөлшеріндегі бір реттік жеңілдік алу; немесе

Ә. Құрылғыны Серіктестің Дүкенінде сатып алған кезде: Тұтынушыны Тұтынушы Серіктестен 4,000 (төрт мың) теңге мөлшерінде сатып алатын Құрылғы құнының бөлігін қайтару бойынша Серіктестің алдындағы мүліктік міндетінен босатуға бағытталған және Ережелердің 2.4.-тармағында көзделген тәртіпте жасалуы тиісті шартты (бұдан әрі — Шарт) осы Ережелерге №1 Қосымшада келтірілген нысан бойынша жасасу; немесе

Б. Тұтынушы WWW.IQOS.COM, электрондық коммерциялық интернет-ресурста Тауарларды бөлшек сату-сатып алу туралы Жария шарт шеңберінде Сайт арқылы рәсімдегеннен кейін Тауарға тапсырыс төлемін енгізген кезде, Б) қосалқы тармақ шеңберінде Тұтынушы тарапынан мүмкіндікті жүзеге асыру мерзімінде күшінде болатын: – Кепілдік жарна сомасын (қолдануға болса), мұнымен қоса көрсетілген Жария келісімшарт аясында төленуі тиіс Тауар мен оның жеткізілім құнын 4,000 (төрт мың) теңге (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға; немесе

В. Тауарларды бөлшек сату-сатып алу туралы Жария келісімшарт шеңберінде Қолдау қызметі арқылы қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, телефон арқылы тапсырыс рәсімдегеннен кейін Құрылғыға төлем енгізген кезде, В) қосалқы тармақ шеңберінде Тұтынушы тарапынан мүмкіндікті жүзеге асыру мерзімінде күшінде болатын, – Кепілдік жарна сомасын (қолдануға болса), мұнымен қоса тиісті Жария келісімшарт аясында төленуі тиіс Тауар мен оның жеткізілім құнын 4,000 (Төрт мың) теңге (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.

2.4. Тараптар Ережелердің 2.3.-тармағының Ә тармақшасында көзделген Шартты жазбаша түрде төмендегідей жасасады:

А) Тұтынушы тиісті Тұтынушы мен ФМҚ арасында Серіктес Дүкенінің сатушысы көрсеткен нұсқаулықтарға сәйкес Хабарлама алмасу және Тұтынушының сұранысы бойынша Серіктес Дүкенінің сатушысы ұсынған ФМҚ Хабарламасында, сондай-ақ Интернет желісінде kz.pmiopen.com мекенжайында орналасқан ФМҚ Open Kazakhstan қосымшасында (бұдан әрі – «Веб-қосымша») ФМҚ атына «Шарттармен келісемін» деп тиісті Серіктес хабарлама жолдау арқылы, Веб-қосымшада тиісті амалдар орындау арқылы. Тұтынушы тарапынан да, Серіктес тарапынан да аталған А) қосалқы тармақта сипатталған барлық амалдар жиынтығы орындалған жағдайда Келісімшарт орындалған болып саналады.

Ә) электр жарығы болмаған жағдайда, байланыспен проблема туындаған немесе өзге де ақаулықтар орын алған жағдайда – тараптардың әрқайсысы: Тұтынушы, Серіктес және ФМҚ тарапынан қағаз түріндегі тиісті Келісімшартқа қол қою арқылы. Шарттың қағаз нұсқасына қол қойған жағдайда, Тұтынушы оған тиісті Серіктес дүкенінде қол қойған күннен бастап Шарттың өз нұсқасын Серіктес дүкенінде күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, бірақ күнтізбелік 14 (он төрт) күннен ерте болмайтын мерзім ішінде өз бетінше алып кетуге міндетті. Олай болмаған жағдайда, Тұтынушы ФМҚ компаниясына немесе Серіктеске ешқандай кінәрат арта алмайды.

2.5. Тұтынушыға осы Бағдарламаның шарттарын, Кодты ашық жариялауға, оның ішінде Интернет желісінде (әлеуметтік желілер, форумдар, топтар, блогтарты қосқанда және мұнымен шектелмей) орналастыруға жол берілмейді.

2.6. Тұтынушының осы Бағдарламаның шарттары жөнінде сұрақтар туындаған жағдайда, ол 2121 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) телефоны бойынша, сайттағы онлайн-чат немесе @IQOSKZ_Support Telegram мессенджері арқылы, сонымен қатар 2121 нөміріне IQOS мәтінімен SMS жолдау арқылы Қолдау қызметіне жүгінуге құқылы.

3. Қорытынды ережелер

3.1. ФМҚ жаңартылған Ережелерді Сайтта жариялау арқылы бір жақты тәртіпте Ережелерді өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады. Жаңартылған Ережелер осындай жариялау сәтінен бастап күшіне енеді. Жаңартылған Ережелер күшіне енгеннен кейін, онда қамтылған іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Тұтынушы жаңартылған Ережелермен келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды.

3.2. ФМҚ ешқандай алдын ала ескертусіз немесе келісімсіз Ережелерді бір жақты тәртіпте жоюға, оның ішінде Хабарламада бұрын көрсетілген Кодты өшіріп тастауға, өзгертуге, бас тартуға құқылы.

3.3. Бұл Ережелерді ФМҚ әзірлегендіктен, ФМҚ осы Ережелерді түсіндіруге (талдап түсінік беруге) қатысты ерекше құқыққа ие.

«LIL SOLID ЭЛЕКТРЛІК ТЕМЕКІ ҚЫЗДЫРУ ЖҮЙЕСІНЕ АРНАЛҒАН АРНАЙЫ ҰСЫНЫС»

БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ № 1 ҚОСЫМША

Келісімшарт нысаны

күнді көрсетіңіз

Қазақстан Республикасы

Тұтынушының ТАӘ көрсетіңіз (ЖСН ___________________), бұдан әрі «Тұтынушы», бір тараптан,

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, БСН: 040440000348, (бұдан әрі – «ФМҚ»), атынан ________________, негізінде әрекет етуші ____________________, екінші тараптан, және

ЖК/ЖШС ___________________, БСН/ЖСН __________________ (бұдан әрі – «Серіктес»), атынан _________________, негізінде әрекет етуші ______________, үшінші тараптан, келесідегі туралы Келісімшарт жасасты:

1. Тұтынушы ФМҚ компаниясынан тиісті бұйрығының шарттарына сәйкес, ____________ теңге мөлшерде сатып алатын тауардың бір бөлігін төлеу бойынша Серіктес алдында өзін мүліктік міндеттемеден босатуға келісім береді. Тұтынушы сатып алатын тауар құнының қалған бөлігін Серіктеске олардың арасындағы келісімшартқа сәйкес төлейді.

2. Тұтынушы осы Келісімшарттың 1-тармағының бірінші сөйлемінде көрсетілген сома мөлшеріндегі Серіктес алдындағы қарызын (бұдан әрі – «Қарыз») ФМҚ атына аударады.

3. ФМҚ Серіктеске Қарызды ФМҚ мен Серіктес арасындағы келісімшарт талаптарына сәйкес төлейді.

4. Серіктес міндемелерде тұлғаның ауысуымен және Қарызды ФМҚ-ға аударумен келіседі.

Тараптардың қолдары:

Тұтынушы: Серіктес: ФМҚ

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру