ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ

IQOS ҚҰРЫЛҒЫСЫНА ТЕСТ-ДРАЙВ ЖАСАУ ШАРТТАРЫ

IQOS құрылғысына тест-драйв жасау кәмелетке толған жеке тұлғаға (әрі қарай – Тұтынушы) IQOS құрылғысының қолданылу қағидатымен егжей-тегжейлі танысу, IQOS құрылғысы мен оның ерекшеліктері туралы жеке пікір қалыптастыру үшін, сондай-ақ Тұтынушылық қасиеттерінің келесі талаптар бойынша Тұтынушының қажеттіліктеріне сәйкес келуі туралы әрі қарай шешім қабылдау үшін 14 күнге алуға (әрі қарай – «Үлгі») мүмкіндік береді:

  1. Тұтынушыға бұрын қолданыста болған үлгі берілетін болады. Үлгінің моделі «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің (әрі қарай – «Сатушы») қарауына қарай таңдалады.
  1. Үлгіні танысып шығу үшін беру нақты бір ішкі сауда объектісінде Тұтынушыға Үлгіні берудің техникалық мүмкіндігі болғанда және нақты бір ішкі сауда объектісінде беруге қол жетімді IQOS құрылғылары болған жағдайда, сондай-ақ жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім берудің белгіленген нысаны негізінде жүзеге асырылатын IQOS жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының дерекқорында Тұтынушы тіркелген кезде жүзеге асырылады.
  1. Тұтынушы Үлгіні қабылдау-тапсыру актісінде белгіленген мөлшерде Үлгі үшін алдын ала төлем жасағаннан кейін Үлгіні қабылдау-тапсыру актісіне қол қою арқылы қайтарымды негізде Үлгі Тұтынушыға беріледі. Сатып алушы Үлгіні қабылдау-тапсыру актісінде көрсетілген мерзімнен кешіктірмей Үлгіні қайтарып беруі тиіс. Сатып алушы Үлгіні қайтарып берген кезде Сатушы Үлгіні қабылдау-тапсыру актісіне Үлгінің қайтарып берілу фактісін растау үшін қол қояды.
  1. Тұтынушы Үлгіні қайтарып бергеннен кейін нақты бір ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйелерінің кез келгенін таңдап алуға құқылы. Бұл ретте, Тұтынушы өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеуі тиіс. Тұтынушы таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің құны мен Үлгіні қабылдау-тапсыру актісінде қарастырылған алдын ала жасалған төлем бөлігінің айырмасы құнының қалған бөлігі болып табылады.
  1. Егер Тұтынушыға танысу үшін берілген Үлгіні қайтарып беру сәтінде Тұтынушы нақты бір ішкі сауда объектісіндегі кез келген IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің біреуін таңдап алмаса және өзі таңдап алған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлемесе, онда Сатып алушының алдын ала жасалған төлемінің сомасын Тұтынушыға ФМҚ тарапынан толық көлемде қайтарылады.
  1. Сатушының Тұтынушыға танысып шығу үшін берген Үлгісі жоғалып, бүлініп немесе құртылып қалған және соның салдарынан Тұтынушы Сатушыға берген Үлгіні қайтарып бере алмаған жағдайда, сондай-ақ егер Тұтынушы танысып шығу үшін берілген Үлгіні Үлгіні қабылдау-тапсыру актісінде қайтарып беру үшін белгіленген күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн өтісімен қайтармаса, Сатушы Тұтынушының алдын ала жасаған төлемін Үлгіні уақтылы қайтарып бермеуден туындаған зиянның немесе жоғалған/бүлінген Үлгінің орнын толтыру ретінде ұстап қалуға құқылы, және Тұтынушы нақты бір ішкі сауда объектісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келгенін таңдап алып, IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі құнының қалған бөлігін төлеу ниетіне қарамайды.

 

IQOS құрылғысына тест-драйв жасау шарттары IQOS ресми дүкендерінде танысып шығуға болатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің ішкі сауда объектілеріндегі Жария бөлшек сауда шартымен реттеледі.

 

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.