IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС 01.08.2022 ж.

№ 143 Бұйрығымен бекітілген

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген 21 жастан асқан құрамында никотин бар өнімдерді тұтынушыларға IQOS 2.4.P электрлік темекі қыздыру жүйесін және оған тыстар мен қақпақшалар және темекі таяқшаларына арналған секциялар түріндегі аксессуарларды ұсыну шарттары (бұдан әрі — «Шарттар»)

2022 жылғы 3 тамыздан бастап жарамды

1. Осы Шарттар шеңберінде «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұтынушылары дерекқорында тіркелген (бұдан әрі — «ФМҚ дерекқоры»), ФМҚ дерекқорында өз атына тіркелген, соның ішінде Тұтынушы өзінің құрамында никотин бар өнімді 21 жастан бастап тұтынушы ретіндегі мәртебесін растаған кезде жоғалтып алуы мүмкін немесе жұмысқа жарамсыз, кепілдік мерзімі өтіп кеткен күйде болуы мүмкін IQOS 2.4, 2.4Р, 3 немесе 3 Multi құрылғысы бар, 21 жастан бастап құрамында никотин бар өнімді тұтынушыға (бұдан әрі - «Тұтынушы») Шарттардың 2-тармағында көрсетілген мөлшердегі ақ, қара және көк түсті IQOS 2.4.P электрлік темекі қыздыру жүйесін (жиынтыққа: құрылғы, зарядтау құрылғысы, USB кабель, адаптер және тазартқыш құрылғы кіреді) және оған тыстар мен қақпақшалар және темекі таяқшаларына арналған секциялар түріндегі аксессуарларды (бұдан әрі - «Материалдар») беру рұқсат етіледі.

2. Материалдар тізбесі:

Номенклатура Саны, дана
1 IQOS 2.4 ЭЛ. ТЕМЕКІ ҚЫЗД. ЖҮЙЕСІ 3402
2 IQOS 2.4 ҚАЛПАҚШАСЫ 3385
3 IQOS 2.4 ТЫСЫ 461
4 IQOS 2.4 ТҰТҚЫШЫ 5
5 ТЕМЕКІ ТАЯҚШАЛАРЫНА АРНАЛҒАН СЕКЦИЯ 20

3. Материалдарды Тұтынушыларға тағайындау, 2022 жылғы 3 тамыз мен 31 желтоқсан аралығында Материалдарды соңына дейін кезек-кезек үлестіру қағидаты бойынша Материалдарын санын шектеуге сүйене отырып, ФМҚ дерекқорындағы мәліметтер негізінде осы Ережелердің 1-тармағында көзделген өлшемшарттарға сай келетін Тұтынушыларға ФМҚ қолдау қызметі агенттерінің қоңырау шалуы кезінде жүзеге асырылады. Тұтынушыға қоңырау шалу — оған болашақта Материал беруге уәде беруді білдірмейді, сонымен қатар Материалды беру үшін Дерекқордағы Тұтынушы туралы мәліметті, сондай-ақ Тұтынушының жоғарыда осы Шарттардың 1-тармағында атап көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін тексеру мақсаттары үшін қолданылады.

4. Тұтынушыға тағайындалған Материал 2022 жылғы 3 тамыз мен 31 желтоқсан аралығында, Тұтынушы мен ФМҚ өкілі келіскен күні және уақытта беріледі, сонымен қатар оған «IQOS құрылғыңызды қалай қолдану керек» нұсқаулығы, сондай-ақ Қауіпсіздік техникасы туралы ескертулер және Қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқаулық (бұдан әрі - «Құжаттар») беріледі. Тұтынушы Материалды және Құжаттарды алғанға дейін олардан бас тартуға құқылы. Материал мен Құжаттарды Тұтынушыға беру сәтінде, ФМҚ дерекқорында тіркелуі кезінде көрсетілген абоненттік ұялы байланыс телефоны нөміріне осы Шарттарға сілтемемен, Тұтынушы Материал мен Құжаттарды алған сәттен бастап кемінде 3 ай ішінде өзінің байланыс құрылғысында сақтауы тиісті Ережелердің 6-тармағында көзделген жасырын ақауларды анықтауға арналған мерзімді, оған Материал мен Құжаттардың берілгенін растаумен бірге SMS жіберіледі. Осы SMS-хабарламаны алған кезде Материалдар мен Құжаттарды қабылдай отырып, Тұтынушы осы Шарттарды оқып шыққанын және келісетінін, сондай-ақ Материалдар мен Құжаттарды алғанын да растайды. Тұтынушы Шарттармен келіспесе, Материалды және оның Құжаттарын алудан бас тартуға құқылы.

5. Осы Шарттар шеңберінде берілетін Материалдарға ФМҚ, дайындаушы немесе өзге де үшінші тұлғалар тарапынан кепілдік немесе қандай да бір кепілдікті міндеттемелер, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, олардың тиіссіз сапасымен байланысты кепілдік немесе қандай да бір кепілдікті міндеттемелер көзделмеген, Тұтынушы онымен танысып шықты және келіседі.

6. Тұтынушыға берілген электрлік темекі қыздыру жүйесінде Тұтынушы оны алғаннан кейін 3 (үш) ай ішінде жасырын кемшіліктер анықталатын болса, Тұтынушы https://kz.iqos.com/ веб-сайтында тізімі келтірілген IQOS ішкі сауда объектілеріне немесе ФМҚ серіктестерінің ішкі сауда объектілеріне жүгініп, осы Ережелердің 4-тармағына сай жіберілген SMS-хабарламаны аталған кемшіліктерді бағалау және жою мақсатымен сатушы-кеңесшіге немесе сервистік кеңесшіге көрсетуге құқылы, сонымен қатар бұл ФМҚ атынан келесі әрееттерді көздеуі де мүмкін: құрылғыны тазарту, жүйені диагностикалау, бағдарламалық жасақтаманы жаңарту, құрылғыны және/немесе оның жекелеген элементтерін ауыстыру. SMS көрсетілмеген жағдайда, сервистік кеңесші жоғарыда сипатталған әрекеттерді жасаудан бас тартуға құқылы.

7. Осы Шарттар ФМҚ тарапынан біржақты тәртіпте, кез келген уақытта, ФМҚ алдын ала хабарландырусыз өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін.

8. ФМҚ осы Шарттарды қосымша ескертусіз және себептерді түсіндірусіз кез келген уақытта күшін жоюға құқылы.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру