ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС бұйрығымен бекітілген

08.01.2025 ж. №1


Сауалнама жүргізу бойынша белсенділік қағидалары

(бұдан әрі — сәйкесінше «Қағидалар» және «БЕЛСЕНДІЛІК»)


1. «Экофренд» мәртебесін алған тұтынушылар арасында сауалнама жүргізу мақсатында сауалнама жүргізу жөніндегі белсенділік (бұдан әрі – «Белсенділік») жүргізіледі. Осы Ережелердің 3-тармағында көрсетілген IQOSKZ_Support_bot ресми Telegram-ботта (бұдан әрі — «Telegram-бот») Белсенділіктің барлық шартын орындаған тұтынушылар Белсенділікке қатысушылар қатарына қосылады.


2. Белсенділік Telegram-ботта 2025 жылдың 17 қаңтарынан 2025 жылдың 17 сәуіріне дейін өткізіледі және үш толқыннан тұрады:

1-толқын: 2025 жылғы 17 Қаңтар – 17 ақпан;

2-толқын: 2025 жылғы 18 Ақпан – 17 наурыз;

3-толқын: 2025 жылғы 18 наурыз – 17 сәуір.


3. «Экофренд» белсенділігіне қатысу үшін төмендегілерді орындау қажет:

• осы ережелермен және Белсенділік шарттарымен танысу;

• Белсенділік аяқталғанға дейін Telegram ботқа жазылу;

• ФМҚ дерекқорында тіркелген телефон нөмірі болуы керек;

• осы Ережелердің 2-тармағында көзделген үш толқын шеңберінде сауалнамалардың біріне 2025 жылғы 17 қаңтардан бастап 2025 жылғы 17 сәуірді қоса алғандағы аралықта жауап беру. Сауалнама 2025 жылдың 17 қаңтары мен 2025 жылдың 17 сәуіріне дейінгі аралықта Экофренд мәртебесін алғаннан кейін Telegram-ботқа жіберіледі. Бір тұтынушы осы Ережелердің 2-тармағында көзделген үш толқын сауалнамаларының біреуіне ғана қатыса алады.


4. Белгіленген критерийлерге сай келетін және Ережелерге сәйкес Белсенділіктің барлық әрекетін орындаған тұтынушылар қатысушылардың қатарына қабылданады, олардың арасында сыйақы алатын жеңімпаздар айқындалатын болады. Тұтынушы сауалнамадан өтуден бас тартуға құқылы. Сауалнамадан өтуден бас тартқан кезде, Тұтынушы қатысушылардың қатарына қабылдану құқығынан айырылады. Олардың арасында сыйақы алатын жеңімпаздары айқындалатын болады.


5. Тұтынушы Ережелердің 3-тармағында көзделген сауалнамадан өткен кезде, 2025 жылғы 18 ақпаннан бастап 2025 жылғы 17 сәуірге дейін (2-ші және 3-ші толқындар) тұтынушы келшекте сатып алу үшін сатып алынатын тауарлардың жалпы құнынан 10% (он пайыз) мөлшерінде бір реттік жеңілдік алады:

А. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның бөлшек сауда объектілеріндегі (бұдан әрі – «IQOS дүкені») тауарлар ассортиментінен тауарлар сатып алғанда: - сатып алынатын тауарлардың жалпы құнынан 10% (он пайыз) мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға немесе

Ә. тұтынушы тапсырысты рәсімдеген күнге қолданылатын WWW.KZ.IQOS.COM электрондық коммерция интернет-ресурсында тауарларды бөлшек сауда арқылы сату-сатып алудың жария шарты шеңберінде сайттағы тауарлар ассортиментінен kz.iqos.com (бұдан әрі – «Сайт») (сондай-ақ Телеграм-бот интерфейсі арқылы) веб-сайты арқылы рәсімдейтін тауарларға тапсырысты төлеу кезінде: - кепілді жарна сомасын, сондай-ақ көрсетілген жария шарт шеңберінде төленуге жататын тауарлардың және оларды жеткізудің құнын 10% (он пайыз) мөлшеріндегі сомаға (жеңілдік) азайтуға.

Тауарлардың ассортименті дегеніміз — тұтынушының осы ережелерде көзделген өз құқығын іске асыру (жүзеге асыру) сәтінде IQOS дүкеніндегі немесе сайттағы сауда жабдығында орналастырылған сатылатын тауарлардың (HEETS, FIIT, DELIA қыздырылатын темекі таяқшаларын қоспағанда) барлық ассортименті. Осы Ережелердің 5-тармағында көзделген жеңілдіктің қолданылу мерзімі тұтынушыға тағайындалған күннен бастап 30 (отыз) күнді құрайды. Жеңілдіктің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін, жеңілдікті пайдаланбаған тұтынушы IQOS дүкендерінде немесе сайтта тауарларды сатып алу кезінде ФМҚ-дан осы жеңілдікті қолдануды талап етуге құқылы емес.


6. Осы Ережелерге сәйкес Белсенділіктің барлық әрекетін орындаған қатысушылар арасында 1-толқын белсенділігінің жеңімпаздары 2025 жылдың 18 ақпанында сағат 15:00-де, 2 толқын 2025 жылдың 18 наурызында сағат 15:00-де және 3 толқын 2025 жылдың 18 сәуірінде сағат 15:00-де кездейсоқ іріктеу әдісімен анықталады. Белсенділік жеңімпаздарын анықтау нотариустың қатысуымен жүргізіледі және таңдау процесі жүзеге асырылатын мобильді құрылғының экранын жазу арқылы тіркеледі. Белсенділіктің әр толқыны бойынша анықталатын жеңімпаздардың жалпы саны 40 (қырық) адам болады. Белсенділіктің әр 3 толқыны кезіндегі сыйақылар:

Сыйақы типі Саны
Bluetooth JBL Wave 30
Apple Watch Series 8 GPS, 45 9
Macbook pro 512gb 1

7. ФМҚ жеңімпазды сыйақы туралы хабарландыруы бар және 2121 нөміріне хабарласу сұралған СМС хабарламаны жіберу, сондай-ақ Ережелердің 5-тармағына сәйкес кездейсоқ іріктеу өткізілген күннен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде оның телефон нөміріне бір реттік (бір рет) қоңырау шалу арқылы сыйақы туралы хабардар етеді. Егер бірінші қоңырау шалу әрекеті сәтсіз болса, сол күні жеңімпазға 1 (бір) сағаттық үзіліспен тағы 2 рет қоңырау шалу әрекеті жасалады. Тұтынушы үш қоңыраудың ешқайсысына жауап бермесе, ол жеңімпаз мәртебесінен айырылады. Байланыс, қондырғы, технологиялар, ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының, сим картаның болмауы және/немесе ақаулы болуы және/немесе тұтынушының қоңырауды немесе СМС-ті уақытылы алмауына әсер еткен өзге де жағдайлар ФМҚ-ның бақылау аймағына жатпайды, сәйкесінше ФМҚ көрсетілген жағдайлардан туындаған, соның ішінде тұтынушының жеңімпаз мәртебесінен және сыйақыдан алу мүмкіндігінен айырылуына қатысты жағымсыз салдардың қауіп-қатеріне ие болмайды.


8. Сыйақылар қайтаруға және айырбастауға жатпайды, сондай-ақ олардың құны ақшалай баламада төленбейді.


9. Сыйақы беру мерзімі Белсенділік жеңімпазы анықталған күннен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күннен аспайды.


10. Сыйақы алушыларды анықтау ФМҚ өкілінің қатысуымен жүргізіледі.


11. Белсенділікке қатысу дегеніміз: тұтынушыны осы Ережелермен таныстыру, олардың мазмұнымен келісу, оны толық түсіну, тұтынушының оларды өз бетінше сақтауға және осы Ережелердің сақталуына толық жауап беруге келісуі, сондай-ақ Белсенділікке қатысу нәтижелерімен келісуі.


12. Егер қандай да бір себеп бойынша осы Ережелердің бір немесе бірнеше қағидасы жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп есептелсе, бұның қалған қағидалардың жарамдылығына немесе қолданылуына әсері тимейді.


13. ФМҚ кез келген уақытта осы Ережелерге, сыйақы жеңімпаздарын анықтауды жүргізу рәсіміне, сыйақылардың атауларына, олардың саны мен қасиеттеріне ФМҚ коммуникация арналарында жаңа редакцияны орналастыру арқылы тұтынушыға бұл туралы алдын ала жазбаша хабарландыру бермей өзгерістер енгізуге құқылы.


14. Осы Ережелер оның 1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық тұтынушыға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы Ережелерде көзделген барлық әрекетті жасай отырып, тұтынушы осы Ережелермен танысқанын, келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды (шарттарды құптау ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).


15. Осы Ережелерде берілген жеке түсініктер сайтта немесе IQOS дүкендерінде жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында берілген мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.



Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.