IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

«эко-апгрейд» бағдарламасына қатысу қағидалары

тұтынушының қолданыста болған құрылғыны фмқ-ға беруі бойынша


1. Осы құжатта қолданылатын Терминдер мен Анықтамалар:

А) ҚР – Қазақстан Республикасы;

Ә) ФМҚ – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС;

Б) Тұтынушы – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдері және (немесе) құрамында никотин бар (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) өнімді тұтынатын, ФМҚ тұтынушыларының дерекқорында тіркелген жеке тұлға;

В) Дерекқор – ФМҚ Тұтынушыларының дерекқоры;

Г) Бағдарлама – Тұтынушының қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға беруі бойынша осы «Эко-апгрейд» бағдарламасы;

Ғ) Қағидалар – осы Бағдарламаға қатысу Қағидалары;

Д) Сайтkz.iqos.com; веб-сайты;

E) Жеке кабинет – Тұтынушының Сайттағы жеке кабинеті, оның ішінде Тұтынушының Дерекқорда тіркелу кезінде көрсеткен деректері бар, осы Бағдарлама шеңберінде Тұтынушының ФМҚ-мен онлайн өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге бағытталған.

Ж) IQOS дүкені – осы Бағдарламаны іске асыру орындалатын ФМҚ ішкі сауда нысаны;

3) Қолдау қызметі – ФМҚ ұйымдастырған байланыс орталығы, оның көмегімен соның ішінде осы Бағдарламаны іске асыру жүзеге асырылады, телефон нөмірлері: 2121;

И) Телеграм арна – Тұтынушыларға арналған IQOSKZ_Support_bot ресми телеграм-бот;

К) Құрылғы – кез келген жай-күйдегі және Тұтынушының бағалауы бойынша осы Қағидалардың 2.1-тармағында көзделген сипаттамаларға ие, қолданыста болған IQOS 2.4, 2.4Р модельдерінің электр темекі қыздыру жүйесі (соның ішінде шектеулі нұсқасын, 3 немесе 3 Multi, 3 DUO, Originals DUO моделін қоса) немесе lil Solid 2.0, lil Solid Ez кез келген модельдерінің lil solid электр темекі қыздыру жүйесі, оған Қазақстан нарығы үшін өндірілген тұтқыш пен қуат беру құрылғысы кіреді

Қ) Шарт — нысандары осы Қағидаларға №1 және 2 қосымшаларда келтірілген шарт;

Л) Код (Бірегей сәйкестендіру коды) – ФМҚ әрбір Тұтынушыға осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен беретін және соның ішінде осы Бағдарламаның орындалу деңгейін бақылап отыру үшін ФМҚ компаниясының ішкі мақсаттарына арналған дербес деректердің құпиялылығын сақтай отырып, Тұтынушыны сәйкестендіру мақсатында қызмет ететін бірегей символдар жиынтығы.

М) Хабарлама – ФМҚ Дерекқорында тіркелу кезінде көрсеткен ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, SMS хабарлама арқылы немесе тиісінше Телеграм арна арқылы Тұтынушыға жіберетін электрондық хабарлама.


2. Жалпы ережелер

2.1. ФМҚ қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне қамқорлық танытатын әлеуметтік жауапты ұйым бола отырып, осы Бағдарламаны Тұтынушылардан олардың бағалауы бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз, өздері үшін коммерциялық құндылығы жоқ және Тұтынушы 0 (нөл) теңге мөлшерінде бағалаған Құрылғыларды қабылдап, соның ішінде ФМҚ-ның ол Құрылғылардың бәрін немесе кейбірін қалдықтар деп танып, одан әрі кәдеге жарату немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жою мүмкіндігін бағалауға бағытталған қызметінде пайдалану үшін қабылдады. Бұл Бағдарлама, соның ішінде Құрылғылардың қоршаған ортаны ластамауын және жақсырақ пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған.

2.2. ФМҚ Бағдарламаны ҚР бүкіл аумағында Бағдарламаның қолданылу мерзімінің басынан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, соңғы күнді қоса, жүзеге асырады – барлық арналар үшін.

2.3. Қағидалардың 2.1-тармағында көрсетілген ФМҚ ұстанымдары мен мақсаттарын қолдайтын, сондай-ақ қоршаған ортаға қамқорлық көрсететін Тұтынушы өзінің бағалауы бойынша одан әрі пайдалануға жарамсыз, ол үшін коммерциялық құндылығы жоқ және 0 (нөл) теңге мөлшерінде бағалаған Құрылғыларды ФМҚ-ға беру арқылы осы Бағдарламаға қатысуға құқылы.

2.3.1. Бағдарлама шеңберінде ФМҚ-ға беруге болатын Құрылғылардың саны көзделген тәртіппен жасалатын тиісті Шарт негізінде осы Қағидаларда көзделген кез келген модельдің 1 (бір) бірлігінен аспайды, Қағиданың 2.4 тармағына сай.

2.4. Осы Бағдарламаға қатысу үшін Тұтынушы Құрылғыны ФМҚ-ға осы Қағидаларға сәйкес, келесі тәртіппен жасасуға жататын Шарт негізінде беруі қажет:

2.4.1. Осы Қағидаларға №1 Қосымшада келтірілген нысан бойынша Шарт IQOS дүкендерінде жоғарыда аталған Шарттың қағаз нысанына қол қою арқылы немесе IQOS дүкенінің сатушысы көрсеткен нұсқауларға сәйкес Тұтынушы мен ФМҚ арасында Хабарлама алмасу арқылы және Тұтынушының сұрауы бойынша тиісті сатушының бастамасымен ФМҚ-нан Хабарламада, сол мезетте Тұтынушының ФМҚ-ға Құрылғыны беруімен жасалады. Шарттың қағаз нысанына қол қою жағдайында Шарт Тұтынушы мен ФМҚ (оның өкілі) қол қойғаннан кейін жасалған және күшіне енген болып есептеледі. IQOS дүкенінде қағаз нысанда Шарт жасасу кезінде Тұтынушы Шарттың өз данасын Тараптардың оны жасауынан кейін бірден алады.

2.4.2. Осы Қағидаларға №2 Қосымшада келтірілген нысан бойынша Шарт Сайт немесе Қолдау қызметі арқылы мынадай тәртіппен жасалады:

А) Сайт арқылы: Сайтта көрсетілген нұсқауларға және Тұтынушы сайтта «Бұдан әрі» батырмасын басқаннан кейін сайт арқылы жіберілген ФМҚ Хабарламасына сәйкес Тұтынушы мен ФМҚ арасында хабарламалар алмасу жолымен, Құрылғыны осы Қағидалардың 2.5-тармағында көзделген тәртіппен беру арқылы;

Б) Қолдау қызметі арқылы: Тұтынушы мен ФМҚ арасында Қолдау қызметінің операторы көрсеткен нұсқауларға сәйкес Хабарлама алмасу жолымен және Қолдау қызметінің операторы бастамашылық ететін ФМҚ Хабарламасында, осы Қағидалардың 2.5-тармағында көзделген тәртіппен құрылғыны бере отырып;

2.4.3. Жоғарыда 2.4.1 немесе 2.4.2-тармақтарда көзделген тәртіппен Шартқа қол қою арқылы Тұтынушы Қағидалардың және Шарттың ережелерімен танысқанын және келісетінін растайды. Тұтынушы Шартқа қол қойғаннан кейін, ол Бағдарламаның қатысушысы болып табылады, оған Код жіберіледі және «Экофренд» мәртебесі беріледі.

2.5. Тұтынушының осы Қағидаларға №2 Қосымша нысаны бойынша Сайт немесе Қолдау қызметі арқылы Тұтынушы жасаған Шарт бойынша міндеттемелерін орындауы шеңберінде ФМҚ-ға Құрылғыны беру үшін ФМҚ Сайтта (Жеткізу шарттары бөлімінде) көрсетілген мерзімдер шеңберінде Тұтынушы тиісті арна арқылы жоғарыда аталған шартты жасасқан кезде Сайтта немесе Қолдау қызметінің операторына көрсеткен мекенжайына Тұтынушыға курьерді (ФМҚ өкілін) жіберуді қамтамасыз етеді. Тұтынушының Құрылғыны курьерге беруі жүкқұжатпен ресімделеді. Егер Құрылғы Шартта көрсетілген мерзімде берілмесе, Шарт бұзылады.

2.6. Тұтынушы Құрылғыны Қағидалардың 2.4 және 2.5-тармақтарында көрсетілген тәртіппен бергеннен кейін Құрылғы ФМҚ меншігі болып табылады және Тұтынушыға қайтарылмайды.

2.7. Осы Қағидалардың 2.4. немесе 2.5. тармақтарына сәйкес Шарт бұзылған кезде, Тұтынушыға бұрын берілген «Экофренд» мәртебесі және бұрын жіберілген Код белсенділігін және күшін жояды.

2.8. Тұтынушыға Кодты ашық жариялауға, оның ішінде Интернет желісінде (әлеуметтік желілер, форумдар, топтар, блогтарты қосқанда және мұнымен шектелмей) орналастыруға жол берілмейді.

2.9. Тұтынушыда осы Қағидалардың немесе Бағдарламаның шарттары бойынша сұрақтар болған жағдайда, ол Қолдау қызметіне 2121 телефоны (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сайттағы онлайн-чат немесе Телеграм арнасы арқылы жүгінуге құқылы.

2.10. Егер Құрылғы осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмесе, Тұтынушы осы Қағидалардың талаптарын бұзса немесе ФМҚ қалауы бойынша өзге де мән-жайлар бойынша Тұтынушыға себептерін түсіндіре отырып немесе түсіндірмей, ФМҚ Тұтынушыға Құрылғыларды қабылдаудан және тиісті Шартқа қол қоюдан бас тартуға құқылы.


3. Қорытынды ережелер

3.1. ФМҚ жаңартылған Қағидаларды Сайтта жариялау арқылы бір жақты тәртіпте Қағидаларды өзгерте алады және (немесе) толықтыра алады. Жаңартылған Қағидалар осындай жариялау сәтінен бастап күшіне енеді. Жаңартылған Қағидалар күшіне енгеннен кейін, онда қарастырылған іс-әрекеттерді жүзеге асыра отырып, Тұтынушы жаңартылған Қағидалармен келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды.

3.2. ФМҚ ешқандай алдын ала ескертусіз немесе келісімсіз Қағидаларды біржақты тәртіпте жоюға, оның ішінде Хабарламада бұрын көрсетілген Мәртебені, Кодты өшіріп тастауға, өзгертуге, бас тартуға құқылы.

3.3. Бұл Қағидаларды ФМҚ әзірлегендіктен, ФМҚ осы Қағидаларды түсіндіруге (талдап түсінік беруге) қатысты ерекше құқыққа ие.



«Эко-апгрейд» бағдарламасына қатысу қағидаларына № 1 қосымша

тұтынушының қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға беруі бойынша

IQOS дүкендерінде жасауға арналған шарт нысаны


IQOS дүкендерінде жасасуға арналған шарт нысаны

Шарт

Күні [КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қала / елді мекен] [Ішкі сауда нысанының атауы] (беру орны)
(Жоғарыдағы жолдар Шарттың қағаз түріндегі нысанын жасау кезінде толтырылады)

Осы Шарт мына тараптар арасында жасалды:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бұдан әрі «ФМҚ» деп аталады, бір тараптан, және

Тегі Аты Әкесінің Аты
ЖСН

бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, екінші тараптан Тұтынушының ФМҚ-ға пайдаланылған құрылғыны беруі бойынша «ЭКО-АПГРЕЙД» Бағдарламасына қатысу Қағидаларына сәйкес, осы Шартқа қол қойылған күні қолданыста болған және __________________ орналастырылған (бұдан әрі – «Қағидалар») Тұтынушы ФМҚ-ға береді, ал ФМҚ Тұтынушыдан келесі мүлікті өтеусіз қабылдайды:

Қолданыста болған IQOS/lil SOLID құрылғысы:

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі
Тұтқыштың сериялық нөмірі

(бұдан әрі – «Құрылғы»).


Тұтынушының бағалауы бойынша Құрылғы әрі қарай Тұтынушының қолдануына жарамсыз, Тұтынушы үшін құны 0 (нөл) теңге мөлшерінде бағаланатын, коммерциялық құндылығы жоқ болып табылады.

Шартқа қол қоя отырып, Тұтынушы Қағидалармен және осы Шартпен өзінің танысқанын және келісетінін растайды.

Тараптар Шартқа қол қоя отырып, Құрылғыны Тұтынушы Шарт пен Қағидалардың шарттары негізінде ФМҚ атына тапсырғанын растайды.

Тараптардың қолдары:

Шарт талаптарымен келісемін және Құрылғыны қабылдадым:
ФМҚ
Шарт талаптарымен келісемін және Құрылғыны бердім:
Тұтынушы
ТАӘ ____________________________ ТАӘ ____________________________
қолы____________________________ қолы____________________________

Тұтынушының қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға тапсыруы бойынша бағдарламаға қатысу қағидаларының № 2 қосымшасы

Сайт арқылы және қолдау қызметі арқылы жасау үшін шарт нысаны.

Шарт

Күні [КК.АА.ЖЖЖЖ]

Осы Шарт мына тараптар арасында жасалды:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бұдан әрі «ФМҚ» деп аталады, бір тараптан, және


Тегі Аты Әкесінің Аты
ЖСН

бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, екінші тараптан , Тұтынушының ФМҚ-ға пайдаланылған құрылғыны беруі бойынша «ЭКО-АПГРЕЙД» Бағдарламасына қатысу Қағидаларына сәйкес, осы Шартқа қол қойылған күні қолданыста болған және __________________ орналастырылған (бұдан әрі - «Қағидалар»), Тұтынушы ФМҚ-ға береді, ал ФМҚ Тұтынушыдан келесі мүлікті өтеусіз қабылдайды:

Қолданыста болған IQOS/lil SOLID құрылғысы:

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі
Тұтқыштың сериялық нөмірі

(бұдан әрі – «Құрылғы»).

Тұтынушының бағалауы бойынша Құрылғы әрі қарай Тұтынушының қолдануына жарамсыз, Тұтынушы үшін құны 0 (нөл) теңге мөлшерінде бағаланатын, коммерциялық құндылығы жоқ болып табылады.

Шартқа қол қоя отырып, Тұтынушы Қағидалармен және осы Шартпен өзінің танысқанын және келісетінін растайды.

Тұтынушыдан Құрылғыны қабылдап алу үшін ФМҚ курьерінің келу мерзімі Тұтынушы танысқан және келіскен Қағидаларға №3 Қосымшада қаралған.


Егер Құрылғыны Тұтынушы курьерге (ФМҚ өкіліне) Шарт жасалған күннен бастап 15 (он бес) күнтізбелік күн ішінде бермеген болса, Тараптар Шарт көрсетілген мерзім өткеннен кейін келесі күнтізбелік күні бұзылады деген келісімге келді.

Тараптардың қолдары:

Шарт талаптарымен келісемін:
ФМҚ
Шарт талаптарымен келісемін:
Тұтынушы
ТАӘ ____________________________ ТАӘ ____________________________
қолы____________________________ қолы____________________________




«Экофренд» мәртебесінде тұтынушылардың кодтарды қолдану қағидалары

(бұдан әрі — «Қағидалар»)


1. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі - «ФМК») тұтынушылар дерекқорында тіркелген, мәртебесі бар темекіні, темекі бұйымдарын және (немесе) құрамында никотин бар өнімдерді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын) тұтынушы болып табылатын жиырма бір жасқа толған және одан асқан кез келген тұтынушы - жеке тұлғаға мүмкіндікті қамтамасыз ету «Экофренд» (бірақ төменде көрсетілген әрекеттердің біреуін жасаудың 1 жағдайынан аспайды) (бұдан әрі - «тұтынушы») және ФМҚ Ішкі сауда объектісінде (бұдан әрі - «IQOS дүкені») немесе kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт») немесе Қолдау көрсету қызметі арқылы көрсетілген Тұтынушының таңдауына тиісті Кодты пайдалану арқылы төменде аталған әрекеттердің бірін жасаушыға қамтамасыз ету:


А. IQOS дүкенінде:

- IQOS ILUMA i PRIME құрылғысын (бұдан әрі - «Құрылғы 1») сатып алу кезінде 13 010 (он үш мың он) теңге (бұдан әрі - «Сома 1») мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға; немесе

- IQOS ILUMA i құрылғысын (бұдан әрі - «Құрылғы 2») сатып алу кезінде 8 510 (сегіз мың бес жүз он) теңге (бұдан әрі - «Сома 2») мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға; немесе

- IQOS ILUMA құрылғысын (бұдан әрі - «Құрылғы 3») сатып алу кезінде 8 510 (сегіз мың бес жүз он) теңге (бұдан әрі - «Сома 3») мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға; немесе

- IQOS ILUMA ONE құрылғысын (бұдан әрі - «Құрылғы 4») сатып алу кезінде 4 510 (төрт мың бес жүз он) теңге (бұдан әрі - «Сома 4») мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға.

Б. 1-Құрылғыға, 2-Құрылғыға, 3-Құрылғыға немесе 4-Құрылғыға тапсырысты Тұтынушы осы Б) тармақшасы шеңберінде мүмкіндікті жүзеге асырған күні қолданыста болатын электрондық коммерцияның интернет-ресурсында тауарларды бөлшек саудада сатып алу-сатудың Жария шарты шеңберінде Сайт арқылы рәсімдегеннен кейін, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, телефон тапсырысы арқылы тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың Жария шарты шеңберінде телефон тапсырысы арқылы тауарды сатып алған кезде - Кепілді жарна сомасын (егер қолданылса), сондай-ақ, тиісті Жария шарт шеңберінде төленуге жататын тауардың және оны жеткізудің құнын тиісінше, 1-Сома немесе 2-Сома, 3-Сома немесе 4-Сома мөлшеріндегі сомаға (жеңілдіктер) азайтуға. Осы Қағидалардың 1-Құрылғыға және 2-Құрылғыға қатысты Б тармағы бөлігінде, Сайтта, қолма-қол ақшасыз төлемді пайдалана отырып, телефон тапсырысы арқылы тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың Жария шарты шеңберінде Тауарларды телефон тапсырысы арқылы сатып алу-сату шеңберінде қолданылуы ФМҚ тиісті техникалық жетілдіруді орындағаннан кейін қолжетімді болады, бұл туралы тұтынушыларға қолжетімді байланыс арналары арқылы хабарланады.

Бұл ретте, егер құрылғыны IQOS дүкенінен сатып алған жағдайда немесе осы тармақта көрсетілгендей Сайт арқылы Тапсырыс берген жағдайда, Құрылғы ФМҚ тұтынушыларының дерекқорында Тұтынушының атына тіркеледі (байластырылады).

2. Осы қағидалар шеңберіндегі баға ФМҚ-ның басқа бағдарламалары мен белсенділіктері аясындағы өзге жеңілдіктермен және арнайы ұсыныстармен қосылмайды.

3. Осы Қағидаларда берілген жеке түсініктер Сайтта немесе IQOS дүкендерінде жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында берілген мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.

4. Кодты қолдана отырып, Тұтынушы осы қағидалардың шарттарымен танысқанын және келісетінін, сондай-ақ осындай Кодты қолдана отырып, қолданыстағы «Эко-апгрейд» бағдарламасына қатысу Қағидаларында көзделген белсенділікке қатысуға келісімін білдіреді.

5. Қағидалар, егер ФМҚ тарапынан жаңа мерзімге ұзартылмаса немесе одан бұрын күші жойылмаса, 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін, соңғы күнді қоса қолданылады.

6. ФМҚ Бағдарламаны кез келген уақытта қандай да бір хабарландырусыз және ескертусіз өз қарауы бойынша мерзімінен бұрын тоқтатуға құқылы. Тауардың қандай да бір моделі үнемі болмаған жағдайда, Тауардың мұндай моделі осы қағидалар шарттарынан алынып тасталады.

7. IQOS дүкендерінде және Сайтта орналастырылған осы қағидалар осы қағидалардың 1-тармағында көрсетілген критерийлерге сәйкес келетін барлық Тұтынушыларға арналған, ҚР аумағында қолданылады және ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының мағынасы бойынша оферта болып табылады. Осы қағидаларда көзделген барлық әрекеттерді жасай отырып, Тұтынушы осы қағидалармен танысқанын, келісетінін және оларды қабылдайтынын растайды (шарттардың акцепті ҚР Азаматтық кодексінің 396-бабының 3-тармағына сәйкес жасалады).





Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру

Something has gone wrong lorem ipsum dolor consectetur.