ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Логинмен жалғастыру
НЕМЕСЕ

 

 

 

«IQOS Care Plus» бағдарламасына қатысу ережелері

(әрі қарай – Бағдарлама)

 

2020 жылғы 1 ақпаннан бастап жарамды

  1. Бағдарламаны «Филип Моррис Қазақстан» (әрі қарай – ФМҚ) ЖШС Қазақстан Республикасының аумағында iqos.com веб-сайты арқылы (әрі қарай – Сайт) және ФМҚ ішкі сауда объектілерінде (әрі қарай – IQOS дүкендері) өткізеді.

 

  1. Бағдарлама қатысушысы келесі белгілер жиынтығына жауап беретін кез келген кәмелетке толған жеке тұлға бола алады:

а) ФМҚ-ның IQOS жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының дерекқорында (әрі қарай – ФМҚ дерекқоры) тіркелген болып табылады;

б) Сайтта есептік жазбасы бар;

в) кепілдік мерзімі өтіп кетпеген тіркелген сериялық нөмірі бар (тіркелген IQOS құрылғысы) кемінде бір ғана IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі (әрі қарай – IQOS құрылғысы) болады.

 

  1. Қатысушыға Бағдарлама аясында келесі артықшылықтар мен қосымша қызметтер қолжетімді:

а) Осы Ережелердің №1-Қосымшасында көрсетілген тәртіпке сәйкес IQOS құрылғыларының кепілдікті жағдайларын халықаралық қолдау.

б) Осы Ережелердің №2-Қосымшасында көрсетілген тәртіпке сәйкес IQOS құрылғыларының кепілдікті емес жағдайларын ауыстыру.

в) Қатысушы алғашқы IQOS құрылғысын сатып алған сәттен бастап IQOS құрылғысын пайдаланудың алғашқы айында телефон бойынша кеңес беру үшін қолжетімді болатын IQOS қолдау қызметінің жеке кеңесшісінің қызметі (IQOS құрылғысын алғаш рет сатып алатын Қатысушыларға ғана арналған).

г) IQOS дүкендерінде немесе курьерлік жедел жеткізілімнің IQOS құрылғыларын кепілдікті емес жағдайларын ауыстыруды жүзеге асыру.

 

  1. Егер Қатысушы жоғарыдағы 2-тармақта аталған белгілердің ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, Қатысушы үшін Бағдарламаға қатысу аяқталады.

 

  1. Осы Ережелер ФМҚ-ның қарауы бойынша өзгертілуі және (немесе) толықтырылуы мүмкін. Жаңартылған Ережелер Сайтта және IQOS дүкендерінде жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

 

  1. ФМҚ қосымша ескертусіз немесе себебін түсіндірместен Бағдарламаның өткізілуін болдырмау құқығын өзіне қалдырады.
  2. Бағдарлама 2020 жылғы 1 ақпан мен 2021 жылғы 31 қаңтар аралығында өткізіледі, одан кейін ФМҚ қалауымен жаңартылуы мүмкін.

 

 

 

«IQOS Care Plus»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№1-Қосымша

 

IQOS құрылғыларының кепілдікті жағдайларына халықаралық қолдау көрсету тәртібі

 

  1. Бағдарлама Қатысушысы ФМҚ ішкі сауда объектілеріндегі бөлшектеп сатып алу-сатудың жария офертасы мен Сайттағы тауарды бөлшектеп сатып алу-сатудың жария офертасына сәйкес кепілдікті жағдайға түсетін IQOS-тың ақаулығына байланысты IQOS құрылғысын ауыстырып беру өтінішімен Қазақстан Республикасының шегінен тыс орналасқан және IQOS құрылғыларының кепілдікті жағдайларына халықаралық қолдау көрсететін IQOS ресми сауда нүктелеріне жүгінуге құқылы.
  2. Жоғарыдағы 1-тармақта көрсетілген IQOS құрылғысын ауыстыруды жүзеге асыру үшін халықаралық қолдау көрсету аясында IQOS құрылғысының кәмелетке толған пайдаланушысы ФМҚ Дерекқорында тіркелуі тиіс, осындай кәмелетке толған пайдаланушыға қатысты Сайтта есептік жазба болуы тиіс, сондай-ақ кепілдікті мерзімі өтіп кетпеген тіркелген сериялық нөмірі бар ең кемі бір IQOS құрылғысы (тіркелген IQOS құрылғысы) болуы тиіс.
  3. IQOS құрылғысының ақаулығы жағдайында, Қатысушы +41215478888 нөмірі бойынша халықаралық желіге хабарласады. Халықаралық желіге қоңырау шалу құны Қатысушы есебінен жүзеге асырылады.
  4. Халықаралық желіге жүгінгенде Қатысушы Қазақстан Республикасын IQOS құрылғысын сатып алу елі ретінде таңдайды.
  5. Қазақстан Республикасының қолдау қызметі телефон бойынша IQOS құрылғысына диагностика жүргізіп, IQOS құрылғысының ақаулығының кепілдікті жағдайға жататынын анықтайды.
  6. Қазақстан Республикасының Қолдау қызметі кепілдікті жағдайды растаған кезде ол Қатысушы орналасқан елдің Қолдау қызметіне өтінім жібереді.
  7. Орналасқан елдің Қолдау қызметі Қатысушымен байланысып, Қазақстан Республикасының Қолдау қызметі жасаған өтінімге сәйкес ауыстырып береді.
  8. Халықаралық қолдау көрсететін елдердің тізімін Қазақстан Республикасының Қолдау қызметіне немесе +41215478888 нөмірі бойынша халықаралық желіге хабарласу арқылы білуге болады.

 

 

 «IQOS Care Plus»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№2-Қосымша

 

 

IQOS құрылғысының кепілдікті емес жағдайларын ауыстыру тәртібі

 

  1. Бағдарлама қатысушысы ФМҚ ішкі сауда объектілеріндегі Бөлшектеп сатып алу-сатудың жария офертасы мен Сайтта тауарды бөлшектеп сатып алу-сатудың жария офертасына сәйкес кепілдікті жағдайға түспейтін Тауар ақаулығына байланысты бұрын ФМҚ-дан сатып алған IQOS қуаттау құрылғысын және/немесе IQOS тұтқышын (әрі қарай – Тауар) ауыстырып беру өтінішімен хабарласуға құқылы.

 

  1. Жоғарыдағы 1-тармақта көрсетілген Тауарды ауыстыруды жүзеге асыру үшін кәмелетке толған пайдаланушы ФМҚ Дерекқорында тіркелуі тиіс, осындай кәмелетке толған пайдаланушыға қатысты Сайтта есептік жазба болуы тиіс, сондай-ақ кепілдікті мерзімі өтіп кетпеген тіркелген сериялық нөмірі бар ең кемі бір IQOS құрылғысы (тіркелген IQOS құрылғысы) болуы тиіс.

 

  1. Кепілдіктен тыс жағдайларда ауыстыру Қатысушыда бар Тауарды сатып алған күннен бастап 1 жыл ішінде Қатысушыда бар әр тіркелген Тауарға қатысты бір рет жүзеге асырылады.

 

 

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт шылым шегуді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынуды жалғастырғысы келетін кәмелетке толғандарға арналған түтінсіз өнімдер туралы ақпараттан тұрады. ФМИ түтінсіз өнімдері шылым шегуден бас тартудың баламасы болып табылмайды және шылым шегуден бас тартуға көмектесуге арналмаған.
Жасыңыздың 18-ден асқанын және шылым шегетініңізді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынатыныңызды, сондай-ақ Қазақстанда тұратыныңызды растауыңызды сұраймыз.

Туған күніңізді енгізіңіз:
Растау
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.