IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Бұйырамыз:


1. 2023 жылғы 6 қазаннан бастап 07.09.2023 жылғы №265 Бұйрықтың күші жойылды деп танылсын.


2. 2023 жылғы 06 қазаннан бастап осы бұйрыққа №1 қосымшада келтірілген «Экофренд» немесе «Экофренд+» мәртебесінде тұтынушылардың кодтарды қолдану қағидалары (бұдан әрі — «Қағидалар») бекітілсін.


3. Қазақстан Республикасының заңнамасына және ФМҚ ішкі талаптарына сәйкес коммуникацияның рұқсат етілген арналары арқылы Қағидалардың шарттары тұтынушылардың назарына жеткізілсін.




Бұйрығына №1 қосымша


«Экофренд» немесе «Экофренд+» мәртебесінде тұтынушылардың кодтарды қолдану қағидалары

(бұдан әрі — «Қағидалар»)


Қағидалардың бұл редакциясы 2023 жылғы 06 қазаннан бастап Астана қ. уақыты бойынша 09.00-ден бастап қолданылады


1.1. Кез келген тұтынушыға – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын), «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») тұтынушылардың деректер қорында тіркелген, «Экофренд» мәртебесіне ие (бұдан әрі – «Тұтынушы») ФМҚ ішкі сауда нысанында (бұдан әрі – «IQOS Дүкені») немесе kz.iqos.com (бұдан әрі – «Сайт») сайтында немесе ФМҚ серіктесінің Сайтта көрсетілген тиісті ішкі сауда нысанында (бұдан әрі – «Серіктес Дүкені»), не болмаса Тұтынушының қалауы бойынша тиісті Кодты пайдалана отырып, Қолдау қызметі арқылы төменде аталған іс-әрекеттердің бірін жүзеге асырушы жеке тұлғаға бір реттік мүмкіндік қамтамасыз ету:


А. IQOS Дүкенінен IQOS Originals DUO Құрылғысын сатып алған кезде: - IQOS дүкенінен 13 500 (он үш мың бес жүз) теңге (бұдан әрі - ”Сома 1”) мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға;

Ә. Серіктес дүкенінен IQOS Originals DUO Құрылғысын сатып алған кезде, — осы ережелерге №1 қосымшада келтірілген нысан бойынша Сома 1 мөлшерінде Тұтынушы Серіктестен сатып алатын Тауар құнының бір бөлігін төлеу бойынша Серіктес алдындағы мүліктік міндетінен Тұтынушыны босату нысанасы болып табылатын шарт жасасуға (бұдан әрі - ”Шарт”);

Б. Тұтынушы kz.iqos.com электрондық коммерциялық интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сату-сатып алу туралы Жария шарт шеңберінде Сайт арқылы рәсімдегеннен кейін IQOS Originals DUO Тапсырысты төлеген кезде, осы Б) қосалқы тармағы шеңберінде Тұтынушы тарапынан мүмкіндікті жүзеге асыру мерзімінде күшінде болатын, - Кепілдік жарна сомасын (қолдануға болса), мұнымен қоса тиісті Жария шарт аясында төленуі тиіс Тауар мен оның жеткізілім құнын Сома 1 (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.


1.2. Кез келген тұтынушыға – жиырма бір жасқа толған және одан асқан, темекі, темекі өнімдерін және (немесе) құрамында никотин бар өнімді (никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып табылмайтын), «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») тұтынушылардың деректер қорында тіркелген, «Экофренд+» мәртебесіне ие немесе «Экофренд» мәртебесіне ие (мұндай әрекетті жасау күнінен бастап 12 айдың ішінде «Экофренд» мәртебесінде төменде келтірілген әрекеттердің біреуін 1-ден артық емес жасау) (бұдан әрі – «Тұтынушы») ФМҚ ішкі сауда нысанында (бұдан әрі – «IQOS Дүкені») немесе kz.iqos.com (бұдан әрі – «Сайт») сайтында немесе ФМҚ серіктесінің Сайтта көрсетілген тиісті ішкі сауда нысанында (бұдан әрі – «Серіктес Дүкені»), не болмаса Тұтынушының қалауы бойынша тиісті Кодты пайдалана отырып, Қолдау қызметі арқылы төменде аталған іс-әрекеттердің бірін жүзеге асырушы жеке тұлғаға бір реттік мүмкіндік қамтамасыз ету:


А. IQOS дүкенінен IQOS Iluma PRIME Құрылғысын сатып алған кезде: - 10 000 (он мың) теңге мөлшерінде біржолғы жеңілдік алуға (бұдан әрі- \”Сома 2\”); IQOS дүкенінен IQOS Iluma Құрылғысын сатып алған кезде: - 6 000 (алты мың) теңге мөлшерінде біржолғы жеңілдік алуға (бұдан әрі- ”Сома 3”);

Ә. Серіктес дүкенінен IQOS Iluma PRIME немесе IQOS Iluma Құрылғысын сатып алған кезде, — осы ережелерге №1 қосымшада келтірілген нысан бойынша Сома 2 немесе Сома 3 мөлшерінде Тұтынушы Серіктестен сатып алатын Тауар құнының бір бөлігін төлеу бойынша Серіктес алдындағы мүліктік міндетінен Тұтынушыны босату нысанасы болып табылатын шарт жасасуға (бұдан әрі - ”Шарт”);

Б. Тұтынушы kz.iqos.com электрондық коммерциялық интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сату-сатып алу туралы Жария шарт шеңберінде Сайт арқылы рәсімдегеннен кейін Iluma PRIME немесе IQOS Iluma Тапсырысты төлеген кезде, осы Б) қосалқы тармағы шеңберінде Тұтынушы тарапынан мүмкіндікті жүзеге асыру мерзімінде күшінде болатын, - Кепілдік жарна сомасын (қолдануға болса), мұнымен қоса тиісті Жария шарт аясында төленуі тиіс Тауар мен оның жеткізілім құнын Сома 2 немесе Сома 3 (жеңілдік) мөлшеріндегі сомаға азайтуға.


2. ФМҚ сату арналарында IQOS Originals Duo, IQOS Iluma Prime немесе IQOS Iluma Құрылғыларын сату IQOS Originals Duo, IQOS Iluma Prime немесе IQOS Iluma Құрылғысын сатып алуға ниет білдірген және оны осы Ережелердің шарттарына сәйкес сатып алған алғашқы Тұтынушылар қағидаты бойынша кемсітусіз тәсілмен жүргізіледі. Осы Бағдарлама шеңберінде қолдану үшін Серіктестің Дүкендерінде қандай да бір үлгі Құрылғысының қолжетімділігі сәйкес келісім-шартта Серіктес пен ФМҚ арасында анықталған тәртіпте ФМҚ келісімімен Серіктестің талабы бойынша сандық жағынан шектелуі мүмкін. Бұл ретте мұндай шектеулер болған жағдайда сәйкес Құрылғыны Серіктес Дүкенінде сату кемсітпеушілік тәсілмен, сәйкес Құрылғыны сату алу туралы өзінің ықыласын білдірген және осы Ережелердің шарттарына сәйкес оны сатып алған алғашқы Тұтынушылардың қағидаты бойынша жүргізіледі. Тұтынушының жүгіну сәтінде ФМҚ сатылымдағы тауарлары сұрыптамасында да, Серіктестің сатылымдағы тауарлары сұрыптамасында да Құрылғылардың қандай да бір түсте (-терде) қысқа уақыттық болмауы ықтимал.


3. Осы Ережелерде келтірілген жекелеген түсініктер Сайтта жарияланған ФМҚ-ның өзге жария оферталарында берілген олардың мағыналарын ескере отырып, назарға алынуы тиіс.


4. Осы Ережелердің 1.1- және 1.2-тармақтарының Б) тармақшасында көзделген Шарт жасасуды Тараптар жазбаша түрде жүзеге асырады:

А) Тұтынушы ФМҚ деректер қорына тіркелген кезде көрсеткен мобильді телефон нөмірі арқылы тиісті Тұтынушы мен ФМҚ арасында Серіктес Дүкенінің сатушысы көрсеткен нұсқаулықтарға сәйкес хабарлама алмасу және Тұтынушының сұранысы бойынша Серіктес Дүкенінің сатушысы ұсынған ФМҚ хабарламасында, сондай-ақ Интернет желісінде kz.pmiopen.com мекенжайында орналасқан ФМҚ Open Kazakhstan қосымшасында (бұдан әрі – «Веб-қосымша») ФМҚ атына «Шарттармен келісемін» деп тиісті Серіктес хабарлама жолдау арқылы, Веб-қосымшада тиісті амалдар орындау арқылы. Тұтынушы тарапынан да, Серіктес тарапынан да аталған А) қосалқы тармақта сипатталған барлық амалдар жиынтығы орындалған жағдайда Келісімшарт орындалған болып саналады.

Ә) электр жарығы болмаған жағдайда, байланыспен проблема туындаған немесе өзге де ақаулықтар орын алған жағдайда – тараптардың әрқайсысы: Тұтынушы, Серіктес және ФМҚ тарапынан қағаз түріндегі тиісті Келісімшартқа қол қою арқылы. Қағаз түріндегі Келісімшартқа қол қою жағдайда, Тұтынушы Келісімшарттың өзіне тиесілі данасын тиісті Серіктес Дүкенінде қол қойған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күннен кейін, бірақ 30 (отыз) күннен кешіктірмей өздігінен алып кетуі тиіс. Кері жағдайда, Тұтынушының ФМҚ-ға немесе Серіктеске ешқандай наразылықтары болмайды.


5. Тараптар Осы Ережелердің 4-тармағының А) қосалқы тармағында көзделген тәртіпте бұрын жасасқан Келісімшартты жасасқаннан кейін дереу бұза алады: Тұтынушы – Серіктес Дүкенінің сатушысы көрсеткен нұсқаулықтарға сәйкес Тұтынушы мен ФМҚ арасында Хабарлама алмасу арқылы және Тұтынушының сұранысы бойынша сатушы ұсынған ФМҚ Хабарламасында, сондай-ақ Серіктес – Веб-қосымшада ФМҚ атына Серіктес хабарлама жолдау арқылы. ҚР Заңнамасында тікелей көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа уақыт кезеңінде немесе өзге де жағдайларда Келісімшартты бұзу қарастырылмаған.


6. Кодты қолдана отырып, Тұтынушы осы Ережелердің шарттарымен танысқанын және келісетінін, сондай-ақ осындай Кодты қолдана отырып, қолданыстағы «Эко-апгрейд» бағдарламасының қатысушыларын көтермелеу бойынша белсенділікті жүргізу Ережелерінде көзделген белсенділікке қатысуға келісімін білдіреді.


7. Осы Қағидалар 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.


8. ФМҚ кез келген уақытта осы Қағидалардың қолданылуын алдын ала ескертусіз өзгертуге немесе жоюға құқылы.





Тұтынушылардың «Экофренд» немесе «Экофренд+» мәртебесіндегі кодтарды қолдану қағидаларына №1 қосымша

Шарт Нысаны

Қазақстан Республикасы

күнді көрсетіңіз

Тұтынушының аты-жөнін көрсетіңіз бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын (ЖСН ___________________), бір тараптан,

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, БСН ___________________ (бұдан әрі – «ФМҚ»), атынан ________________, негізінде әрекет ететін ____________________, екінші тараптан, және

ЖК/ЖШС ___________________, БСН/ЖСН __________________ (бұдан әрі – «Серіктес»), атынан _________________, негізінде әрекет ететін ______________, үшінші тараптан төмендегілер туралы осы Шартты жасасты:

1. Тұтынушы ФМҚ-ның тиісті бұйрығының талаптарына сәйкес Тұтынушы сатып алатын тауар құнының ____________ теңге көлемінде бір бөлігін төлеу бөлігінде ФМҚ-дан Серіктес алдындағы мүліктік міндеттен босатуды қабылдауға келіседі. Тұтынушы сатып алатын тауар құнының қалған бөлігін Тұтынушы Серіктеске өзара келісімге сәйкес төлейді.

2. Тұтынушы осы Шарттың 1-тармағының бірінші сөйлемінде көрсетілген сома мөлшерінде Серіктес алдындағы борышты (бұдан әрі — "Борыш") ФМҚ-ға аударады.

3. ФМҚ Серіктеске ФМҚ мен Серіктес арасындағы келісім талаптарына сәйкес борышты төлейді.

4. Серіктес міндеттемедегі тұлғалардың ауысуымен және борышты ФМҚ-ға аударумен келіседі.

Тараптардың қолдары:

Тұтынушы: Серіктес: ФМҚ

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру