IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

04.11.2021 жылғы №191 Бұйрыққа Қосымша

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директордың және

Тәуекелі төмен өнімдер маркетингі және цифрлық технологиялар жөніндегі директордың

04.11.2021 жылғы №191

Бұйрығымен

бекітілген

«Пайдаланушы жасаған контент» iqos.com веб-сайтына орналастырғаны үшін пайдаланушыларға сыйақы беру ережелері

(бұдан әрі – «Ережелер»)

2021 жылғы 5 қарашадан бастап жарамды.

1. Тұтынушылық сұранысты зерттеу және өнім сапасын жақсарту мақсатында «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС (бұдан әрі – «ФМҚ») ФМҚ дерекқорында тіркелген 21 жасқа толған және одан асқан барлық тұтынушыларға (бұдан әрі – «пайдаланушылар») iqos.com веб-сайтының арнайы бөлімінде (https://kz.iqos.com/ru/iqos-community) орналастырылған, https://kz.iqos.com/ru/legal-ugc-license-agreement көзделген шарттарға сәйкес, пайдаланушы жасаған контент (бұдан әрі – «ПЖК») түрінде ФМҚ сататын темекі қыздырудың электр жүйелері және темекі қыздырудың электр жүйелерімен байланысты өзге де тауарлар туралы пікір қалдыруды ұсынады.

2. Осы Ережелердің шарттары бойынша ФМҚ анда-санда ПЖК орналастырғаны үшін пайдаланушылар арасынан жеңімпаздарды марапаттау мақсатында арнайы іс-шаралар (бұдан әрі – «Іс-шаралар») өткізуге құқылы.

3. Іс-шараларды өткізу тәртібін ФМҚ осы Ережелердің шарттарына сәйкес біржақты тәртіппен айқындайды. ФМҚ ФМҚ қажет деп тапқан кез келген уақытта Іс-шараларды толық немесе ішінара жою, тоқтату, қайта бастау немесе ұзарту, сондай-ақ осы Ережелерді өзгерту құқығын өзіне қалдырады. Жаңартылған Ережелер iqos.com сайтында жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.

4. Пайдаланушыларды өткізілетін Іс-шаралар туралы хабардар ету мақсатында ФМҚ iqos.com веб-сайтының (https://kz.iqos.com/ru/iqos-community) арнайы бөлімінде тиісті ақпаратты орналастыру арқылы, сондай-ақ ФМҚ пайдаланатын пайдаланушылармен басқа да коммуникация арналары арқылы пайдаланушыларды хабардар ету жолымен (SMS-хабарламаларды, электрондық хаттарды және т.б. қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей) (бұдан әрі барлығы бірге – «Хабарландыру») пайдаланушыларды Іс-шараны өткізу тәртібі, оның тақырыбы мен өткізілу мерзімі, жеңімпаздар саны, сыйақы түрлері, сондай-ақ басқа да жағдайлар туралы хабардар етеді.

5. Іс-шараға қатысуға ниет білдірген пайдаланушылар Хабарландыруда көзделген Іс-шараны өткізу мерзімі ішінде Хабарландыруда көзделген тақырыпқа, постинг нысанына және өзге де шарттарға сәйкес өз ПЖК-ін iqos.com веб-сайтындағы арнайы бөлімінде (https://kz.iqos.com/ru/iqos-community/) қалдыруы тиіс.

6. ПЖК орналастыру кезінде пайдаланушы көрсететін электрондық пошта мекенжайы пайдаланушы ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде көрсеткен электрондық пошта мекенжайымен сәйкес келуі тиіс. Егер ПЖК орналастыру кезінде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы пайдаланушы ФМҚ дерекқорында тіркеу кезінде көрсеткен электрондық пошта мекенжайынан өзгеше болса, онда пайдаланушы осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес Іс-шараның жеңімпаздары анықталатын тұлғалар қатарына қосыла алмайды.

7. Іс-шараны өткізу аяқталған бойда (Хабарландыруда көрсетілген Іс-шара аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні) ФМҚ Іс-шараның шарттары бойынша ПЖК орналастырған пайдаланушылар арасынан жеңімпаздарды анықтайды. Жеңімпаздарды анықтау ФМҚ таңдаған тиісті бағдарламалық қамтылым (рандомайзер) көмегімен кездейсоқ іріктеу әдісімен жүргізіледі. ФМҚ қалауы бойынша Іс-шара жеңімпаздарын анықтау процесі онлайн режимінде Instagram-дағы @iqos_kaz парақшасында көрсетілуі немесе Instagram-дағы @iqos_kaz парақшасында жазба ретінде жариялануы мүмкін.

8. Осы Ережелердің 7-тармағына сәйкес ФМҚ анықтаған жеңімпаздар Хабарландыруда қарастырылған сыйақы алады. Сыйақылар ФМҚ Хабарландыруларында қолданылған осы сыйақылардың суреттерінен өзгеше болуы мүмкін. Сыйақылар алмастырылмайды, сондай-ақ олардың құны ақшалай баламада төленбейді.

9. ФМҚ Іс-шараны өткізу аяқталғаннан кейін Хабарландыруда көрсетілген Іс-шараның аяқталу күнінен кейінгі 14 (он төрт) жұмыс күні ішінде Іс-шараның шарттары бойынша ПЖК орналастырған пайдаланушылар арасынан және осы Ережелердің 7-тармағында көзделген жеңімпаз болып табылмайтын 1 (бір) қосымша жеңімпазды таңдауға құқылы. ФМҚ-ға көбірек ұнаған ПЖК орналастырған пайдаланушы ретінде қосымша жеңімпазды анықтау ФМҚ-ның өз жеке қалауы бойынша жүзеге асырылады. Осы тармаққа сәйкес ФМҚ анықтаған қосымша жеңімпаз Хабарландыруда қарастырылған сыйақыны алады.

10. Барлық жеңімпаздар жеңімпаз/жеңімпаздар анықталған күннен бастап 24 сағат ішінде пайдаланушылар ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайларына сәйкесінше шығыс қоңыраулар және (немесе) SMS-хабарламалар және (немесе) электрондық хаттар алу арқылы ұтыс туралы хабардар етіледі. Егер жасалған қоңырау шалу сәтсіз болса, екінші күні жеңімпазға/жеңімпаздарға ұтыс туралы ақпараты бар SMS-хабарламалар және (немесе) электрондық хаттар жіберіледі.

Егер жеңімпаздардан 24 сағат ішінде мекенжайы, күні және сыйақыны жеткізу уақыты туралы ақпаратпен кері байланыс келіп түспесе, онда келесі 3 жұмыс күні ішінде оларға қоңырау шалуға тағы 3 әрекет жасалады.

11. Егер ФМҚ 10-тармақта көрсетілген мерзім ішінде ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде көрсетілген мобильді телефон нөмірі бойынша жеңімпазбен байланыса алмаған немесе жеңімпаз бұрын ФМҚ-мен байланысқа өздігінен шықпаған (2121 нөмірі бойынша Қолдау қызметіне қоңырау шалу немесе IQOS-тың Instagram-дағы ресми парақшасына хабарлама жіберу) немесе барлық шарттар орындалмаған жағдайда, пайдаланушы жеңімпаз мәртебесін жоғалтады, бұл туралы ол SMS-хабарламамен және (немесе) электрондық хатпен хабардар етіледі. Бұл жағдайда ФМҚ пайдаланушы осы тармақта көзделгендей жеңімпаз мәртебесін жоғалтқаннан кейін 7 (жеті) күн ішінде жаңа жеңімпазды анықтау үшін @iqos_kaz Instagram парақшасындағы «Оқиғалар» жазбасында жаңа сыйақы ұтыс ойынын өткізуге немесе Іс-шараны бір немесе бірнеше жеңімпазсыз аяқтауға құқылы.

12. Іс-шараға қатысу пайдаланушының осы Ережелермен танысуын, оларды өз бетінше орындауға және Іс-шараға қатысу нәтижелері үшін толық жауапкершілік көтеруге келісуін білдіреді.

13. ФМҚ Іс-шараны өткізу кезінде ФМҚ немесе өзге де 3-тұлғалардың пайдасына ешқандай төлемдерді жүргізуді сұрамайды, Іс-шара туралы ақпарат тек ФМҚ-дан пайдаланушыларды ФМҚ дерекқорына тіркеу кезінде көрсетілген жеке телефон нөмірлеріне, электрондық пошта мекенжайларына ғана беріледі.

14. Егер қандай да бір себептер бойынша осы Ережелердің бір немесе бірнеше ережелері жарамсыз немесе заңдық күші жоқ деп танылса, бұл қалған ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

15. Іс-шараға қатыса отырып, пайдаланушы осы Ережелермен келіседі және ФМҚ-ға оның аты-жөнін iqos.com сайтында орналастыруға және (немесе) ұтыс жағдайында @iqos_kaz Instagram парақшасында және ФМҚ жеңімпаздарын анықтаудың тікелей көрсетілімін жүргізген жағдайда @iqos_kaz парақшасында жариялауға келісім береді.

16. ФМҚ кез келген уақытта біржақты тәртіпте осы Ережелерге, сыйақы жеңімпаздарын анықтауды өткізу рәсіміне, сыйақы атауына Ережелердің жаңа редакциясын https://kz.iqos.com/ru/community-wall-contest-rules/ веб-сайтында жариялау арқылы бұл туралы алдын ала жазбаша хабарлаусыз өзгерістер енгізуге құқылы.

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру