IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

Ойын түріндегі Сауалнамаға қатысу нәтижелері бойынша жеңімпаз деп танылған жағдайда, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген, 21 жасқа толған және одан асқан тұтынушыларды марапаттау қағидалары

(бұдан әрі «Қағидалар»)

6 наурыздан 2024 ж. бастап күшіне енеді.


1. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дерекқорында тіркелген, 21 жасқа толған және одан асқан тұтынушыларға (бұдан әрі сәйкесінше «ФМҚ» және «пайдаланушылар») ФМҚ өткізетін электрлік темекі қыздыру жүйелері, сондай-ақ электрлік темекі қыздыру жүйелерімен байланысты басқа да тауарлар туралы ақпарат беру мақсатында ФМҚ барлық пайдаланушыларға «IQOS Kazakhstan» Telegram-арнасында орналастырылған ойын түріндегі сауалнамадан (бұдан әрі сәйкесінше «Телеграмм» және «Сауалнама») өтуді ұсынады.

2. Пайдаланушыларға жүргізілетін Сауалнама жөнінде ақпарат беру үшін ФМҚ Телеграмдағы арнайы бөлімге тиісті ақпаратты орналастыру, сондай-ақ пайдаланушылармен байланысу үшін ФМҚ қолданатын басқа да арналардың (соның ішінде, бірақ онымен шектелмей, SMS-хабарламалар, электрондық хаттар және т.б.) көмегімен (бұдан әрі барлығы бірге «Хабарлама») ақпарат беру арқылы пайдаланушыларға сауалнама тақырыптары, жеңімпаздардың саны, сыйлық түрлері, басқа да шарттар туралы хабарлайды.

3. Сауалнама аяқталғаннан кейін (Сауалнамадан кейін деректерді жинау мерзімі аяқталған күннен кейінгі жұмыс күні), ФМҚ одан сәтті өткен пайдаланушылардың, яғни тапсырмаларды дұрыс орындаған және Ойындағы барлық 4 бөлмеден сәтті өткен пайдаланушылардың арасынан 12 (он екі) бас жеңімпазды анықтайды (сыйлықтар: 2 (екі) Apple iPhone 14 256GB смартфоны және 10 (он) Garmin Forerunner 255 Music, WiFi сағаты). Сонымен қатар Сауалнама аяқталған соң ФМҚ Сауалнамаға қатысқан, бірақ жеңімпаз атанбаған 50 (елу) пайдаланушыны анықтап, марапаттайды (сыйлықтар: сағаты бар Яндекс Мини Smart бағанасы (бұдан әрі «қосымша жеңімпаздар»))

4. Осы Қағидалардың 3-тармағында көзделгендей, жеңімпаздар, сондай-ақ Сауалнамаға қатысқан, бірақ жеңімпаз болмаған пайдаланушылар нотариус пен ФМҚ өкілінің қатысуымен анықталады.

5. ФМҚ-ның қалауы бойынша Іс-шараның жеңімпаздарын және Сауалнамаға қатысқан, бірақ жеңімпаз атанбаған пайдаланушыларды анықтау процесі Телеграмда онлайн режимінде таратылуы мүмкін.

6. Сыйлықтар ФМҚ Хабарламаларда қолданатын осы сыйлықтардың суреттерінен өзгеше болуы мүмкін. Сыйлықтар айырбасталмайды, сонымен қатар олардың құны ақша баламасымен төленбейді. Барлық сыйлықтардың саны шектеулі және тек ФМҚ-ның қалауы бойынша анықталады.

7. Барлық жеңімпаздарға және Сауалнамаға қатысқан, бірақ жеңімпаз атанбаған пайдаланушыларға ФМҚ дерекқорында тіркелу кезінде пайдаланушылар көрсеткен ұялы телефон нөмірлері мен электрондық пошта мекенжайларына сәйкесінше SMS-хабарлама жіберу, қоңырау шалу және (немесе) электрондық хаттар жолдау арқылы жеңімпаздар тізіміне енгізілгені туралы хабарланады. Бұл хабарлама жеңімпаз/жеңімпаздар және Сауалнамаға қатысқан, бірақ жеңімпаз атанбаған пайдаланушылар анықталған күннен бастап 24 сағат ішінде жолданады.

8. Егер жеңімпаздардан ФМҚ-ға 24 сағат ішінде сыйлықты жеткізу мекенжайы, күні және уақыты туралы ақпаратты қамтитын кері байланыс келіп түспесе, ФМҚ келесі 3 жұмыс күні ішінде тағы 3 рет қоңырау шалу әрекетін жасайды.

9. Егер ФМҚ осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген мерзім ішінде жеңімпазбен ФМҚ дерекқорында тіркелу кезінде көрсетілген ұялы телефон нөмірі арқылы байланыса алмаса немесе жеңімпаз ФМҚ-ға өз бетінше ертерек хабарласпаса (2121 нөмірі арқылы Қолдау қызметіне қоңырау шалу немесе Instagram-дағы IQOS ресми парақшасына хабарлама жіберу) немесе барлық шарттар орындалмаса, пайдаланушы жеңімпаз мәртебесінен айырылып, бұл жөнінде оған SMS-хабарлама және (немесе) электрондық хат жіберіледі. Мұндай жағдайда ФМҚ осы тармақта көзделгендей пайдаланушы жеңімпаз мәртебесінен айырылғаннан кейін 7 (жеті) күн ішінде Телеграмда іс-шараның жаңа жеңімпазын анықтауға немесе Сауалнаманы бір немесе бірнеше жеңімпазсыз аяқтауға құқылы.

10. Сауалнамаға қатысу мынаны білдіреді:

• пайдаланушының осы Қағидалармен танысуы, оның мазмұнымен келісуі, толық түсінуі, пайдаланушының оларды өз бетінше сақтауға келісуі, осы Қағидалардың сақталуына толық жауапты болуы, сондай-ақ Сауалнамаға қатысу нәтижелерімен келісуі;

• пайдаланушының дербес деректерін, соның ішінде биометриялық деректерін жинауға, өңдеуге (соның ішінде трансшекаралық беруге), табыстауға, ресми жариялауға, соның ішінде пайдаланушының фотосуреттерін және пайдаланушы бейнеленген басқа да кескіндерді, пайдаланушы қатысқан бейнежазбаларды, атын, тегін, әкесінің атын (бар болса), телефон нөмірін, электрондық поштасының мекенжайын, әлеуметтік желілердегі профиль атауларын, Сауалнамаға қатысу және жеңімпаздарды анықтау кезінде қолданылатын басқа да деректерін орналастыруға келісуі;

11. ФМҚ Сауалнаманы өткізу кезінде ФМҚ-ның немесе басқа да 3-ші тараптардың пайдасына ешқандай төлем жасауды сұрамайды, Сауалнама туралы ақпарат тек ФМҚ-ның атынан пайдаланушылардың ФМҚ дерекқорында тіркелу кезінде көрсетілген жеке телефон нөмірлеріне, электрондық пошта мекенжайларына жіберіледі.

12. Егер қандай да бір себеппен осы Қағидалардың бір немесе бірнеше ережесі жарамсыз немесе заңды күші жоқ деп танылса, бұл басқа ережелердің жарамдылығына немесе қолданылуына әсер етпейді.

13. Сауалнамаға қатыса отырып, пайдаланушы осы Қағидалармен сөзсіз келіседі.

14. ФМҚ пайдаланушыға алдын ала жазбаша түрде хабарламай, осы Қағидаларға, сыйлық жеңімпаздарын анықтау процедурасына, сыйлықтардың атауларына, олардың саны мен қасиеттеріне веб-парақшада Қағидалардың жаңа редакциясын жариялау арқылы кез келген уақытта біржақты тәртіппен өзгерістер енгізуге құқылы.


Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру