ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ

HEETS ҚЫЗДЫРЫЛҒАН ТЕМЕКІ ТАЯҚШАЛАРЫНЫҢ САТУ ШАРТТАРЫ

31 қазан 2018 жылғы №102-БҰЙРЫҚ

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының қыздырылатын темекі стиктеріне сұранысын қанағаттандыру шараларын қамтамасыз ету мақсатында,

БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. 11.2017 жылғы №159-Бұйрықтың күші жойылсын.
  2. 12.2017 жылғы №170-Бұйрықтың күші жойылсын.
  3. 04.2018 жылғы №26-Бұйрықтың күші жойылсын.
  4. Ішкі сауда объектілерінде, сондай-ақ жеке кеңесші-сатушылар үшін 01.11.2018 ж. бастап 18 жастан асқан тұтынушы үшін HEETS қыздырылатын темекі стиктерін (әрі қарай «стиктерін») сатудың келесі шарттары орнатылсын:
    1. Тұтынушының деректер базасында соның атына тіркелген IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі (әрі қарай «Жүйе») болуы тиіс. Егер Жүйе тұтқышы ешбір тұтынушының атына тіркелмесе, онда осы Жүйені көрсеткен тұтынушы, тұтқышты қоса, оны дүкенде өз атына тіркеуі тиіс.
    2. Тұтынушы өзінің жасы мен аты-жөнін растауы үшін жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуі тиіс. Егер тұтынушы IQOS кәмелетке толған пайдаланушыларының деректер базасында бұрын тіркелмеген болса, онда осындай тұтынушыға тіркеліп, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру ұсынылады.
    3. Стиктер осы бұйрықтың 2-тармағының жоғарыдағы a және b тармақшаларында сипатталған шарттарға сәйкес тұтынушыға қажетті мөлшер мен ассортиментте сатылады, бірақ бір тұтынушыға бір күнтізбелік айда барлығы 50 қораптан аспауы тиіс.
  5. Iqos.com электрондық сауда веб-сайтында стиктерге тапсырыс жасаған кезде осы Бұйрықтың 2-т. «с»-тармақш. қарастырылған шарт қолданылсын.
  6. Осы Бұйрықтың 2-т. мен 3-т. белгіленген стиктер саны ішкі сауда объектілері, жеке кеңесші-сатушылар мен электрондық сауда веб-сайты үшін жиынтық сан болып табылады.

 

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.