IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Кіру

Телефон
Email
+7(---)-------
СМС-кодты қабылдау
Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркеу
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Кіру

Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркелу
Артқа

Для восстановления пароля
введите ваш Email

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Құпиясөзді өзгерту

Кемінде 8 таңба
Тек латын әріптері
Бір немесе бірнеше сандар
Бас және кіші әріптер
Жіберу
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

ЖАРИЯ ОФЕРТА

(барлық елеулі талапты қамтитын бөлшектеп сатып алу-сату шартын
жасасу туралы ұсыныс)

2023 жылғы 15 желтоқсаннан бастап жарамды

«Филип Моррис Қазақстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жиырма бір жасқа толған, темекіні, темекі өнімдерін немесе құрамында никотині бар (никотиннен тәуелділікті емдеуге арналған препарат болып саналмайтын) өнімдерді тұтынушы болып табылатын және Тауарларды (олардың анықтамасы төменде берілген) сатып алуға мүдделі кез келген жеке тұлғаға мынадай жария шартты жасасуға ұсынады:


kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату


ЖАРИЯ ШАРТЫ


Кіріспе

Осы бөлшектеп сатып алу-сату жария шарты (бұдан әрі «Шарт») жария офертаның ажырамас бөлігі болып табылады және бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90 мекенжайы бойынша тіркелген, пошта индексі: B40A6M8 немесе 040700 заңды тұлға, бір тараптан, және бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын, жиырма бір жасқа толған, темекіні тұтынушы болып табылатын және Тауарларды (олардың анықтамасы төменде берілген) сатып алуға мүдделі, Шартты жасасу туралы ұсынысты (жария офертаны) акцептеген кез келген әрекетке қабілетті жеке тұлға, екінші тараптан, өзгеріссіз Сатушының талаптарымен, kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында (бұдан әрі «Интернет-ресурс» ) Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату мәселелері бойынша жалпы және негізгі өзара әрекеттесу талаптарын регламенттейді.


Анықтамалар

1.1 Тауар - IQOS, IQOS ILUMA, lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі, қыздырылатын темекісі бар бұйымдар, атап айтқанда, HEETS, TEREA, FIIT қыздырылатын темекі таяқшалары, сондай-ақ Тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушыда бар, Сатушының каталогіне сәйкес Сатушы сату үшін Тұтынушыға белгілі бір бағамен ұсынған кез келген басқа тауарлар. Сатушы сату үшін ұсынатын Тауарлардың тізімі мен олардың құнын ол біржақты тәртіппен айқындайды және олар Сатушының каталогінде көрсетіледі.

1.2 Каталог - Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде орналастырылған, Тауарлардың ассортименті мен тиісті бағалары көрсетілген, Сатушы сату үшін Тұтынушыға ұсынатын Тауарлар тізімі.

1.3 Тапсырыс - Интернет-ресурста таңдалған Тауарларды сатып алу және Тұтынушыға жеткізу жөніндегі Тұтынушының тиісті түрде рәсімделген сауалы.

1.4 Қолдау қызметі – Тұтынушыға Тапсырыс, Тауарлар және оларды жеткізу туралы ақпаратты, сондай-ақ осы Шарт шеңберінде Тұтынушыға қажетті өзге де ақпаратты беруге жауапты Сатушының байланыс орталығы. Телефон нөмірі: 2121

1.5 Тараптар – бірге атаған кезде, Сатушы мен Тұтынушы.

1.6 Кепілдік жарна – Тұтынушы Тауарға тиісті Тапсырысты рәсімдегеннен кейін Тараптар қол жеткізген Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім негізінде болашақта олардың арасында Шарт жасасуды қамтамасыз ету үшін Тұтынушы Сатушыға төлейтін ақшалай сома.

1.7. Хабарлама– Тұтынушы ФМҚ дерекқорында тіркелген кезде көрсеткен ұялы телефон нөмірін пайдалана отырып, ФМҚ Тұтынушыға СМС-хабарлама арқылы немесе сәйкесінше Телеграм арнасындағы хабарлама арқылы жіберетін электрондық хабарлама.

1.8 Телеграм арнасы – Тұтынушыларға арналғанIQOSKZ_Support_bot ресми телеграм-боты.


Шарттың мәні


2.1 Сатушы Тауарды кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес пайдалану мақсаттары үшін Тұтынушының меншігіне беруге міндеттенеді, ал Тұтынушы Тауарды Тапсырыс рәсімдеу кезінде қолданылатын Тауарлар каталогіне және осы Шарттың басқа да талаптарына, соның ішінде Сатушының бұйрықтарымен және (немесе) өзге де құжаттарымен белгіленген талаптарға сәйкес төлейді және қабылдайды

2.2 Тауардың ерекшелігіне, оны сатып алу тәсіліне және (немесе) Сатушы белгілеген Тауарды сатып алу-сатудың өзге де талаптарына байланысты осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын және Тұтынушы Платформада немесе Қолдау қызметіне хабарласып таныса алатын Сатушының жекелеген бұйрықтарында, қағидаларында немесе өзге де құжаттарында болуы мүмкін қосымша, өзгертетін, нақтылайтын және өзге де ережелер болуы мүмкін


Шарт жасасу және оның талаптарын өзгерту тәртібі

3.1 Осы Шарт Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 387-бабына сәйкес жария шарт болып табылады, яғни Тауарлардың бағасын және Шарттың басқа да талаптарын Сатушы Тапсырысты рәсімдеу кезінде Шарт жасасуға қатысты бір Тұтынушыға басқа тұтынушылар алдында артықшылық бермей, барлық Тұтынушылар үшін бірдей етіп белгілейді.

3.2 Сатушы Тапсырыс рәсімделген сәтке дейін Жария оферта мен оның ажырамас бөлігі болып табылатын Шарттың талаптарын біржақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тапсырыс рәсімделгеннен кейін оған өзгерістер енгізуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жол беріледі.

3.3 Тұтынушының Интернет-ресурста тіркелуі офертаны алудың, оның барлық талаптарымен және оны акцептеу тәртібімен танысудың растамасы болып табылады. Тұтынушы Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген жағдайлардың әрқайсысына қатысты жиынтығында мынадай іс-әрекеттерді жасаған кезде, Тұтынушы офертаны акцептеген деп танылады (акцепт жасалған деп танылады), ал Шарт төмендегі 3.3.1. және 3.3.2-тармақшаларда көрсетілген мынадай жағдайларда жасалған деп танылады:

3.3.1 Кепілді жарнаны төлеген кезде:

3.3.1.1. Тауарға Тапсырысты рәсімдеу;

3.3.1.2. Кепілдік жарнаны төлеу;

3.3.1.3. Тұтынушыны Тапсырысты рәсімдеген және Кепілдік жарнаны төлеген тұлға ретінде сәйкестендіру мақсатында, ал Сатушы (оның өкілі) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмәнданған жағдайда – оның көрсетілген жасқа толғанын растау мақсатында Тауар Тұтынушыға берілген сәтке дейін оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын Сатушыға (оның өкіліне) ұсыну.


3.3.2. Тауар ақысы оны жеткізгенде төленген кезде:

3.3.2.1 Тауарға Тапсырысты рәсімдеу;

3.3.2.2. Тұтынушыны Тапсырысты рәсімдеген тұлға ретінде сәйкестендіру мақсатында, ал Сатушы (оның өкілі) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмәнданған жағдайда – оның көрсетілген жасқа толғанын растау мақсатында Тауар Тұтынушыға берілген сәтке дейін оның жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын Сатушыға (оның өкіліне) ұсыну;

3.3.2.3. осы Шартта көзделген талаптарға сәйкес Тауар ақысын төлеу;


Тұтынушының Шарттың осы тармағында жоғарыда көрсетілген кез келген әрекетті жасамауы немесе Шарт талаптарын бұза отырып жасауы Тұтынушының жария офертаны қабылдаудан және Шартты жасасудан бас тартуы болып саналады. Тұтынушының акцепт жасауы Тұтынушының Тауарды сатып алу талаптарымен танысуы мен келісуінің растамасы, сондай-ақ Тұтынушының Сатушымен осы Шарттың талаптарымен Тауарды сатып алу-сату шартын жасасуға келісуінің растамасы болып табылады. Тұтынушының Тапсырысты әрбір рәсімдеуі осындай Тапсырыста айқындалған Тауарға қатысты онымен Шарт жасасу үшін дербес негіз ретінде қаралады. Тапсырысты рәсімдеу кезінде Кепілдік жарнаны төлеу жағдайлары үшін – Тұтынушы Тауарға тапсырыс рәсімдеуді аяқтаған және Сатушы осы тапсырысты қабылдаған сәттен бастап Тұтынушының Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісім жасасуға акцептісі жасалған болып саналады, ал Кепілдік жарнаны төлеу туралы келісімнің өзі осы Шартта көзделген талаптармен Сатушымен жасалған болып саналады.


4. Тауар туралы жалпы ережелер


4.1. Тараптар Интернет-ресурста орналастырылған барлық ақпараттық материалдардың (бейне, фото, мәтін және т.б.) анықтамалық сипатқа ие екенін және Тауардың қасиеттері мен сипаттамалары, соның ішінде түсі, өлшемдері мен пішіндері туралы ақпаратты толық көлемде бере алмайтынын мойындайды. Тауар туралы ең толық және өзекті ақпарат Тұтынушыны қызықтыратын Тауардың таңбаламасында болады. Тұтынушыда тауардың қасиеттері мен сипаттамаларына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, Тұтынушы Тауарды сатып алмас бұрын Сатушының ішкі сауда нысандарына немесе Қолдау қызметіне Тауар туралы қызықтыратын ақпаратты алу үшін, соның ішінде дербес презентация үшін жүгінуге құқылы. Мекенжайлары көрсетілген Сатушының ішкі сауда нысандарының тізімі Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде қолжетімді.

4.2. Сатушы тапсырысты рәсімдеу кезінде Сатушының қоймасында бар тиісті сападағы Тауарды сатуға ұсынады. Осы арқылы Тараптар Тауарлар каталогінде көрсетілген белгілі бір түрдегі Тауардың Сатушы қоймасында қысқа мерзім бойы болмауы мүмкін екенін мойындайды. Бұл жағдайда Сатушы мұндай Тауардың қоймада болуын тезірек қалпына келтіруге немесе Тауар ассортиментін қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайда Тауарлар каталогіне тиісті өзгерістер енгізуге қажетті күш салуы тиіс.

4.3. Тауарға меншік құқығы және онымен байланысты тәуекелдер Тауар Тұтынушыға берілген сәтте Сатушыдан Тұтынушыға ауысады.

4.4. Тауарлардың белгілі бір түрлеріне кепілдік беріледі. Кепілдік қолданылатын Тауарлардың кепілдік мерзімі мен қызмет ету мерзімі (бұдан әрі «Кепілдік мерзімі») Тауарлар жиынтығына кіретін тиісті құжаттарда көрсетілген. Кепілдік мерзімін анықтайтын, Тауарлар жиынтығына кіретін арнайы құжаттардың болмауы мұндай Тауарларға кепілдік көзделмегенін білдіреді.


5. Интернет-ресурста тіркелу

5.1. Интернет-ресурста тіркелу Тұтынушыға Интернет-ресурсқа қол жеткізу және Тапсырыс беру құқығын береді.

5.2. Жиырма бір жасқа толмаған тұлғаның Интернет-ресурста тіркелуге құқығы жоқ.

5.3. Интернет-ресурста тіркелу үшін Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі тұлғаға тіркеу нысанында жеке сәйкестендіру нөмірін (ЖСН) енгізу қажет. Сатушы Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі тұлғаның жасын жария қолжетімді көздерден оның ЖСН-ін пайдалана отырып тексеріп, тұлға жиырма бір жасқа толған жағдайда ғана Интернет-ресурста тіркелуді растайды.

5.4. Егер тексеру нәтижелері бойынша Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі тұлғаның жиырма бір жасқа толмағаны анықталса, Сатушы мұндай тұлғаны Интернет-ресурста тіркеуден бас тартады. Жалпыға қолжетімді көздерде Интернет-ресурста тіркелуге мүдделі тұлғаның жасы туралы ақпарат болмаған жағдайда, Сатушы Сатушының электрондық поштасына жіберу арқылы немесе Сатушы айқындайтын өзге де тәсілмен осы тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың сканерленген көшірмесін ұсынуды сұратуға құқылы. Құжаттың түпнұсқалығына немесе оның деректерінің жалғандығына қатысты күмән туындаған жағдайда, Сатушы жеке басты куәландыратын құжаттың сканерленген нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуды сұратуға құқылы.

5.5. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде өзі ұсынатын деректердің дәлдігі мен дұрыстығына жауап береді.

5.6. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде Тұтынушы көрсеткен құпиясөзді үшінші тұлғаларға хабарламауға міндеттенеді. Тұтынушыда оның құпиясөзінің қауіпсіздігіне немесе үшінші тұлғалардың есептік жазбаны рұқсатсыз пайдалану мүмкіндігіне қатысты күмән туындаған жағдайда, Тұтынушы Интернет-ресурстағы құпиясөзін дереу өзгертуі тиіс.


6. Тапсырысты рәсімдеу және Кепілдік жарнаны төлеу тәртібі

6.1. Тұтынушының Тапсырысты рәсімдеуі мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:

• «Сатып алу» бөліміне өтіп, Тауарлар каталогінен Тауарды таңдау және таңдалған Тауарларды «Себетке» қосу;

• «Себеттегі» ассортименттің таңдалған Тауарларға сәйкес келетінін тексеру және қажет болған жағдайда «Себетке» Тауарларды қосу немесе алып тастау, содан кейін «Тапсырысты рәсімдеу» түймесін басу;

• «Дербес деректер» секциясында тегінің, атының, телефон нөмірінің шындыққа сәйкес келетінін тексеру, сондай-ақ ашылмалы тізімнен қаланы таңдау және пошта индексін, көше атауын, үй нөмірін, пәтер нөмірін (қолданылатын болса) көрсету арқылы тиісті бөлімде жеткізу орнын (мекенжайын) көрсету, содан кейін «Төлеу» бөліміне өту үшін «Келесі қадам» пәрменін басу;

• «Төлеу» бөлімінде жеткізу құнын қоса алғанда, Тапсырыстың қорытынды құнымен танысып, төлем тәсілдерінің ұсынылған нұсқаларының бірін таңдау: Кепілдік жарнаны төлеу немесе Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу;

• тиісті тармаққа белгі қою арқылы Жеткізу талаптарын қоса алғанда, Жария офертамен және Жария шартпен танысуды және келісуді растау, содан кейін «Растау» түймесін басу;

• Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу таңдалған жағдайда – Epay төлем бетінде банк картасының деректерін енгізу және төлемді (Кепілдік жарнаны төлеуді) жүзеге асыру үшін қажетті әрекеттерді орындау. Осыдан кейін kz.iqos.com Интернет-ресурсына қайтару жүзеге асырылады, мұнда төлем сәтті авторизацияланған болса, жүйе Тапсырыс нөмірі туралы хабарлайды. Авторизация расталған жағдайда, Тапсырыс берілген талаптарға сәйкес автоматты түрде өңделеді;

• Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу таңдалған жағдайда – Кепілдік жарнаны сәтті төлегеннен кейін Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде өзі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына растау туралы мәліметтері және Тапсырыстың егжей-тегжейі бар электрондық хабарлама алады;

• Тапсырысты рәсімдеу кезінде Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу таңдалған жағдайда – Тапсырыс сәтті рәсімделгеннен кейін Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде өзі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына растау туралы мәліметтері және Тапсырыстың егжей-тегжейі бар электрондық хабарлама алады.


6.2. Тұтынушының Интернет-ресурста Телеграм арнасы арқылы Тапсырысты рәсімдеуі Телеграм арнасында мынадай дәйекті әрекеттерді орындау жолымен жүзеге асырылады:

• Телеграм арнасындағы мәзірден тиісті өрісті таңдап, «Дүкен» бөліміне өту, содан кейін «Сатып алуға көшу» бөліміне өту;

• жеткізу қаласын растау (қажет болған жағдайда жеткізу қаласын дұрыс қалаға өзгерту);

• Тауарды таңдау және «Себетке» өту;

• «Себеттегі» тапсырыс ассортименті мен сомасының таңдалған Тауарларға сәйкес келетінін тексеру және қажет болған жағдайда «Себетке» Тауарларды қосу немесе алып тастау, содан кейін «Тапсырысты рәсімдеу» түймесін басу;

• сақталған мекенжай бар болса, жеткізу мекенжайын таңдау. Егер сақталған жеткізу мекенжайы болмаса, Тапсырысты жеткізудің өзекті мекенжайын енгізу;

• төлем тәсілін таңдау: Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу немесе Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу:

• төлем тәсілін таңдағаннан кейін, жария офертамен танысуды растап, тапсырыс ақысын төлеуге көшу керек;

• Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу таңдалған жағдайда – банк картасының деректерін тиісті өрістерге енгізу және төлемді (Кепілдік жарнаны төлеуді) жүзеге асыру үшін қажетті әрекеттерді орындау қажет. Осыдан кейін Телеграм арнасына қайтару жүзеге асырылады, онда төлем сәтті авторизацияланған жағдайда, жүйе Тапсырыс нөмірі туралы хабарлайды және Тапсырыс берілген талаптарға сәйкес автоматты түрде өңделеді;

• Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу таңдалған жағдайда – Тапсырыс сәтті рәсімделгеннен кейін Тұтынушы Телеграм арнасы арқылы хабарлама, Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде өзі көрсеткен электрондық пошта мекенжайына растау туралы мәліметтері және Тапсырыстың егжей-тегжейі бар электрондық хабарлама алады.


7. Тауардың құны және Кепілдік жарнаны төлеу немесе Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу талаптары

7.1. Тауардың құны Каталогте, сондай-ақ төлем құжаттарында Тауардың бірлігі үшін теңгемен көрсетіледі. Тауардың құны қосылған құн салығын ескере отырып көрсетіледі.

7.2. Тауарды Тұтынушыға дейін жеткізу құны Тауардың құнына енгізілмеген. Жеткізу құнын Тұтынушы Интернет-ресурста көрсетілген тарифтерге және Тапсырысты рәсімдеу аяқталған кезде қолданылатын жеткізу талаптарына сәйкес төлейді.

7.3. Тауардың құнын және жеткізу құнын Сатушы Каталогке және сәйкесінше Интернет-ресурсқа өзгерістер енгізу арқылы біржақты тәртіппен өзгерте алады. Бұл ретте Тұтынушы Тапсырыс рәсімдеген және Кепілдік жарна төлеген Тауарлардың бағасы мен жеткізу құны (осы Шарттың 6.1-тармағына сәйкес таңдалған төлем тәсіліне байланысты қолданылса) өзгертуге жатпайды.

7.4. Кепілдік жарнаның сомасы Тапсырыс құнының 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде айқындалады (Тауар және жеткізу құны) және Тұтынушы оны банк картасының көмегімен төлейді.

7.5. Кепілдік жарнаны банк картасымен төлеу «Қазақстан Халық Банкі» АҚ төлем беті арқылы жүзеге асырылады. Кепілдік жарна банк картасымен онлайн төленген кезде, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Тұтынушының банк картасының деректерін PCI DSS қауіпсіздік стандарты бойынша қорғайды және өңдейді. Тұтынушының банк картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және Сатушының Интернет-ресурсында немесе қандай да бір басқа жүйелерінде сақталмайды. Сатушы Тұтынушының банк картасының деректеріне қол жеткізе алмайды және оларды сақтамайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кепілдік береді. Қосымша сәйкестендіру қағидалары мен әдістері, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты банк картасын берген банктен нақтылау қажет.

7.6. Әлеуетті сатып алушылар тарапынан осы Шартта көзделген мақсаттарға сәйкес келмейтін тауарды сатып алу жөніндегі жосықсыз әрекеттерді болдырмау үшін Сатушы мынадай шектеу қояды: Тұтынушы жиырма төрт сағат ішінде бір төлем карточкасын пайдалана отырып, Интернет-ресурста Кепілдік жарнаның бестен аспайтын төлемін жасауға құқылы.

7.7. Тауарды жеткізу кезінде оның ақысын төлеу сомасы Тапсырыс құнының (Тауар мен жеткізу құны) 100 % (жүз пайызы) мөлшерінде айқындалады және Тұтынушы оны «Kaspi Bank» АҚ электрондық банк қызметтерін алу тәсілі ретінде QR-код көмегімен төлейді (бұдан әрі «QR-кодпен төлеу»).

7.8. Тауарды жеткізу кезінде оның ақысын төлеу үшін Сатушы (оның өкілі) QR-кодты жасайды, Тұтынушы оны «Kaspi Bank» АҚ мобильді қолданбасы арқылы сканерлеуі тиіс. Тұтынушы QR-кодпен төлем жасау үшін «Kaspi Bank» АҚ мобильді қолданбасында көрсетілген барлық нұсқауларды орындауы тиіс. QR-кодпен төлеген кезде «Kaspi Bank» АҚ Тұтынушының төлем деректерін қорғайды және өңдейді. Тұтынушының банк картасының деректері тек шифрланған түрде беріледі және Сатушының Интернет-ресурсында немесе қандай да бір басқа жүйелерінде сақталмайды. Сатушы (оның өкілі) Тұтынушының банк картасының деректеріне қол жеткізе алмайды және оларды сақтамайды. Интернет-төлемдерді өңдеу қауіпсіздігіне «Kaspi Bank» АҚ кепілдік береді. Қосымша сәйкестендіру қағидалары мен әдістері, сондай-ақ ықтимал комиссиялар туралы ақпаратты «Kaspi Bank» АҚ банкінен нақтылау қажет.

7.9. Сатушы өзінің қағидаларында немесе өзге құжаттарында белгіленген жеңілдіктер мен өзге де арнайы ұсыныстарды қолдануға құқылы, олар туралы ақпарат Тұтынушыға Интернет-ресурста қолжетімді болуы тиіс. Бұл ретте Сатушы жеңілдіктер немесе өзге де арнайы ұсыныстар алу талаптарын белгілеуге құқылы.


8. Тауарды жеткізу

8.1. Тапсырысты рәсімдеу кезінде Кепілдік жарнаны төлеу таңдалған және Кепілдік жарна төленген жағдайда, Сатушы Тапсырыс рәсімделген Тауарды Тұтынушы Тапсырыста көрсеткен орынға (жеткізу мекенжайына) жеткізеді. Тауарларды жеткізу тәсілдері, құны, сондай-ақ болжамды мерзімдері Интернет-ресурстың тиісті бөлімінде орналастырылған және Тапсырысты рәсімдеу кезіндегі жеткізу талаптарында көрсетіледі.

8.2. Тұтынушы Тапсырыс мәртебесін Қолдау қызметінен, Интернет-ресурста көрсетілген Telegram мессенджері немесе онлайн-чат арқылы біле алады.

8.3. Тауарларды жеткізу аумағы Қазақстан Республикасының шегімен шектеледі.

8.4. Сатушы (оның өкілі) Тұтынушыны Тапсырысты рәсімдеген және Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу таңдалғанда Кепілдік жарнаны төлеген тұлға ретінде сәйкестендірген жағдайда ғана, ал Сатушы (оның өкілі) Тұтынушының жиырма бір жасқа толғанына күмәнданса – Тұтынушы Шарт талаптарына сәйкес көрсетілген жасқа толғанын растаған жағдайда, жеткізу кезінде Тапсырыста көрсетілген Тауар Тұтынушыға беріледі. Тұтынушыны сәйкестендіру және (қажет болған жағдайда) оның жасын растау Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасы бойынша жүзеге асырылады.

8.5. Сатушы (оның өкілі) Тұтынушыға Тауарды бергенге дейін ол Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынуға және Сатушыға (оның өкіліне) осы жеке басты куәландыратын құжаттың нөмірі туралы ақпарат беруге міндетті.

8.6. Тұтынушы Сатушыға (оның өкіліне) Тұтынушының жеке басын куәландыратын құжаттың түпнұсқасын ұсынбаған және/немесе Тұтынушы өзі ұсынған құжатқа сәйкес жиырма бір жасқа толмаған жағдайда, Сатушы Тапсырысты орындау күшін жояды және Тапсырысты рәсімдеу кезінде Кепілдік жарнаны төлеу таңдалған жағдайда, Тұтынушыға Кепілдік жарнаның сомасын қайтарады. Бұл ретте Сатушы жеткізу құнын Кепілдік жарна сомасынан ұстап қалуға құқылы.

8.7. Тұтынушы Шарттың 8.5-тармағының талаптарын орындағаннан және Сатушы (оның өкілі) берген Тауарды қабылдағаннан кейін Тұтынушы Тауар мен жеткізу құнын QR-код арқылы төлейді не болмаса Сатушы Кепілдік жарнаның сомасын тиісті Тапсырыста көрсетілген Тауардың және жеткізудің құнын төлеу есебіне есептейді.

8.8. Тауардың кездейсоқ опат болу немесе кездейсоқ зақымдану қаупі Тауар Тұтынушыға берілген және Тұтынушы Тауардың жеткізілгенін және оған берілгенін растайтын құжаттарға қол қойған сәттен бастап Тұтынушыға өтеді.

8.9. Сатушының Тауарды Тұтынушыға беру міндеті Сатушы (оның өкілі) Тауарды Тұтынушыға табыстаған кезде орындалған болып есептеледі.

8.10. Сатушыдан (оның өкілінен) Тауарды қабылдау кезінде Тұтынушы жеткізілген Тауарды қарап шығуға және оның мәлімделген Тауар санына, ассортиментіне, жиынтықтылығына және қаптаманың тұтастығына сәйкестігін тексеруге міндетті. Жеткізілген Тауарға қатысты наразылық болмаған жағдайда, Тұтынушы ілеспе жүкқұжатқа немесе Сатушының өкілі ұсынатын жеткізу тізіліміне қол қояды немесе Тауарды жеткізу кезінде мұндай Хабарламаны жіберуге Сатушы (оның өкілі) бастамашылық етсе, Тұтынушы Тапсырысты орналастырған кезде көрсеткен телефон нөміріне келген Хабарламадан алынған тиісті кодты хабарлайды.


Ілеспе жүкқұжаттағы немесе жеткізу тізіліміндегі Тұтынушының қолы немесе Хабарламадағы кодты Сатушыға (оның өкіліне) хабарлау Тұтынушының Тауарға қатысты наразылықтарын мәлімдемегенін және Сатушы Тауарды Тұтынушыға беру жөніндегі өз міндетін толық және тиісті түрде орындағанын көрсетеді. Жеткізілген тауарға қатысты наразылықтар (Тауарды толық салмау, жөнелту тізімдемесінде көрсетілгеннен өзгеше Тауарды салу, өзге де наразылықтар) болған жағдайда, Тұтынушының нұсқауы бойынша Сатушының өкілі анықталған сәйкессіздіктер туралы акт жасайды және Тұтынушы осындай Тауарды қабылдауға шешім қабылдаған және бұл туралы актіде және жеткізу тізілімінде атап өткен жағдайларды қоспағанда, Тауар Тұтынушыға берілмейді. Бұл ретте Тұтынушы Тауарды қабылдаудан бас тартқан жағдайда, Қолдау қызметі анықталған сәйкессіздіктер туралы акт жасаған Сатушының өкілінен ақпарат алғаннан кейін тиісті Тауарды жеткізу немесе Кепілдік жарнаны қайтару (Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеген кезде төлеу таңдалған жағдайда) бойынша одан арғы іс-әрекеттерді айқындау үшін Тауарды қабылдамаған Тұтынушымен байланысады.


8.11. Тұтынушы Интернет-ресурста тіркелу кезінде және Тапсырысты рәсімдеу кезінде берілген бүкіл ақпараттың дұрыстығы мен анықтығына жауап береді. Осы арқылы Тараптар Тұтынушы дұрыс емес немесе анық емес ақпарат берген жағдайда Сатушы Тауардың уақытылы және тиісті түрде жеткізілетініне кепілдік бере алмайтынына келіседі.


9. Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару

9.1. Кепілдік мерзімі ішінде Тауардың кемшіліктері анықталған жағдайда, Тұтынушы Қолдау қызметіне хабарласып біле алатын басқа тәртіпті Сатушы қосымша анықтамаса, Тұтынушы Қолдау қызметіне шағымданады.

9.2. Кепілдік жағдай туындаған кезде, Тауар Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес айырбасталады немесе қайтарылады. Қайтарылған Тауар үшін ақшалай қаражатты Сатушы аударады:

• Кепілдік жарнаны Тапсырысты рәсімдеу кезінде төлеу таңдалған жағдайда - бұрын сатып алыған зат үшін төлем жасалған Тұтынушының банк картасына ғана. Тұтынушының банк картасына ақша аудару тәртібі мен мерзімдері Тұтынушы мен Тұтынушыға қызмет көрсететін банк арасында жасалған тиісті шартта белгіленеді;

• Тапсырысты рәсімдеу кезінде Тауар ақысын оны жеткізгенде төлеу таңдалған жағдайда (QR-кодпен төлеу) - Тұтынушының «Kaspi Bank» АҚ-дағы банк шотына. Тұтынушының банк шотына ақша аудару тәртібі мен мерзімдері Тұтынушы мен Тұтынушыға қызмет көрсететін банк арасында жасалған тиісті шартта белгіленеді.

9.3. Азық-түліктік емес Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі осы Шарттың №1 қосымшасында белгіленеді. Тауарлардың жекелеген түрлері үшін кепілдік емес жағдайлардың тізімі де Тауар жиынтығына кіретін дайындаушының тиісті құжатында көзделуі мүмкін.

9.4. Тауарды Шарттың осы бабы негізінде айырбастаған кезде, берілген (ауыстыру ретінде) Тауарға кепілдік мерзімі қайтадан есептелмейді.

9.5. Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Сатушы тиісті емес сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша шығыстарды көтереді.

9.6. Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы (осы Шарттың №2 қосымшасы) өтініші бойынша айырбасталады.

9.7. Осы Жария офертаға сәйкес кепілдік жағдайға жататын IQOS/IQOS ILUMA/lil SOLID құрылғысы Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде кепілдік қызмет көрсету шеңберінде kz.iqos.com сайтында орналастырылған myIQOS (бұрынғы CarePlus) бағдарламасының талаптарына сәйкес ауыстырылады.


10. Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару

10.1. Тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару қажет болған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару тәртібі туралы ақпарат алу үшін Қолдау қызметіне жүгінеді.

10.2. Тиісті сападағы Тауар қолданыста болмаған болса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, жапсырмалары, сондай-ақ Тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, оны қайтару және айырбастау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес күнтізбелік он төрт күн ішінде жүзеге асырылады.

10.3. Тауар келесі жағдайларда қолданыста болмаған және оның тауарлық түрі мен тұтынушылық қасиеттері сақталған болып саналады:

• Тауар қаптамасына/бетіне зақым келмеуі;

• жұмыс істейтін IQOS, IQOS ILUMA немесе lil SOLID құрылғысының, қуат беру блогының, USB кабелінің болуы;

• Тауар беттерінде сызаттардың немесе өзге де зақымдардың болмауы.

• ұстағышта және зарядтау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, ұстағыш жүзінің (қыздыру элементінің) тұтастығы;

• тазалау құрылғысында темекі бөлшектері мен темекі иісінің болмауы, сондай-ақ жиынтықтылық – ілгектің болуы, щеткалардың тұтастығы;

• зарядтау құрылғысында жапсырманың, қуат беру блогында қорғағыш үлдірдің және USB кабелінде бекітетін сақинаның болуы;

• Тауардың сериялық нөмірі сақталған;

• зарядтау құрылғысы мен ұстағышқа арналған пластик қойғыштың, үш тілдегі пайдаланушы нұсқаулығы мен кепілдіктің болуы.

Тауар қорабында үлдірдің болмауы тауарлық түрдің бұзылуы ретінде қарастырылмайды.

10.4. Тиісті сападағы Тауарды айырбастаған немесе қайтарған жағдайда, Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды Сатушының мекенжайына жеткізу бойынша барлық шығыстарды көтереді.

10.5. Тауар Тұтынушының белгіленген нысандағы өтініші бойынша айырбасталады.


Дербес деректер

11.1. Сатушы Қазақстан Республикасы заңнамасының дербес деректерді қорғау саласындағы барлық қолданылатын талаптарын сақтай отырып, соның ішінде «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы № 94-V Заңында белгіленген дербес деректер операторының принциптерін, талаптарын, міндеттемелерін сақтай отырып, дербес деректер субъектісі ретіндегі Тұтынушының дербес деректерінің құпиялылығын және өңделуін қамтамасыз етуге міндеттенеді.


Қорытынды ережелер

12.1. Тұтынушы мен Сатушы арасындағы қатынастарға Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері қолданылады.

12.2. Сатушы Тұтынушыны хабардар етпей, осы Шартты біржақты тәртіппен өзгерте алады. Шарттың жаңа редакциясы Тұтынушыны таныстыру үшін Интернет-ресурста орналастырылған күннен бастап күшіне енеді.

KZ.IQOS.COM электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарды бөлшектеп сатып алу-сату жария шартының №1 қосымшасы

IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

C101

Механикалық зақым

C002

Қыздыру элементі зақымданған

C004

Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы


Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С010

Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы

C005

Қақпақтың ілмегі мен серіппесінің зақымдануы


2) Кепілдік жағдайлары:

Ұстағыш

B004

Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз/p>

B043

Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Зарядтау құрылғысы

B006

Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


IQOS ILUMA электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес жағдайлар тізімі

1) Кепілдік емес жағдайлар:

Ұстағыштың зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С004

Ұстағыштың зарядтау контактілерінің зақымдануы

С069

Стик сегменті қыздыру камерасынан алынбайды

С042

Қыздыру камерасының зақымдануы

Зарядтау құрылғысының зақымдануы

С101

Механикалық зақым

С010

Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы


2) Кепілдік жағдайлар:

Ұстағыш

B004

Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 6 (алты) минуттан аз

B043

Ұстағыш аккумуляторының сыйымдылығы төмен

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B103

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жанып тұр немесе қосылмайды

B067

Түймені басқан кезде, қыздыру қосылмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Зарядтау құрылғысы

B006

Зарядтау құрылғысындағы ұстағышты зарядтау индикаторы жанбайды

B032

Зарядтау құрылғысы ұстағышты 20 (жиырма) реттен аз зарядтайды

B038

Зарядтау құрылғысының төменгі индикаторы қызыл түспен жанып тұр

B064

Құрылғының заряды 20 (жиырма) пайдалану сеансына (ILUMA ONE) жетпейді

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B104

Зарядтау құрылғысы зарядталмайды

D001

Жұмыс істейтін құрылғы қордың/ассортименттің болмауына байланысты ауыстырылды (тек ұқсас модельдерді ауыстыру үшін қолданылады)


Азық-түліктік емес тауар – lil SOLID электрлік темекі қыздыру жүйесі үшін кепілдік және кепілдік емес

жағдайлар тізімі


1) Кепілдік емес жағдайлар:

B046

Сұйықтықтың тиюі

C101

Механикалық зақым

B028

Зарядтауға арналған USB ағытпасының зақымдануы


2) Кепілдік жағдайлар:

B004

Темекі стигін пайдалану сеансының ұзақтығы 5 (бес) минуттан аз

B019

Индикатор қызғылт сары түспен жанып тұр

B101

Бағдарламалық жасақтаманың басқа мәселелері

B102

Ұстағыштағы индикатор қызыл түспен жыпылықтап тұр

B104

Құрылғы зарядталмайды


KZ.IQOS.COM электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшектеп сатып алу-сату

жария шартының №2 қосымшасы


___________ қ. 20__ ж. «__» __________

Бұдан әрі «Тұтынушы» деп аталатын ________________________________________________________________________________(ТАӘ)

Жеке куәлік / паспорт №_______________, берілген күні және берген орган _____________________,

Тіркелген мекенжайы ______________________________________________________________________

_______________________________________________________________________________________,

бір тараптан, және

бұдан әрі «Сатушы» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, екінші тараптан, төмендегі туралы осы актіні жасасты


1. Тұтынушы Сатушыға келесі тауарды қайтарды, ал Сатушы оны Тұтынушыдан қабылдап алды:


Тауардың атауы, артикул

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

Тауардың сатып алынған күні: 20__ жылғы «__» ______________.

2. Сатушы қабылданған тауардың орнына Тұтынушыға келесі тауарды берді, ал Тұтынушы оны Сатушыдан қабылдап алды:

Тауардың атауы, артикул

Тауардың сәйкестендіру нөмірі

Тауардың түпнұсқалық қаптамасының сәйкестендіру нөмірі

Тауардың берілген орны: _______________________________________________________________________

Тауардың берілген күні: 20__ жылғы «__» ______________.

Тауарды айырбастау/ауыстыру негізі

Тауарды айырбастау/ауыстыру себебін сипаттау қажет

Тиісті сападағы тауарды күнтізбелік 14 күн ішінде айырбастау

Тиісті емес тауарды күнтізбелік 30 күн ішінде айырбастау

Кепілдік жағдай орын алған кезде ауыстыру

Бұйрық бойынша қосымша арнайы талапқа сәйкес ауыстыру

Басқасы

Қолтаңбалар:

Тұтынушы:

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

___________  ____________________ Сатушы: ___________  ____________________

Қолы   Қолдың толық жазылуы                 Қолы      Қолдың толық жазылуы