IQOS logo
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
Маңызды ақпарат
ЖАРИЯ ОФЕРТА
ЖАРИЯ ОФЕРТА

Кіру

Телефон
Email
+7(---)-------
СМС-кодты қабылдау
Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркеу
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Кіру

Сіз сайтта бірінші рет жүрсіз бе?
Тіркелу
Артқа

Для восстановления пароля
введите ваш Email

ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
Артқа

Алынған СМС кодын енгізіңіз

Сіз кодты 60 сек кейін қайта сұрай аласыз Кодты қайта сұраңыз

Құпиясөзді өзгерту

Кемінде 8 таңба
Тек латын әріптері
Бір немесе бірнеше сандар
Бас және кіші әріптер
Жіберу
Cannot find 'docs_menu' template with page ''

[19.07.2020]

Әлеуметтік желілердегі IQOS парақшалары

Пайдалану шарттары және Құпиялығын сақтау туралы хабарлама

Сіз, бәлкім, жағдайларға байланысты, осы парақшаға әлеуметтік желілердегі IQOS парақшаларының бірінен, атап айтқанда, Facebook немесе Twitter-дегі IQOS Қолдау қызметінің парақшаларының бірінен немесе Instagram-да IQOS туралы ақпарат беруге арналған IQOS парақшаларынан келген боларсыз, әрі қарай мәтін бойынша « Әлеуметтік желілердегі парақша(лар)» деп аталады.

Әлеуметтік желілердегі парақшалар, Қазақстан Республикасының аумағында тұратын темекі өнімдерін және құрамында никотин бар өнімдерден тұтынудан бас тартқысы келмейтін 21 жасқа толған тұлғаларға арналған және біздің Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға қызығушылық таныта отырып, сіз көрсетілген белгілерге сәйкес келетініңізді растайсыз.

Біз кімбіз?

Біз Philip Morris International («PMI») компаниялар тобының құрамына кіреміз. Біз осы Пайдалану шарттарын («Шарттар») жарияланған веб-сайтта немесе тиісті Әлеуметтік желілердегіпарақшасында өзіміздің кім болып табылатынымызды және байланыс ақпаратымызды көрсеттік.

Сіз осы Шарттарды қалай қабылдайсыз?

Сіз Әлеуметтік желілердегіпарақшаларымыздың кез келгенін пайдалану арқылы осы Шарттарды ұстануға келісесіз. Сіз сондай-ақ тиісті платформалардың басқа қолданыстағы пайдалану шарттарын орындауға келісесіз (мысалы, Facebook құқықтары мен міндеттері туралы ережелер, Instagram-ды пайдалану шарттары, Twitter-ді пайдалану шарттары және т. б.). 

Түтінсіз өнімлерге ауысу қағидаттары және біздің ақпараттандыру бойынша міндетіміз

Сізге біздің Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда не істеуге болмайтынын айтпас бұрын, сіз IQOS туралы мыналарды білуіңіз қажет:

PMI ғылыми зерттеулермен расталған және шылым шегуді жалғастырумен салыстырғанда ең жақсы таңдау болып табылатын сапалы түтінсіз өнімдер қатарын ұсынады. Біздің түтінсіз өнімдеріміз бір күні сигареттердің орнын толық басады деп ойлаймыз.

  1. Сигарет шегу қауіпті аурулардың себебі болып табылады және өзіне тәуелді етеді. Кез келген шылымқұмар үшін темекі мен никотинді кез келген түрде тұтынудан бас тарту ең дұрыс шешім болып табылатыны сөзсіз. 
  2. PMI түтінсіз өнімдері шылым шегуді немесе басқа құрамында никотин бар өнімді тұтынуды жалғастырғысы келетін 21 жасқа толған тұлғаларға арналған. 
  3. Біз темекіні немесе құрамында никотин бар өнімдерді ешқашан тұтынбағандарға немесе оларды тұтынудан бас тартқандарға PMI түтінсіз өнімдерін ұсынбаймыз. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекіні немесе құрамында никотин бар өнімдерді тұтынудан бас тартудың баламасы болып табылмайды және никотинге тәуелділікті емдеуге арналған зат болып табылмайды.
  4. PMI түтінсіз өнімдері денсаулық үшін қауіпті және құрамында өзіне тәуелді ететін никотин бар. 
  5. Біз түтінсіз өнімдерімізді тұтынатын 21 жасқа толған тұтынушыларды осындай өнімдерге толық ауысу барысында оларды үйретіп, бағыт бере отырып ақпарат береміз. 
  6. Кәмелетке толмағандар темекіні немесе никотинді кез келген түрде тұтынбауы қажет.
  7. Жүкті әйелдер, сондай-ақ диабетпен немесе жүрек-қан тамырларының ауруымен ауыратын адамдар темекі мен құрамында никотин бар өнімдерді тұтынбауы қажет.

Сіздің үлесіңіз

Біз Әлеуметтік желілердегі парақшаларын үнемі қарап отырамыз, сұрақтарға жауап беріп, пайдалы ұсыныстармен мүмкіндігінше көбірек бөлісуге тырысамыз. Біз сіздердің Әлеуметтік желілердегі парақшалармызға кіретіндеріңізге қуанамыз және сіздердің өткір пікірлеріңіз бен талқылауларыңызды күтеміз, алайда сіздерді тәртіп сақтау мен позитивті ойлауға шақырамыз.

  1. Сіз осы парақшаға орналастыратын жарияланымдарыңыздың мазмұны үшін жауап бересіз, ал біз төмендегідей мазмұндағы кез келген жарияланымды жою құқығын өзімізге қалдырамыз:
  • Дөрекі әрі қорлаушы сөздер
  • Нәсілге, этникалық тиістілікке, діни көзқарасқа, жынысқа, шектеу қойылған физикалық мүмкіндіктерге, сексуалды бағдарлыққа немесе саяси құндылықтарға қатысты өшпенділік пен кемсітушілік сипатты насихаттайтын пікірлер
  • Ашық сексуалды сипаттағы материалдардан тұратын сілтемелер немесе пікірлер
  • Авторлық құқықтарды немесе зияткерлік меншік құқықтарын бұзу
  • Спам, линкбайтинг немесе басқа адамдардың компьютерлерінің немесе мобильді құрылғыларының жұмысына зиян келтіруі мүмкін вирустардан тұратын файлдар
  • Белгілі бір адамдар тобына бас салу немесе қандай да бір адамға сес көрсету, соңына түсу немесе балағаттау үлгісіндегі пікірлер
  • Коммерциялық ұсыныстар немесе жарнама
  • Құпиялылық ақпарат немесе коммерциялық құпия
  • Басқа жеке немесе заңды тұлға рөлінде заңсыз әрекет ету
  1. Біз кел келген пайдаланушыны, жоғарыда баяндалған ақпараттан тұратын немесе лайықсыз форматтағы немесе өзіміз дәлелді деп есептейтін қандай да бір басқа себептермен, посттар мен жарияланымдарды бұғаттау, сондай-ақ егер біз постты осы Шарттарға немесе басқа платформаларды пайдалану ережелеріне сәйкес келмейді деп есептесек, онда Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы кез келген постты жою құқығын өзімізге сақтап қаламыз. Ал біз осындай шешім туралы сізге хабарлауға міндеттіміз.
  2. Пайдаланушы контентін пайдалануға лицензия. Біз сіздің бізге ұсынатын, жариялайтын, Әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздағы Жеке хабарламаларға жіберетін материалдарыңызды пайдаланғымыз келеді.
  3. a) Сіз ұсынатын кез келген Пайдаланушы контентіне қатысты, сіз осы арқылы мыналарға куәлік етіп, кепілдік бересіз:
  4. Сіз IQOS пайдаланушысы болып табыласыз және 21 жасқа (егер таңдалған пайдаланушы контентінде пайда болмасаңыз) немесе 25 жасқа (егер сіз танымал түрде сол пайдаланушы контентінде пайда болсаңыз) толдыңыз;
  5. Сіз Пайдаланушы контенінің авторысыз және ол зияткерлік меншік құқығын, жеке тұлғаның құқықтарын және үшінші тұлғалардың жеке мүліктік емес және / немесе мүліктік құқықтарын бұзбайды және Пайдаланушы контенінавторлық құқық объектісі ретінде пайдалануға лицензия беру үшін сізде барлық қажетті келісім мен рұқсат бар. ;;
  1. с. Сіздің осы келісімге сәйкес Пайдаланушы контентін пайдалануға берген келісіміңіз («Сіздің лицензияңыз») сіздің қабылдаған шарт міндеттемелеріңізді немесе қолданыстағы заңнаманы бұзбайды немесе қарама-қайшы келмейді;
  1. Пайдаланушы контентте танымалы түрде пайда болатын барлық адамдардың, соның ішінде сіздің жасыңыз 25-ке толған және осындай адамдардан і) фотосуретке түсіруге, аудио немесе видеожазба жасауға, іі) олардың фотосуреттерін, аудио және/немесе видеоларын пайдаланушы контентіне қосуға, ііі) егер қажет болса, олардың аттарын PMI-дің немесе PMI үлестес тұлғаларының төменде көрсетілген мақсаттар үшін оларға қандай да бір сыйақы төлеместен пайдалануға және iv) егер PMI сізге тиісті сұратым жіберсе, PMI-ге олардың жазбаша рұқсаттарының көшірмесін беруге рұқсатыңыз бар.
  2. b) Сіз Пайдаланушы контентіне қатысты барлық өз құқықтарыңызды сақтайсыз, алайда осы арқылы PMI мен PMI үлестес тұлғаларына, біздің Пайдаланушы контентін пайдалануымызға қатысты, PMI мен PMI үлестес тұлғаларына Өз лицензияңызды берген күннен бастап PMI-дің қарауы бойынша және қандай да бір міндеттемелерсіз немесе кепілдіктерсіз (айқын көрсетілген немесе ұйғарынды), соның ішінде коммерциялық мақсатта, кез келген заңды мақсатта пайдаланушы контентін пайдалану мен көшіріп алуға, соның ішінде PMI түтінсіз өнімдері мен ілеспе өнімдері, қызметтер мен ақпараттық материалдар туралы ақпарат беру, лицензиялық аударымдарды талап етпейтін, мерзімсіз лицензия бересіз.
  3. c) Осы арқылы PMI мен PMI үлестес тұлғаларына туынды жұмыстарды қайта шығару, өзгерту, көрсету және жасау, Пайдаланушы контентін қандай да бір басқа әдіспен, PMI (немесе PMI кез келген үлестес тұлғаларының) қалауы бойынша жоғарыда аталған мақсатта кез келген ақпарат құралдары мен бүкіл әлемде және әлемнің кез келген елінде, оның ішінде даулы аумақтарда, сондай-ақ кез-келген мемлекеттің немесе елдің юрисдикциясынан тыс жерлерде көпшілік алдында орындау, тарату, трансляциялау және пайдалану құқығын бересіз.
  4. d) Осы арқылы PMI мен PMI үлестес тұлғаларына атыңызды, лақап атыңызды, суретіңізді, көпшілік алдында пайдалану құқығыңызды, тірі дауыспен немесе жазып алып орындалған дауысыңызды, қолтаңбаңызды, фотосуретіңіз бен биографиялық ақпаратыңызды, сондай-ақ пайдаланушы контентіне қосылған кез келген басқа адамның атын, лақап атын, суретін, көпшілік алдында пайдалану құқықтарын, тірі дауыспен немесе жазып алып орындалған дауысын, қолтаңбасын, фотосуреті мен биографиялық ақпаратын https://www.pmi.com/markets/kazakhstan/kk сайтымызда жарияланған іскерлік серіктестеріміздің жеке ақпаратын пайдалану тәртібі туралы хабарламаға сәйкес және пайдаланушы контентіне қосылған барлық адамға осы шарттар туралы хабарлай отырып, пайдалануға рұқсат бересіз.
  5. e) Егер Пайдаланушы контенті үшінші тұлғаның меншік құқығын бұзса, оны ұятқа қалдырса, жеке өміріне араласса немесе кез келген тұлғаның көпшілік алдында пайдалану құқығын бұзса, сіз зиянды өтеуге, PMI мен PMI үлестес тұлғаларын бірін қалдырмай, осындай бұзушылықтар нәтижесінде немесе осыған байланысты барлық наразылық, зиян, жауапкершілік, залал, шығындар мен шығыстар жауапкершілігінен босатып, құқықтық қорғаумен қамтамасыз етуге міндетті боласыз.
  6. f) Сіз Лицензияңыздың ерікті болып табылатынымен келісесіз және оны PMI-ге өз еркіңізбен бересіз.
  7. g) Сіз келешектегі пайдаланушы контентіңізге қатысты Лицензиялық келісімнен кез келген уақытта ugc-claims@pmi.com адресіне (электрондық пошта сәйкестендіргіші) хат жазу арқылы немесе басқа құралдардың көмегімен арналарымыздағы пайдалану шарттарында баяндалған нұсқаулықтарды орындай отырып, бас тарта аласыз, алайда осындай бас тартудан кейін де Сіздің лицензияңыз Сіз бас тартқанға дейін пайдалану шарттарына сәйкес бізге лицензияңызды берген және/немесе арналарымызда, парақшаларымызда жариялаған пайдаланушы контентіне қатысты күшінде қалады. Назар аударыңыз, бас тартуға жасалған сұратымыңызды өңдеу біраз уақытты алуы мүмкін, алайда мұны мүмкіндігінше тезірек жасау үшін бар күшімізді саламыз.
  8. h) Егер сіз сіздің авторлық құқықпен немесе зияткерлік меншік құқығымен қорғалған материалдарыңыз рұқсатсыз пайдаланылды немесе жеке өміріңізге қатысты құқықтарыңыз немесе көпшілік алдында пайдалану құқықтарыңыз бұзылды деп ойласаңыз, онда сіз ugc-claims@pmi.com адресіне (электрондық пошта сәйкестендіргіші) Лицензияңызға қатысты түсінік беруге кез келген сұрақтарды немесе сұратымдарды жібере аласыз.
  9. i) Сіздің лицензияңыз Швейцария заңнамасымен реттеледі және Швейцария Лозанна, Швейцария соттарының құзыретіне кіреді, кез келген халықаралық қайшылықты ережелерді, соның ішінде БҰҰ-ның 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатуға арналған келісімшарттар туралы конвенциясын қоспағанда.

Есіңізде болсын, сіздің немесе басқа тұлғалардың посттары мен жарияланымдары Philip Morris International түсінігін міндетті түрде қамтып көрсетпейді. Біз сіз немесе басқа тұлғалар бөліскен мазмұн немесе сілтеме үшін жауапты болмаймыз. Егер сіз осы парақшамен немесе оның өз қоғамыңыз бар контентімен бөліскіңіз келсе, сіздің жарияланымдарыңызды көріп отырған адамдардың 21 жасқа толған шылымқұмарлар немесе IQOS 21 жасқа толған пайдаланушылары болып табылатынына көз жеткізіп алыңыз.

ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БАС ТАРТУ ТУРАЛЫ ӨТІНІШ

СІЗ БІЗДІҢ IQOS ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ ТӘУЕКЕЛ ЕТЕ ОТЫРЫП ПАЙДАЛАНАСЫЗ. БІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ САЙТТАРЫМЫЗ «ҚАЛАЙ БОЛДЫ» ЖӘНЕ «ҚАЛАЙ ТҮСІНІКТІ» ШАРТЫМЕН ҰСЫНЫЛАДЫ. БІЗ, МҮМКІНДІГІНШЕ, КЕЗ КЕЛГЕН УАҚЫТТА СІЗДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗҒА КІРУІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ОНЫҢ КЕЗ КЕЛГЕН ҚЫЗМЕТІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІУІҢІЗГЕ ТОЛЫҚТАЙ НЕМЕСЕ ІШІНАРА ШЕКТЕУ ҚОЯ АЛАМЫЗ. БІЗ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕН, МЕЙЛІ ОЛ АЙҚЫН КӨРСЕТІЛГЕН НЕМЕСЕ ҰЙҒАРЫНДЫ, СОНЫҢ ІШІНДЕ НАҚТЫ БІР МАҚСАТ ҮШІН САПАСЫ МЕН ЖАРАМДЫЛЫҒЫ ҚАНАҒАТТАНАРЛЫҚ КОММЕРЦИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫҢ ҰЙҒАРЫНДЫ КЕПІЛДІКТЕРІ БОЛСЫН, СОНДАЙ-АҚ КЕЗ КЕЛГЕН КЕПІЛДІКТЕН БАС ТАРТАМЫЗ, ОЛАР: ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗДАҒЫ МАТЕРИАЛДАР ӘЛДЕКІМНІҢ ҚҰҚЫҒЫН БҰЗБАЙДЫ; ПАРАҚША ҮЗДІКСІЗ ЖҰМЫС ІСТЕП ТҰРАДЫ НЕМЕСЕ ҚАТЕЛІКТЕР БОЛМАЙДЫ; ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗ ҚАУІПСІЗ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ; НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗДАҒЫ АҚПАРАТ ТОЛЫҚ, НАҚТЫ НЕМЕСЕ МЕРЗІМДІ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ.

ЕГЕР ҚАНДАЙ ДА БІР ТҰЛҒА СІЗДІҢ ӘРЕКЕТТЕРІҢІЗГЕ НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫҢЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ БІЗГЕ ҚАРСЫ ҚУЫНЫМ АРЫЗ БЕРСЕ, ОНДА СІЗ БІЗДІ ОСЫНДАЙ ҚУЫНЫМ АРЫЗҒА БАЙЛАНЫСТЫ БІРІН ҚАЛДЫРМАЙ, БАРЛЫҚ ЗАЛАЛДАН, ЗИЯН МЕН ШЫҒЫНДАРДАН (ЗАҢГЕРЛІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ШЫҒЫНДАРЫН ҚОСА) БОСАТЫП, ҚОРҒАП ҚАЛУҒА МІНДЕТТІСІЗ.

ҚОЛДАНЫСТАҒЫ ЗАҢНАМАМЕН РҰҚСАТ ЕТІЛГЕН БАРЛЫҚ ЖАҒДАЙДА БІЗ АЙРЫҚША ЖАҒДАЙЛАРМЕН АНЫҚТАЛАТЫН ТІКЕЛЕЙ, ЖАНАМА, АЛДЫН АЛА ОЙЛАСТЫРЫЛМАҒАН, АРНАЙЫ, ЖАНАМА ТҮРДЕГІ, АЙЫППҰЛДЫҚ НЕМЕСЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПАРАҚШАЛАРЫМЫЗДЫ ПАЙДАЛАНУ НЕМЕСЕ ПАЙДАЛАНА АЛМАУ НӘТИЖЕСІНДЕ КЕЛТІРІЛГЕН КЕЗ КЕЛГЕН БАСҚА ШЫҒЫНДАР ҮШІН ЖАУАПТЫ БОЛМАЙТЫНЫМЫЗДЫ ТҮСІНЕСІЗ ЖӘНЕ КЕЛІСЕСІЗ.

БҰҒАН ҚАТЕЛІКТЕР, ОЛҚЫЛЫҚТАР, ЖҰМЫСТАҒЫ ҮЗІЛІСТЕР, АҚАУЛАР, КІДІРІСТЕР, КОМПЬЮТЕРЛІК ВИРУСТАР, ПАЙДАНЫ, ДЕРЕКТЕРДІ ЖОҒАЛТУЫҢЫЗДЫҢ, РҰҚСАТ ЕТІЛМЕГЕН ҚОЛ ЖЕТКІЗУ, ДЕРЕКТЕРІҢІЗДІ ӨЗГЕРТУ, СОНДАЙ-АҚ БАСҚА МАТЕРИАЛДЫҚ ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС ШЫҒЫНДАР НӘТИЖЕСІНДЕ БОЛҒАН ШЫҒЫНДАР ЖАТАДЫ. ОСЫ ШЕКТЕУ ЕРЕЖЕ ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕС ЗАЛАЛДЫ ӨТЕУ ТАЛАП ЕТІЛЕТІНІНЕ, ҰҚЫПСЫЗДЫҚ НӘТИЖЕСІНЕ НЕМЕСЕ ҚАНДАЙ ДА БІР БАСҚА НЕГІЗДЕРГЕ, ТІПТІ БІЗ НЕМЕСЕ БІЗДІҢ ӨКІЛДЕРІМІЗДІҢ ҰҚЫПСЫЗДЫҚ ТАНЫТҚАНДАРЫНА НЕМЕСЕ ОСЫНДАЙ ЗАЛАЛДЫҢ БОЛАТЫНЫНАН ХАБАРДАР БОЛҒАНЫМЫЗҒА ҚАРАМАСТАН ҚОЛДАНЫЛАДЫ.

Деректерді өңдеу

Егер сіз IQOS парақшаларында бізге қандай да бір деректерді беретін болсаңыз, біз оларды құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес өңдеуге міндетті боламыз, онымен осы жерде танысуға болады.

Осы Шарттарға өзгертулер енгізу

Біз осы Шарттарға кез келген уақытта ескертусіз өзгертулер енгізуге құқылымыз. Біз сізге осы Шарттарды сіз IQOS парақшаларымызға кіріп, оларды пайдаланған сайын, өзекті ақпараттан хабардар болуыңыз үшін қарап отыруға кеңес береміз. Егер Шарттармен танысқан соң сіз IQOS парақшаларын пайдалануды жалғастыра беретін болсаңыз, мұндай пайдалану сіздің жаңартылған Шарттарды қабылдағаныңызды білдіретін болады. Осы парақтың жоғарғы жағында көрсетілген күн осы Шарттардың соңғы жаңартылған күні болып табылады.

Қолданылатын құқық

Осы Шарттар мен Әлеуметтік желілердегі парақшаларын пайдалануыңыз Швейцария заңнамасымен реттеледі және Швейцария Лозанна, Швейцария соттарының құзыретіне кіреді, кез келген халықаралық қайшылықты ережелерді, соның ішінде БҰҰ-ның 1980 жылғы тауарларды халықаралық сатуға арналған келісімшарттар туралы конвенциясын қоспағанда..

Құқықтар мен міндеттемелерді беру құқығы, құқықтардан бас тарту, Шарттар қағидаларының дербестігі

PMI осы Шарттар бойынша өз құқықтары мен міндеттемелерін кез келген уақытта, хабарламастан, кез келген тарапқа беруге құқылы, егер бұл ретте қолданыстағы заңнама сізден осындай хабарлама жасауды талап етпесе, алайда бұның осы Шарттарда қарастырылған сіздің құқықтарыңызға немесе біздің міндеттемелерімізге қатысы жоқ.

Кез келген құқығымыздың осы Шарттарға сәйкес іске аспауы немесе іске асуының кешіктірілуі осы құқықтан бас тарту ретінде қарастырылмайды. Пайдаланушылар осы Шарттар әрдайым қолданылады деп ойлауы керек.

Егер осы Шарттардың қандай да бір тармағы жарамсыз деп танылса немесе заңжы күші болмаса, Шарттардың барлық қалған тармағы күшінде қалады.

Шарттармен танысқаныңыз үшін рақмет. Біздің қоғамдастығымыздың рақатын көріңіз!

Қайта қаралған нұсқаға қатысты ескертулер:

Соңғы жаңартылған күн 19.07.2020