ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Логинмен жалғастыру
НЕМЕСЕ

СҰРАҚТАР МЕН ЖАУАПТАР

Trade-in

Trade-in IQOS деген не?
- Бұл қызметпен жаңа IQOS 3 DUO-ға шегерім алу үшін кез келген алдыңғы үлгідегі өз IQOS-ыңызды өткізе аласыз. IQOS 3 DUO-ға шегерім сіз өткізетін үлгіге байланысты өзгереді.
Қандай құрылғыны Trade-in бағдарламасы бойынша өткізуге болады?
- Бағдарламаға IQOS 2.4/2.4P үлгілері (шектеулі топтамаларды қоса алғанда), IQOS 3, IQOS 3 Multi және IQOS 3 тұтқышы қатысады. Егер сіз IQOS 3 тұтқышын өткізетін болсаңыз, онда шегерімді тек IQOS 3 DUO тұтқышына ғана аласыз.
Мен Trade-in қызметін кез келген сауда нүктесінде пайдалана аламын ба?
- Иә, өз құрылғыңызды алып келіп, кез келген IQOS ресми дүкенінде жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алсаңыз болады.
Trade-in қызметі кез келген жаңа құрылғыға ма, әлде тек IQOS 3 DUO-ға ғана жарамды ма?
- Trade-in IQOS 3 DUO-ны сатып алуға ғана жарамды. Бұндайда IQOS 3 DUO-ның шектеулі нұсқалары мен түстерін (мысалы, қоңыр қызғылт) Trade-in бағдарламасының шарттарымен сатып алуға болмайды.
Менің құрылғымды қорапсыз қабылдайды ма?
- IQOS жиынтығыңыздың қорабы талап етілмейді.
Менің құрылғым жұмыс істемейтін болса ше?
- Кепілдік күші жүретін құрылғылар да қабылданады.
Жаңа IQOS 3 DUO-ны Trade-in бағдарламасы бойынша сатып алған жағдайда, оның кепілдігі бола ма?
- Кез келген жаңа құрылғыдағыдай, жаңа IQOS 3 DUO-ның 1 жылға кепілдігі бар.
Мен Trade-in бағдарламасы бойынша өткізген құрылғыны қайтарып алсам болады ма?
- Құрылғыны қабылдау-тапсыру актісіне қол қойып бекітілген қайтарымсыз негізде өткізесіз.
Бағдарламаға шектеулі топтамалардағы құрылғылар қатысады ма?
- Иә, шектеулі топтамадағы кез келген алдыңғы үлгіні өткізе аласыз.
Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алуға басқа ваучерлерді немесе сертификаттарды пайдалана аламын ба?
- Басқа шегерімдер мен арнайы ұсыныстар Trade-in бағдарламасы бойынша алынған жаңа QOS 3 DUO-ға берілетін шегеріммен қосылмайды.
Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алуға қосымша шегерім бар ма?
- Жоқ, Trade-in бағдарламасы бойынша ескі құрылғыны өткізу кезінде алынған шегерім ғана бар.
Trade-in қызметін пайдалануға лимит бар ма?
- Trade-in қызметін пайдалануға лимит жоқ
Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алу үшін екі не одан көп құрылғыны өткізуге бола ма?
- Біреуден артық құрылғыны өткізуге болады, алайда бұндайда бір жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алуға ескі құрылғылардағы екі немесе одан көп шегерімді қосуға болмайды.
Trade-in бағдарламасы бойынша жаңа IQOS 3 DUO-ны сатып алу үшін әр түрлі жиынтықтағы тұтқыш пен қуаттау құрылғысын өткізуге бола ма?
- Иә, тұтқыш пен қуаттау құрылғысы жұмыс істесе немесе кепілдігі бар болса ғана.
Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт шылым шегуді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынуды жалғастырғысы келетін кәмелетке толғандарға арналған түтінсіз өнімдер туралы ақпараттан тұрады. ФМИ түтінсіз өнімдері шылым шегуден бас тартудың баламасы болып табылмайды және шылым шегуден бас тартуға көмектесуге арналмаған.
Жасыңыздың 18-ден асқанын және шылым шегетініңізді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынатыныңызды, сондай-ақ Қазақстанда тұратыныңызды растауыңызды сұраймыз.

Туған күніңізді енгізіңіз:
Растау
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.