IQOS-2021 КОДЫН ПАЙДАЛАНЫП, 10000 ТГ-ДЕН ҚЫМБАТ ТАПСЫРЫС ҮШІН 3000 ТГ ШЕГЕРІМ АЛЫҢЫЗ.
*Осы код барлық IQOS үлгілеріне әрекет етеді * Кодты басқа шегерімдермен және арнайы ұсыныстармен біріктіруге болмайды.

Сұрақтар мен жауаптар

IQOS жүйесі

Электрлік құрылғы ретінде IQOS жүйесінің қауіпсіздігіне кепілдік берілген бе?
QOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайында, пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған. IQOS жүйесінің Еуразиялық экономикалық одағының техникалық регламенттеріне сәйкес жасап шығарылғанын куәландыратын «ЕАС» таңбасын (орамасынан) көре аласыз.
Пайдалану кезінде құрылғы қызып кетеді. Бұл қалыпты жағдай ма?
Тұтқыштың ішіне орнатылған қыздырғыш элементі темекі стигінің ішіндегі темекіні 350 градусқа дейін жанусыз қыздырады. Осыған орай, пайдалану кезінде және пайдаланудан кейін біраз уақыт бойы тұтқыш қыздырылу мүмкін; бұл қалыпты жағдай. IQOS жүйесін Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолдану жағдайындағы қауіпсіздік талаптарын ескеру арқылы жасап шығарылған.
Құрылғы қаншалықты ұзақ жұмыс істейтін болады? Пайдалану мерзімінің аяқталу күні бар ма?
Құрылғыны Пайдаланушының нұсқаулығына сәйкес қолданған жағдайда, IQOS жүйесінің барлық элементтерінің оны жасап шығарушының тарапынан белгіленген сатып алу сәтінен бастап 12 айды құрайтын қызмет ету мерзімі болады.
Ылғалды құрылғыны пайдалануға бола ма?
Құрылғы суланған жағдайда, оны пайдаланбаңыз, себебі ылғалдылық оның бұзылуына әкеліп соқтыруы мүмкін. Пайдаланбас бұрын құрылғының толығымен құрғатылуына көз жеткізіңіз.
Құрылғы көлік сияқты ыстық жерде ұзақ уақыт бойы жатқаннан кейін оны пайдалануға бола ма?
Құрылғыларды осындай жағдайларда ұзақ уақытқа қалдырмаған жөн, себебі осының салдарынан литий-ионды батарея айтарлықтай зақымдану мүмкін.
Сызат пайда болғаннан кейін құрылғыны пайдалану қауіпсіз бола ма?
Зақымдалған құрылғыны пайдаланбаңыз, бұл кері сипаттағы зардаптарға әкеліп, жарақат алудың себебі болу мүмкін.
Құрылғыны орамасынан алғаш рет шығарғаннан кейін бірден пайдалануға болады ма?
Сіз IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін бірден пайдалана аласыз, себебі қуат беру құрылғысының батареясы фабрикада қуатталады. Алайда кейбір жағдайларда, сіз сатып алғанға дейін құрылғы біраз уақыт бойы сақталып жатқан кезде, аккумуляторға қуат беру қажет болады. Пайдаланар алдында нұсқаулықтарды мұқият оқып шығыңыз.
Тұтқыштың іске қосу батырмасын басқаннан кейін ішінен шыққан буды аңғардым, бұл қалыпты жағдай ма?
Тұтқышта темекі стигін пайдалану кезінде темекі буының түзілуі қалыпты жағдай болып табылады. Тұтқышты қуат беру құрылғысында автоматты түрде тазалаған кезде дәл осындай булану үдерісі көрініс табу мүмкін.
IQOS жүйесін алғашында қаншалықты көп уақыт ішінде қуаттау қажет?
Әдетте, IQOS жүйесін сатып алғаннан кейін, қуат беру құрылғысы толық және пайдалануға дайын болады. Алғашқы және кейінгі кездерде қуат беру құрылғысы желіден 90 минут ішінде толығымен қуатталады. Тұтқыш қуат беру құрылғысында алты минут шамасында қуатталады.
Ішінде темекі стигі болған кезде тұтқышты қуаттауға бола ма?
Жоқ. Егер темекі стигі тұтқышта орналасатын болса, сіз қуат беру құрылғысының қақпағын жаба алмайсыз, бұл ретте оның қақпағы тұтқышты қосымша қуаттау мақсатында ашық болу тиіс.
Қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш болмай-ақ қуаттауға бола ма?
Иә. Сіз қуат беру құрылғысын ішінде тұтқыш бар болғанда да, болмағанда да қуаттай аласыз.
Тұтқышты қандай жиілікпен тазалау қажет?
Тұтқыштың қыздырғыш элементін автоматты тазалау рәсімі Тұтқышта темекі стиктерін пайдаланудың әрбір 20 сеансынан кейін іске қосылады. Осыған қоса, қажеттілік туындаған сайын тұтқышты тазалау құрылғысының көмегімен қолмен тазалаған жөн.
Тұтқыштың қақпағын тазалау үшін сабынды пайдалануға бола ма?
Жоқ, тұтқыштың қақпағын тазалау үшін IQOS-тың тазалау құрылғысынан басқа ешқандай тазалау құралдарын пайдаланбаған жөн, бұл ретте, тек таза суды ғана пайдалануға болады. Тұтқыштың қақпағы мен тазалау құрылғысы ылғалды тазалау рәсімінен кейін және мақсаты бойынша пайдаланар алдында толығымен кебу тиіс. Тұтқыш пен қуат беру құрылғысы корпустарының сумен және/немесе басқа сұйықтықтармен жанасуын немесе оларға батырылуын болдырмаңыз.
Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.

ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ

Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.
Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.

АККАУНТЫҢЫЗ БАР МА?

ВОЙТИ С ПАРОЛЕМ
ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?
-немесе-

ЖАҢА ПАЙДАЛАНУШЫ БОЛАСЫЗ БА?

Country

It looks like you are in United States
This website is intended for Kazakhstan