ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ
BACK

IQOS 3 DUO-пен алғашқы әрекеттер

IQOS қайсысы туралы көбірек білгіңіз келеді?

IQOS 3 DUO құрылғыңызды қалай пайдаланады

IQOS 3 DUO құрылғыңызды пайдалана бастау үшін осы оңай әрекеттерді орындаңыз

Қуат деңгейін тексеру үшін IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысының батырмасын басыңыз. Егер қуаты төмен болса, құрылғыны түпнұсқа желілік бейімдегіштің және IQOS кабелінің көмегімен розеткаға қосыңыз. 

IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысын қосу немесе өшіру үшін құрылғының жоғарғы жағындағы батырманы басып, 4 секундтай ұстап тұрыңыз. Қуат деңгейін білу үшін IQOS тұтқышыңыздың шамдарына қараңыз. Екі шам оның толық қуатталғанын білдіреді, енді сіз оны екі рет пайдалана аласыз. Бір шамның жанып тұрғаны бір рет пайдалану қалғанын білдіреді. Егер бірде-бір шам жанбай тұрса, онда тұтқышыңызды қуаттайтын уақыттың келгені.

IQOS 3 DUO тұтқышыңызды пайдалану үшін оған HEETS стиктерін абайлап салыңыз. HEETS стигін айналдырмаңыз. Егер осылай жасасаңыз, жүзін сындырып аласыз. HEETS стиктерін салғаннан кейін тұтқыштың батырмасын басып, басулы күйінде ұстап тұрыңыз. Сіз дірілді сезесіз, ал шамдар сәл жыпылықтайтын болады. Бұл тұтқышыңыздың дайындалып жатқанын білдіреді. Дірілді сезген кезіңізде екі шамның да жанғаны IQOS-ыңыз пайдалануға дайын екенін білдіреді. 

Егер сіз қайтадан екі дірілді сезсеңіз, ол IQOS-ыңыздың уақыты бітуге қалғанын білдіреді. IQOS 3 DUO тұтқышын жылжытып, HEETS стигін шығарыңыз да, тұтқышты қайта жабыңыз. Тұтқыштың күйін тексеру үшін тұтқыштың батырмасын басыңыз. Есіңізде болсын: бір шамның жанғаны бір рет пайдаланау қалғанын білдіреді. Сіз тағы бір рет рахаттанып IQOS-ты пайдалансаңыз немесе тұтқышты қайта қуаттау құрылғысына қойсаңыз болады.  

IQOS 3 DUO тұтқышы қуаттау құрылғысының ішінде болған кезде қуаттау құрылғысының жоғарғы жағындағы шамдарды қадағалап отырыңыз. Шамның жыпылықтағаны тұтқыштың қуатталып жатқанын білдіреді. Екі шамның да жанғаны тұтқышты шығара беруге болатынын білдіреді.

IQOS 3 DUO құрылғыңызды қалай қуаттайды

Қуат деңгейін тексеру үшін IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысының батырмасын басыңыз. Қуаттау құрылғысының жоғарғы жағындағы жыпылықтап тұрған шам батарея қуатының таусылғанын білдіреді. IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысын түпнұсқа желілік бейімдегіштің және IQOS кабелінің көмегімен розеткаға қосыңыз. Енді жыпылықтап тұрған шам батареяның қуатталып жатқанын көрсетеді. Жағдай панелінің толық толы болуы батареяның толық қуатталғанын және ол 20 рет пайдалануға жететінін білдіреді. 

IQOS 3 DUO тұтқышыңыздың шамдарын тексеріңіз. Екі шам оның толық қуатталғанын білдіреді, енді сіз оны екі рет пайдалана аласыз. Бір шамның жанып тұрғаны бір рет пайдалану қалғанын білдіреді. Егер бірде-бір шам жанбай тұрса, онда тұтқышыңызды қуаттайтын уақыттың келгені.

IQOS 3 DUO тұтқышыңыздың қалпақшасын жылжытып, HEETS стигін шығарыңыз да, тұтқышты қайта жабыңыз. IQOS 3 DUO тұтқышын қуаттау құрылғысына орналастырыңыз. Тұтқыштың жоғарғы жағындағы кішкентай екі шамға қараңыз. Егер олар жыпылықтап тұрса, IQOS 3 DUO тұтқышының қуатталып жатқаны. Егер олар үздіксіз жанып тұрса, IQOS 3 DUO тұтқышының пайдалануға дайын болғаны.

IQOS 3 DUO құрылғыңызды қалай тазалайды

Тазалау қиындық тудырмауы тиіс. Біздің IQOS тазалау құрылғымыз бен IQOS тазалау таяқшаларымыз тазалау үрдісін оп-оңай етеді.

Тазалау үшін ешқандай сұйықтықтың қажеті жоқ. IQOS 3 DUO тұтқышыңыз суыған кезде, қалпақшасын шешіп алсаңыз болады.

IQOS 3 DUO тұтқышыңыздың қалпақшасын шешіп, ішінде қалып қоюы мүмкін артық темекіні түсіру үшін тұтқышты абайлап қағыңыз. IQOS тазалау құрылғысының жақсы күйде екенін тексеріңіз. Тазалау құрылғысын тұтқышқа салыңыз. Ол тұтқышқа толық салынғаннан кейін, оны 2 - 3 рет абайлап айналдырыңыз, сосын тазалау құрылғысын шығарып алыңыз.

Арасында IQOS 3 DUO тұтқышыңызды тазалап тұру үшін IQOS тазалау таяқшаларын пайдаланған жөн. Абайлап пайдаланыңыз. Тазалау кезінде жүзді айналып өту керектігін ұмытпаңыз. Сондай-ақ қалпақшаны үстінен де, астынан да тазалаңыз.

Таза IQOS — тамаша дәм кепілі.

Man Holding IQOS 3 White

HEETS стиктерін орналастыру

Темекі стигін IQOS 3 DUO тұтқышыңызға салған кезде оны ешқашан айналдырмаңыз, өйткені бұл қыздырғыш жүзді зақымдауы мүмкін. 

IQOS 3 Gold with Charger

IQOS тұтқышыңызды қуаттау

қадағалаңыз, бұл темекіден үздіксіз рахат алуға мүмкіндік береді. Оны телефоныңызды қуаттаған кезде қуаттап көріңіз. Құрылғы ноутбуктың USB-портына қарағанда желіден жылдамырақ қуатталады.

IQOS Qoach Headset

IQOS 3 DUO құрылғысын пайдалана бастау

IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысының батырмасын басып, 4 секундтай ұстап тұрыңыз, сосын жіберіңіз. Тұтқыш пен қалталық қуаттау құрылғысындағы шамдар жайлап жана бастайды. Тұтқышты қуаттау үшін оны қалталық қуаттау құрылғысына жайлап орналастырыңыз, сосын есігін жабыңыз.

IQOS 3 DUO пайдаланушы нұсқаулығы

IQOS 3 DUO пайдаланушы нұсқаулығын осы жерден жүктеп алыңыз.

Жүктеу

IQOS 3 DUO құрылғыңызға қатысты проблемалар бар ма?

Біз IQOS-ыңызға қатысты туындаған кез келген проблемаңызды шешуге көмектесуге дайынбыз. Проблемаңызды шешу бойынша ақпаратты осы жерден табыңыз.

Шешімін табу

Жиі қойылатын сұрақтар

IQOS Connect қосымшасы туралы толығырақ білгіңіз келеді ме?

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS Connect қосымшасын телефоныңызға жүктеу үшін оны Google Play store қосымшасынан жүктеп алуыңыз қажет. Сіз құрылғыңыздың теңшелімдерін дербестендіріп, пайдалану жөніндегі ақпаратты қарай аласыз. Қосымшаңызды жаңартып тұруды ұмытпаңыз!

Google play logo

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS жайлы тағы да сұрақ бар ма?

Күн сайын сағат 10:00 – 22:00 кезінде ашық

Сайттағы онлайн-чат

Сарапшыларымыздың біреуімен сөйлесіп көріңіз
Чатты бастаңыз

IQOS Facebook-та

Facebook-тағы IQOS ресми парақшамызға кіріп көріңіз
IQOS Kazakhstan

IQOS Twitter-де

Twitter-дегі IQOS қолдау қызметімен байланысыңыз
@iqos_support_kz

электрондық поштасы бойынша IQOS қолдау

Бізге сұрағыңызды жіберіңіз
Info@iqos.kz

Телефон бойынша IQOS қолдау

Бізге 2121
нөмірі бойынша ұялы телефоннан хабарласыңыз

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.