ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ
BACK

IQOS 3 DUO құрылғыңыздың ақауларын жою

Біз Сізге көмектесуге дайынбыз. IQOS құрылғыңызды пайдалану мәселелері бойынша қолдау алыңыз. Ең алдымен, IQOS құрылғыларының қайсысына көмек қажет екенін хабарлаңыз.

IQOS құрылғыңыз баяу қуатталады 

Түпнұсқа кабель мен IQOS желілік бейімдегішін пайдаланғаныңызға көз жеткізіңіз. IQOS-ыңызды компьютердің USB-портынан қуаттау түпнұсқа желілік бейімдегіштен қуаттауға қарағанда төрт есе баяу болуы мүмкін. Дәл осы сияқты, қуаттау кезінде бөтен кабельді пайдалану да қуаттауды бес есе баяулатуы мүмкін.

Егер IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғыңыз толық қуатталған болса, оны электр қоректендіру көзіне қосқан кезде оның күйін көрсететін соңғы шам жыпылықтауы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе және қалталық қуаттау құрылғыңызды қуаттау мүмкін емес дегенді білдірмейді. Және керісінше, егер IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғыңыз толық тоғынан ажыратылған болса, қандай да бір күйін көрсететін индикаторлар пайда болғанға дейін оны ресми желілік бейімдегішке 20 минутқа дейінгі мерзімге қосу қажет болуы мүмкін.

Қалай қуаттайды

IQOS-ыңыздың күйін көрсететін шамдары жыпылықтайды

Егер олар ақ түспен екі рет жыпылықтаса: IQOS 3 DUO құрылғыңыз температураның жұмыс ауқымынан (0° – 50° C) тыс болуы мүмкін. Сондай-ақ IQOS 3 DUO тұтқышыңызды IQOS 3 DUO қалталық қуаттау құрылғысына орналастыру қажет, автотазалау үшін есігін жауып қою қажет.

Егер олар қызыл түспен жыпылықтаса: IQOS 3 DUO құрылғыңызды қайта іске қосыңыз. Егер шам қызыл түспен жанып тұрса, IQOS клиенттерді қолдау қызметінің агентімен хабарласыңыз.

Бізге хабарласыңыз

IQOS-ыңызды қайта іске қосу

Егер IQOS 3 DUO құрылғыңыз қуатталған болса, бірақ жұмыс істемей тұрса, оны қайта іске қосу керек шығар. Мұны жасау үшін қуаттау құрылғысының қосу батырмасын шамдар өшкенше басып тұрыңыз, сосын батырманы жіберіңіз. Күйін көрсететін барлық шамдар өшеді, ақ түспен бір жыпылықтап, сосын өспелі түрде жанады, бұл қайта іске қосылғанын растайды. 

Аэрозоль беру әлсіз сияқты

IQOS 3 DUO тұтқышыңызды тазалап көріңіз. Құрылғының суығанын күтіңіз, сосын қалпақшаны алу үшін жоғары тартыңыз. IQOS тазалау құрылғысын тұтқышқа орналастырыңыз да, оны абайлап айналдырыңыз. Осыны үнемі жасау арқылы құрылғының ішінде темекі қалдығының жиналып қалуын азайтасыз.

Қыздырғыш камера мен құрылғының кейбір бөліктері IQOS тазалау құрылғысы жетпейтін жерде орналасқанын есте сақтаңыз. Осы қол жетпейтін жерлер үшін IQOS тазалау таяқшаларын пайдаланыңыз. Қыздырғыш жүзді сындырып немесе зақымдап алмау үшін шамадан тыс күш қолданбаңыз. 

Қалай тазалаймыз

IQOS құрылғыңыздың жүзі сынып қалды ма немесе басқадай физикалық зақым бар ма?

IQOS құрылғыңыздағы жүздің сынып қалмағанын немесе басқа физикалық зақымданудың орын алмағанын тексеріңіз. Егер осылай болса, өкінішті. IQOS клиенттерді қолдау қызметінің агентіне хабарласыңыз, сосын біз сізге бұл проблеманы шешуге көмектесеміз.

Кейде IQOS 3 DUO тұтқышын тазалағанда құрылғының ішіндегі жүзі зақымдалуы мүмкін. Абайлаңыз, IQOS 3 DUO тұтқышын тазалаған кезде жүзді қатты баспаңыз. Сондай-ақ, HEETS темекі стигі тұтқышта тұрған кезде, оны айналдырмауды қадағалаңыз, себебі мұндай қимыл қыздырғыш жүзді зақымдауы мүмкін.

Бізге хабарласыңыз

Толығырақ ақпаратты IQOS 3 DUO құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз

IQOS 3 DUO пайдаланушы нұсқаулығын осы жерден жүктеп алыңыз.

IQOS 3 DUO пайдаланушы нұсқаулығы

IQOS 3 DUO құрылғыңызды пайдаланған кезде көмек қажет пе?

Бірнеше кеңес берсек қалай? IQOS-ты қалай пайдалану, тазалау, қуаттау керектігі туралы көбірек біліңіз де, осы жерден қысқаша кеңестер алыңыз.

Көбірек білу

Жиі қойылатын сұрақтар

IQOS Connect қосымшасы туралы толығырақ білгіңіз келеді ме?

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS Connect қосымшасын телефоныңызға жүктеу үшін оны Google Play store қосымшасынан жүктеп алуыңыз қажет. Сіз құрылғыңыздың теңшелімдерін дербестендіріп, пайдалану жөніндегі ақпаратты қарай аласыз. Қосымшаңызды жаңартып тұруды ұмытпаңыз!

Google play logo

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS жайлы тағы да сұрақ бар ма?

Күн сайын сағат 10:00 – 22:00 кезінде ашық

Сайттағы онлайн-чат

Сарапшыларымыздың біреуімен сөйлесіп көріңіз
Чатты бастаңыз

IQOS Facebook-та

Facebook-тағы IQOS ресми парақшамызға кіріп көріңіз
IQOS Kazakhstan

IQOS Twitter-де

Twitter-дегі IQOS қолдау қызметімен байланысыңыз
@iqos_support_kz

электрондық поштасы бойынша IQOS қолдау

Бізге сұрағыңызды жіберіңіз
Info@iqos.kz

Телефон бойынша IQOS қолдау

Бізге 2121
нөмірі бойынша ұялы телефоннан хабарласыңыз

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.