ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ
BACK

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңыздың ақауларын жою

Біз Сізге көмектесуге дайынбыз. IQOS құрылғыңызды пайдалану мәселелері бойынша қолдау алыңыз. Ең алдымен, IQOS құрылғыларының қайсысына көмек қажет екенін хабарлаңыз.

Егер IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызға қатысты проблема туындаса, ең алдымен, оның қуаты бар-жоғын тексеріңіз.

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңыздың қуатталғанын қалай тексереді:

IQOS 2.4 PLUS қалталық қуаттау құрылғысының қосулы екеніне көз жеткізіңіз, ол үшін қуаттау құрылғысының қосу батырмасын 1 секундтай басып тұрыңыз. Нәтижесінде, индикатор-шамдар жануы тиіс. Егер олар жанбаса, қалталық қуаттау құрылғысының қосу батырмасын 4 секунд басып тұрыңыз.

Егер Сіз әлі де шамдарды көрмей тұрсаңыз, түпнұсқалық IQOS желілік бейімдегіші мен кабельді пайдалана отырып, қалталық қуаттау құрылғысын қуаттаңыз*.

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңыздың қуатталғанын білу үшін бар болғаны қалталық қуаттау құрылғыңыздың (ішінде тұтқышы бар) батырмасын басу керек — егер қалталық қуаттау құрылғыңыздың жоғарғы жағындағы дөңгелек шам жанса, тұтқышыңыз пайдалануға дайын. Егер шам жыпылықтаса, тұтқыш қуатталып жатыр. Сондай-ақ тұтқышты шығарып алып, индикатор-шамды тексере аласыз. Егер тұтқыштағы шам жанып тұрса, ол қуатталған және пайдалануға дайын.

* Қалталық қуаттау құрылғыңызды қуаттау үшін ноутбугыңыздың USB-портының қуаты жеткілікті болмауы мүмкін екенін ескеріңіз. Оның орнына розетканы пайдалануға кеңес береміз.

IQOS 2.4 PLUS-ты қалай қуаттаймыз

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызды қайта іске қосу

Егер IQOS 2.4 PLUS қуатталған болса, бірақ жұмыс істемей тұрса, келесі қадам — IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызды қайта іске қосу.

Батарея қуатының күйін көрсететін шамдарының астында орналасқан екі батырманы бірге басыңыз, шамамен 2 секундтан кейін барлық шамдардың ақ түспен жыпылықтайтынын көресіз, бұл құрылғының сәтті қайта іске қосылғанын растайды.

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызды тазалау арқылы туындауы мүмкін бірнеше проблеманы шеше аласыз

Сізге IQOS 2.4 PLUS пайдалану кезінде темекі тарту қиын сияқты болып көріне ме? Сізге IQOS 2.4 PLUS пайдаланған кезде аэрозоль жетіспей ме? Бұл проблемалар IQOS тұтқышыңызды тазалау керектігіне байланысты болуы мүмкін.

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызды IQOS тазалау құрылғысының, сондай-ақ IQOS тазалау таяқшаларының көмегімен жүйелі тазалау нағыз темекінің оңтайлы дәмін алатыныңызға кепілдік беріп қана қоймай, IQOS 2.4 PLUS-ты пайдаланған кезде туындауы мүмкін кейбір проблемаларды да шеше алады.

IQOS 2.4 PLUS-ты қалай тазалаймыз Видео

IQOS 2.4 PLUS тұтқышыңыз қуатталмай жатыр ма?

Егер IQOS 2.4 PLUS тұтқышыңыз тиісті түрде қуатталмай жатса, мүмкін, тұтқыштың қуаттау құрылғысымен жалғанған жерін тазалау қажет шығар. Жай ғана IQOS тұтқышыңыздың қуаттау құрылғысымен жалғанған жерін, сондай-ақ IQOS қалталық қуаттау құрылғысының өзін IQOS тазалау таяқшаларының көмегімен тазалаңыз.

IQOS 2.4 PLUS температурасына қатысты проблемалар

IQOS қалталық қуаттау құрылғыңызда немесе IQOS 2.4 PLUS тұтқышыңызда қызыл түспен жыпылықтап тұрған шамды көріп тұрсыз ба? Бұл IQOS құрылғыңыз тым суып немесе тым қызып кеткенінің себебінен болуы мүмкін.

IQOS 2.4 PLUS құрылғысы 10° пен 40° C температура ауқымында жұмыс істейді. Егер қоршаған ортаның температурасы төмен болса, IQOS 2.4 PLUS тұтқышын ең болмаса 1 минут қолыңызда ұстап тұрып, жылытып көріңіз. Егер, керісінше, қатты ыстық болса, құрылғыны салқындау жерге қойыңыз, ол салқындаған кезде жұмыс істеп кетуі тиіс.

IQOS 2.4 PLUS-тың жүзі сынып қалды ма немесе басқа физикалық зақымдану орын алды ма?

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңыздағы жүздің сынып қалмағанын немесе басқа физикалық зақымданудың орын алмағанын тексеріңіз. Егер осылай болса, өкінішті. IQOS клиенттерді қолдау қызметінің агентіне хабарласыңыз, сосын біз сізге бұл проблеманы шешуге көмектесеміз.

Кейде IQOS 2.4 PLUS тұтқышын тазалағанда құрылғының ішіндегі жүзі зақымдалуы мүмкін. Абайлаңыз, IQOS 2.4 PLUS тұтқышын тазалаған кезде жүзді қатты баспаңыз. Сондай-ақ, HEETS темекі стигі тұтқышта тұрған кезде, оны айналдырмауды қадағалаңыз, себебі мұндай қимыл қыздырғыш жүзді зақымдауы мүмкін.

Бізге хабарласыңыз

Толығырақ ақпаратты IQOS 2.4 PLUS құрылғысының пайдаланушы нұсқаулығынан таба аласыз

IQOS 2.4 PLUS пайдаланушы нұсқаулығын осы жерден жүктеп алыңыз.

IQOS 2.4 PLUS пайдаланушы нұсқаулығы

IQOS 2.4 PLUS құрылғыңызды пайдаланған кезде көмек қажет пе?

Бірнеше кеңес берсек қалай? IQOS 2.4 PLUS-ты қалай пайдалану, тазалау, қуаттау керектігі туралы көбірек біліңіз де, осы жерден қысқаша кеңестер алыңыз.

Көбірек білу

Жиі қойылатын сұрақтар

IQOS Connect қосымшасы туралы толығырақ білгіңіз келеді ме?

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS Connect қосымшасын телефоныңызға жүктеу үшін оны Google Play store қосымшасынан жүктеп алуыңыз қажет. Сіз құрылғыңыздың теңшелімдерін дербестендіріп, пайдалану жөніндегі ақпаратты қарай аласыз. Қосымшаңызды жаңартып тұруды ұмытпаңыз!

Google play logo

IQOS 2.4+ with Heets Technology

IQOS жайлы тағы да сұрақ бар ма?

Күн сайын сағат 10:00 – 22:00 кезінде ашық

Сайттағы онлайн-чат

Сарапшыларымыздың біреуімен сөйлесіп көріңіз
Чатты бастаңыз

IQOS Facebook-та

Facebook-тағы IQOS ресми парақшамызға кіріп көріңіз
IQOS Kazakhstan

IQOS Twitter-де

Twitter-дегі IQOS қолдау қызметімен байланысыңыз
@iqos_support_kz

электрондық поштасы бойынша IQOS қолдау

Бізге сұрағыңызды жіберіңіз
Info@iqos.kz

Телефон бойынша IQOS қолдау

Бізге 2121
нөмірі бойынша ұялы телефоннан хабарласыңыз

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.