ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ
Артқа

IQOS 2.4 құрылғысының ақаулықтарын іздеу және оларды жою

Қане, келесіні жасап көрейік

IQOS 2.4 құрылғысы 0° мен 40° C аралығындағы температурада жұмыс істейді.

Қоршаған ортаның төменгі температурасында Тұтқышты кем дегенде 1 минуттай қолыңызда жылытып алыңыз.

Қыздырғыш элементті іске қосу үшін Тұтқыштың батырмасын бір рет басу жеткілікті.

Жарық индикаторының жыпылықтағаны басылып, үздіксіз жана бастаған кезде, құрылғы пайдалануға дайын.

Осыдан кейін Тұтқыштың батырмасын тағы да басып қоймаңыз, құрылғы өшіп қалуы мүмкін.

Тұтқыштың заряд байланыстар (құрылғының төменгі жағын) тазалау үшін IQOS Тазалау таяқшаларын пайдаланыңыз.

Тұтқыштың заряд байланыстары құрғақ екеніне көз жеткізіңіз.

Қуаттау құрылғысының қосулы болғанын*, қуаттандыру розеткасына қосылғанын*** және қуатталғанын (кем дегенде екі индикатор үнемі жасыл түспен жанып тұрады) тексеріңіз.

Тұтқышты Тасымалды қуаттау құрылғысына орналастырыңыз да (ұмытпаңыз, Тұтқыштың заряд байланыстары төмен "қарап тұруы" керек), 10 минут немесе Тұтқыш толық зарядталғанға дейін (Тасымалды қуаттау құрылғысының қақпағындағы жарық индикаторында үнемі жасыл түспен жанып тұрады) күте тұрыңыз.

*Тасымалды қуаттау құрылғысының батырмасын бір рет басыңыз да, жарық индикаторларының жанған-жанбағанын қараңыз). Егер жанбаса, батырманы басыңыз да, 3 секундтай ұстап тұрыңыз.

**Егер Тасымалды қуаттау құрылғысы тоғынан толық ажыратылған болса, онда ноутбуктың USB-портына берілген кернеудің оны қуаттауға күші жетпеуі мүмкін.

Қуаттандыру блогы мен USB-кабельде зақымдардың бар-жоғын тексеріңіз.

Егер зақымдалған болса, жаңа қуаттандыру блогы мен кабельді пайдаланып көріңіз.

IQOS құрылғылары оңтайлы қуатталу үшін тек авторландырылған IQOS Қуаттандыру блоктарымен пайдалануға арналған.

Тасымалды қуаттау құрылғыңыздың қосулы екеніне көз жеткізіңіз*.

Кем дегенде 20 минутқа қуаттандыру желісіне** қосыңыз. Біз 90 минутты қажет ететін толық қуаттауды жөн көреміз.

*Тасымалды қуаттау құрылғысының батырмасын бір рет басыңыз да, жарық индикаторларының жанған-жанбағанын тексеріңіз. Егер жанбаса, батырманы басыңыз да, 3 секундтай ұстап тұрыңыз.

**Егер Тасымалды қуаттау құрылғысы тоғынан толық ажыратылған болса, онда ноутбуктың USB-портына берілген кернеудің оны қуаттауға күші жетпеуі мүмкін.

Тасымалды қуаттау құрылғысын қайта жүктеңіз.

Барлық жарық индикаторлары жыпылықтамайынша ҚОСУ/ӨШІРУ батырмасы мен IQOS-ты тазалау батырмасын бір мезгілде басып, ұстап тұрыңыз.

Тұтқышты қайтадан Тасымалды қуаттау құрылғысына орнатыңыз (есіңізде болсын, Тұтқыштың заряд байланыстары төмен "қарап тұруы" тиіс).

Әлі де жұмыс істемей тұр ма?

Сіздің мәселеңізді шеше алмағанымыз өкінішті. Егер құрылғыңыздың кепілдігі аяқталмаса және сіздің ақауыңызды қамтитын болса, құрылғыңызды қуана ауыстырып береміз.

Клиент қызметіндегі мамандарымызбен хабарласыңыз немесе IQOS дүкендеріміздің біріне келіңіз, біз кепілдік жұмыстарына қатысты мәселелеріңізді шешіп береміз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Қосымша қолдау көрсету

Бізге қоңырау шалыңыз
88000801221 немесе 2121

Facebook
IQOS Kazakhstan

E-mail
info@iqos.kz

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.