ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Continue with login
НЕМЕСЕ

IQOS ҚОЛДАУ ҚЫЗМЕТІНЕ ХАБАРЛАСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ TELEGRAM, WHATSAPP МЕССЕНДЖЕРІ ЖӘНЕ ОНЛАЙН ЧАТ АРҚЫЛЫ

10.09.2018 бастап жарамды

1. IQOS қолдау қызметі IQOS темекі қыздырудың электр жүйесінің (әрі қарай - IQOS) Қазақстан Республикасының аумағында тұратын пайдаланушыларының сұрақтарын жұмыс күндері Астана уақыты бойынша сағат 10.00 мен 22.00 аралығында өңдейді. Сұраққа жауап беру уақыты оның күрделілігі мен қолдау қызметі операторларының жұмысбастылығына байланысты. Бұл ретте қолдау қызметі сұрау салынған сәттен бастап 120 минут ішінде кешіктірмей пайдаланушының сұрағына жауап беру үшін бар күшін салатын болады.

2. IQOS қолдау қызметі IQOS-тың денсаулыққа келтіретін әсеріне байланысты сұрақтарды немесе хабарламаларды немесе IQOS жүйесін пайдаланудан болатын жағымсыз құбылыстарға байланысты басқа сұрақтарды мессенджерлер мен онлайн чат арқылы өңдемейді. Осы тектес сұрақтар IQOS қолдау қызметіне 8 800 080 1221 телефоны бойынша қойылуы тиіс.

3. Егер пайдаланушының мессенджерлер немесе онлайн чат арқылы жіберілген сұрағы телефон бойынша қосымша түсіндіруді қажет етсе, оператор пайдаланушыдан сұрақты IQOS қолдау қызметіне 8 800 080 1221 телефоны бойынша қоюын сұрауы мүмкін.

4. IQOS қолдау қызметі оқуға келмейтін мәтіннен, түсініксіз қысқартулардан немесе былапыт сөздерден тұратын сұрақтарды өңдемейді. IQOS қолдау қызметі пайдаланушыдан былапыт сөздерден тұратын хабарлама алған жағдайда, оны бұғаттауға құқылы.

5. Пайдаланушы IQOS қолдау қызметіне мессенджерлер арқылы хабарласа отырып, IQOS қолдау қызметінің пайдаланушы өз аккаунтында және мессенджерлердің барлық пайдаланушылары үшін қолжетімді, ұялы телефон нөмірін, аты мен бар болса профилінің фотосын қоса, (әрі қарай – Пайдаланушының деректері) орналастырған ақпаратқа қол жеткізе алатынына берген келісімін растайды.

6. IQOS қолдау қызметі Пайдаланушының деректерін тек пайдаланушының мәселесін шешуге көмек көрсету мақсатында ғана өңдейді және Пайдаланушының деректері мен онымен арадағы қатынасхатты пайдаланушылардың мессенджерлер арқылы жасалған өтініштерін өңдеуге тікелей қатысы жоқ үшінші тұлғаларға бермейді.

7. IQOS қолдау қызметі Пайдаланушының деректері мен онымен арадағы қатынасхатты пайдаланушы хабарласқан күннен бастап 3 (үш) жыл ішінде сақтайды.


Осы ережелердің қандай да бір шарттарымен келіспеген жағдайда, пайдаланушы IQOS қолдау қызметіне мессенджері арқылы хабарласпауы қажет.

Telegram сілтемесі

Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-не тиесілі, темекімен байланысты бұйымдар туралы ақпараттан тұрады және сайт Қазақстан Республикасында тұратын 18 жастан асқан темекі тұтынушыларына арналған.
Мен 18 жастан асқанымды және темекі тұтынушысы болып табылатынымды растаймын.
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.