Құжаттар тізімі arrow-icon

2022 ж. 07 ақпандағы № 30 БҰЙРЫҚ

1. 2021 жылғы 05 мамырдағы № 77, 2021 жылғы 24 қарашадағы №205, 2022 жылғы 24 қаңтардағы №16 және 2022 жылғы 2 ақпандағы №26 бұйрықтардың күші жойылсын және осы Бұйрық күшіне енген күннен бастап олардың күші жойылды деп танылсын.

2. Осы Бұйрыққа №1 қосымша түрінде қоса берілген «IQOS 3 DUO «THE WE EDITION құрылғысына TRADE-IN» бағдарламасына қатысу Ережелері бекітілсін және жоғарыда аталған Ережелерге қатаң сәйкестікте жоғарыда аталған Бағдарламаның тиісті арналарда өткізілуі қамтамасыз етілсін.

3. Осы Бұйрық 2022 жылғы 7 ақпаннан бастап күшіне енеді және 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін, қоса алғанда, қолданылады.

4. 21 жасқа толған никотин құрамдас өнімге қызығушылық танытатын (никотинге тәуелділікті емдейтін препараттардан басқа) тұтынушылардың барлығына (бұдан әрі – «Тұтынушылар») Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес kz.iqos.com веб-сайтында, ФМҚ ішкі сауда нысандарында орналастыру арқылы және (немесе) ФМҚ дерекқорында тіркелген Тұтынушылармен басқа да коммуникация құралдарымен осы ақпарат жеткізілсін.

5. Осы бұйрықтың орындалуына жауапты тұлғалар ретінде тәуекелі төмендетілген өнім тұтынушыларына арналған бағдарламалар жөніндегі менеджер Мария Агаджанян, тәуекелі төмендетілген өнім саудасы нысандарын басқару жөніндегі менеджер Сергей Цацкин, тәуекелі төмендетілген өнімнің ақпараттық технологиялары жөніндегі менеджер Мироненко Иван тағайындалсын.

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директор _______________________________Баибурский В.

Өткізу жөніндегі директор __________________________________ Леонов А.

Тәуекелі төмендетілген өнімнің маркетингі және
ақпараттық технологиялар жөніндегі
директор __________________________________ Айсу Г.

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның

07.02.2022 ж. № 30 Бұйрығымен

бекітілді.

«THE WE EDITION» IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

(бұдан әрі – «Ережелер»)

2022 жылғы 7 ақпанның Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 10.00 бастап күшіне енеді.

1. Жалпы ережелер

1.1. «THE WE EDITION» IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» бағдарламасының (бұдан әрі – «Бағдарлама») аясында, осы Ережелерге сәйкес қолданыста болған IQOS жүйесін берген немесе беруге келіскен жағдайда қатысушыға («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS жүйесін пайдаланушылардың дерекқорында тіркелген, 21 жасқа толған және одан асқан жеке тұлға, бұдан әрі – «Қатысушы») IQOS 3 DUO «THE WE EDITION» электрлік темекі қыздыру жүйесін (бұдан әрі – «Жаңа құрылғы») сатып алуға осы Ережелерге №2 Қосымшада көрсетілген мөлшердегі жеңілдікпен ваучер (бұдан әрі – «Ваучер») алуға мүмкіндік беріледі.

1.2. Бағдарлама «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS ресми дүкендерінде (бұдан әрі – тиісінше «IQOS дүкендері» және «ФМҚ»), iqos.com (бұдан әрі – «Сайт») веб-сайтында және «IQOS Kazakhstan» Телеграм-ботында (бұдан әрі – «Телеграм-бот») 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қоса алғанда әрекет етеді, одан кейін ФМҚ-ның қарауына қарай ұзартылуы мүмкін.

1.3. Бағдарламаға қатысу үшін қатысушы IQOS дүкеніне жүгінеді немесе Сайтқа кіреді және Сайтта орналастырылған тиісті «Trade-in online» нысанын толтырып, Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдейді немесе Телеграм-ботқа кіреді және Телеграм-ботта көрсетілген қадамдық нұсқаулықтарға сәйкес «Trade-in рәсімдеу» тиісті әрекетін таңдап, Бағдарламаға қатысуға ниеті туралы мәлімдейді.

1.4. Бағдарлама шарттары бойынша Қатысушыдан қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйелері (лимиттелген нұсқаларды, Қазақстан нарығы үшін өндірілген 3 және 3 Multi үлгісін қоса алғанда, 2.4 және 2.4 Р үлгілері) (бұдан әрі – «Қолданыста болған құрылғылар») қабылданады.

1.5. Бағдарламаға кез-келген күйдегі (жұмыс істейтін немесе жұмыс істемейтін) кез-келген Қолданыста болған құрылғы қатыса алады.

1.6. Қатысушы IQOS дүкеніне жүгінген кезде Қолданыста болған құрылғыны ФМҚ Қатысушысы осы Қағидаларға №1 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша қабылдау-беру актісі негізінде қайтарымсыз негізде береді.

Қатысушы Сайтқа және «IQOS бот» Телеграм-ботқа жүгінген кезде үйге жеткізумен тапсырысты таңдау кезінде Қолданыста болған құрылғыны ФМҚ Қатысушысы курьер арқылы қайтарымсыз негізде жүкқұжат бойынша береді.

1.7. Осы Бағдарламаға сәйкес Ваучерді пайдалана отырып, Жаңа құрылғыны сатып алған кезде курьер тауарды жеткізуді жүзеге асырады және Қатысушыға жүкқұжат бойынша береді. Жеткізу кезінде курьер Қатысушыны Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырыс рәсімдеген тұлға ретінде сәйкестендіреді, ол үшін Қатысушыда жеке басын куәландыратын құжатты тексереді, сондай-ақ Қатысушының 21 жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда курьер Қатысушыда жеке басын куәландыратын құжатты тексереді.

Курьер келесі жағдайларда сатудан бас тартады:

- егер Қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуден бас тартқан болса;

- егер Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырысты рәсімдеген тұлға 21 жасқа толмаған болса;

- егер жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен тұлғаны Жаңа құрылғыны сатып алуға тапсырысты рәсімдеген Қатысушы ретінде сәйкестендіру мүмкін болмаса;

- егер басқа жағдай ҚР қолданыстағы заңнамасының талаптарында белгіленбеген болса.

1.8. Бағдарлама бойынша сатып алынатын Жаңа құрылғыны қайтару, айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кепілдік Бағдарлама аясында сатып алынған Жаңа құрылғыларға Бағдарлама аясынан тыс сатып алынған құрылғыларға сияқты қолданылады. Жаңа құрылғыны қайтару немесе айырбастау кезінде Қолданыста болған құрылғы үшін ешқандай сома өтелмейді.

1.9. Сатып алынатын Жаңа құрылғыға төлем қолма-қол ақшамен немесе банктік төлем картасымен жүргізілуі мүмкін. Сыйлық сертификаттары төлемге қабылданбайды.

2. Қатысушының Ваучерді алу және пайдалану шарттары

2.1. ФМҚ қатысушысының Қолданыста болған құрылғыны бергені немесе беруге келісім бергені үшін Қатысушы мөлшері осы Ережелерге №2 Қосымшада көрсетілген жеңілдікпен Жаңа құрылғыны сатып алуға Ваучер алады. Қатысушы Ваучерді Сайтта «Сізде код бар ма?» өрісінде Жаңа құрылғыны сатып алу үшін немесе IQOS дүкендерінде Ваучерді сатушы-кеңесшіге хабарлай отырып немесе Телеграм-ботқа үйіне жеткізіп/өз қаласындағы дүкенде рәсімдеуге тапсырыс бере отырып қолдана алады, содан кейін Телеграм-ботпен Сайтқа қайта бағытталатын болады. ФМҚ мен Тұтынушы арасында Ваучерді қолдана отырып, Жаңа құрылғыны сатып алу-сату шартын жасасу Қолданыста болған құрылғыны IQOS дүкенінде ФМҚ сатушысына немесе Сайтта орналастырылған ФМҚ-ның тиісті оферталарының шарттарына сәйкес Сайт арқылы сату кезінде курьерге берген сәттен бастап орын алады.

2.2. IQOS дүкендерінде немесе Сайтта Ваучер арқылы Жаңа құрылғыны сатып алу кезінде ФМҚ Қолданыста болған құрылғы бұрын тіркеулі болған Қатысушыға немесе өзге тұлғаға Жаңа құрылғыны тіркеуді (құрылғыны байланыстыруды) жүзеге асырады.

2.3. Егер Қатысушы IQOS дүкенінде Қолданыста болған құрылғыны беру сәтінде Жаңа құрылғыны сатып алуға ниет білдірсе, онда Ваучер Қатысушыға берілмейді, IQOS дүкенінің сатушы-кеңесшіні оны өз бетінше қолданады.

Ваучердің көмегімен Сайт арқылы Жаңа құрылғыға тапсырыс беру кезінде Қатысушы Ваучерді өз бетінше іске қосады және Сайтта көрсетілген нұсқауларды орындай отырып, Қолданыста болған құрылғы тіркелген Қатысушыға Жаңа құрылғының (құрылғыны байланыстыру) тіркелуін растайды.

2.4. Егер Қатысушы Бағдарламаның әрекет ету мерзімі ішінде Ваучерді кез келген басқа сәтте пайдаланғысы келсе, Ваучер жоғарыдағы 2.2-тармақта көрсетілгендей, Жаңа құрылғыны байланыстыру жүзеге асырылатын Қатысушыға немесе өзге тұлғаға ФМҚ IQOS жүйесі пайдаланушыларының дерекқорында тіркелу кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS-хабарламамен (өзге тұлға да ФМҚ-ның IQOS жүйесін пайдаланушылардың дерекқорында тіркелген болып табылған жағдайда) 2 (екі) сағат ішінде автоматты түрде жіберіледі.

2.5. Егер Қатысушы қандай да бір себеппен Ваучерді автоматты түрде алмаған болса, Қатысушыға 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сайттағы онлайн-чат арқылы немесе @IQOSKZ_Support Telegram мессенджері арқылы, сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтіні бар SMS жолдау арқылы Қолдау қызметіне хабарласқаны жөн.

2.6. Қатысушы өз Ваучерін жоғарыда 2.5-тармақта сипатталған әдістермен біле алады.

3. Шектеулер

3.1. Ваучер Жаңа құрылғыны сатып алуға мөлшері осы Ережелердің №2 Қосымшасында көрсетілген бір реттік жеңілдік береді. Бұл ретте Ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучерді қолма-қол / қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айырбастауға немесе сатуға болмайды. Ваучерді Cайтта немесе IQOS дүкендерінде төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша жеңілдік Сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі басқа жеңілдіктермен жинақталмайды, сондай-ақ ФМҚ-ның басқа оферталары шеңберінде ФМҚ ұсынатын басқа да пайдалармен жинақталмайды.

3.2. Сатып алу кезінде Жаңа құрылғының барлық түстерінің болуына кепілдік берілмейді.

3.3. Қолданыста болған құрылғыны бергені үшін алынған Ваучерлерді Қатысушы тек Бағдарламаны өткізу кезеңінде ғана пайдалана алады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, егер ол ФМҚ-ның қалауы бойынша ұзартылмаса, Ваучерлер қосымша ескертусіз жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

4.1. ФМҚ Бағдарлама Ережелерін IQOS дүкендері мен Сайтта жаңартылған Ережелерді орналастыру арқылы біржақты тәртіппен өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін. Бағдарламаның жаңартылған Ережелері осындай орналастыру сәтінен бастап күшіне енеді. Бағдарлама Ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Ваучерлерді пайдалануды жалғастыра отырып, Қатысушы Бағдарламаның жаңартылған Ережелерімен келісетінін растайды.

4.2. ФМҚ қосымша ескертусіз және себептерін түсіндірместен Бағдарламаның өткізілуін болдырмау құқығын өзіне қалдырады.

4.3. Қатысушы осы Ережелердің 1-тарауына сәйкес Қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға беру сәтінде Бағдарлама Ережелерімен келіседі.

«THE WE EDITION» IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№1-Қосымша

Бұрын пайдаланылған құрылғыны қабылдау-тапсыру актісі

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қалаелдімекен]

[Ішкі сауда нысанының атауы] (табыстау орны)

Осы Акт төмендегілер арасында жасалды:

Әрі қарай «Тарап-1» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бір тараптан, және

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН







әрі қарай «Тарап-2» деп аталады, екінші тараптан,

«THE WE EDITION» IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» бағдарламасы аясында келесі мүліктерді Тарап-2 берді, ал Тарап-1 алды:

Бұрын пайдаланылған IQOS құрылғысы:

Қуаттау құрылғысының сериялық нөмірі

Тұтқыштың сериялық нөмірі









Бұрын пайдаланылған құрылғыны Тарап-2 Тарап-1-ге қайтарылмайтын негізде береді.

Осы Актінің әр тарапқа бір данадан 2 (екі) данасы жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Тарап-1

Тарап-2

Аты-жөні ____________________________

қолы ____________________________

қолы ____________________________

«THE WE EDITION» IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№2-Қосымша

Қатысушы беретін бұрын пайдаланылған құрылғы

Сатып алу үшін Шегерімдік ваучерді қолдануға болатын жаңа құрылғы

Бұрын пайдаланылған құрылғыны өткізу кезінде Жаңа құрылғыны сатып алуға берілетін шегерім көлемі, теңгемен

Шектеулі нұсқаларды қоса, IQOS 2.4, 2.4P электрлік темекі қыздыру жүйесі

IQOS 3 DUO «THE WE EDITION» электрлік темекі қыздыру жүйесі

13 500

IQOS 3 электрлік темекі қыздыру жүйесі

IQOS 3 DUO «THE WE EDITION» электрлік темекі қыздыру жүйесі

9 000

IQOS 3 Multi электрлік темекі қыздыру жүйесі

IQOS 3 DUO «THE WE EDITION» электрлік темекі қыздыру жүйесі

9 000

14.02.2022 ж. № 38 БҰЙРЫҚ

1. 2022 жылғы 7 ақпандағы №30 Бұйрықпен бекітілген «IQOS 3 DUO «THE WE EDITION» құрылғысына «TRADE-IN» бағдарламасына қатысу ережелеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:

1.1. Ережелердің 1.4-тармағы өзгертілсін және келесі редакцияда жазылсын:

«1.4. Бағдарламаның шарттары бойынша Қатысушыдан мерзімі жыл сайын Бағдарламаның әрекет ететін мерзімі ішінде тиісті жылдың 1 қаңтарында басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде, бір рет 1 (бір) бірлік мөлшерінде Қазақстанның нарығы үшін өндірілген, Қатысушы сатып алған, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS жүйесінде 2020 жылдың 1 қаңтарынан бұрын емес және 2021 жылдың 31 желтоқсанынан кеш емес мерзімде тіркелген қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің кез келген үлгісі қабылданады: 2.4, 2.4Р, лимиттелген нұсқасын қоса алғанда, 3 немесе 3 Multi (бұдан әрі – «Қолданыста болған құрылғы»)».

1.2. Ережелердің 3-бөлімі келесі мазмұндағы 3.4-тармақпен толықтырылсын:

«Қатысушы бұл Бағдарламаға мерзімі жыл сайын Бағдарламаның әрекет ететін мерзімі ішінде сәйкес жылдың 1 қаңтарында басталатын және 31 желтоқсанында аяқталатын 1 (бір) күнтізбелік жыл ішінде 1 (бір) бірлік мөлшерінде бір рет Ваучерді тағайындаумен 1 (бір) бірлік мөлшерінде өзінің Қолданыста болған құрылғысымен қатысуға құқылы».

2. Осы Бұйрық 2022 жылғы 14 ақпанда күшіне енеді және Бағдарламаның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін әрекет етеді.

3. 21 жасқа толған никотин құрамдас өнімге қызығушылық танытатын (никотинге тәуелділікті емдейтін препараттардан басқа) тұтынушылардың барлығына Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес kz.iqos.com веб-сайтында, ФМҚ ішкі сауда нысандарында орналастыру арқылы және (немесе) ФМҚ дерекқорында тіркелген Тұтынушыларға басқа да коммуникация құралдарымен осы ақпарат жеткізілсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуына жауапты тұлғалар ретінде тұтынушыларға арналған бағдарламалар жөніндегі менеджер Мария Агаджанян, тәуекелі төмендетілген өнім саудасы нысандарын басқару жөніндегі менеджер Сергей Цацкин, тәуекелі төмендетілген өнімнің ақпараттық технологиялары жөніндегі менеджер Мироненко Иван тағайындалсын.

Клиенттік тәжірибе жөніндегі директор _______________________________Баибурский В.

Өткізу жөніндегі директор __________________________________ Леонов А.

Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.
phone-icon 2121
ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

SMS - коды бойынша кіру

SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Құпия сөзбен кiру

Растау Смс-код арқылы кіру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Құпия сөзбен кiру

Растау
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Пароль изменен

Растау

Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

  • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
  • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
  • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
  • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
  • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
Кодты қайта жіберу
Растау
Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру