ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?


Логинмен жалғастыру
НЕМЕСЕ

«IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

(әрі қарай – «Ережелер»)

2019 жылғы 26 желтоқсанға дейін жарамды.

 

 

  1. Жалпы ережелер

1.1. «IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» бағдарламасы (әрі қарай – «Бағдарлама») аясында қатысушыға («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның IQOS жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының дерекқорына тіркелген, 18 жасқа толған жеке тұлға, әрі қарай – «Қатысушы») өлшемі осы Ережелердің №2 Қосымшасында көрсетілген, осы Ережелерге сәйкес бұрын пайдаланған IQOS жүйесін беру шартымен IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесін немесе  IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесі тұтқышын сатып алуға шегерімі бар ваучерді (әрі қарай – «Ваучер») алу мүмкіндігі беріледі.

 

1.2. Бағдарлама 26 желтоқсан 2019 жыл – 31 желтоқсан 2020 жыл аралығында «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-ның IQOS ресми дүкендерінде (әрі қарай – «IQOS дүкендері» және сәйкесінше «ФМҚ») әрекет етеді, одан кейін ФМҚ қалауымен мерзімі ұзартылуы мүмкін. 

 

1.3. Бағдарламаға қатысу үшін Қатысушы IQOS дүкеніне хабарласып, Бағдарламаға қатысу ниеті жөнінде айтады. 

 

1.4. Бағдарлама шарттары бойынша Қатысушыдан бұрын қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйелері (шектеулі нұсқаларды қоса алғанда, 2.4 және 2.4Р үлгілері, 3 және 3 Multi үлгісі), сондай-ақ Қазақстан нарығы үшін шығарылған IQOS 3 тұтқышы қабылданады (әрі қарай – «Бұрын қолданыста болған құрылғылар»).

 

1.5. Егер Қатысушы Бағдарлама шарттарымен келісетін болса, ФМҚ Бұрын қолданыста болған құрылғыны Бағдарламаға қатысу мүмкіндігіне тексереді. Бұрын қолданыста болған құрылғы сызаттардың, көнеру мен өзге сыртқы зақымдалулардың бар-жоғына қарамастан, жұмыс істеп тұруы (IQOS тұтқышының жүзінің болмауын немесе сынып қалуын қоспағанда) тиіс. Бұрын қолданыста болған жұмыс істемейтін құрылғылар да берілетін Бұрын қолданыста болған құрылғының қолданыстағы кепілдігі болса, Бағдарламаға қатыса алады. 

 

1.6. Бұрын қолданыста болған құрылғыны осы Ережелердің №1 Қосымшасында көрсетілген нысан бойынша қабылдау-тапсыру актісі негізінде қайтарымсыз негізде Қатысушы ФМҚ-ға береді. 

 

1.7. Бағдарлама бойынша сатып алынатын Жаңа құрылғыны қайтару, ауыстыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Бағдарлама аясында сатып алынған құрылғыларға да Бағдарлама аясында сатып алынбаған құрылғыларға берілетіндей кепілдік беріледі. Жаңа құрылғыны қайтару немесе ауыстыру кезінде Бұрын қолданыста болған құрылғы үшін ешқандай сома өтелмейді. 

 

1.8. Сатып алынатын Жаңа құрылғыға қолма-қол ақшамен немесе банктің төлем картасымен төлем жасауға болады. Төлем үшін сыйлық сертификаттары қабылданбайды.

 

 

  1. Қатысушының Ваучерді алу және пайдалану шарттары

2.1. Қатысушының ФМҚ-ға Бұрын қолданыста болған құрылғыларды бергені үшін Қатысушы көлемі осы Ережелердің №2 Қосымшасында көрсетілген шегеріммен IQOS 3 электрлік темекі қыздыру жүйесін (әрі қарай – «Жаңа құрылғы») сатып алуға Ваучер алады. Қатысушы кеңесші-сатушыға Ваучерді айта отырып, Жаңа құрылғыны сатып алу үшін ваучерді Сайттағы «Сізде код бар ма?» жолында немесе IQOS дүкендерінде пайдалана алады.

 

2.2. Ваучердің көмегімен IQOS дүкендерінде Жаңа құрылғыны сатып алған кезде ФМҚ Қатысушыға немесе Бұрын қолданыста болған құрылғы тіркелген өзге тұлғаға Жаңа құрылғыны тіркеуді (құрылғыны қоса тіркеуді) жүзеге асырады.

 

2.3. Егер Қатысушы Жаңа құрылғыны Бұрын қолданыста болған құрылғыны берген мезетте сатып алғысы келетінін айтатын болса, онда Ваучер Қатысушыға берілмейді, IQOS дүкенінің кеңесші-сатушысы қолданады. 

 

2.4. Егер Қатысушы Бағдарлама әрекет ететін мерзім ішінде кез келген басқа мезетте Ваучерді қолданғысы келетін болса, онда Ваучер жоғардағы 2.2-тармақта көрсетілгендей, ФМҚ-ның IQOS жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының дерекқорына тіркелгенде көрсетілген ұялы телефон нөміріне SMS-хабарламаға   Жаңа құрылғыны бекіту жүзеге асырылатын Қатысушыға немесе өзге тұлғаға (өзге тұлға да ФМҚ-ның IQOS жүйесінің кәмелетке толған пайдаланушыларының дерекқорына тіркелген болып табылатын шартпен) 2 (екі) сағат ішінде автоматты түрде жіберіледі. 

 

2.5. Егер Ваучерді автоматты түрде қандай да бір себеппен Қатысушы ала алмаса, Қатысушы сайтта онлайн-чат арқылы немесе Telegram @IQOSKZ_Support мессенджері арқылы, сондай-ақ, 2121 нөміріне IQOS мәтіні бар SMS жібере отырып, 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) Қолдау қызметіне хабарласуы қажет.

 

2.6. Қатысушы жоғарыдағы 2.5-тармақта көрсетілген әдістермен өз Ваучерін біле алады.

 

 

3.            Шектеулер

3.1.   Ваучерді үшінші тұлғаларға беруге тыйым салынады.

 

3.2. Ваучер көлемі осы Ережелердің №2 Қосымшасында көрсетілген жаңа Құрылғыны сатып алуға бір реттік шегерім береді. Бұл жағдайда ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучер үшінші тұлғаға қолма-қол/қолма-қол емес ақша қаражатына ауыстырылмайды, сатылмайды немесе берілмейді. Ваучер Сайтта немесе IQOS дүкендерінде төлем құралы ретінде пайдаланылмайды.

 

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Ваучер бойынша шегерім Сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі басқа шегерімдермен жинақталмайды, сондай-ақ ұсынымдар коды немесе «Шегерімдер сыйлаңыз» Ұсынымдар бағдарламасы аясында алынған ваучер бойынша шегеріммен жинақталмайды.

 

3.3. Жаңа құрылғыны сатып алған сәтте оның барлық түстерінің болуына кепілдік берілмейді.

 

3.4. Бұрын қолданыста болған құрылғыларды бергені үшін алынған ваучерлерді Қатысушы Бағдарламаның өткізілу кезеңінде ғана пайдалана алады. Бағдарлама аяқталған кезде, егер соңғысы ФМҚ қалауымен мерзімі ұзартылмайтын болса, Ваучерлердің қосымша ескертусіз күші жойылады.

 

3.5. Жаңа құрылғыны сатып алуға берілетін ваучер IQOS 3 DUO шектеулі нұсқаларына берілмейді, егер ФМҚ-да басқасы белгіленбейтін болса.  

 

 

4.            Қорытынды ережелер

4.1. Бағдарлама ережелерін IQOS дүкендеріне жаңартылған Ережелерді орналастыру арқылы бір жақты тәртіпте ФМҚ өзгерте және (немесе) толықтыра алады. Бағдарламаның Жаңартылған Ережелері осындай орналастырған сәттен бастап күшіне енеді. Бағдарлама Ережелеріне өзгертулер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Ваучерлерді пайдалануды жалғастыра отырып, Қатысушы Бағдарламаның жаңартылған Ережелерімен келіскенін растайды. 

 

4.2. ФМҚ қосымша ескертпестен және себебін түсіндірместен Бағдарламаны өткізуді тоқтату құқығын өзіне қалдырады. 

 

4.3. Қатысушы осы Ережелердің 1-бөліміне сәйкес Бұрын қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға берген сәтте Бағдарлама Ережелерімен келіседі. 


 

 

 «IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN»

бағдарламасына қатысу ережелеріне 

1 Қосымша

 

Бұрын қолданыста болған құрылғыны қабылдау-табыстау актісі

 

Күні

[КК. АА. ЖЖЖЖ]

 

[қала\елдімекен]

[Ішкі сауда нысанының атауы] (беру орны)

 

Осы Акт:

 

Әрі қарай «1-Тарап» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бір тараптан, және

 

Тегі Аты Әкесінің аты

 

ЖСН

 




әрі қарай «2-Тарап» деп аталады, екінші тараптан, 

 

«IQOS 3 ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN» бағдарламасы аясында келесі мүлікті 2-Тараптың бергені, ал 1-Тараптың оны алғаны жөнінде жасалды:

Қуаттау құрылғысы мен тұтқыштан тұратын бұрын қолданыста болған IQOS құрылғысы (2.4 немесе 2.4Р үлгісі):

 

Қуаттау құрылғысының сериялық нөмірі

 

 

Тұтқыштың сериялық нөмірі

 

 

 




2-Тарап Бұрын қолданыста болған құрылғыны қайтарымсыз негізде 1-Тарапқа береді. 

 

Осы Акт 2 (екі) данада жасалды, әр тарапқа бір данадан беріледі.

 

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

 

1-Тарап 

2-Тарап

Аты-жөні____________________________

қолы____________________________

 

қолы____________________________

 

 

 

«IQOS 3 DUO ҚҰРЫЛҒЫСЫНА TRADE-IN»

бағдарламасына қатысу ережелеріне 

2 Қосымша

 

 

Қатысушы беретін Бұрын қолданыста болған құрылғы

Сатып алу үшін шегерімі бар Ваучерді қолдануға болатын жаңа құрылғы

Бұрын қолданыста болған құрылғыны өткізген кезде Жаңа құрылғыны сатып алуға шегерім көлемі

Шектеулі нұсқаларды қоса, IQOS 2.4, 2.4P электрлік темекі қыздыру жүйесі 

IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесі 

30 %

IQOS 3 электрлік темекі қыздыру жүйесі

IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесі 

40 %

IQOS 3 Multi электрлік темекі қыздыру жүйесі

IQOS 3 DUO электрлік темекі қыздыру жүйесі 

30 %

IQOS 3 тұтқышы 

IQOS 3 DUO тұтқышы 

30 %

 


Бұл өнім зиянсыз болып табылмайды және өзіне тәуелді етеді.
Осы веб-сайт шылым шегуді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынуды жалғастырғысы келетін кәмелетке толғандарға арналған түтінсіз өнімдер туралы ақпараттан тұрады. ФМИ түтінсіз өнімдері шылым шегуден бас тартудың баламасы болып табылмайды және шылым шегуден бас тартуға көмектесуге арналмаған.
Жасыңыздың 18-ден асқанын және шылым шегетініңізді немесе құрамында никотин бар басқа өнімді тұтынатыныңызды, сондай-ақ Қазақстанда тұратыныңызды растауыңызды сұраймыз.

Туған күніңізді енгізіңіз:
Растау
Осы сайтқа кіру үшін, жасыңыз 18-де немесе 18-ден асуы тиіс.