Құжаттар тізімі arrow-icon

«Филип Моррис Қазақстан» ЖШС

тәуекелі төмендетілген өнім жөніндегі Директорының

2020 ж. 30 желтоқсандағы № 300

бұйрығымен бекітілген

11.11.2022 ж. №228 бұйрықпен бекітілен өзгерістермен

«Рестарт» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

(бұдан әрі – «Ережелер»)

2022 жылғы 15 қарашадағы Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағ. 10.00 бастап күшіне енеді

1. Жалпы ережелер

1.1. «Рестарт» бағдарламасы (бұдан әрі – «Бағдарлама») шеңберінде 21 жасқа толған және одан асқан, және «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-нің IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін пайдаланушылардың дерекқорында тіркелген қатысушыға (жеке тұлғаға) (бұдан әрі – «Қатысушы»), Қолданыста болған IQOS жүйесін немесе Қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі тұтқышын осы Ережелерге сәйкес берген жағдайда, IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін немесе IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі тұтқышын (бұдан әрі – «Жаңа құрылғы») сатып алуға осы Ережелердің 1.4.1 және 1.4.2 тармағында көрсетілген мөлшерге ие жеңілдікпен ваучер (бұдан әрі – «Ваучер») алу мүмкіндігі ұсынылады.

1.2. Бағдарлама «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС IQOS ресми дүкендерінде (бұдан әрі – тиісінше «IQOS дүкендері» және «ФМҚ»), Серіктес Дүкендерінде, https://kz.iqos.com сайтында (бұдан әрі – «Сайт») 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады, бұл ретте осы Бұйрықтың 1.4.1-тармағының В) және 1.4.2-тармағының Б) тармақшаларының талаптары ФМҚ көрсетілген шартты орындау үшін тиісті пысықтаулар мен техникалық баптауларды орындағаннан кейін күшіне енеді, бұл туралы ФМҚ Сайтта тиісті хабарландыруды жариялау арқылы хабарлайтын болады.

1.3. Бағдарламаға қатысу үшін Қатысушы IQOS дүкеніне немесе Серіктестің Дүкендеріне барады немесе Сайтқа өтіп, Бағдарламаға қатысқысы келетінін мәлімдейді.

1.4. Бағдарлама шарттары бойынша Қатысушыдан Қазақстан нарығы үшін өндірілген қолданыста болған IQOS 3 DUO және IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйелері, сондай-ақ IQOS 3 DUO және IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтқыштары (бұдан әрі – «Қолданыста болған құрылғылар») қабылданады. Қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйелерін беру және Ваучерлерді пайдалану IQOS дүкендерінде, Серіктестің Дүкендерінде және Сайтта жүзеге асырылады. Қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтқыштарын беру IQOS дүкендерінде және Сайтта жүзеге асырылады.

1.4.1 2022 жылғы 09 қарашадан бастап, қолданыста болған IQOS 3 DUO/ IQOS Originals DUO жүйесін тапсырған кезде:

А. IQOS дүкенінде Қатысушыға IQOS Originals DUO немесе IQOS 3 DUO құрылғысын (IQOS 3 DUO үлгілері бойынша ұсыным саны бойынша шектелген) және кез келген дәмі бар «HEETS» қыздырылатын темекісі бар өнімінің 5 (бес) қорабын қамтитын жиынтықты (бұдан әрі – «Жиынтық») сатып алуға 11 550 (Он бір мың бес жүз елу) теңге мөлшерінде жеңілдік алуға ваучер ұсынылады;

Ә. Серіктес Дүкенінде Қатысушыға Тұтынушыны осы Бұйрыққа №2 қосымшада келтірілген нысан бойынша Қатысушы Серіктестен сатып алғалы жатқан 1-сома көлеміндегі жиынтық құнының бөлігін төлеу жөніндегі Серіктес алдындағы міндеттен босату мәніне ие шарт жасасу мүмкіндігі ұсынылады (бұдан әрі – «Шарт»);

Б. Тұтынушы осы Б) тармақшасы шеңберіндегі мүмкіндікті жүзеге асырған күні әрекет ететін https://kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың жария шарты аясында құрылғыны диагностикалау бөлімінде немесе Сайттың «Рестарт» бөлімінде жиынтыққа Тапсырыс беру және төлеу кезінде, - Қатысушыға Кепілдік жарнасының (қолданылса) сомасын және/немесе осы Жария шарттың шеңберінде төленуі тиісті Тауардың және оны жеткізудің құнын 1-сомаға (жеңілдік) азайту мүмкіндігі ұсынылады;

1.4.2 2022 жылғы 19 қыркүйектен бастап IQOS 3 DUO немесе IQOS Originals DUO үлгісіндегі қолданыста болған тұтқышты беру кезінде:

А. IQOS Дүкенінде Қатысушыға IQOS 3 DUO немесе IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесінің тұтқышын сатып алуға 6 490 (Алты мың төрт жүз тоқсан) теңге (бұдан әрі – «2-сома») мөлшерінде бір реттік жеңілдік алуға ваучер беріледі;

Б. Тұтынушы осы Б) тармақшасы шеңберіндегі мүмкіндікті жүзеге асырған күні әрекет ететін https://kz.iqos.com электрондық коммерция интернет-ресурсында Тауарларды бөлшек сатып алу-сатудың Жария шарты аясында Сайттың «Рестарт» бөлімінде немесе құрылғыны диагностикалау бөлімінде тұтқыштың IQOS 3 DUO немесе IQOS ORIGINALS DUO үлгісіне Тапсырыс беру және төлеу кезінде, – Қатысушыға Кепілдік жарнасының (қолданылса) сомасын және/немесе осы Жария шарттың шеңберінде төленуі тиісті Тауардың және оны жеткізудің құнын 2-сомаға (жеңілдік) азайту мүмкіндігі ұсынылады.

1.5. Егер Қатысушы Бағдарлама шарттарымен келіссе, ФМҚ келесілерді тексереді:

А. IQOS 3 DUO немесе IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі Қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесін Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі тұрғысынан, атап айтқанда:

- Қолданыста болған құрылғыны сатып алған күннен бастап кемінде 8 ай өткен.

Б. IQOS 3 DUO немесе IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі Қолданыста болған IQOS электрлік темекі қыздыру жүйесі тұтқышын Бағдарламаға қатысу мүмкіндігі тұрғысынан, атап айтқанда:

- IQOS 3 DUO немесе IQOS ORIGINALS DUO үлгісіндегі Қолданыста болған тұтқышты сатып алған күннен бастап кемінде 6 ай өткен.

1.6. Қатысушы IQOS дүкеніне, Серіктес Дүкендеріне немесе Сайт арқылы жүгінген кезде Қатысушы Қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға қайтарымсыз негізде береді. Қолданыста болған құрылғыны қабылдау сәтінде сатушы-консультант немесе жеткізу қызметінің курьері Қатысушыға SMS-хабарлама жіберуге бастамашылық жасайды. SMS-хабарламаны алғаннан кейін Қатысушы сатушы-консультантқа немесе жеткізу қызметінің курьеріне тиісті кодты хабарлайды, ол арқылы қолданыста болған құрылғыны Қатысушыдан ФМҚ-ға беру фактісі расталады. Қандай да бір себептермен SMS-хабарлама жіберу мүмкіндігі болмаған жағдайда, Қолданыста болған құрылғыны Қатысушыдан ФМҚ-ға қабылдау-беру осы Ережелерге №1 Қосымшада көрсетілген нысан бойынша қабылдау-беру актісі негізінде жүзеге асырылады.

1.7. Бағдарлама бойынша сатып алынатын Жаңа құрылғыны қайтару, айырбастау Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Кепілдік Бағдарлама аясында сатып алынған құрылғыларға да, Бағдарлама аясынан тыс сатып алынған құрылғыларға да қолданылады. Жаңа құрылғыны қайтару немесе айырбастау кезінде Қолданыста болған құрылғы үшін ешқандай сома өтелмейді.

1.8. Сатып алынатын Жаңа құрылғыға төлем қолма-қол ақшамен немесе банк төлем картасымен жүргізілуі мүмкін. Сыйлық сертификаттары төлемге қабылданбайды.

2. Қатысушының Ваучерді алу және пайдалану шарттары

2.1. ФМҚ қатысушысының Қолданыста болған құрылғыны бергені үшін Қатысушы осы Ережелердің 1.4.1 және 1.4.2 тармағында көрсетілген мөлшердегі жеңілдікпен тиісті Жаңа құрылғыны (бұдан әрі – «Жаңа құрылғы») сатып алуға Ваучер алады.

2.2. Ваучердің көмегімен IQOS дүкендерінде, Серіктес Дүкендерінде немесе сайт арқылы Жаңа құрылғыны сатып алу кезінде ФМҚ Жаңа құрылғыны Қатысушының атына тіркеуді (құрылғыны байланыстыруды) іске асырады.

2.3. Егер Қатысушы Қолданыста болған құрылғыны беру сәтінде Жаңа құрылғыны сатып алуға ниет білдірсе, онда Ваучер Қатысушыға берілмейді, оны IQOS дүкенінің немесе Серіктес Дүкенінің сатушы-кеңесшісі өз бетінше қолданады.

2.4. Қатысушы Ваучерді Бағдарламаның әрекет ету мерзімі ішіндегі кез келген басқа сәтте пайдаланғысы келсе, Ваучер IQOS ФМҚ жүйесінің пайдаланушылары Дерекқорында тіркелу кезінде көрсетілген мобильді телефон нөміріне SMS-хабарламамен 2 (екі) сағат ішінде автоматты түрде жіберіледі.

2.5. Егер Қатысушы қандай да бір себеппен Ваучерді автоматты түрде алмаған болса, Қатысушыға 8 8000 80 12 21 телефоны бойынша (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), сайттағы онлайн-чат арқылы немесе @IQOSKZ_Support Telegram мессенджері арқылы, сондай-ақ 2121 нөміріне IQOS мәтіні бар SMS жолдау арқылы Қолдау қызметіне хабарласқаны жөн.

2.6. Қатысушы өзінің Ваучері туралы ақпаратты жоғарыдағы 2.5.-тармақта сипатталған тәсілдермен ала алады.

3. Шектеулер

3.1. Ваучер, осы Ережелердің 1.4.1 және 1.4.2 тармағында көрсетілген мөлшерге ие, Жаңа құрылғыны сатып алуға бір реттік жеңілдікті ұсынады. Бұл ретте Ваучер төлем құралы, валютаның немесе бағалы қағаздардың кез келген түрі болып табылмайды және бола алмайды. Ваучерді қолма-қол / қолма-қол ақшасыз ақшалай қаражатқа айырбастауға немесе сатуға болмайды. Ваучерді Cайтта, Серіктес Дүкендерінде немесе IQOS дүкендерінде төлем құралы ретінде пайдалануға болмайды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Ваучер бойынша жеңілдік Сайттағы және (немесе) IQOS дүкендеріндегі басқа жеңілдіктермен жинақталмайды, сондай-ақ ФМҚ-ның басқа оферталары шеңберінде ФМҚ ұсынатын басқа да пайдалармен жинақталмайды.

3.2. Сатып алу кезінде Жаңа құрылғының барлық түстерінің болуына кепілдік берілмейді.

3.3. Қолданыста болған құрылғыны бергені үшін алынған Ваучерлерді Қатысушы тек Бағдарламаны өткізу кезеңінде ғана пайдалана алады. Бағдарлама аяқталғаннан кейін, егер ол ФМҚ-ның қалауы бойынша ұзартылмаса, Ваучерлер қосымша ескертусіз жарамсыз деп танылуы мүмкін.

4. Қорытынды ережелер

4.1. ФМҚ Бағдарлама Ережелерін IQOS дүкендерінде жаңартылған Ережелерді орналастыру арқылы біржақты тәртіппен өзгертуі және (немесе) толықтыруы мүмкін. Бағдарламаның жаңартылған Ережелері осындай орналастыру сәтінен бастап күшіне енеді. Бағдарлама Ережелеріне өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілгеннен кейін Ваучерлерді пайдалануды жалғастыра отырып, Қатысушы Бағдарламаның жаңартылған Ережелерімен келісетінін растайды.

4.2. ФМҚ қосымша ескертусіз және себептерін түсіндірместен Бағдарламаның өткізілуін болдырмау құқығын өзіне қалдырады.

4.3. Қатысушы осы Ережелердің 1-тарауына сәйкес Қолданыста болған құрылғыны ФМҚ-ға беру сәтінде Бағдарлама Ережелерімен келіседі.


«Рестарт»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№1 қосымша

Қолданыста болған құрылғыны қабылдау-беру актісі

Күні

[КК.АА.ЖЖЖЖ]

[қала\елді мекен]

[Ішкі сауда объектісінің атауы] (тапсырған орны)

Осы Акт келесілер арасында:

Бұдан әрі «1-тарап» деп аталатын «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, бір тараптан, және

Тегі Аты Әкесінің аты

ЖСН


бұдан әрі «2-тарап» деп аталатын, екінші тараптан,

«Рестарт» бағдарламасы шеңберінде келесі мүлікті 2-тараптың тапсырғаны, ал 1-тараптың қабылдағаны жөнінде жасалды:

Қолданыста болған IQOS құрылғысы:

Зарядтау құрылғысының сериялық нөмірі

Тұтқыштың сериялық нөмірі


Қолданыста болған құрылғы 2-тараппен 1-тарапқа өтеусіз негізде беріледі.

Осы Акт 2 (екі) данада, әрбір тарап үшін бір-бір данада жасалды.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

1-тарап

2-тарап

ТАӘ____________________________

қолы_________________________

қолы_________________________


«Рестарт»

бағдарламасына қатысу ережелеріне

№2 қосымша

Келісімшарт нысаны

Қазақстан Республикасы

күнді көрсетіңіз

тұтынушының ЖСН көрсетіңіз (ЖСН ___________________), бұдан әрі «Тұтынушы», бір тараптан, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, БСН ___________________ (бұдан әрі – «ФМҚ»), атынан ________________, негізінде әрекет етуші ____________________, екінші тараптан, және ЖК/ЖШС ___________________, БСН/ЖСН __________________ (бұдан әрі – «Серіктес»), атынан _________________, негізінде әрекет етуші ______________, үшінші тараптан, келесідегі туралы Келісімшарт жасасты:

1. Тұтынушы ФМҚ компаниясынан тиісті бұйрығының шарттарына сәйкес, ____________ теңге мөлшерде сатып алатын тауардың бір бөлігін төлеу бойынша Серіктес алдында өзін мүліктік міндеттемеден босатуға келісім береді. Тұтынушы сатып алатын тауар құнының қалған бөлігін Серіктеске олардың арасындағы келісімшартқа сәйкес төлейді.

2. Тұтынушы осы Келісімшарттың 1-тармағының бірінші сөйлемінде көрсетілген сома мөлшеріндегі Серіктес алдындағы қарызын (бұдан әрі – «Қарыз») ФМҚ атына аударады.

3. ФМҚ Серіктеске Қарызды ФМҚ мен Серіктес арасындағы келісімшарт талаптарына сәйкес төлейді.

4. Серіктес міндемелерде тұлғаның ауысуымен және Қарызды ФМҚ-ға аударумен келіседі.

ТАРАПТАРДЫҢ ҚОЛДАРЫ:

Тұтынушы: Серіктес: ФМҚ
     

Бұл өнім зиянсыз емес және құрамында тәуелділік туғызатын никотин бар. Тек темекі шегуді немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынуды жалғастыруды қалайтын 21 жасқа толған және одан асқан тұлғаларға арналған.

phone-icon 2121
ВЕБ-САЙТҚА КІРУ ШЕКТЕУЛІ Кіру Веб-сайтқа кіру тек қана 21 жастан асқан темекі тұтынушыларына сайтта тіркелгеннен кейін рұқсат етіледі.

SMS - коды бойынша кіру

SMS - кодты қабылдау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Құпия сөзбен кiру

Растау Смс-код арқылы кіру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Құпия сөзбен кiру

Растау
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

Құпиясөзді қалпына келтіру жөніндегі нұсқаулықтар сіздің электронды поштаңызға жіберілді.

ҚҰПИЯСӨЗДІ ҰМЫТЫП ҚАЛДЫҢЫЗ БА?

ЖІБЕРУ Кіру

SMS - коды бойынша кіру

____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
send-again-icon Кодты қайта жіберу
Растау Құпия сөзбен кiру
Аккаунтыңыз жоқ па?
Тіркелу

Жаңа құпиясөзді енгізіңіз:

Растау

Пароль изменен

Растау

Жеке деректерді жинау мен өңдеуге келісім беру

Мен 21 жасқа толғанымды және темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушы екенімді растаймын. Мен ұсынған барлық деректер дұрыс.

Осы арқылы мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС-не, БСН 040440000348 (бұдан әрі – «Компания») және Компания жұмысқа тартатын тұлғаларға менің дербес деректерімді, оның ішінде аудиожазба және (немесе) фото-/бейнетүсіру арқылы тегімді, атымды, әкемнің атын, туған күнімді, ЖСН, жынысымды, жеке басымды куәландыратын құжаттар деректерін, тұратын және тіркелген мекенжайымды, орналасқан жерімді, телефон(-дар)ымның нөмір(-лер)ін, электрондық пошта мекенжай(-лар)ымды, әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы ат(-тар)ымды, электрондық тұтыну жүйелері, темекіні қыздыруға арналған жүйелер, оның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «IQOS» және «lil SOLID» электрлік темекі қыздыру жүйелері (бұдан әрі – «құрылғы») сияқты менің сатып алған және/немесе пайдаланатын құрылғы(-лар)дағы деректерді, темекі өнімдерін, темекіні немесе никотині бар, бірақ никотинге тәуелділікті емдеуге арналған препараттар болып табылмайтын өзге де өнімдерді тұтынушының дербес ұсынымдар кодын және мәртебесін келесі мақсаттарда жинау мен өңдеуге рұқсат беремін:

  • маған тауарларды сату және жеткізу, қызметтер көрсету үшін, оның ішінде Компания тауарларына кепілдікті қызмет көрсету және Компания тауарлары мен қызметтеріне ақы төлеу үшін;
  • маған Компания және оның үлестес тұлғалары туралы, Компанияның тауарлары мен қызметтері туралы, Компания белсенділіктері туралы, темекі өнімдеріне, темекіге немесе никотині бар өзге де бұйымдарға, құрылғыларға қатысты құқықтық актілердің жобалары және/немесе заңнама туралы, Компанияның тауарларына немесе қызметтеріне қатысты ғылыми зерттеулер немесе өзге де деректер туралы ақпарат ұсыну үшін;
  • бейілділік бағдарламалары бойынша Компанияның және/немесе серіктестердің міндеттемелерін орындауын қоса алғанда, белсенділіктерге, сауалнамаларға және зерттеулерге, акцияларға, іс-шараларға, бағдарламаларға, оның ішінде Компанияның немесе оның серіктестерінің бейілділік бағдарламаларына шақыру және қатысу үшін;
  • тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсарту, тұтынушының Компаниямен өзара әрекеттесу тәжірибесін жақсарту, коммуникациялар мен сервистік шешімдерді әзірлеу, сондай-ақ құрылғыларға қызмет көрсету кезінде оларды диагностикалау үшін;
  • маған Компанияның, оның серіктестерінің веб-сайттарына, әлеуметтік желілердің парақшаларына немесе мобильді қосымшаларына және басқа ақпараттық ресурстарына кіруді және оларды пайдалануды ұсыну үшін.

Мен жоғарыда көрсетілген мақсаттар үшін әңгімелесуді, телефон қоңырауларын шалуды, поштаны, телефонды (оның ішінде SMS, MMS), электрондық поштаны, әлеуметтік желілерді, мессенджерлерді, веб-сайттарды, электрондық ақпараттық ресурстарды және өзге де ақпараттық жүйелер мен мобильді қосымшаларды пайдалана отырып, маған хабарламалар жіберуді жүзеге асыру арқылы менімен байланысуға рұқсат беремін.

Компания жоғарыда көрсетілген мақсаттарға қол жеткізу үшін Компания белгілеген мерзім шеңберінде менің Дербес деректерімді сақтауға, менің Дербес деректерімді Қазақстан аумағынан тыс жерлерге таратуға және оларды Қазақстаннан тыс жерлерде өңдеуге (трансшекаралық беру), менің Дербес деректерімді Компанияның үлестес тұлғалары мен серіктестеріне (контрагенттеріне), сондай-ақ Компанияның үлестес тұлғаларының серіктестеріне (контрагенттеріне) таратуға (беруге) құқылы (мен бұл ретте басқа тұлғалардың мүдделері қозғалмайтынын растаймын), мен туралы қосымша ақпаратты әлеуметтік желілерден немесе өзге де жария дереккөздерден өз бетінше және/немесе үшінші тұлғаларды тарта отырып іздеуге және жинауға құқылы. Мен Компания мен жайлы жинаған Дербес деректерді жалпыға қолжетімді деп тануға келісімімді растаймын. Осы арқылы мен ұсынған деректер құпия емес және қолжетімділігі шектеулі деректер болып табылмайтынын және оларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қолжетімділігі шектеулі деректер туралы ережелер мен құпиялылықты сақтау талаптары қолданылмайтынын растаймын.

Менің тегімді, атымды, әкемнің атын, электрондық поштамды және (немесе) мен Компания белсенділіктеріне қатысқан кезде әлеуметтік желілердегі және хабарлама алмасуға арналған қосымшалардағы пайдаланушы атымды жариялау жағдайын қоспағанда, Компания менің Дербес деректерімді жалпыға қолжетімді дереккөздерде жарияламайтын болады.

Заңда көзделген жағдайларда, мен осы Келісімді кері қайтарып ала аламын, сондай-ақ Дербес деректерді Компанияның info@iqos.kz электрондық поштасына электрондық хабарлама жіберу арқылы, Ілияс Жансүгіров, 90, Өтеген батыр ауылы, Іле ауданы, Алматы обл., Қазақстан, 040700 немесе B40A6M8 мекенжайына жазбаша сұрау жолдау арқылы немесе Компанияда қолжетімді өзге заңды тәсілде кез келген уақытта толықтыра аламын немесе өзгерте аламын, ол бойынша ақпарат маған 2121 нөмірі бойынша берілетін болады. Осы келісімді кері қайтарып алған жағдайда, менің барлық Дербес деректерім Компанияның дерекқорынан жойылуға жатады.

Мен ұсынған Дербес деректер Компанияға мені Компания үшін жеке анықталған тұлға ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мен компанияға менің ұсынатын Дербес деректерім менің жеке, отбасылық немесе басқа да құпия емес екенін растаймын.

Осымен мен осы келісім беру (жасау) нысанын жазбаша мәміле нысанына теңестіруге Компаниямен келісімге келдім. Дербес деректерді жинауға және өңдеуге берілген осы келісім жоғарыда баяндалған мақсаттар үшін, тәртіппен және шарттарда менің Дербес деректерімді жинауға және өңдеуге келісімімді бергенімді (ұсынғанымды) растау болып табылады және мен Компанияның дерекқор(-лар)ында тіркелген сәттен бастап туындаған мен және Компания арасындағы қатынастарымызға қолданылады.

Келісемін. SMS кодын алу Келіспеймін. Сайтқа өту
____

Алынған SMS-кодты теріңіз

59 сек
Кодты қайта жіберу
Растау
Егер IQOS.COM сайтының парақшаларын қарауды жалғастырсаңыз, сіз веб-сайтты пайдалану шарттарымен және Cookie файлдарын пайдалану туралы хабарламамен келісесіз.
ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРДІ ЖИНАУ МЕН ӨҢДЕУГЕ КЕЛІСІМ
ВЕБ-САЙТТЫ ПАЙДАЛАНУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
2020 жылдың 19 шілдесінен бастап жарамды
COOKIE ФАЙЛДАРЫН ПАЙДАЛАНУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА
2017 жылғы 10 қаңтарынан бастап жарамды
ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ДЕРБЕС ДЕРЕКТЕРІНІҢ ҚҰПИЯЛЫҒЫН САҚТАУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Назар аударыңыз, бұл сайт Қазақстан Республикасында тұратын пайдаланушыларға арналған, және жергілікті заңнаманың талаптарына сәйкестікті қамтамасыз ету үшін біз сізді тұратын еліңізге бағыттауымыз қажет

Жалғастыру