«Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісіне қатысу қағидалары мен шарттары
2025 жылғы 14 шілдеде Астана қ. уақыты бойынша сағат 10:00-ден бастап жарамды
Кіріспе
«Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісіне қатысу үшін Қатысушыға IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i пайдалану тәжірибесі туралы хикаясымен онлайн-өтінім беру, сұхбатқа (шақыру жағдайында), сондай-ақ IQOSKZ_Support_bot Telegram-ботының (бұдан әрі мәтін бойынша «Telegram-бот») және kz.iqos.com сайтының (бұдан әрі мәтін бойынша «Сайт») қатысушылары арасында дауыс беруге қатысу қажет және егер Қатысушы іріктеуден өтсе, IQOS тұтынушыларының пікірлерін ұсыну бойынша бейне мен фотосессияға түсуге және басқа да байланысты іс-шараларға («IQOS белсенділігі») қатысуға құқылы.
Ұйымдастырушы
Ұйымдастырушы – «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС, Philip Morris International компаниялар тобының мүшесі (бұдан әрі мәтін бойынша «PMI»), орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, B40A6M8, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылы, Ілияс Жансүгіров көшесі, 90-үй (бұдан әрі мәтін бойынша «Ұйымдастырушы»).
Ұйымдастырушының негізгі қағидаттары: (i) темекі шегу күрделі ауруларды тудырады және тәуелділікке әкеледі. Кез келген темекі шегуші қабылдай алатын ең жақсы шешім — темекі мен никотиннен толығымен бас тарту; (ii) 21 жасқа толмаған адамдар темекіні немесе никотинді кез келген түрде тұтынбауы керек; (iii) PMI түтінсіз өнімдері темекі шегетін немесе құрамында никотині бар өнімдерді қолданатын ересектерге арналған; (iv) PMI түтінсіз өнімдері ешқашан темекіні немесе құрамында никотині бар өнімдерді тұтынбаған немесе темекі мен никотин өнімдерінен мүлдем бас тартқан адамдарға арналмаған. Біздің түтінсіз өнімдеріміз темекі шегуден бас тартуға балама емес және никотиннен бас тартуға көмектесуге арналмаған; (v) түтінсіз PMI өнімдері қауіпсіз емес және олардың құрамында тәуелділік тудыратын никотин бар. Дегенмен түтінсіз өнімдерге ауысу темекі шегуді жалғастырудан гөрі жақсы таңдау болып табылады; (vi) біз ересек түтінсіз өнімдерді пайдаланушыларды оқыту және басшылық арқылы толық ауысу жолында қолдаймыз; (vii) тұтынушылар түтінсіз өнімдердің артықшылықтарын сезінуі үшін олар оған толығымен ауысып, темекі шегуден біржола бас тартуы керек; және (viii) біз тұтынушыларды түтінсіз өнімдерге қатысты қауіпсіздік мәселелері туралы хабардар етеміз.
Агенттік
JETSET FZ LLC (ДЖЕТСЕТ), орналасқан мекенжайы: Фуджейра — Креатив Тауэр, 4422 пошта жәшігі, Фуджейра, БАӘ (бұдан әрі мәтін бойынша «Агенттік»).
Қатысушы
Бағдарламаға қатысуға барлық келесі талаптарға сай келетін адамдар жіберіледі: (i) 25 жасқа толған және одан асқан; (ii) Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын; (III) темекіні немесе құрамында никотині бар өзге де өнімдерді тұтынушылар болып табылатын, «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС тұтынушылар дерекқорында тіркелген; (IV) ФМҚ дерекқорында Қатысушының атына тіркелген IQOS және/немесе lil SOLID темекі қыздырудың бір электрлік жүйесі бар, (v) Telegram-ботқа және (немесе) Instagram iqos_kaz (бұдан әрі «Instagram парақша») жазылған; (vi) өзінің IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i қолдану тәжірибесімен бөліскісі және IQOS белсенділігіне қатысқысы келетін және (vii) жұмысқа тұру немесе Ұйымдастырушыға қызмет көрсетуге қатысу сияқты Ұйымдастырушымен қандай да бір маңызды байланыстары жоқ (бұдан әрі «Қатысушы»).
IQOS белсенділігі
IQOS белсенділігінің мақсаты — 25 жасқа толған және одан асқан темекі немесе құрамында никотині бар басқа өнімдерді тұтынушылардың (бұдан әрі «Ересек пайдаланушылар») IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i қолдану тәжірибесімен керісінше жағдайда шылым шегетін немесе құрамында никотині бар өнімдерді қолданатын басқа Ересек пайдаланушылармен бөлісу. IQOS белсенділігі туралы ақпарат Ересек IQOS және/немесе lil SOLID пайдаланушыларына Ұйымдастырушының әртүрлі байланыс арналары арқылы беріледі, соның ішінде, бірақ олармен шектелмейді: Сайт, Telegram-бот және (немесе) Instagram парақша, IQOS электрондық хаттары, ФМҚ Ішкі сауда объектілерінде және басқа да сату орындарында.
«Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісі (бұдан әрі «Кастинг») келесі кезеңдерді қамтиды:
1-кезең: өтінім (хикая) беру
Қатысушыға 2025 жылғы 15 шілдеден 1 тамызға дейінгі кезеңде Telegram-ботта және Сайтта қолжетімді өтінімді (хикаяны) толтыру, Instagram парақшада Кастинг туралы посттың пікірлеріне хикаяны қалдыру немесе хикаяны Instagram парақшаның жеке хабарламаларына (директ) жіберу ұсынылады. Хикаяға қойылатын талаптар: өтінім кемінде 100 таңбадан тұратын, IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i темекі қыздыру жүйесін қолданудың тұтынушылық тәжірибесімен байланысты хикая болуы тиіс. Хикая қатысушының тұтынушылық тәжірибесін жеткілікті түрде ашуы керек. Хикаядағы ақпарат Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келуі тиіс, соның ішінде, заңмен белгіленген жасқа жетпеген адамдардың темекіні немесе құрамында никотині бар басқа өнімдерді қолдануы, жұмыс орнында, қоғамдық тамақтану орындарында немесе басқа қоғамдық жерлерде темекіні немесе басқа құрамында никотин бар өнімдерді тұтыну, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басқа да бұзу туралы ақпарат ұсынбауы тиіс. Хикаяда жеке ақпарат, дербес деректер немесе басқа құпия ақпарат, соның ішінде үшінші тұлғалар туралы ақпарат болмауы тиіс. Қатысушы кез келген ақпаратты Ұйымдастырушыға және Агенттікке ұсынуға толық жауап береді.
Барлық хикаяларды Ұйымдастырушы қарайды және Ұйымдастырушы Ұйымдастырушы қызметкерлерінің тәуелсіз комиссиясы атынан Кастингтің келесі кезеңіне өтетін Қатысушылардың осы Қағидалар мен «Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісіне қатысу шарттарының талаптарына сәйкес келетін хикаяларын таңдайды. Егер Ұйымдастырушы Қатысушының өтінімін (хикаясын) таңдаса, Қатысушыға Кастингтің келесі кезеңіне қатысуын растау үшін тікелей хабарласады. Ұйымдастырушы Қатысушы ұсынатын ақпаратты, атап айтқанда, IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i өнімдерін IQOS белсенділігі шеңберінде пайдалану тәжірибесін пайдалану құқығын өзіне қалдырады. Қатысушының хикаясындағы ақпаратты пайдалану пайдалануды, жариялауды, өзгертулерді, толықтыруды, ішінара пайдалануды, соның ішінде кез келген көрнекі материалмен бірге пайдалануды, үшінші тұлғаларға беруді, таратуды, соның ішінде мұндай ақпаратты көпшілікке таратуды қамтуы мүмкін.
2-кезең: сұхбат
Егер Қатысушының хикаясы іріктеуден өтсе, Ұйымдастырушы Қатысушыны онлайн-сұхбатқа шақырады. Сұхбат қорытындысы бойынша Ұйымдастырушы Кастингтің келесі кезеңіне өтетін Қатысушыларды таңдайды. Ұйымдастырушы IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i-мен байланысты Қатысушының хикаясын және (немесе) Қатысушының өтінімінде ұсынылған ақпаратты өз қалауы бойынша пайдалануға айрықша құқықты өзіне қалдырады. Сұхбат нәтижелерін Ұйымдастырушы қарайды және Ұйымдастырушы Кастингтің келесі кезеңіне өтетін Қатысушыларды таңдайды (бұдан әрі «Үміткерлер»). Кастингтің алғашқы екі кезеңінен өткен 10 (он) қатысушыны (бұдан әрі «Финалистер») іріктеу кезеңінде Ұйымдастырушы кәсіби режиссерді іріктеу процесіне тартады, ол Ұйымдастырушының өкілдерімен бірлесіп Белсенділіктің соңғы кезеңіне қатысу үшін таңдалған 5 (бес) Финалисі (бұдан әрі «Режиссерлік іріктеудің финалистері») финалдық іріктеуге қатысады. Режиссер хикаяларды олардың драмалық әлеуеті, көрнекі мәнерлілігі және бейне форматына бейімделу мүмкіндігі тұрғысынан қарастырады. Белсенділікке қатыса отырып, Қатысушылар осы Қағидалардың қабылданғанын, оның ішінде іріктеудің осындай нысанына өзінің келісімін растайды. Егер Ұйымдастырушы Қатысушыны таңдаса, Кастингтің келесі кезеңіне қатысуын растау үшін Қатысушыға тікелей хабарласады, Ұйымдастыру Қатысушы ұсынатын ақпаратты, атап айтқанда, IQOS белсенділігі шеңберінде IQOS ILUMA және/немесе IQOS ILUMA i қолдану тәжірибесін қолдану құқығын өзіне қалдырады.
3-кезең: дауыс беру
Режиссер іріктемеген 5 (бес) Финалистің хикаялары басқа Ересек пайдаланушылар арасында дауыс беру кезеңіне өтеді (бұдан әрі «Көрермендер дауысының финалистері») Дауыс беру Сайтта Ересек пайдаланушылардың дауыстарын жинау арқылы екінші кезеңнің нәтижелері жарияланғаннан кейін бір апта ішінде өткізілетін болады. Дауыс беру нәтижелері бойынша ең көп дауыспен 1 (бір) Көрермен көзайымының жеңімпазы (бұдан әрі «Көрермен көзайымының жеңімпазы») анықталатын болады. Бұл жағдайда бір Ересек пайдаланушы Сайтта бір рет дауыс бере алады.
Іріктеу қағидаларына сәйкес 10 (он) Финалистен:
• Режиссерлік іріктеудің 5 (бес) Финалисін режиссер мен Ұйымдастырушы олардың хикаяларының шығармашылық және көрнекі әлеуеті негізінде таңдайды. Бұл Финалистер Алматыда фото және бейнетүсірілімге қатысып, IQOS командасымен бірге Миланға сапар шегу мүмкіндігіне ие болады.
• Көрермендер дауыс беруінің 5 (бес) Финалисінің ішінен Сайттағы Ересек пайдаланушылар арасында ашық аудиториялық дауыс беру нәтижелері бойынша Көрермендер көзайымының 1 (бір) жеңімпазы анықталады, ол да Миланға сапар шегуге мүмкіндік алады. Бұл ретте Көрермендер көзайымының жеңімпазы режиссерлік іріктеудің Финалистері үшін көзделген түсірілімге қатыспайды. Түсірілім кезеңіне қатысудың егжей-тегжейлі шарттары осы Қағидалардың 4-бөлімінде (4-кезең: фото-және бейнетүсірілім) қамтылады, олармен Қатысушы қатысуы расталғанға дейін танысуға міндетті. Көрермендер дауыс беруінің қалған 4 (төрт) Финалисі көтермелеу сыйақыларын алады.
Дауыс беру қорытындысы бойынша сыйақы алатын Ересек пайдаланушылар анықталады. Төменде осындай Ересек пайдаланушылардың қатысу шарттары мен оларды анықтау тәртібі келтірілген.
3.1. Дауыс беруге қатысу
Дауыс беруге қатысу үшін Ересек пайдаланушы мыналарды жасауы керек:
3.1.1. kz.iqos.com сайтында қолжетімді Дербес деректерді жинауға және өңдеуге өзекті келісімге қол қою IQOS Қазақстан дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім беру
3.1.2. «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС дереқорында тіркелген, 21 жасқа толған және одан асқан Қазақстан Республикасының резиденті болу.
3.1.3. Белсенділік аяқталғанға дейін Ұйымдастырушының Telegram-ботына жазылу.
3.1.4. Белсенділік шеңберінде Сайтта орналастырылған үздік хикая үшін дауыс беруге қатысу.
3.2. Қатысушы кез келген уақытта 2121 телефон нөмірі бойынша жедел желіге хабарласу арқылы өзінің дербес деректерін жоюға өтінім бере алады.
Мұндай өтінімді беру Қатысушының одан әрі қатысудан бас тартуы деп танылады және оны сыйақы алу мүмкіндігінен айырады.
3.3. Көрермендер дауыс беруі Финалистерінің хикаялары ішінде және осы Қағидалардың 3.1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін үздік хикаяға дауыс берген Ересек пайдаланушылар арасында сілтемесі бойынша Telegram-арнада (бұдан әрі Рандомайзер) тәуелсіз сервисін қолдана отырып, кездейсоқ сандары құру арқылы дауыс берудің 35 жеңімпазы кездейсоқ анықталады.
3.4. Дауыс беру қорытындысы бойынша таңдалған Ересек пайдаланушыларды анықтау нотариус пен Ұйымдастырушы өкілінің қатысуымен жүргізіледі.
3.5. 2025 жылғы тамызда (нақты күні туралы Ересек пайдаланушыларға Ұйымдастырушының коммуникациялық арналары арқылы хабарланатын болады) дауыс беру қорытындысы бойынша таңдалған келесі Ересек пайдаланушылар анықталады:
3.5.1. Дауыс беруге қатысқан 5 (бес) Ересек пайдаланушы SHIZA музыкалық орындаушысының бейнебаянының бэкстейджіне түсу мүмкіндігіне ие болады;
3.5.2. Дауыс беруге қатысқан 30 (отыз) Ересек пайдаланушы SHIZA музыкалық орындаушысынан эксклюзивті брендтелген мерч алады.
3.6. Дауыс беру бойынша белсенділікте жеңіске жеткен жағдайда Ұйымдастырушы және (немесе) Агенттік телефон қоңырауы арқылы Telegram-арнада тікелей эфирден кейін жеңімпазбен байланысады.
Егер негізгі жеңімпаз қоңырауға 1 (бір) рет жауап бермесе, қоңырау сол күні тағы 2 (екі) рет жасалады.
3.7. Егер дауыс беру белсенділігінің жеңімпазы екінші және үшінші қоңырауларға жауап бермесе немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес басқа техникалық себептер бойынша, ол сыйақы алу құқығынан айырылады және автоматты түрде белсенділіктің резервтік жеңімпазы жеңімпаз болады.
Дауыс беру белсенділігінің негізгі жеңімпазы Ұйымдастырушының шешіміне қарсы шықпай-ақ өз мүмкіндігін жоғалтады.
3.8. Егер дауыс беру бойынша белсенділіктің резервтік жеңімпазы да үш әрекет ішінде телефонға жауап бермесе, Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша:
• нотариустың қатысуымен кездейсоқ сандарды құру қызметі арқылы басқа белсенділік жеңімпазын анықтайды;
• осы сыйақыны толығымен беруден бас тартады.
3.9. Ұйымдастырушы жүлделердің санын, түрін және өзге де сипаттамаларын қоса алғанда, дауыс беру бойынша белсенділіктің сыйақы қорын өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
3.10. Сыйақылар үшінші тұлғаларға берілмейді және ақшалай баламамен ауыстырылмайды.
3.11. Іс-шараға барумен байланысты шығыстарды (егер қолданылса) Қағидалар талаптарының 3.5.1-тармағында көрсетілген белсенділіктің 5 жеңімпазын Ұйымдастырушы төлейді.
Іс-шара өткізілетін қалада тұрмайтын Белсенділік Жеңімпаздары үшін Ұйымдастырушы мынадай шығыстарды жабуды қамтамасыз етеді:
• іс-шара өтетін жерге дейін және кері әуе билеттері;
• әуежайдан немесе вокзалдан қонақүйге және кері қарай тасымалдау (такси);
• қонақ үйде тұру және негізгі тамақтану.
Кез келген қосымша шығындар, соның ішінде, бірақ онымен шектелмейді:
• жөнелту қаласындағы әуежайға дейін/әуежайдан такси немесе өзге де көлік;
• қонақ үйдегі қосымша қызметтер (SPA, кір жуу және т. б.);
• белсенділік жеңімпазының бастамасы бойынша болу мерзімін ұзарту;
• негізгі тамақтану бағдарламасына кірмейтін тамақтану;
• сапардың ресми бағдарламасына кірмейтін орындарға бару,
төленбейді.
3.13. Сапар бағдарламасы және өтелетін шығыстар туралы толық ақпарат Ұйымдастырушының дерекқорында (телефон нөмірі және/немесе электрондық пошта мекенжайы) көрсетілген байланыс деректері бойынша белсенділік жеңімпаздарына беріледі.
3.14. Белсенділік жеңімпаздары жеңіс туралы хабарламаны алған сәттен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде Ұйымдастырушыға сапарды ұйымдастыруға байланысты құжаттарды ресімдеу үшін қажетті ақпаратты (егер қажет болса) беруге міндетті.
3.15. Егер белсенділік жеңімпазы өз кінәсінен сыйақыны пайдалана алмаған жағдайда (қоса алғанда, бірақ онымен шектелмей: рейске кешігіп келу, жеңімпаздың бастамасы бойынша сапардың күшін жою, кетуге тыйым салу, мас болу немесе өзге де орынсыз мінез-құлық себебінен ұшаққа отырудан бас тарту), сыйақы жойылады және үшінші тұлғаларға берілмейді немесе ақшалай өтемақыға жатпайды.
4-кезең: фото және бейне түсіру
Егер режиссерлік іріктеудің Финалистері өздерінің қатысуын растайтын болса, Ұйымдастырушы режиссерлік іріктеудің Финалистерін және Алматы қаласындағы Көрермендер көзайымының жеңімпазын фото- және бейнетүсірілім жүргізу үшін шақыра алады. Режиссерлік іріктеудің Финалистері мен Көрермендер көзайымының жеңімпазы қатысатын кез келген материалдарды қоса алғанда, фото және бейнетүсірілім кезінде жасалған және өндірілген барлық материалдарды Ұйымдастырушы кез келген мақсатта, оның ішінде IQOS белсенділігі үшін (бұдан әрі «Материалдар») пайдаланатын болады. Түсірілімге қатысқаны үшін және түсірілім кезінде жасалған Материалдар үшін режиссерлік іріктеудің Финалистері осы Қағидалар мен «Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісіне қатысу шарттарының «Қаржылық шарттар» бөлімінде көрсетілген ақшалай қаламақы алады. Түсірілім нәтижесінде алынған фото- және бейнематериалдарды Ұйымдастырушы кез келген нысанда, тұтынушылармен кез келген байланыс арналарында және кез келген ақпарат құралдарында аумақ пен уақыт бойынша шектеусіз пайдаланады. Қаламақыны төлеу режиссерлік іріктеу Финалистерінің банк шоттарына ақша қаражатын аудару жолымен жүзеге асырылатын болады.
Іріктеу нәтижелері бойынша режиссерлік іріктеудің Финалистері Алматы қаласына олардың хикаяларының бейнематериалдарын жасауды қамтитын түсірілім процесіне қатысу үшін шақырылатын болады. Режиссерлік іріктеудің Финалистері бейнематериалдар жасауға қатысады және сахна артындағы түсірілімдерді қоса алғанда, SHIZA орындаушысының музыкалық бейнебаянының түсірілім алаңына қол жеткізе алады.
Сонымен қатар түсірілім кезеңінің қорытындысы бойынша режиссерлік іріктеудің Финалистері Ұйымдастырушының өкілдерімен бірге Милан қаласына (Италия) сапар шегуге мүмкіндік алады. Сапардың мақсаты – PMI өткізетін халықаралық іс-шараға қатысу. Сонымен қатар Көрермендер көзайымының 1 (бір) жеңімпазы Миланға аталған режиссерлік іріктеу Финалистерімен бірге бару мүмкіндігіне ие болады, бірақ Кастингтің түсірілім процесіне қатыспайды. Режиссерлік іріктеу Финалистері мен Көрермендер Көзайымы Жеңімпазының ұшуына, тұруына, трансферіне және тамақтануына байланысты барлық шығындарды Ұйымдастырушы жабады. Нақты күндер, сапар бағдарламасы және қатысу шарттары Финалистерге қосымша жеткізіледі. Режиссерлік іріктеудің Финалистері мен Көрермендер Көзайымының Жеңімпазы сапар бойы Ұйымдастырушының белгіленген мінез-құлық нормаларын және ішкі тәртіпті сақтауға міндеттенеді.
Фото және бейнетүсірілім жүргізу үшін сапардың баратын жері, күндері мен күндерінің саны бөлек хабарланатын болады. Сапарға байланысты шығындарды Ұйымдастырушы төлейді. Атап айтқанда, іс-шара өткізілетін қалада тұрмайтын Жеңімпаздар үшін Ұйымдастырушы мынадай шығыстарды жабуды қамтамасыз етеді:
• визалық рәсімдеу;
• іс-шараны өткізу пунктіне дейін және кері әуе билеттері;
• әуежайдан немесе вокзалдан қонақүйге және кері қарай тасымалдау (такси);
• қонақ үйде тұру және тамақтану.
Кез келген қосымша шығыстар, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей: жөнелту қаласындағы әуежайға дейін/әуежайдан такси немесе өзге де көлік, қонақүйдегі қосымша қызметтер (соның ішінде SPA, кір жуатын орын, қосылған тамақтан тыс бөлмеде тамақ немесе сусынға тапсырыс беру және т. б.), болу мерзімін ұзарту, ресми бағдарламаға кірмейтін орындарға бару төленбейді.
Ұйымдастырушының дерекқорында тіркелген байланыс деректері (телефон нөмірі және электрондық мекенжайы) бойынша Қатысушыны финалист ретінде іріктеген жағдайда, Ұйымдастырушы өзіне қандай шығыстарды қабылдайтыны туралы толығырақ ақпаратты режиссерлік іріктеу Финалистеріне және клиенттерге қызмет көрсету қызметкерлерінің Көрермендер Көзайымының Жеңімпазына береді.
Режиссерлік іріктеу Финалисі оның IQOS-қа қатысты кез келген мәлімдемесі, оның ішінде түсірілім кезінде түсірілген оның хикаясы, режиссерлік іріктеу Финалисінің өз пікірін көрсетеді және көрсететін болады және оған басқа адам немесе үшінші тарап ешқандай әсер етпегенін растайды.
Режиссерлік іріктеу Финалистеріне режиссерлік іріктеу Финалистері, Ұйымдастырушы, Агенттік немесе оның өкілдері фото- және бейнетүсірілімге қатысу кезінде, оның ішінде режиссерлік іріктеу Финалистерінің әлеуметтік желілеріндегі есептік жазбаларда, кез келген басқа цифрлық платформада немесе өзге де тәсілдермен жасаған немесе өндірген кез келген материалдарды пайдалануға, жариялауға немесе таратуға рұқсат етілмейді.
Режиссерлік іріктеу Финалисі Кастинг кезінде Ұйымдастырушымен бөлісетін пайдаланушы жасаған кез келген контент (ПЖК) Сайтта мына сілтеме бойынша орналастырылған пайдаланушы контентіне арналған лицензиялық келісімге сәйкес өңделетін болады. Осы Қағидалар мен шарттарды қабылдай отырып, режиссерлік іріктеу Финалисі осымен пайдаланушы контентіне Лицензиялық келісімнің қабылданғанын және келісілгенін растайды.
БЕЛСЕНДІЛІККЕ ҚАТЫСУДЫ ЖАЛҒАСТЫРА ОТЫРЫП, ҚАТЫСУШЫ ОСЫ ҚАҒИДАЛАРМЕН ЖӘНЕ ШАРТТАРМЕН, СОНДАЙ-АҚ ПАЙДАЛАНУШЫ КОНТЕНТІНЕ ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ КЕЛІСІММЕН КЕЛІСІМІН БІЛДІРЕДІ.
ҚАРЖЫЛЫҚ ШАРТТАР
Ұйымдастырушыға Материалдарды пайдалануға мүліктік (айрықша) авторлық және сабақтас құқықтарды бергені үшін сыйақы мөлшері 50 000 (елу мың) теңгені құрайды және осы Қағидалардың талаптарын толық көлемде орындауға байланысты Финалиске тиесілі барлық сомаларды қамтиды.
Сыйақы төлеу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:
Сыйақының жалпы мөлшерінің 100 % мөлшерінде төлемді Ұйымдастырушы екі Тарап орындаған жұмыстар актісіне қол қойған күннен бастап 120 (жүз жиырма) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Төлем күні Ұйымдастырушының есеп шотынан ақша қаражатын есептен шығару күні болып есептеледі.
Меншік құқығы
Қатысушы Ұйымдастырушының барлық материалдарға қатысты барлық құқықтарға, құқықтық атақтарға және мүдделерге ие болуымен келіседі. Ұйымдастырушы заң бойынша мүмкіндігінше уақыт шектеусіз Материалдар жасалғаннан бері барлық елдерде Материалдардың жалғыз және ерекше иесі болады.
Осымен Қатысушы барлық юрисдикциялардағы және бүкіл әлемдегі барлық Материалдарға зияткерлік меншіктің барлық құқықтарына қатысты барлық құқықтар, құқықтық атақтар мен мүдделер еркін және кез келген кепілдерден, талаптардан немесе басқа ауыртпалықтардан босатылуы және заңмен рұқсат етілген ең жоғары дәрежеде Ұйымдастырушыға қайтарып алынбауы тиіс екендігімен келіседі. Егер Материалдарға белгілі бір Зияткерлік меншік құқықтарын беруге қолданыстағы заңнамамен жол берілмесе, Қатысушы Кастингке қатысып, осы Қағидалар мен кастингке қатысу шарттарын қабылдай отырып «Ал, келесі хикая – сіздікі болса ше?» кастингісіне қатысу шарттарын қабылдап, уақыт, аумақ және пайдалану тәсілі бойынша шектелмеген осындай зияткерлік меншік құқықтарын пайдалануға және қолдануға барлық айрықша құқықтарды береді.
Қатысушы Ұйымдастырушыға туынды жұмыстарды жаңғырту, өзгерту, аудару, көрсету және дайындау, көпшілік алдында ойнату, көрсету, тарату, трансляциялау және коммерциялық мақсатта, бүкіл әлемде жариялау үшін кез келген болжамды бұқаралық ақпарат құралдарында Ұйымдастырушы қалаған кез келген тәсілмен Материалдарды толықтай немесе ішінара қолдану құқығын ұсынады.
Қатысушы осы арқылы Ұйымдастырушыға оның атын, пайдаланушы атын, хикаясын, дәйексөздерді, кейпін, лақап атын, жария қолдану құқықтарын, дауысын, тікелей немесе жазылған сөз сөйлеуін, автографын, фотосуреттерін, тұратын елін, Қатысушы шылымнан немесе басқа никотині бар өнімдерден IQOS өнімдеріне көшкен жылды және Деректердің құпиялығын сақтау шарттарын Сайтында қолжетімді құпиялылық туралы хабарламаға сәйкес Материалдарда ұсынылған басқа биографиялық ақпаратты жиынтықта немесе бөлігінде қолдануына рұқсат береді.
Қатысушы ұйымдастырушыға Материалдарды жасау мен өндіруден туындайтын ерекше зияткерлік меншік құқықтарын және басқа да құқықтарды өз еркімен беретіндігімен және Қатысушы Ұйымдастырушыға осындай құқықтарды беруге құқылы және қабілетті екендігімен келіседі.
Егер Қарысушы авторлық құқықтармен немесе зияткерлік меншік құқықтарымен қорғалған Материалдар рұқсатсыз қолданылды деп санаса немесе Қатысушының жеке өмірге қол сұқпаушылыққа құқықтары немесе жеке тұлғаның құқықтары бұзылса, Қатысушының осы Қағидалармен және шарттармен келісуіне қатысты кез келген мәселелерді нақтылау немесе түсіндірулер алу үшін Қатысушы IQOS клиенттерді қолдау қызметіне 2121 телефон нөмірі немесе info@iqos.kz электрондық пошта мекенжайы арқылы хабарласа алады.
Осы Қағидалардың мақсаттары мен шарттары үшін «Зияткерлік меншік құқықтары» авторлық құқықтарды, жеке мүліктік емес құқықтарды, дерекқорлардың құқықтарын, тауарлық белгілерді, қызмет көрсету белгілерін, сауда атауларын, үлгілерді, патенттерді және интернет-мекенжайларға арналған құқықтарды және тіркелген немесе тіркелмеген, қазіргі немесе болашақ уақытта болуы мұмкін домендік атауларды, сондай-ақ кез келген әлемнің нүктесінде олармен байланысты бүкіл іскерлік беделді білдіреді.
Міндеттемелер
Осымен Қатысушы Ұйымдастырушыға, Ұйымдастырушының лауазымды тұлғалары мен персоналына Қатысушының осы Қағидалар мен шарттарды бұзуы, немқұрайлылық немесе құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздік салдарынан шеккен кез келген залалды немесе залалдың басқа да түрлерін өтеуге келіседі.
Осы арқылы Қатысушы олар тіпті Ұйымдастырушының кесірінен немесе Ұйымдастырушы мердігерлерінің кесірінен туындаса да, кез келген мұндай ысыраптар, шығындар, жарақаттар және/немесе наразылықтар қалай туындағанына қарамастан, Қатысушы IQOS Белсенділігіне қатысуы нәтижесінде тікелей немесе жанама түрде алынған кез келген және барлық ысыраптар, шығындар, жарақаттар және/немесе наразылықтар үшін Қатысушыдан Ұйымдастыруға, Агенттікке және Ұйымдастырушының басқа мердігерлеріне болуы мүмкін немесе одан әрі туындауы мүмкін кез келген және барлық құқықтар және/немесе наразылықтардан бас тартады және өзін және заңды өкілдерін біржола босатады.
Осымен Қатысушы Ұйымдастырушы Кастингтің күшін жоюға, кейінге қалдыруға немесе форматының өзгеруіне байланысты Қатысушы алдында жауапты емес екенін және Ұйымдастырушы кастингтің сипатталғандай өтетініне кепілдік бере алмайтынын келіседі және мойындайды. Қатысушы сонымен қатар Ұйымдастырушының басқа Кастинг қатысушыларымен қарым-қатынаста жауапты еместігімен келіседі. Қатысушы IQOS Белсенділігіне қатысу Қатысушының өз тәуекелімен жүзеге асырылатынын мойындайды және түсінеді және ол IQOS Белсенділігіне қатысумен ерікті түрде келіседі және кез келген мұндай тәуекел, соның ішінде IQOS Белсенділігімен байланысты немесе басқа себеппен Ұйымдастырушының немесе Ұйымдастырушы мердігерлерінің кесірінен туындаған кез келген және барлық ысырап, зақымдалу және/немесе жарақаттану тәуекелдерін, сондай-ақ азаматтық және қылмыстық тәртіптегі барлық және кез келген жауапкершілікті толықтай қабылдайды және толық жауапкершілікті өзіне жүктейді.
Негізгі ережелер
Осы Қағидалар мен шарттар Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі. IQOS белсенділігіне байланысты туындайтын кез келген даулар және/немесе келіспеушіліктер қолданыстағы Регламентке сәйкес Қазақстандық халықаралық төрелікте реттелуге жатады. Төрелік құрамына бір Төреші кіреді. Төрелік талқылауды өткізу орны Алматы қ. болып табылады. Төрелік талқылау тілі орыс тілі болады. Төрелік келісімнен біржақты бас тартуға жол берілмейді.
Ұйымдастырушының осы Қағидалар мен шарттарға өзгерістер енгізуге құқығы бар. Егер Ұйымдастырушы осылай жасаса, Ұйымдастырушы Қатысушыларға Telegram-ботта және Сайтта өзгертілген Қағидалар мен шарттарды орналастыру арқылы осындай өзгерістер туралы хабарлайды. Егер Қатысушы IQOS белсенділігіне қатысуды жалғастырса, бұл олардың жаңартылған Қағидалар мен шарттарды қабылдайтынын білдіреді. Осы құжаттың жоғарғы жағындағы күн осы Қағидалар мен шарттардың соңғы рет қашан жаңартылғанын көрсетеді.
Қатысушы 2121 телефон нөмірі бойынша немесе info@iqos.kz электрондық мекенжайы бойынша немесе Қатысушы үшін Ұйымдастырушының хабарламасында баяндалған нұсқаулықтарды сақтап басқа тәсілмен IQOS клиенттерді қолдау қызметіне хабарласып кез келген уақытта осы Қағидалар мен шарттармен келісуін кері қайтара алады, бірақ тіпті мұндай бас тартудан кейін Қатысушының келісімі күшінде қалады және Қатысушы Ұйымдастырушыға бас тартуға дейін ұсынған кез келген Материалдарға қатысты орындалуы тиіс. Қатысушының бас тарту туралы өтінішін өңдеуге біраз уақыт кетуі мүмкін екенін ескеріңіз, бірақ Ұйымдастырушы мұны мүмкіндігінше тезірек жасау үшін барын салады.
Қағидаларда көрсетілген әрекеттерді жасау арқылы Кастинг Қатысушылары осы Қағидаларды қабылдайды және олармен келіседі, бұл осы Қағидалар шарттарының акцептісі және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын түсінуде осы Қағидалардың шарттарында мәміле жасау болып табылады; сондай-ақ Қатысушы осы Қағидалармен және сайтта көрсетілген деректерді өңдеу тәртібімен толықтай танысты және келіседі, атап айтқанда, бірақ төменде аталғандармен шектелмей, төмендегілердің әрқайсысын растайды:
• Қатысушы 25 жасқа толған және одан асқан;
• Қатысушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады;
• Қатысушы Ұйымдастырушының («Филип Моррис Қазақстан» ЖШС) тұтынушылар дерекқорында тіркелген және темекіні немесе құрамында никотині бар өзге де өнімдерді тұтынушы болып табылады;
• Қатысушының Ұйымдастырушының дерекқорында Қатысушының атына IQOS және/немесе lil SOLID темекіні қыздырудың электр жүйесінің бір және одан көп тіркелген құрылғысы бар;
• Қатысушы осы Қағида